Бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы»


Әйелдердің аэробтық және анаэробтық мүмкіншіліктері



бет8/10
Дата28.12.2019
өлшемі336,53 Kb.
#55226
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
fb714dfe-0d18-11e6-b19f-f6d299da70eeУМКД Физиология Физ ВОспитания


2. Әйелдердің аэробтық және анаэробтық мүмкіншіліктері Максималды анаэробтық сыйымдылық бағалауда шекті ұзақтықты жұмыстан соң (1-ден 3 минутқа дейін) айқындалатын барынша оттектік қарыздылық, яғни максималды оттектік қарыздылық өлшемі кең қолданылады. Бұл жұмыстың кейін пайдаланатын артық оттегі мөлшерінің едәуір бөлігі жұмыс кезінде анаэробтық процестерге шығындалған АТФ, КрФ және гликоген қорларын қалпына келтіру үшін қолданылуымен түсіндіріледі. Қандағы катехоламиндердің жоғары деңгейі, дененің жоғары температурасы, жиі жиырылатын жүрек пен тыныс алуға қатысатын бұлшық еттерінің оттегіні көп пайдалануы сияқты факторлар да ауыр жұмыстан кейін қалпына келу уақытында оттегі пайдаланудың жоғары жылдамдығының себебі болуы мүмкін. Сондықтан максималды қарыздылық өлшемі мен максималды анаэробтық сыйымдылық арасында тек қалыпты байланыс ғана бар.

Спортшыларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда максималды оттектік қарыздылықтың орташа мөлшері жоғары, ол ерлерде 10,5 л (дене салмағына 140 мл/кг), ал әйелдерде 5,9 л (дене салмағына 95 мл/кг). Спортпен айналыспайтын ер адамдарда олар 5 л (дене салмағына 68 мл/кг) және әйелдерде 3,1 л (дене салмағына 50 мл/кг). Жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің айтулы тұлғаларында (400 және 800 м жүгіретін желаяқтарда) максималды оттектік қарыздылық Н.И.Волков мәліметтері бойынша 20 л жетуі мүмкін. Оттегі қарыздылықтың мөлшері өте өзгермелі, сондықтан нәтижені нақты болжауда қолданылмайды.

Оттегі қарыздылықтың алактацидті (жылдам) фракциясы өлшемі бойынша жылдамдықты-күштік сипаттағы (спринт) өте қысқа мерзімдік жаттығуларды қамтамасыз ететін анаэробтық (фосфагендік) сыйымдылық бөлігін бағалауға болады. Ол арнайы формуламен есептеледі.

Оттегі қарыздылықтың «фосфагендік фракциясының» типтік максималды өлшемі дене салмағына 100 кал/кг жуық немесе 1,5-2 л О2. Жылдамдықты-күштік сипаттағы жаттықтыру нәтижесінде ол 1,5-2 есеге артуы мүмкін.

Шекті ұзақтығы бірнеше ондаған секундқа созылатын жұмыстан кейін оттегі қарыздылықтың едәуір (баяу) фракциясы анаэробтық гликолизбен, яғни жылдамдықты-күштік жаттығуларды орындау процесінде сүт қышқылының түзілуімен байланысты және сондықтан лактацидті оттектік қарыздылық деп белгіленеді. Бұл оттектік қарыздылықтың бөлігі СО2 мен Н2О дейін тотығу жолымен және гликогенге дейін ресинтезі арқылы организмнен сүт қышқылын жоюға қолданылады.

Анаэробтық энергияның лактацидті компонентінің максималды сыйымдылығы жас жаттықпаған ерлерде дене салмағына 200 кал/кг жуық, ол қанда 120 мг% (13 ммоль/л) жуық сүт қышқылының максималды концентрациясымен сәйкес келеді. Жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің айтулы өкілдерінде қандағы сүт қышқылының максималды концентрациясы 250-300 мг% жетуі мүмкін. Ол дене салмағына 400-500 кал/кг максималды лактацидті (гликолитикалық) сыйымдылыққа сәйкес келеді.

Мұндай жоғары лактацидті сыйымдылықтың бірнеше себептері бар. Ең алдымен спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда спортшылар неғұрлым жұмыстың жоғары қуаттылығын дамытуға және оны барынша ұзақ сақтауға қабілетті. Бұл, атап айтқанда жұмысқа көп бұлшық ет массасының қатысуымен (рекрутирлеу), соның ішінде жоғары гликолитикалық қабілеттілікке ие жылдам бұлшық еттер талшықтарының жұмысқа қатысуымен қамтамасыз етіледі. Жоғары білікті спортшыларда – жылдамдықты-күштік спорт түрлері өкілдерінде бұлшық еттердегі бұл талшықтардың көп мөлшері жоғары гликолитикалық қуаттылық пен сыйымдылықты қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Бұдан басқа жаттықтыру сабақтары процесінде, әсіресе анаэробтық қуаттылықты қайталама-интервалдық жаттығуларды қолдану кезінде спортшының жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтай отыра қанда және дененің басқа сұйықтықтарында сүт қышқылының едәуір жоғары концентрациясына (және сәйкесінше рН едәуір төмен мәні) оның «шыдауына» мүмкіндік беретін механизмдер дамиды. Әсіресе бұл орташа арақашықтық желаяқтарына тән.

Н.Н.Яковлев мәліметтері бойынша күштік және жылдамдықты-күштік жаттықтыру жаттықтырылған бұлшық еттерде белгілі бір биохимиялық өзгерістер тудырады. Жаттықпаған адамдарға қарағанда оларда АТФ және КрФ мөлшері біршама жоғары (20-30%-ға) болса да оның жоғары энергетикалық мәні жоқ. Фосфагендер (АТФ, АДФ, АМФ, КрФ) айналымының (ыдырау және ресинтез) жылдамдығын анықтайтын ферменттердің, соның ішінде миокиназа мен креатинфосфокиназаның белсенділігінің жоғарылауы көбірек маңызды.



3. Арнайы биологиялық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі ағзаның барлық жүйелерінің гормоналді белсенділігі және қызметті күйінің қайта құрылуы

Овариалді-менструалді циклдің әртүрлі кезеңдерінің әйелдердің спорттық жұмыс қабілеттілігіне әсері: менструалді, менструалден кейінгі, овуляторлы, овуляторлықтан кейінгі және менструалді алдыңғы кезеңдер. Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіншіліктердің өзгеруі. Бірқатар жаттығулардың орындалуына жағдай жасайтын әйел ағзасының қызмет ерекшеліктерін ескеру қажет. Әйелдердің спорттық жұмыс қабілетгілігін шектейтін факторлар бар.

Жаттықтыру нәтижесінде төзімділіктің жоғарылауы жұмыс атқарушы бұлшық еттерге оттегінің жеткізілуі бойынша оттегі тасымалдау жүйесі мүмкіндіктерінің артуымен ғана байланысты емес. Қаңқа бұлшық еттерінде оттегі пайдалануда бүкіл тұтас организм мүмкіндіктерінің артуына, яғни жаттыққан спортшының аэробтық мүмкіндіктерінің (төзімділігінің) жоғарылауына әкелетін үлкен өзгерістер жүреді. Бұлшық ет төзімділігін жоғарылатуда жаттықтыру әсерінің олардың биохимиялық бейімделуімен байланысты басты механизмдері биохимия курсында толығымен қарастырылады. Мұнда тек осы биохимиялық механизмдердің негізгі физиологиялық салдарының әсері атап көрсетілген.



Овариалді-менструалді циклдің кезеңдерін есепке алып машықтану процесін даралау қажет. Спортшы әйелдердің машықтануының микро және мезоциклдерін құрудың физиологиялық негіздерін есепке алу керек. Спортшы әйслдердің ағзасына дене жүктемелерінің әсері физиологиялық тұрғыдан қатаң бақылауға алып отыру керек.

Төзімділікке жаттықтыруға тән барынша әсер жұмысшы бұлшық еттердің аэробтық метаболизмі жоғары сыйымдылығы мен қуаттылығы болып табылады. Осы әсерлердің басты биохимиялық механизмдері келесідей:



  1. Аэробтық (тотығу) метаболизм арнайы ферменттері мөлшері мен белсенділігінің артуы;

  2. Миоглобин мөлшерінің (максималды 1,5-2 есе) өсуі;

  3. бұлшық ет гликогені және липидтер сияқты энергетикалық субстраттар мөлшерінің (максималды 50% дейін) жоғарылауы;

  4. Бұлшық еттердің көмірсуларды және әсіресе майларды тотықтыру қабілетінің күшеюі.

Жаттыққан адам аэробтық жұмыс кезінде жаттықпаған адамдармен салыстырғанда майлардың тотығуы есебінен салыстырмалы көп энергия алады және сәйкесінше көмірсулар тотығуы есебінен аз энергия алады. Бұл бірдей абсолютті немесе салыстырмалы қуаттылықты жұмыс кезінде жаттыққан адамдарда жаттықпаған адамдармен салыстырғанда неғұрлым тыныс коэффицентінің төмен болуымен көрініс береді. Мұндай майларды басым қолдану жаққа субстратты энергетикалық ығысу «май ығысуы» ретінде белгіленуі мүмкін. Мұның неғұрлым шектеулі көмірсулар қорын сақтауда маңызы зор. Субмаксималды аэробтық жүктеме кезінде қажудың басты механизмдерінің бірі бұлшық еттік гликогеннің шығындалуы болып табылатындығы өткен 5-тарауда айтылған болатын. Төзімділікке жаттыққан спортшылардағы «май ығысуы» бұлшық еттік гликогеннің баяуырақ (үнемдірек) шығындалуына әкеледі және осылайша оның түгесілуі уақытын жылжытады, сәйкесінше жаттығуды орындау ұзақтығын жоғарылатады. Неғұрлым бұлшық еттің тотығу қабілеті жоғары болса, соғұрлым «май ығысуы» көбірек және соғұрлым сәйкесінше тапшы бұлшық ет гликогені аз шығындалады (көп сақталады).

Май қышқылдарын көп қолдану жұмысшы бұлшық еттердің глюкозаны пайдалануын азайтады және осының арқасында спортшыны жұмыс қабілеттілігін шектейтін (лимиттейтін) гипогликемияның дамуынан қорғайды.

Бұдан басқа, көмірсуларды азырақ қолдану бұлшық еттерде лактат мөлшерінің төмендеуіне әкеледі. Ақиқатында жақсы жаттыққан спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда бұлшық етте лактат мөлшері төмен болады. Тура осындай жағдай сол бір адамда төзімділікке жаттықтыру кезеңінен кейін байқалады.

Сонымен төзімділікке жаттықтыру екі негізгі әсерді тудырады:

1. Организмнің максималды аэробтық мүмкіндігін күшейтеді.

2. Аэробты жұмыс орындау кезінде организм қызметінің тиімділігін (үнемділігін) жоғарылатады.

Бірінші әсер туралы максималды аэробтық жүктеме кезінде ОМП (және басқа функционалдық көрсеткіштердің) артуы бойынша, ал екінші туралы стандартты максималды емес аэробтық жүктеме кезінде функционалдық көрсеткіштердің (ЖЖЖ, ӨВ, дене температурасы, қандағы лактат концентрациясы және т.б.) төмендеуі бойынша бағалауға болады.

Төзімділікке жаттықтырудың оң әсерлерінің негізінде оттегі тасымалдау, оттегі утилдеу және басқа физиологиялық жүйелердің құрылымдық-функционалдық өзгерістері, сонымен қатар аэробтық жұмысты орындау процесінде бұл жүйелер қызметінің орталық-жүйкелік және гуморалдық реттелуінің толық жетілдірілуі жатыр.



Әр түрлі жастағы ер адамдар мен әйел адамдардың энергия шығыны бойынша (ккал/мин) дене жаттығуларының жіктелуі


Жынысы және жасы

Жеңіл жаттығу

Қалыпты (орташа) жаттығу

Ауыр жаттығу

Өте ауыр жаттығу

Ер адамдар

20-29


4,2

4,3-8,3

8,4-12,5

> 12,5

30-39


3,9

4,0-7,8

7,9-11,7

> 11,7

40-49


3,7

3,8-7,1

7,2-10,7

> 10,7

50-59


3,2

3,3-6,3

6,4-9,5

> 9,5

60-69


2,5

2,6-5,0

5,1-7,5

>7,5

Әйел адамдар

20-29


3,2

3,3-5,1

5,2-7,0

>7,0

30-39


2,9

3,0-4,2

4,3-6,5

>6,5

40-49


2,7

2,8-4,0

4,1-6,0

> 6,0

50-59


2,2

2,3-3,8

3,9-5,5

> 5,5

60-69


1,9

2,0-3,5

3,6-5,0

>5,0


Бақылау сұрақтары:

1. Әйелдер дене сапаларын дамытудың және қимылдардың, вегатативтік қызметтердің ерекшеліктері қандай?



2. Әйелдердің аэробтық және анаэробтық мүмкіншіліктерін түсіндіріңіз

3.Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіншіліктердің өзгеруіне сипаттама беріңіз
Дәріс №13
Тақырыбы:Дене тәрбиесі физиологиясының жастық негіздері

Мақсаты: Студенттерді дене тәрбиесі физиологиясының жастық негіздерімен таныстыру

Негізгі сұрақтар:



1.Дене тәрбиесі физиологиясының жастық ерекшеліктері бойынша негіздері. Спорттық дарындылықтың мәселелері. Мектепке дейінгі (4-тен 6-7 жасқа дейін), бастауыш мектеп жасындағы (6-7-ден 10 жасқа дейін), жасөспірімдердің (11-15 жас), жоғары мектеп жасындағы (16-18 жас), егде жастағылардың морфофункционалді ерекшеліктері.

2. Физиологиялық бақылау — дене шынықтыруды және спорттық дайындықты тиімді басқарудың кұрамды бөлімі.

3.Дене тәрбиесі мен спорттық жаттығу сабақтарындағы физиологиялық күйлердің жасқа байланысты қалыптасуы, мектеп жасындағы спорт кызметінің физиологиялық ерекшеліктері.
1.Дене тәрбиесі физиологиясының жастық ерекшеліктері бойынша негіздері. Ағзаның жетілуіне байланысты оның физикалық жұмысқа қабілеттілігі де өседі. Спортта бұл қозғалыс жылдамдығының өсуі, жүзу, есту, жүгірудегі ұзақтыққа басымдылық және де жас ерекшелігінің диапазонында да көрінеді. Велоэрогометриямен жұмыс істеу кезінде жасына байланысты жұмыс істеу күштілігі ұлғаяды.

Спорттық жаттығу физикалық жұмыс істеу қабілеттін көтеруге көмектеседі. Жас спортшылар, спортпен шұғылданбайтыны қарағанда жоғары жұмыс істеу қабілеттілігін көрсетеді. Сонымен бірге жас спортшылардын жасы үлкен болса олардын спортпен шұғылдануы ұзағырақ және де спортпен шұғылданбайтындардың арасындағы ерекшеліктер соғұрлым үлкен. 14-15 жастағы жүзушілердің жұмысы 12973 кгм, ал олармен жасты спортшы емес балалардың көрсеткіші 8486 кгм. Қыздарда спортпен шұғылданушы және шұғылданбаушыларының көрсеткіштері ұлдарға қарағанда төмен болады.

Жасқа байланысты жаттығуларды істеу кезінде төзімділікке үйрену, жұмыс қабілеттілігінің өсуі аэробты өнімділіктің өсуіне және де оттегін қолдану күштілігіне де байланысты.

Жас спортшыларда спортпен көп шұғылданғанда оттегін тұтынудын ең жоғары көрсеткішін көруге болады. Балалармен жасөспірімдердің ағзалары аэробты және анаэробты өнімділіктері төмендегімен сипытталады: бұл сондықтан аэробты күштілік жаттығуларын орындау кезінде жұмыс қабілетін белгілі бір мөлшерде шектейді, ал анаэробты энергиялық өнім алмасу кезінде басты рольді атқарады. Анаэробты өнімділіктің көрсеткішінің бірі оттегінің жоғары үлкен көлемде қажет ету және де ол жас өскен сайын ұлғая береді.

2. Физиологиялық бақылау — дене шынықтыруды және спорттық дайындықты тиімді басқарудың кұрамды бөлімі.

Арнайы физиологиялық бақылау кезінде 9-10 жастағы балалар 8-9,3 кгм/с жүктеме кезінде оттегін қажет ету 800-1200 мл болған кезде жұмысты тоқтатады. Ал 12-14 жастағы балалар 12-17 кгм/с оттегіні қажет етуде 2000-2500 мл балғанға дейін жұмысты атқара алады. Ересектер 20-45 кгм/с оттегін қажет ету 6000 мл. Жастық ұлғаюына байланысты ағзанын анаэробты мүмкіндіктерінде қандағы сүт қышқылынын құрамы өзгеретіндігін көрсетеді. 7-8 жастағы балаларда ең жоғары белсенділікті қажет ететін жаттығуларда қандағы сүт қышқылының деңгейі 80 мг %-ке дейін көтеріледі, ал 14-15 жастағыларда – 100 мг %-кедейін, ал ересек жастағыларда – 112 мг %. Осы көрсеткіштерге қарап ересектерге қарағанда жасөспірімдердің анаэробты жұмыс жағдайларына икемділіктерін көрсетеді.

Жас спортшыларда старт алдындағы әр түрлі құрылысының белгілі рефлекторлық өзгерістері ересектерге қарағанда көбірек көрінуі мүмкін. Келесі болатын бұлшық ет жұмысының өрекеті балаларда жүрек соғу жиілігі және қан қысымының көтерілуімен көрінеді.

Ал, қорыту кезеңі үлкендерден қарағанда балаларда қысқарырақ. Мысалы: 7-14 жастағы балаларда қысқа қашықтыққы жүгірген кезде ең жоғары жылдамдыққа 5-ші секундта жетеді, ал жасөспірімдерде 17-18 жастағы 6-шы секундта. Бірақта жасөспірімдер осы уақытта үлкен жоғары жылдамдыққа жетеді және ұзақ қашықтықты жүгіріп өтіп кетеді. Төзімділікке арналған жаттығуларда (жүзу, велоэргометр тебу) балаларда жүрек қан айналу және дем алу жүйесі, жұмысқа қабілеттілік көрсеткіші кішкене ертерек бір қалыпқа келеді.

Қорыту кезеңі өткеннен кейін тұрақты шыдамдылық жағдайы келеді. Тұрақты шыдамдылық жағдайын ұстап тұру жасқа да байданысты. Балалар үлкендерге қарағанда сақтап тұрулары төмен болады. Олар оттегін қабылдаудың ең жоғары деңгейіне тез жетеді де оны ұстап тұра алу деңгейін, үлкендердей ұстай алмайды.

3. Дене тәрбиесі мен спорттық жаттығу сабақтарындағы физиологиялық күйлердің жасқа байланысты қалыптасуы, мектеп жасындағы спорт кызметінің физиологиялық ерекшеліктеріДене тәрбиесі мен спорттық жаттығу сабақтарындағы физиологиялық күйлердің жасқа байланысты қалыптасуы, мектеп жасындағы спорт кызметінің физиологиялық ерекшеліктері басты назарда болу керек. Жасқа байланысты қажу кезеңі де себепкер болады. Балалардың шаршап, қажу кезінде үлкендерге қарағанда жұмыс қабілеті, қозғалыс жылдамдығы күрт төмендейді. Балалардың ағзасының ішкі ортасының өзгерістері, яғни оттегін қажет ету төмендегенде жұмысты тоқтату қажет. Аэробты жұмыс кезінде шаршау кезеңі жетіліп келе жатқанда жасөспірімдерде көбінесе вегетативті жүйенің дискоординациясы/ қан айналу және дем алу, көрінеді, көп мөлшерде жаттығу жіберілетін энергиянын құны көтеріледі. (В.М. Волков, А.В. Ромашев)

Жас тағы да қайта қалыпқа келу кезеңінің сипатына да әсер етеді. Қайталанусыз анаэробты басымдылық жаттығуларынан кейін, жұмысқа қабілеттіліктің қалыпты келуі, қайта қалпына келу балаларда үлкендерге қарағанда қысқарақ болады. Шынында да, абсолютті және де қатысты бірліктер көлемінде оттегінің қажеттілігі балаларда төмен.

Дене тәрбиесі мен спорттық жаттығу сабақтарындағы физиологиялық күйлердің жасқа байланысты қалыптасуы, мектеп жасындағы спорт кызметінің физиологиялық ерекшеліктері бойынша ең жоғары күштілік жұмысы кезінде 11-14 жастағы балаларда О2 пайдалану қайта қалыпқа келуі 12-14 мин аралығында, ал ересектерде 16-18 минут аралығында. Белсенді жаттығулардан кейін қайта қалыпқа келу кезеңі бірқалыпты сипатта болмайды, басында тез содан кейін баяу болады.

Жылдам қалыпқа келу үлкендерге қарағанда балаларда 8-9 жастағы 60-70 % ортақ қажеттіліктен, ал үлкендерде тек 40% -і ғана. Жасы ұлғайған сайын (11 ден 20 жасқа дейін) төзімділіктің өсуіне байланысты және де үлкен көлемде жұмыс істеу мүмкінділігінде қайта қалыпқа келу уақыты үлкейеді.

Балалардың өте тез қалыпқа келуі үлкендерден басымдылықты бермейді, өйткені қажытатын немесе жалғасымды жаттығулар жүктемелерін көп қайталанғандықтан, балаларда қайта қалыпқа келу үлкендерге қрағанда ақырын өтеді.

Мысалы: 16-18 жастағы спортшылардың 50-км-ге велосипедпен

Жартысында қан қысымы 6-24 сағат ішінде ғана қалыпқа келеді, ал жасы үлкен спортшыларда 3-4 сағатта қалыпқа келеді. Қайта қалыпқа келу кезеңінің жалғасымдылығы жас велосипедшілерде 25 км қашықтыққа жарыс кезінде де жасы үлкен спортшылардың 50 км-ге жартысындағыдай мөлшерде болады.



Жүктемеге туатын реакциялар, дене жаттығуын жасқа сай өткізу.

Дене жаттығуы кезіндегі организмде белгілі бір реакциялар байқалады: жүректің массасы мен аумағының көбеюі, қанның систолалық мөлшерінің артуы, жүректің соғуы ырғағының жылдамдауы, өкпенің тіршілік сыйымдылығының ұлғаюы, дене жұмысының артуы. Бұлар жаттығу деңгейіне байланысты.

Жаттығу нәтижесінде организмнің ауруға төзімділігі артады, иммундық жүйесінің белсенділігі жоғарылайды, қан өндіру артады, қандағы холестериннің мөлшері азаяды.

Жаттығу адамның жасына сәйкес болуы тиіс. И.П.Павлов адамның тіршілік қабілеті 35 жасқа дейін дамиды, 60 жасқа дейін қалыптасады, одан әрі қарай төмендейді,- деген. Осы заңдылықты жаттығу шараларын жасағанда естен шығармау керек.

Жас организмде жүйке жүйесі серпімді келеді, мидың сергектігі жоғары болады. Жас ұлғайған сайын, 50 жастан кейін де жоғары деңгейде сақталады.

Денені жаттықтыру бұлшық еттердің қызметін күшейтеді, буынның қимыл-қозғалысын жақсартады, жүрек пен өкпенің қызметтерін арттырады. Демек денені жаттықтыру жасқа да, кәріге де пайдалы, әсіресе мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға өте қажет .


Бақылау сұрақтары:

1. Дене тәрбиесі физиологиясының жастық ерекшеліктері қандай?



2Жасөспірімдердің (11-15 жас), жоғары мектеп жасындағылардың (16-18 жас) морфофункционалді ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз

3. Дене шынықтыруды және спорттық дайындықты тиімді басқарудың құрылымын атаңыз?
Дәріс №14
Тақырыбы:Бақылаудың және іріктеудің физиологиялық негіздері

Мақсаты: Студенттерді бақылаудың және іріктеудің физиологиялық негіздерімен таныстыру

Негізгі сұрақтар:



1.Бақылаудың түрлері. Функционалдік дайындалудың көрсеткіштерін бақылау, оны машықтану процесін басқаруда және спортпен шұғылдану үшін қолдану.

2.Спорттық жұмыс кабілеттіліктің тұқым қуалаушылығының генетикалық көрсеткіштері. Жоғары дәрежелі спортшылардың физиологиялық моделдері. Физиологиялық модельдік мінездеме мен спорттық іріктеу. Іріктеудің биологиялық өлшемдері.

3.Спорттық іріктеу әдістемесі. Спорттық дарын проблемалары. Морфологиялық және спорт физиологиясында статистикалық әдістерді қолданудың ерекшеліктері.
1.Бақылаудың түрлері. Функционалдік дайындалудың көрсеткіштерін бақылау, оны машықтану процесін басқаруда және спортпен шұғылдану үшін қолдану. Сауықтыру жаттығуларының тиімділігін тексеру және бақылау.

Сауықтыру жаттығуларының тиімділігін бірнеше көрсеткіштер бойынша тексеріп, бақылауға болады: жүректің қызметін сынау, тыныс мүшелерінің қызметін сынау, артерия қан қысымын анықтау.

Жүректің қызметін сынау: жүректің қызмет жағдайын білу үшін жаттығу қимылдарын жасар алдында және жасағаннан кейін 10-15 секунд бойы жүректің соғу жиілігін, яғни пульсты санап, салыстыру керек. Жаттықпаған организмде айырмашылық көп болады, бірақ жаттғы барысында біртіндеп айырмашылық азаяды. Екінші әдіс: жаттығу қимылдарын жасағаннан кейін шалқасынан 5 минут жатып, сосын пульсты санау керек. Орыннан тез тұрып, бой түзеп, қайтадан пульсты санау керек. Екеуінің айырмашылығы бойынша мынадай қортыныды жасауға болады: 1) айырмашылық 1-2 болса, жаттығу көрсеткіші жақсы: 2) 13-17 болса, жаттығу жеткіліксіз; 3) 18-25 болса, жаттығудың нәтижесінің жоқтығы; 4) 25-30 болса, жүктеменің жүрекке ауыр болғаны.

Тыныс алуды сынау:



  1. 45 секунд тізені бүгіп-жазу, содан кейін тыныс алу ырғағы бұрынғы қалпына келу мерзімі бойынша төмендегідей баға беру: 2-2,5 мин.-өте жақсы; 3-5 мин.-жақсы; 6-7 мин.-орташа; 8-9 мин.-нашар.

  2. Спирометр аспабы арқылы өкпенің тіршілік сыйымдылығы физикалық жүктемеге дейін және одан кейін өлшейді. Екеуінің айырмашылығы бойынша мынадай баға беріледі: 100 см-өте жақсы; 200 см-жақсы; 300 см-орташа; 350 см – нашар. Егер өкпенің тіршілік сыйымдылығы жүктемеден кейін төмендесе, ол қажығандықтың белгісі.

Артерия қан қысымы бойынша сынау: Еңкейіп екі қолды жерге тигізіп, 1 минутта 50 рет қайталайды. Сфигмоманометрмен артерия қысымын жаттығуға дейін және жаттығудан кейін өлшейді. Айырмашылығы бойынша сынақ өткізеді: 5 мм- өте жақсы; 10мм-жақсы; 15 мм-орташа; 20 мм-нашар. Өзіңді өзің сынаудың басқа да әдістері бар, олар арнайы аспаптармен жүргізілетін болғандықтан, осы оңай, жеңіл орындалатын әдістерді қолдануға болады.

2. Жоғары дәрежелі спортшылардың физиологиялық моделдері. Физиологиялық модельдік мінездеме мен спорттық іріктеу. Денешынықтыру- денсаулыққа әлеуметтік көрсеткіші

Денешынықтыру жаттығулары денсаулықты нығайтып, дененің өсуі мен дамуына, жүйке жүйесінің қызметіне, адамның бір қалыптан екінші қалыпқа ауысу жылдамдығына, тірек-қимыл жүйесінің өсіп-жетілуіне, оның қызметінің дамуына, қимыл-қозғалыстарының дұрыс бағытталуына, тіпті адамның ақылының артуына да күшті әсер етеді. Спорт ойындары мен жаттығулары арқылы жүйке жүйесінің қозу және тежелу қасиеттері реттеліп, шектеліп, бағытталады. Баланың жасына сай қимыл-қозғалыстарының және ішкі мүшелерінің қызметінің реттелуі күрделі еңбекке, тұрмысқа қажетті қимылдарды дамытуға мүмкіндік тудырады.



Жоғары дәрежелі спортшылардың физиологиялық моделдері физиологиялық модельдік мінездеме мен спорттық іріктеу арқылы жасалады. Іріктеудің биологиялық өлшемдеріне мән берілу керек. Морфологиялық және спорт физиологиясында статистикалық әдістерді қолданудың ерекшеліктері бар.

Денешынықтыру жаттығулары бұлшық еттердің қан айналысын жақсартып, олардың жұмысына қажетті қоректік заттармен қамтамасыздандыру күшейеді де, адамның еңбек қабілеті артады. Алайда балалардың жүйке жүйесінің қозуы тежелуінен басымырақ болғандықтан денешынықтыру жаттығулары мен спорт ойындары кезінде олар тез шаршайды, ынтасы мен назары төмендейді, көңіл-күйі тұрақсыз болады. Сондықтан бұлшық еттерді біркелкі дамыту, шаршатпай, олардың күрделі қимылдарын арттыру үшін денешынықтыру балалардың жасына лайықталуы тиіс. Бұл жағынан мектептегі денешынықтыру сабақтарына осы күнге дейін жеткілікті дәрежеде мән берілмейтіндіктен, көпшілік жағдайларда сабақ оқушылардың өзін-өзі дамытуға емес, қалыптасқан талаптарды орындауға бағытталғандықтан біржақты өтеді де, балалардың қанағаттанбауына есірткі қабылдауға немесе басқаша қоғам талаптарына сай келмейтін қызықтардың пайда болуына себепші болып, денсаулықты нығайтудың орнына ауру тудырады. Денешынықтыру мәселелері елдің, халықтың әлеуметтік жағдайларына байланысты. Жан-жақты дамыған жастарды тәрбиелеу, олардың физиологиялық, психикалық мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануды үйрету елдегі оқу мен тәрбие жұмыстарының маңызды негіздері. Денешынықтырудың гигенасын, жағдайларын, әсерін, оларды пайдалана білуді балалар мен жастардың санасына жеткізу ата-аналардың, тәрбиешілер мен мұғалім-ұстаздардың басты міндеті. Жаттығулар мен спорт ойындарын жасқа сай шектеп, дұрыс жағдай тудыру мектепке дейінгі және мектептер мен жоғары білім беру мекемелерінің тәрбие бағдарламасының негізі болуы тиіс. Жалпы алғанда денешынықтыру денсаулықтың әлеуметтік көрсеткіші екенін естен шығармау керек. Оны елдің, халықтың мәдениет көрсеткішінің материялық негізі, өмір салтының экономикалық, әлеуметтік-психикалық көрсеткіші деп қараған жөн.



Тұрақты жұмыс қабілеттілік күйі. Үнемі аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде организм қызметінің тез өзгерістері жүретін кезеңнен (бабына келу) соң А.Хилл тұрақты күй деп атаған кезең басталады. Ол аз аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау кезіндегі О2 пайдалану жылдамдығын анықтай отырып, жаттығудың басында тез өсе бастаған О2 пайдалану жылдамдығының ары қарай белгілі бір деңгейде қалатынын және көптеген ондаған минуттар бойы өзгеріссіз сақталатынын аңғарды. Аз қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде тұрақты күй кезеңі барысында организмнің оттегіні пайдалануы (оттектік сұраныс) және онымен қанағаттануы арасында сандық сәйкестік бар. Сондықтан А.Хилл мұндай жаттығуларды «шынайы» тұрақты күй жаттығуларына жатқызды. Оларды ұзақ емес орындаудан кейінгі оттектік қарыздылық жұмыс басында пайда болған оттектік тапшылыққа ғана тең болады. Неғұрлым қарқындылау жүктемелер – орташа, субмаксималды және максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығулар кезінде оттегі пайдалану жылдамдығының тез артуы кезеңінен кейін (бабына келу) ұзақтығы өте аз болса да бірақ біртіндеп жоғарылайтын кезең басталады. Сондықтан бұл жаттығулардағы екінші жұмыс кезеңін «шартты» тұрақты күй ретінде белгілеуге болады. Жоғары қуаттылықты аэробтық жаттығуларда сол жұмыс уақытындағы оттектік сұраныс пен оның қанағаттануы арасында толық тепе-теңдік болмайды. Сондықтан олардан кейін неғұрлым жұмыс қуаттылығы мен ұзақтығы жоғары болған сайын, соғұрлым көп оттектік қарыз тіркеледі. Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларда бабына келудің қысқа кезеңінен соң оттегі пайдалану ОМП (оттектік төбе) деңгейіне жетеді және сондықтан оның одан ары артуы мүмкін болмайды. Кейде тек жаттығудың соңына таман төмендейтін ол ары қарай осы деңгейде қалады. Сондықтан максималды аэробтық қуаттылықты жаттығулардағы екінші жұмыс кезеңін «жалған» тұрақты күй кезеңі деп атайды.

Анаэробтық қуаттылықты жаттығуларда екінші жұмыс кезеңін бөліп көрсетуге болмайды, өйткені оларды орындау барысында барлық уақытта оттегі пайдалану жылдамдығы тез жоғарылайды және басқа да физиологиялық қызметтердің өзгерістері жүреді. Осы мағынада анаэробтық қуаттылықты жаттығуларда тек бабына келу кезеңі бар деп айта аламыз. Кез келген аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде екінші кезең барысында (оттегі пайдалану жылдамдығы бойынша анықталатын шынайы, шартты немесе жалған тұрақты күй) көптеген жетекші физиологиялық көрсеткіштер баяулап өзгереді.

Осы салыстырмалы баяу функционалдық өзгерістер «дрейф» деп аталады. Неғұрлым жаттығудың қуаттылығы артқан сайын, соғұрлым функционалдық көрсеткіштер «дрейфі» жылдамдығы жоғары болады және керісінше, неғұрлым жаттығу қуаттылығы төмен болған сайын (ұзақтау болған сайын), соғұрлым «дрейф» жылдамдығы төмен болады.

Сонымен О2 пайдалану деңгейі ОМП-дан 50% асатын аэробтық қуаттылықты жаттығулардың барлығында басқа барлық анаэробтық қуаттылықты жаттығулардағы сияқты О2 пайдалану жылдамдығы және басқа көрсеткіштер бойынша да қызметтері өзгермейтін күймен сипатталатын шынайы тұрақты жұмыс кезеңін бөліп көрсетуге болмайды.

Мұндай үлкен аэробтық қуаттылықты жаттығулар үшін негізгі жұмыс кезеңін псевдо немесе жалған (квази) тұрақты күй немесе баяу функционалдық өзгерістер («дрейф») жүретін кезең ретінде қарастыруға болады. Осы өзгерістердің көпшілігі жұмыс барысында қажу процесінің дамуы жағдайында сол жүктемені орындауға организмнің бейімделуінің күрделі динамикасын көрсетеді.

Организмнің квазитұрақты күйі кезеңінде жүрек-тамыр, тыныс алу, жүйке-бұлшық ет, эндокриндік және т.б. жүйелер қызметінің біртіндеп қайта құрылулары жүреді. Осы кезең барысында систолалық көлем баяу төмендейді, бірақ ЖЖЖ өтемелі жоғарылайды, сондықтан жүректің минуттық қан көлемі өзгеріссіз қалады. Қан айналымдағы қан көлемі төмендейді, содан соң біртіндеп, бірақ толық емес қалпына келеді. Жылу шығарудың күшеюіне әкелетін тері қан айналысының артуымен қан айналысының қайта таратылуы жүреді. Осы және т.б. жылу реттеуші қайта құрылуларға қарамастан дене температурасы үздіксіз (толассыз) жоғарылайды. Квази тұрақты күй кезеңінде сонымен қоса артериялық, әсіресе систолалық қан қысымы үнемі өзгеріп отырады.

Жаттығуды орындау процесінде барлық уақытта тыныс жиілігі сияқты тыныс тереңдігінің де есебінен ӨВ жоғарылайды. Оттегі бойынша альвеолалық-артериялық айырмашылық өседі. СО2 парциалдық кернеуі мен артериялық қанның рН төмендеу тенденциясы байқалады. Салыстырмалы өзгеріссіз жүректің минуттық қан көлемінде О2 пайдалану жылдамдығының біраз жоғарылауын қамтамасыз ететін, ал жүректің минуттық қан көлемінің төмендеу тенденциясы кезінде салыстырмалы О2 пайдалану жылдамдығын тұрақты ұстайтын АВА-О2 біртіндеп артады.

Жұмысты аэробтық қамтамасыздандыруға қатысатын тотығатын майлар үлесінің артуын және сәйкесінше тотығатын көмірсу үлесінің кемуін көрсететін тыныс коэффиценті квазитұрақты күй кезеңі барысында біртіндеп төмендейді.

Жаттығуды орындау процесінде бұлшық еттің жұлын мотонейрондары импульсациясының күшеюін айғақтайтын олардың электрлік белсенділігі үздіксіз өседі. Бұл күшею бұлшық еттің қажуын өтеу үшін жаңа қозғалыс бірліктері (ҚБ) рекрутирлеу процесін көрсетеді. Мұндай қажу белсенді ҚБ бұлшық ет талшықтарының жиырылу қабілетінің біртіндеп төмендеуімен аяқталады.

Жаттығуды орындау барысында ішкі секреция бездерінің бірілерінің қызметі күшейсе, басқаларының қызметі әлсірейді. Соның ішінде қандағы адреналин және норадреналин мөлшерінің жоғарылауымен көрінетін симпатикалық-адреналдық жүйенің белсенділігі өседі.

Қозғалыс және вегетативтік қызметтердің реттелуін және осы қызмет күйінің өзгерістерін жүзеге асыратын жүйелер белсенділігінің біртіндеп күшеюінің көрінісі жаттығуды жалғастыру шамасы бойынша жүктеме ауырлығын үздіксіз жоғарылатуды субъективті сезіну болып табылады.

Квазитұрақты күй жаттығуларына орындалатын жаттығулар қуаттылығының жоғарылауына орай мөлшері өсіп отыратын оттектік қарыздылықтың болуы тән. Бұл жаттығулардың физиологиялық сипаттамасы ретінде квазитұрақты күй кезеңінің басында (көбіне 5-10 минутта) тіркелетін көрсеткіштер қолданылады.

Жаттықпаған ер адамдар мен төзімділікті жаттықтыратын орташа және жоғары білікті спортшылардың тыныштық күйде және максималды аэробтық жүктеме кезінде оттегі тасымалдау жүйесінің негізгі функционалдық көрсеткіштерінің орташа мәліметтері

Жүктеме


ЖЖЖ, екп/мин


СК, мл/екп


МҚК х АВА-О2 = О2П

(л/мин)(млО2/л)(млО2/мин)

Тыныштық күйде:



Жаттықпаған адамдар


70

70

5 х 50 = 250


Жаттыққан

адамдар

55

90

5 х 50 = 250



Айтулы спортшылар


50

100

5 х 50 = 250


Максималды жұмыс кезінде:


Жаттықпаған адамдар


200

120

24 х 140 = 3400


Жаттыққан адамдар


195

150

30 х 150 = 4500


Айтулы спортшылар


190

190

36 х 155 = 5600




Бақылау сұрақтары:

1. Бақылаудың түрлеріқандай?



2.Жоғары дәрежелі спортшылардың физиологиялық моделдеріне сипаттама беріңіз

3. Морфологиялық және спорт физиологиясында статистикалық әдістерді қолданудың ерекшеліктерін атаңыз?
Дәріс №15
Тақырыбы: Спорттүрлерінің физиологиялық сипаттамасы

Мақсаты: Студенттерді спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасымен таныстыру

Негізгі сұрақтар:



1.Жеңіл атлетика түрлерінің физиологиялық сипаттамасы. Гимнастика түрлерінің физиологиялық сипаттамасы. Шаңғы тебудін физиологиялық сипаттамасы.

2.Спорттық ойындардың физиологиялық сипаттамасы.

3.Коньки тебу спортының физиологиялық сипаттамасы. Велосипед тебу спортының физиологиялық сииаттамасы.

4.Армрестлингтің физиологиялық сипаттамасы. Аэробиканың физиологиялық сипаттамасы.

5.Сауықтырулы жүзудің физиологиялық сипаттамсы. Ортаны және қимылдардың физиологиялық сипаттамасы. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының, қуат жұмсалуының сипаттамасы.

Анаэробтық циклдік жаттығулар түрлері және жетекші физиологиялық жүйелер мен механизмдері

Топ


Жаттығулар

түрлері

Жаттығуларды

орындау барысында

организмде жүретін өзерістер



Жетекші физиологиялық

жүйелер мен механизмдер


Максималды анаэробтық қуаттылық


100 м дейін арақашықтыққа жаяу жарыс,

50 м дейін жүзу, сүңгу, тректе қысқа арақашықтықта (спринтерлік) веложарыс



Оттегі тасымалдау жүйелер қызметі (максималды мәндерге дейін емес), қандағы лактат(10 ммоль/л), глюкоза концентрациясы, адреналин, норадреналин, өсу гормондары концентрациясы жоғарылайды, ал инсулин концентрация

сы төмендейді, глюкагон, кортизол концентра

циялары айтарлықтай өзгермейді


Бұлшық ет қызметінің орталық-жүйкелік реттелуі,

жүйке бұлшық еттік аппараттың функционалдық қасиеті (жылдамдықты-күштік), жұмысшы бұлшық еттің фосфагендік энергетикалық жүйелер сыйымдылығы мен қуаттылығы



Максимал-

дыға


жуық

анаэробтық қуаттылық




200-400 м арақашықтыққа жүгіру,

100 м дейін арақашықтықта жүзу,

500 м конькимен жүгіру


Оттегі тасымалдау жүйесі қызметі, қандағы лактат (15 ммоль/л),

глюкоза концентрациясы жоғарылайды, гормондар өзгерісі жоғары топ жаттығуларындай болады



Бұлшық ет қызметінің орталық-жүйкелік реттелуі,

жүйке бұлшық еттік аппараттың функционалдық қасиеті (жылдамдықты-күштік), жұмысшы бұлшық еттің фосфагендік энергетикалық жүйелер сыйымдылығы мен қуаттылығы,

бұлшық еттің лактацидті (гликолитикалық) энергетикалық жүйелер қуаттылығы


Субмакси-малды анаэробтық қуаттылық


800 м жүгіру, 200 м жүзу, 1000 м және 1500 м конькимен жүгіру, 1 км велоспортта жүріп өту (трек)

Оттегі тасымалдау жүйесі қызметі

(максималды мәндерге дейін), лактат концентраця

сы (20-25 ммоль/л), қанда глюкозаның концентрациясы,

қан плазмасындағы адреналин, норадреналин, өсу гормондары жоғарылайды, қанның рН деңгейі төмендейді




Жұмыс атқарушы бұлшық еттің лактацидті (гликолитикалық) энергетикалық жүйесінің сыйымдылығы мен қуаттылығы, жүйке-бұлшық ет аппаратының функционалдық қасиеті, сонымен қатар организмнің оттегі тасымалдау (әсіресе, жүрек-тамыр жүйесінің) мүмкіндіктері және жұмысшы бұлшық еттердің аэробтық (тотығу) мүмкіндіктері



Аэробтық циклдік жаттығулар түрлері және жетекші

физиологиялық жүйелер мен механизмдері

Топ

Жаттығулар

түрлері


Жаттығуларды

орындау барысында организмде жүретін өзерістер


Жетекші физиологиялық

жүйелер мен механизмдер

Максималды аэробтық қуаттылық




1500 м және 3000 м жүгіру, 3000-5000 м конькимен жүгіру, 400-800 м жүзу, академиялық есу (классикалық арақашықтықтарда), велотректе 4 км жүріп өту

Оттегі тасымалдау жүйесі қызметі (максималды мәнге),

қандағы лактат пен катехоламиндер, өсу гормондары, инсулин, глюкоза концентрациясы жоғарылауы (бұлар қуаттылық азайған сайын төмендейді)



Оттегі тасымалдау жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері мен жұмыс

атқарушы бұлшық еттердің

аэробтық мүмкіндіктері және

анаэробтық лактацидтік

(гликолитикалық)

энергетикалық жүйесі

(қуаттылық азайған сайын

үлесі кемиді)


Максималдыға жуық аэробтық қуаттылық




5000-10 000 м арақашықтыққа жүгіру, 1500 м арақашықтыққа жүзу, 15 км дейін шаңғымен және 10 000 м конькимен жүгіру

Оттегі тасымалдау жүйесі қызметі (максималды мәнге 85-95% дейін), қандағы лактат концентрациясы,

дене температурасы

( 39 ºС) жоғарылауы


Оттегі тасымалдау

жүйесінің

функционалдық

мүмкіндіктері мен жұмыс

атқарушы бұлшық еттердің

аэробтық мүмкіндіктері



Субмаксималды

аэробтық қуаттылық


30 км және одан жоғары арақашықтыққа жүгіру (марафондық жүгіруді қоса), 20-25 км шаңғы жарыс, 20 км дейін спорттық жүру

Оттегі тасымалдау жүйесі қызметі (максималды мәнге 70-90% дейін), қандағы лактат концентрациясы (бас кезінде), дене температурасы (39-40 ºС) жоғарылауы (жаттығу ұзақтығы артқан сайын жоғарылайды)

Оттегі тасымалдау

жүйесінің

функционалдық

мүмкіндіктері мен жұмыс

атқарушы бұлшық еттердің

аэробтық мүмкіндіктері

және оттектік (тотығу)

жүйенің


сыйымдылығы

Орташа аэробтық қуаттылық




50 км спорттық жүру, 50 км-ден жоғары ұзақ арақашықтықтағы шаңғы жарыс

Оттегі тасымалдау жүйесі қызметі (максималды мәнге 60-75% дейін) жоғарылауы

Оттегі тасымалдау

жүйесінің

функционалдық

мүмкіндіктері мен жұмыс

атқарушы бұлшық еттердің

аэробтық мүмкіндіктері

және оттектік (тотығу)

жүйенің


сыйымдылығы

Аз аэробтық қуаттылық




Күнделікті жүріс, жаппай н/се емдік дене шынықтыру жаттығулары

Глюкагон, кортизол жоғарылауы (қуаттылық артқан сайын кемиді)

Оттегі тасымалдау

жүйесінің

функционалдық

мүмкіндіктері мен жұмыс

атқарушы бұлшық еттердің

аэробтық мүмкіндіктері






5. Сауықтырулы жүзудің физиологиялық сипаттамсы. Ортаны және қимылдардың физиологиялық сипаттамасы. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының, қуат жұмсалуының сипаттамасы.

Сулы орта жағдайындағы спорттық әрекеттер (жүзу) кәдімгі ауа орта жағдайында орындалатын дене жұмысынан өзгеше бірқатар физиологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл ерекшеліктер судағы қозғалыстармен, дененің горизонталды орналасуымен және судың үлкен жылу сыйымдылығымен байланысты механикалық факторлармен анықталады.

Механикалық факторлар

Жүзу кезіндегі жылдамдық пен энергетикалық шығын үш негізгі механикалық факторларға:

1) дене салмағына қарсы әсер ететін немесе оның өлшеміне кері – батырушы күшке көтеруші (жүзбе, қалқымалы) күш өлшеміне;

2) суда дененің жылжуына тіке кедергіге;

3) жүзгіштің тиімді алға жылжуға (пропульсивті) күш салуы нәтижесінде туындайтын қозғаушы күшке байланысты.

Көтеруші (немесе оған кері – батырушы) күш. Архимед заңына сәйкес суға түскен денеге осы денемен ығыстырылған су көлемі салмағына тең көтеруші (итеріп шығарушы) күш әсер етеді. Бұл күштің өлшемі біріншіден, түрлі дене ұлпаларының, ең алдымен бұлшық ет пен май ұлпаларының салмағына (көлеміне) және сол адамның денесіндегі олардың қатынасына; екіншіден, суға дененің ену дәрежесіне, нақтырақ айтқанда судың үстіңгі және астыңғы бетіндегі дене бөлімінің салмағына (көлеміне) және үшіншіден өкпедегі ауа көлеміне байланысты. Судағы дене салмағы біраз ғана килограммды құрайды. Денесінде май мөлшері көп адамдарда батырушы күш (судағы дене салмағы) 0-ге тең, сондықтан олар су бетінде қандай да бір қосымша күш салусыз ұстап тұрылуға қабілетті. Неғұрлым әйелдерде май ұлпалары көлемі салыстырмалы көбірек болғандықтан ер адамдарға қарағанда олардың судағы денелерінің қалпы көбіне соғұрлым жоғары болады. Жүзгіштер арасында денелері көбірек горизонталды көріністе болатын (су бетіне жуық) жоғары қалқымалылыққа (жүзбелілікке) ұзақ қашықтыққа жүзгіштер- стайерлер ие. Себебі оларда қысқа қашықтыққа жүзгіштер-спринтерлерге қарағанда май қоры көбірек және дененің салыстырмалы салмағы неғұрлым төмен (сәйкесінше 1,0729 және 1,0786).

Дене суда оңай ұстап тұрылғанда дененің кейбір бөліктері су үстінде болады және өкпенің тек біраз бөлігі ауамен толады. Сондықтан денеге батырушы күш әсер етеді. Оған қарама-қарсы бағытталған күш арқылы бұлшық ет белсенділігі қарсы тұра алуы керек. Бұл белсенділіктің дәрежесі туралы толық тыныштық күйдегі деңгейден жоғары оттегі пайдалану мөлшері бойынша бағалауға болады. Неғұрлым батырушы күш көп болған сайын су бетінде денені ұстап тұру үшін соғұрлым бұлшық ет жұмысы күштірек және соғұрлым оттегі пайдалану жоғарырақ болу керек. Әйелдерде бұл күш шамамен 1,6-4,7 кг, ерлерде 4,9-5,8 кг аралығында болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет