Бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы»



бет10/10
Дата28.12.2019
өлшемі336,53 Kb.
#55226
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
fb714dfe-0d18-11e6-b19f-f6d299da70eeУМКД Физиология Физ ВОспитания


Бақылау сұрақтары:

  1. Аталмыш спорт түрлерімен шұғылданатын бірнеше адамдардың көрсеткіштерін салыстырыңыздар.

Зертханалық жұмыс № 12

Тақырып: Қимыл дағдысы, бейімделу, ағза қорлары, дене жаттығуларының жіктелуі сұрақтары бойынша семинар

Мақсаты: Студенттердің қимыл дағдысы, бейімделу, ағза қорлары, дене жаттығуларының жіктелуі сұрақтары бойынша білімдерін бағалау

Тапсырма:

1.Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері

Қимыл дағдысының сезгіш (сенсорлық) және орындаушы (оперантты) бөлімдері.Жаттықтырылу дәрежесінің физиологиялық механизмі шартты рефлекторлық жолдар арқылы пайда болған байланыс болып табылады. Шартты рефлекстің физиологиялық негізі уақытша байланыстың тұйықталу қасиеті болып табылады. Шартты рефлекстің пайда болуының негізі – ми қыртысындағы жүйке орталықтарының арасындағы уақытша жүйкелік байланыс дегеніміз шартты және шартсыз тітіркендірулерді ұштастырғанда пайда болатын, әр түрлі ми құрылымдары арасындағы белгілі қарым–қатынасын қалыптастыратын мидың нейрофизиологиялық, биохимиялық және құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы. Ерікті қозғалыстардың рефлекторлық табиғатын И.М.Сеченов ашып көрсеткен болатын. Кейін И.П.Павлов шәкірттерімен шартты рефлекторлық байланыс механизмдері бойынша қозғалыс әрекеттерінің жаңа түрлерінің түзілуінің негізгі заңдылықтарын ұсынған. Ғалымның пікіріне сүйенсек, уақытша жүйкелік байланыс ми қыртысының шартты және шартсыз тітіркендірілуін қабылдайтын орталықтарының арасында тапталым жолдары пайда болуы салдарынан қалыптасады.

Сезгіш шартты рефлекстерде афферентті сигналдарға жауап беру (мысалы, сілекей бөліну, тітіркендіргіштер әсер етуінен қолды тартып алу) шартсыз рефлекторлық немесе ертерек жүре пайда болған шартты реакция болып табылады. Олардағы жауап организмдегі бұрынғы болған реакция ретінде қолданылса, тек сигнал, яғни сезгіш бөлім жаңа шартты рефлекторлы қасиетке ие.

Бірақ қимыл дағдылары туралы сөз болғанда оперантты немесе мануалды, уақытша байланыстың түзілуі қатар айтылады. Бұл байланыстар қозғалыстың жаңа түрімен немесе сол организмде осы уақытқа дейін болмаған жаңа күрделі қозғалыс актысының белгілі элементтерінен комбинация түзілуімен сипатталады. Демек, бұл жағдайда уақытша байланыстар тек афферентті (сезгіш) ғана емес, сонымен қатар эфферентті, яғни қозғалыс рекцияларының орындаушы буындарына да қатысты.

Қимыл дағдысының моторлық және вегетативтік бөлімдерінің бір мезгілде қалыптаспауының өзіндік маңызы бар. Салыстырмалы қарапайым қозғалыс дағдыларында (мысалы, жүгіруде, шаңғы тебуде) моторлық (қимыл) бөлімдері, ал күрделі қозғалысты дағдыларда (мысалы, гимнастикада, күресте, спорт ойындарында) вегетативтік бөлім ертерек қалыптасады.

2.Бейімделу (адаптация) – қоршаған ортаның құбылмалы әр түрлі жағдайларында организмнің икемделуі. Ол жасушалық, мүшелік, жүйелік және организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа болған немесе жүре болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді. Ортаның көптеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне адекватты (барабар) немесе адекватты емес (барабар емес) келеді. Организмнің барабар тітіркендіргіштерге бейімделу қабілеті ұзақ мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасқан. Ал барабар емес тітіркендіргіштер көбінесе организм мен ортаның теңестірілу қасиетін жояды.

Табиғи және өндірістік жаңаша жағдайларда, организмге жағымсыз әсер ететін қоршаған ортаның қолайсыз факторлары жиі кездеседі. Бұларға физикалық-химиялық, орасан, ақпараттық, семантикалық және биологиялық экстремалдық факторлар жатады.

Организм барлық жағдайларға бар мүмкіндігінше өзінің құрылымдық және функционалдық жүйелері арқылы бейімделіп отырады. Оның табиғи ортадағы әр түрлі маусымдық жағдайларына икемделу құбылысын акклиматизация деп атайды.

3.Дене жаттығуларын жалпы физиологиялық жіктеу

Дене жаттығуларын жалпы физиологиялық жіктеу сәйкесінше жаттығуларды жүзеге асыратын бұлшық ет белсенділігінің үш негізгі сипаттамасына негізделе жүргізіледі:



  1. Қызметтегі белсенді (активті) бұлшық ет салмағы көлемі;

  2. Бұлшық ет жиырылуы типтері;

  3. Жиырылудың күші немесе қуаттылығы;

Белсенді бұлшық ет салмағы көлеміне байланысты дене жаттығуларының жіктелуі. Белсенді бұлшық ет салмағы көлеміне байланысты барлық дене жаттығулары жергілікті (локалды), аймақтық және ауқымды (глобалды) деп бөлінеді.

Жергілікті жаттығуларға дененің барлық бұлшық ет салмағының үштен бір бөлігінің (1/3) қатысуымен жүзеге асырылатын жаттығулар жатады. Мысалы, садақ, пистолет ату, белгілі бір гимнастикалық жаттығулар.

Аймақтық жаттығуларға дененің барлық бұлшық ет салмағының 1/3-ден 1/2-ге дейін қатысуымен орындалатын жаттығулар жатады. Мысалы, тек иық белдеуі мен қол бұлшық еттерімен, кеуде бұлшық еттерімен орындалатын гимнастикалық жаттығулар.

Ауқымды жаттығуларға барлық бұлшық ет салмағының жартысынан аса бөлігінің белсенді қатысуымен орындалатын жаттығулар жатады. Мысалы, жүгіру, ескек есу, велосипед тебу. Көптеген спорттық жаттығулар осы ауқымды жаттығулар тобына кіреді.

Бұлшық ет жиырылуы типтеріне байланысты дене жаттығуларының жіктелуі. Жаттығуды орындауға қатысатын негізгі бұлшық еттердің жиырылу түрлеріне байланысты барлық дене жаттығулары статикалық және динамикалық болып бөлінеді.

Статикалық (қозғалмайтын) жаттығуларға мысалы, гимнасттардағы буынға тұрғанда, атқыштарда ату сәтіндегі басып жату кезіндегі белгілі қалыпты сақтау жатады.

Динамикалық (жылжымалы) жаттығуларға көптеген дене жаттығулары жатады. Мысалы, жүру, жүгіру, жүзу және т.б. қозғалыстардың барлық түрлері.

Бақылау сұрақтары:

1.Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдеріне сипаттама беріңіз

2.Бейімделу (адаптация) дегеніміз не?

3. Дене жаттығуларының жалпы физиологиялық жіктелуі.



Зертханалық жұмыс № 13

Тақырып: Ағза күйінің физиологиялық ерекшеліктері, дене сапаларының физиологиялық негіздері, машықтанғандық сұрақтары бойынша семинар. Дене шынықтыруды кәсіби-қолданбалы деңгейде физиологиялық негіздеу

Мақсаты: Ағза күйінің физиологиялық ерекшеліктері, дене сапаларының физиологиялық негіздері, машықтанғандық сұрақтары бойынша семинар. Дене шынықтыруды кәсіби-қолданбалы деңгейде физиологиялық негіздеусұрақтары бойынша білімдерін бағалау

Тапсырма:

Дене (кимыл) сапаларын арттырудың физиологиялык механизмдері. Күш сапаларын (морфологиялық, биохимиялык, физиологиялық) дамытуды анықтайтын факторлар. Статикалық максималді бұлшык ет күші, максималді ерікті күш және күш мұқтаждығы. Ерікті күштің орталық және шеткі факторлары. Динамикалық және жарылыс күші. Күшті арттырудың әдістері: максималді тітіркенлірудің принципі, машыктандыру жүктемелерінің кезектілігі, бұлшық ет топтарын дамытудың арнайылығы, қалпына келудің кезеңді сипатын қолдану. Қайталмалы күштенудің, кайталмалы үзіліссіз және изометрлік жаттығулардың әдістерінқолдануды физиологиялық негіздеу.

Шапшаңдықтың айқындалуының арнайылығы (ациклді қимылдар, серелік үдеу, арақашықтық шапшандық, ауыспалы тәртіп). Ағзаныңморфофункционалді және биохимиялық қайта құрылулары, қимыл шапшаңдығын дамытудың физиологиялық мехаиизмдері. "Шапшаңдықты кедергі". Шапшандықты дамыту әдістерін физиологиялық негіздеу. Қимылдардың шапшандықты-күшті сипатын анықтайтын орталық және шеткі факторлар. Шапшандықты-күшті сапалар. Шапшандықты-күшті сапаларды дамытудың физиологиялык негіздері. Әр спорт түріндегі шапшандықты-күшті сапалардың ерекшеліктері.

Төзімділікті анықтау. Төзімділіктің, шаршаудың және жұмыс қабілеттіліктің өзара байланыстары. Төзімділіктің ерекшелігі. Төзімділіктің түрлері: статикалық күшті, жылдамдықты, ұзак динамикалық жұмысқа төзімділік. Анаэробтық және аэробтык өнімділік. Жергілікті, жалпы және аймақты жұмыс кездеріндегі төзімділік. Жалпы және арнайы төзімділік. Төзімділіктің көрсеткіштері және белгілері. Әртүрлі төзімділікті дамытудағы генетикалық және қоршаған орта факторларының маңызы. Максималді анаэробтық сыйымдылық және максималді анаробтық қуат — анаэробтық төзімділіктің негізі.



Аэробтық төзімділік және оттегіні тасымалдау жүйесі. Максималді оттегін пайдалану — адамның аэробтық мүмкіндіктсрінің интегралдық көрсеткіші ретінде. Әртүрлі мамандықты спортшыларда оттегін минөттік колданудын абсолюттік және салыстырмалы көлемдері. Оттегін минөттік колдану - адамдардың аэробты мүмкіндігінің көрсеткіші ретінде.

Отгегіні тасымалдау жүйесі дамуының физиологиялық механизмдері. Бұлшық еттегі кіші қан айналым жүйесіндегі, қан айналымының ортаңғы және шекті бөлімдерінің жүйесіндегі, қан жүйесіндегі, сыртқы тыныс алу жүйесіндегі өзгерістер. Анаэробты алмасу табалдырығы туралы түсінік және оның машықтану процесінде пайдаланылуы. Аэробтық сыйымдылыктың тиіміділігі туралы түсінік. Бұлшык ет жұмысы кезінде оттегін пайдалану жүйесінің негізгі бөлімі. Қаңқа бұлшық еттерінің қанмен жабдықталуы. Аэробты төзімділік. Бұлшық ет талшыктарының қанмен жеткіліксіз жабдықталуы - әртүрлі жиырылу тәртіптеріндегі бұлшык еттердің жұмыс кабілеттілігін шектейтін фактор. Бұлшык еттердің құрылымы және аэробты төзімділік. Аэробты төзімділіктің шеткі механизмдерінің машықтануының физиологиялык негіздері. Аэробты төзімділіктің шеткі механизмдері дамуындагы генетикалық қоршаған орта факторларының өзара байланысы.

Ептілік — жүйке жүйесінің бағдарлану кабілетінің көрінісі. Ептіліктің көрсеткіштері. Талдағышты жүйелердің, қимыл туралы негізі және қосымша хабарламаның маңызы. Қимыл зердесі. Бұлшық еттердің босаңсуына бағдарлану және кабілеттілік. Қимылдардың кеңістікті, уақытты, күшті сипаттамаларын басқару қабілеті. Кейбір спорт түрлерінде ептіліктің байқалу ерешеліктері. Бағдарлану қабілеті және шаршау.

Икемділік туралы түсінік. Икемділікті шектейтін факторлар. Белсенді және сылбыр икемділік. Шаршаудың, бой жазудың, қоршаған орта температурасының икемділікке әсері.

Қимыл сапаларының өзара байланысы. Қимыл сапаларын дамытудағы өзара байланыс. Қимыл сапаларының және қимыл дағдыларының өзара байланысы. Дене сапапарын дамытудың жалпы негіздері және олардың физиологиялық негіздемесі.
Бақылау сұрақтары:

1. Күш сапаларын (морфологиялық, биохимиялык, физиологиялық) дамытуды анықтайтын факторларды атаңыз?



2.Бұлшық еттің максималды статикалық күші және максималды ерікті статикалық күші ерекшеліктері қандай?

3Бұлшық еттің ерікті күші мен төзімділігінің байланысын түсіндіріңіз
Зертханалық жұмыс № 14

Тақырып: Спорттық шынығудың физиологиялық негіздері.
Әйелдердің спорттық шынығуының физиологиялық негіздері. Дене шынықтыру физиологиясының жастық негіздері. Бакылаудың және сұрыптаудың физиологиялық негіздері.

Мақсаты: Спорттық шынығудың физиологиялық негіздері.
Әйелдердің спорттық шынығуының физиологиялық негіздері. Дене шынықтыру физиологиясының жастық негіздері. Бакылаудың және сұрыптаудың физиологиялық негіздері бойынша білімдерін бағалау

Тапсырма: Спорттық машықтанудың және жаттығуды дамытудың физиологиялық приициптері. Спортгық жаттығуды кезеңдендірудің физиологиялық сипаттамасы. Спорттық жаттығудың физиологиялық принциптері: максималді жүктемелердің арнайылық принципі, жүктемелердің және кері байланыстың өзара әсері, вариативтілік, кері қайтымдылық, тізбектілік, қалпына келу процестерінің кезеңділігін есепке алудың принципі. Көпжылдық дайындықтың және оның жеке кезеңдерінің физиологиялық ерекшеліктері. Машықтану жүктемелерін жіктеудің, спорттық жаттығуды жоспарлаудың физиологиялық негіздері. Жедел, кешікпелі және жинақы жаттығу тиімділігі туралы түсінік.

Көпжылдық дайьндықтың және оның жеке кезеңдерінің ұзак уакытты бейімделу қалыптасуының процесі ретінде физиологиялық негіздеу. Спорттык машықтану кезеңділігінің физиологиялық сипаттамасы: дайындықты, жарысты, жарысты және өтпелі кезеңдер. Машықтанудың жарысалдыңғы кезеңінің физиологиялык негізі.

Машықтанғандықтың физиологиялық сипаттамасы. Тыныштық күйдегі машықтанғандықтың сипаттамасы. Машықтанған спортшының стандартты жүктемеге реакциясының сипаттамасы. Шекті-ауыр жүктеме кезіндегі машықтанғандықтың физиологиялық көрсеткіштері. Шамадан тыс машықтанғандыктың сипаттамасы. Шамадан тыс машықтанғандықтың белгілері және оның алдын алу.

Жоғары температура және ылғалды ауа жағдайындағы спорттық жұмыс қабілеттілік.Жылуға бейімлелудің физиологиялық сипаттамасы. Жоғары температура және ылғалды ауа жағдайындағы жылу ретгелуінің ерекшеліктері. Спорттық жұмыс кабілеттілікті төмендететін факторлардың физиологиялық сипаттамасы: а) ағзаның қызып кетуі; б)дагидрация; в) жүрек-тамыр жүйесінің оттекті тасымалдау мүмкіндігінің төмендеуі. Жоғары температура және ылғалдылық жағдайындағы ағза кызметінің өзгерістері. Жылуға бейімделу (акклиматизация) және оның физиологиялық сииаттамасы. Жоғары температура жағдайындағы сұйықтықты қабылдау тәртібі. Ағзаның жылуға тұрақтылығын арттыру. Салқын сумен шынығудың ағзаға әсерін физиологиялық негіздеу.

Қоршаған ортаның төменгі температура жағдайындағы спорттық жұмыс қабілеттілік. Осы жағдайлардағы ағза қызметінің өзгерістері. Температура өзгерістеріне бейімделу.

2.Әйелдер ағзасындағы орталық жүйке жүйесі қызметінің және талдағыш жүйелер дамуының ерекшеліктері. Әйелдер дене сапаларын дамытудың және қимылдардың, вегатативтік қызметтердің ерекшеліктері. Әйелдердің аэробтық және анаэробтық мүмкіншіліктері.

Арнайы биологиялық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі ағзаның барлық жүйелерінің гормоналді белсенділігі және қызметті күйінің қайта құрылуы. Овариалді-менструалді циклдің әртүрлі кезеңдерінің әйелдердің спорттық жұмыс қабілеттілігіне әсері: менструалді, менструалден кейінгі, овуляторлы, овуляторлықтан кейінгі және менструалді алдыңғы кезеңдер. Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіншіліктердің өзгеруі. Бірқатар жаттығулардың орындалуына жағдай жасайтын әйел ағзасының қызмет ерекшеліктері. Әйелдердің спорттық жұмыс қабілетгілігін шектейтін факторлар. Овариалді-менструалді циклдің кезеңдерін есепке алып машықтану процесін даралау. Спортшы әйелдердің машықтануының микро және мезоциклдерін құрудың физиологиялық негіздері. Спортшы әйслдердің ағзасына дене жүктемелерінің әсері.

3.Дене тәрбиесі физиологиясының жастық ерекшеліктері бойынша негіздері. Спорттық дарындылықтыц мәселелері. Мектепке дейінгі (4-тен 6-7 жасқа дейін), бастауыш мектеп жасындағы (6-7-ден 10 жасқа дейін), жасөспірімдердің (11-15 жас), жоғары мектеп жасындағы (16-18 жас), егде жастағылардың морфофункционалді ерекшеліктері. Физиологиялық

бақылау — дене шынықтыруды және спорттық дайындықты тиімді басқарудың кұрамды бөлімі.

Дене тәрбиесі мен спорттық жаттығу сабақтарындағы физиологиялық күйлердің жасқа байланысты қалыптасуы, мектеп жасындағы спорт кызметінің физиологиялық ерекшеліктері.

4.Бақылаудың түрлері. Функционалдік дайындалудың көрсеткіштерін бақылау, оны машықтану процесін басқаруда және спортпен шұғылдану үшін қолдану. Спорттық жұмыс кабілеттіліктің тұқым қуалаушылығының генетикалық көрсеткіштері. Жоғары дәрежелі спортшылардың физиологиялық моделдері. Физиологиялық модельдік мінездеме мен спорттық іріктеу. Іріктеудің биологиялық өлшемдері. Спорттық іріктеу әдістемесі. Спорттық дарын проблемалары. Морфологиялық және спорт физиологиясында статистикалық әдістерді қолданудың ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары:

1. Спорттық шынығудың физиологиялық негіздеріне сипаттама беріңіз.


2.Әйелдердің спорттық шынығуының физиологиялық негіздерін ата

3.Дене шынықтыру физиологиясының жастық негіздері қандай?



4.Бақылаудың және сұрыптаудың физиологиялық негіздері сипаттаңыз.
Зертханалық жұмыс № 15

Тақырып: Қорытынды сабақ: өткізілген практикалық сабақтар корытындысы бойынша оқу-әдістемелік конференциясы.

Мақсаты: : Өткізілгсн практикалық сабақтар корытындылау Тапсырма: Жоғарыдағы кез келген әдістемелер арқылы әрбір студентке жекеден тапсырма беріледі. Студенттің әдістемені білуі және жетік игере алынуы бағаланады.

Семинар сабақтарындағы жұмыс 5 балдық жүйе бойынша бағаланады.

- егер студент, қаралатын мәселені толық түсінетіндігін көрсетсе, түсініктер аппаратын толық көлемде меңгерсе,қосымша әдебиеттерді білетіндігін көрсетсе, онда оған «өте жақсы» деген баға қойылады.

- студент қаралатын мәселенің саналы түрде айтылып тұрғандығын көрсетсе, қойылған сұрақтардың басым бөлігіне жауап берсе, өзінше қорытынды жасау қабілетін танытса, негізгі әдебиеттерді білетіндігін көрсетсе, онда оған «жақсы» деген баға қойылады.

- егер студент, негізгі материалды меңгергендігін тек айтып қана көрсетсе, шығармашалық сипаттағы, өз бетінше қойылған сұрақтарға жауап беруде қиналса, онда оған «қанағаттанарлық» деген баға қойылады.

- студент негізгі материалды оқуда ақтаңдақтардың бар екенін байқаса, тақырыпты баяндауда түбегейлі қателіктер жасаса, онда «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.

«Бумеранг» әдісі.

Топты екі немесе бірнеше топтарға бөліп бір –бірлеріне кезекпе-кезек алмаса сұрақтар қояды. Топқа қойған сұрақтары «бумеранг» қағидасына сай қарсы топ жауап бергеннен кейін кіші топтың өзіне қайтып келеді. Оған өздерінің сұрақтарын берілген жауапқа сай толықтырады. Осылайша топтар өз сұрақтарына қарсы топтан кейін жауап қайырады. Қай топтың сұрақтары мазмұнды және жауаптары нақтылығына қарай бағалау жүреді.



Бақылау сұрақтары:

1. Адамдардын кейбір рефлекстерін зерттеу .

2. Адам бұлшық еті күші, күш салуының мөлшерін анықтау:

динамометрия және динамография.



3. Жүрек циклының сатылы құрылымын талдау

4. Барани креслосы, эстезиометр, Фрей талшықтары, секундомер, тонометр, фонендоскоп т.б приборларды қолдану


Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:

  1. Қыдырмолдина А.Ш. Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері: оқулық / А.Ш. Қыдырмолдина.- Алматы: Дәуір, 2014.- 527с.

  2. Қыдырмолдина А. Ш. Спорт физиологиясы: оқу құралы / А. Қыдырмолдина.- Астана: Фолиант, 2013.- 246б.- (Жоғары білім).

  3. Прокофьева В.Н. Практикум по физиологии физического воспитания и спорта: учеб. пособие / В.Н. Прокофьева.- Ростов на/Д: Феникс, 2008.- 191с.- (Высш. образование).

  4. Хлущевская О.А. Физиологические основы физического воспитания и видов спорта: учеб. пособие / О.А. Хлущевская; Инновационный Евразийский ун-т.- Павлодар, 2007.- 171с

  5. Практикум по общей физиологии и физиологии спорта: учеб. пособие / под редакц А.Б. Гандельсмана.- 2-е перераб. изд.- М: Физкультура и спорт, 1973.- 151с.

  6. Спортивная физиология. Под редакцией поф. Я. М. Коц

  7. Жұмабаев. Е. Жасеркшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А., 1991.

  8. Н.Н.Леонтева, К.Б.Маринова. Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

  9. Ю.А.Ермолаева. Возрастная физиология. М.,1985.

Қосымша әдебиеттер:

      1. Н.В.Зимкин. Физиология человека.М., 1975

      2. Я.М.Коциский. Физиология человека. М.,1982

      3. Воронин. Физиология высшей нервной деятельности.М.,1979.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет