Бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы»



Дата20.03.2020
өлшемі46,04 Kb.
#60512
түріБағдарламасы
Байланысты:
293d72f8-e97e-11e5-8b7a-f6d299da70eeУП для студента физ ФВ и вид спорта каз — копия


УМКД 042-18-35.1.08/01-2013

Редакция № 1

от 05.09.2013 г.



стр. из 15




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-35.1. 19

/02-2013



ПОӘК

Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы



«Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы»

№ 1 басылым

2013 ж.

«Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы»


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандығы: «5В010800» – «Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері»

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей - 2015

1.ӘЗЕРЛЕГЕН
Құрастырушы__________«____»_____ 20___ж., оқытушы Құнанбаева Н.С.

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Биология кафедрасында отырысында

«____»___________ 20___ж.№____хаттама
Кафедра менгерушісі_______Садыкова Р.А.

2.2. Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

«____»___________ 20___ж. №____ хаттама
Төрайымы____________ Абдишева З.В.

3. БЕКІТІЛДІ

Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған

«____»___________ 20___ж. №____ хаттама


ОӘК төрайымы____________ Искакова Г.К.
4.БІРІНШІ РЕТ КІРГІЗІЛГЕН

1.ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
«Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәні «5В010800 – Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған. ПОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.
2. НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Осы «Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) берілген пән бойынша ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:

- ҚР «Мемлекеттік жалпы міндетті жоғары білім беру стандарты»

23 тамыз 2012 ж. № 1080 қаулысымен іске қосылған және бекітілген;

«5В010800» – «Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» мамандығының Типтік оқу жоспары,

11.05.2005 ж. № 289бұйрығымен іске қосылған және бекітілген;

- СТУ 042-СГУ-5-2012 «Пәндердің оқу- әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.07-2012 «Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.
3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім беру саласында физиологиялық ілімдер, соның ішінде дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ғылымы ерекше орын алады. Себебі өмірдің басқа да қажеттілігіне қарай туындайтын көптеген, сан қилы қозғалыстар тәрізді спорттық жаттықтырулар немесе дене шынықтырумен шұғылдану кезінде орындалатын қозғалыстар да жалпы физиологиялық заңдылықтар негізінде орындалады.

«Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәні негізгі пәндердің бірі болып табылады.

«Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәннің негізгі мақсаты келешек мұғалімдерді балалар мен жасөспірімдердің организмі дамуы, олардың дене жүктемелеріне бейімделуі және қалыптасқан қайта түзілулердің физиологиялық механизмдері ерекшеліктерімен таныстыру.

Оның негізгі міндеті – спорттық жаттығулар процесінде немесе дене шынықтырумен шұғылдану кезінде организмде қаыптасатын қайта құрылулармен таныстыру. Қызу бұлшық ет белсенділігі кезінде организмде пайда болатын өзгерістердің физиологиялық механизмдерін білу, денсаулықты сақтай отырып дене жұмыс қабілеттелігін арттыруға мүмкіндік жасайтын жаттығуларды дұрыс бағалауға және тиімді жоспарлауға үйретеді. Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері пәнінің негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдер организмі дамуы, олардың дене жүктемелеріне бейімделуі және қалыптасқан қайта құрылулардың физиологиялық механизмдері ерекшеліктерін білу болуына орай бұл пәннің болашақ ұстаздар мен жаттықтырушылар үшін маңызы зор. Көптеген физиологиялық, клиникалық және психологиялық әдістерді пайдалана отырып, спорт физиологиясы пәні дене жаттығуларының, спорттық шынығудың және қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларының спортшылар организміне әсерін анықтап, денсаулығына қажетті қолайлы жағдай тудыруды көздеуді мақсат етіп қояды. Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері ерекшеліктерін білу мен жоғары спорттық нәтижелерге жету бірлігі ешкімнің күмәнін тудыра қоймас.

3.5 Курстың пререквизиттері:

Оқылатын пәнді игеру үшін студент адам анатомиясы және спорттық морфологиясы, биохимия, жасерекешлік физиологиясы негіздерімен таныс болуы шарт. Организмнің тіршілік әрекетін, жеке клеткалар, мүшелер, мүшелер жүйесі қызметінің ерекшелігін, биологиялық маңызын анықтау, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынасындағы заңдылықтарды ашу секілді ұғымдарын жақсы білуі керек.

3.6 Курстың постреквизиттері:



Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы курсын оқу барысында студенттің медицинадан алған барлық білімдері бекиді және алған білімдерін медицинаның, биологияның қай саласында болсын қолдана алады.
3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Курс

Семе­стр

Кре­дит

Дәріс

Зертханалық жұмыс


СӨОЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

Дене шынықт ыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері

2

4

3

30

15

22,5

67,5

135

Емтихан


4. ПӘН МАЗМҰНЫ, ПӘННІҢ МОДУЛЬДІК БӨЛІНУІ



Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

Модуль 1. Дене жаттығуларының ағза маңызы

Кіріспе. Дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиясы

Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері - қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы. Зерттеу әдісгері. Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздерінің дене мәдениеті және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы. Дене жаттығулары және спорт физиологиясының даму тарихы (жақын, шалғай шет елдердің және Қазақстан оқымыстыларының еңбектері).

2

Дене жаттығуларының ағзаға әсері. Адамның қимылдарын басқару. Қимыл дағдысын жетілдірудің физиологиялық механизмдері

Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері. Ағзада болатын физиологиялық ығысулардың жалпы сипаттамасы. Жұмыс кезіндегі физиологиялық ығысулар дамуындағы орталық жүйке жүйесінің реттеушілік маңызы. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі кимыл жаттығуларының әсерінен қан айналым, қан, тыныс алу, биоэнергетика, зәр шығару, эндокринді жүйелердің өзгеру ерекшеліктері.

Қимылдарды баскарудың физиологиялық негіздері. Қимыл бірліктері және дағдылары - спорт техникасының негізі. Қимылдарды басқарудың рефлекторлық механизмдері.

Шартты рефлекторлы механизмдердің қимыл бірліктері және дағдылары түзілуіндегі маңызы, талдағышты және оперантты шартты рефлекстердің маңызы. Қимылдың динамикалық қалыптылығы.

3

Адамның дене қызметіне бейімделуі және ағзаның функционалді қорлары

Қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделу туралы түсінік. Бейімделудін түрлері. Бейімделудің жеке түрлері. Ұзак бейімделу және кұрылымды жүйелі іздің қалыптасуы. Гипоталамусты-гипофизді-бүйрек үсті жүйенің жедел бейімделу кезіндегі стресс-реакциядағы маңызы. Дизбейімделу, бейімделудің жоғалуы және бейімделудің бағасы туралы түсінік. Дене жүктемелеріне бейімделудің механизмдері. Бейімделу кезіндегі ағза қызметінің өзгеруі. Ағзаның қызметтік қорлары және олардың жіктелуі. Дене жүктемелеріне жедел және ұзақ уакыт бейімделуі және ағзаның қызметтік қорларының іске қосылуы. Бейімделудің негізгі кызметті тиімділігі, үнемдеу, іске қосу, қорлардың мүмкіндіктерін жоғарлату, қалпына келтіру, тұрақтылық, қызметтердің сенімділігі. Бейімделу өзгерістерінің қайтымдылығы. Дене жүктемелерінде жедел және ұзақ уақыт бейімделудің сапасын және тиімділігін физиологиялык бағалаудың ұстанымдары.

3

Дене жаттығуларының энергетикалык сипаттамасы, анаэробты және аэробты өнімділігі. Дене жаттығуларының физиологиялық жіктелуі және сипаттамасы

Дене жаттығуларының энергетикалық сииаттамасы. АТФ-ң қайта түзілуінің анаэробты және аэробты жолдары. Анаэробты және аэробты өнімділік. Спорттық жаттығулардың және қимылдардыц жіктелуі: биохимиялык құрылымның қызмет жағдайына бейімделу сипатына, дене сапаларының айқындалуына, бұлшық ет қызметінің тәртібіне, жүктеменің қуаттылығына, қуат көзіне, қуатты жұмсау деңгейіне, күштену сипатына, бағдарлану күрделілігіне, кызметтегі бұлшық еттер көлеміне қарай В. С. Фарфель бойынша спорт түрлерінің жіктелуі. Әртүрлі салыстырмалы тізбекті козғалыстардың сипатгамасы: максималді, субмаксималді, үлкен және бірқалыпты шығыны, оттсгі сұранысы, оттсгіні пайдалануы және оттегі қарыздылығы, негізгі куат көздері, вегетативті жүйелер жұмысының сипаттамасы, шаршаудың негізгі механизмдері және жұмыс қабілеттілігін шектеу факторлары.


3

Модуль 2. Спортпен шұғылдану кезіндегі ағза күйі

Спортпен шұғылдану кезіндегі ағза күйінің физиологиялық сипаттамасы

Спорттық кызмет кезіндегі ағзаның күйі. Сөре алдыңғы күй. Физиологиялық қызметтердің ерекшеліктері. Сөре алдыңғы күйдің әртүрлілігі және оларды басқару әдістері.

Бабына ену. Қызметтердің бабына енуінің физиологиялық зандылықтары және механизмі. Бой жазу – сөре алдыңғы реакцияларды жетілдіру және бабына енудің кызметін жеделдету факторы ретінде.

Бой жазу және жарыс арасындағы демалу үзілісін негіздеу. "Өлі нүкте" және "Екінші тыныс алу". Олардың даму механизмдері. "Өлі нүктені жеңу жолдары".

2

Дене сапаларын жетілдірудің физиологиялық механизмдері түрлері

Дене (кимыл) сапаларын арттырудың физиологиялык механизмдері. Күш сапаларын (морфологиялық, биохимиялык, физиологиялық) дамытуды анықтайтын факторлар. Статикалық максималді бұлшык ет күші, максималді ерікті күш және күш мұқтаждығы. Ерікті күштің орталық және шеткі факторлары. Динамикалық және жарылыс күші. Күшті арттырудың әдістері: максималді тітіркенлірудің принципі, машыктандыру жүктемелерінің кезектілігі, бұлшық ет топтарын дамытудың арнайылығы, қалпына келудің кезеңді сипатын қолдану. Қайталмалы күштенудің, кайталмалы үзіліссіз және изометрлік жаттығулардың әдістерін қолдануды физиологиялық негіздеу.

2

Сыртқы қоршаған орта факторларының адам ағзасының жұмысқа қабылеттілігіне әсері

Спорттық жұмыс қабылеттілікті төмендететін факторлардың физиологиялық сипаттамасы: 1) ағзаның қызып кетуі; 2)дегидратация; 3) жүрек-тамыр жүйесінін оттегіні тасымалдау мүмкіншілігінің орта биіктік жэне жоғары биіктік жагдайларындағы адам ағзасына әсер ететін факторлардың сипаттамасы, осы жағдайлардағы ағза кызметінің өзгерістері. Оттегі жетістпеушілігінің түрлері және олардың физиологиялық сипаттамасы. Биіктік ауруы. Спортшылардың орта биіктікте болғанға дейінгі және одан кейінгі жұмыс кабілеттілігі.

2

Модуль 3. Салауатты өмір салтының физиологиясы

Сауықтыру дене шынықтыруының және салауатты өмір салтының физиологиялық негіздері

Салауатты өмір сүру салтыныц физиологиялық негіздері. Еңбекті, тұрмысты және тынығуды тиімді үйлестірудің физиологиялық негіздері. Үзбей дене белсенділігімен шұғылданудың физиологиялық негіздері. Санитарлык-гигиеналық талаптарды сақтаудың физиологиялық негіздері. Дұрыс тамақтанудың физиологиялык негізі — салауатты өмір сүру салтының негізі ретінде. Шынығудың физиологиялық негіздері.

Экологиялық орта тазалығының салауатты өмір сүру салтындағы маңызын физиологиялық негіздеу.

Қазіргі кездегі адамның тіршілік кейпінің физиологиялық сипаттамасы (гипокинезия - күштің төмендеуі, өндіріс қаркынының күшеюі, өмір қаркынының жеделдеуі, жан-сезім — эмоциялық салмақ түсу, т.б.).


2

Дене шынықтыру және оқыту-шынықтыру сабақтарының физиологиялық негіздері

Дене шынықтыру және оқыту-жаттығу сабақтарының физиологиялық негіздері. Дене шынықтыру сабағын және оның бөлімдерін физиологиялық негіздеу: сабақтың кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдері. Дене жаттығуларының бағыттылығы, жан-жақты үйлесімді дене дамуы. Қимыл дағдыларын қалыптастыру; қимылды, дене сапаларының бағдарын және қимыл дайындығьн дамыту. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда денелік тәрбиелеудің физиологиялық ерекшеліктері. Дене шыныктыру сабақтарында окушылардың жеке функционалді мүмкіндіктерін бағалау. Дене жүктемелерінің көлемі және бағыты бойынша мөлшерленуі. Мектеп оқушыларының аэробты және анаэробты мүмкіндіктерін дамыту. Денсаулықты дамыту, қимыл дағдыларын жетілдеру, жұмыс кабылеттілігін арттыру, қоршаған ортаның жағымсыз жагдайларына ағзаның тұрақтылыгын арттыру.

2

Кәсіби-колданбалы дене шынықтыруды физиологиялық негіздеу

Кәсіби-қосымша дене дайындығын, оның кұралдарын және құрылуының әдістемелік негіздерін физиологиялық негіздеу. Дене шынықтыруды енбекті тиімді ұйымдастыру жүйесінде физиологиялык негіздеу. Дене шынықтырудың еңбек процесі шеңберінде және одан тысқары физиологиялық негіздері. Адамның еңбек кызметінін физиологиялық ерекшеліктері. Еңбектің ауырлығы дәрежесі бойынша бағалаудың топтастырылуы мен өлшемдері. Орталық жүйке жүйесінің кызметі, еңбек қызметін кортикалдық реттеу. Талдағыш, кимыл аппараты, ішкі мүшелер, ағза температурасын реттеу, калқанша бездері жүйесінің, зат алмасудың қызметі. Ақыл-ой еңбегі, монотонды еңбектің физиологиясы, шаршаудың ерекшеліктері. Еңбек пеи демалыс тәртібін оңтайландыру.


2

Спорттық шынығудың физиологиялық негіздері

Спорттық машықтанудың және жаттығуды дамытудың физиологиялық приициптері. Спорггық жаттығуды кезеңдендірудің физиологиялық сипаттамасы. Спорттық жаттығудың физиологиялық принциптері: максималді жүктемелердің арнайылық принципі, жүктемелердің және кері байланыстың өзара әсері, вариативтілік, кері қайтымдылық, тізбектілік, қалпына келу процестерінің кезеңділігін есепке алудың принципі. Көпжылдық дайындықтың және оның жеке кезеңдерінің физиологиялық ерекшеліктері. Машықтану жүктемелерін жіктеудің, спорттық жаттығуды жоспарлаудың физиологиялық негіздері. Жедел, кешікпелі және жинақы жаттығу тиімділігі туралы түсінік.

2

Модуль 4. Әйелдердің спортпен шынығуының физиологиялық негіздері

Әйелдердің спорттық шынығуының физиологиялық негіздері

Әйелдер ағзасындағы орталық жүйке жүйесі қызметінің және талдағыш жүйелер дамуының ерекшеліктері. Әйелдер дене сапаларын дамытудың және қимылдардың, вегатативтік қызметтердің ерекшеліктері. Әйелдердің аэробтық және анаэробтық мүмкіншіліктері.

Арнайы биологиялық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі ағзаның барлық жүйелерінің гормоналді белсенділігі және қызметті күйінің қайта құрылуы. Овариалді-менструалді циклдің әртүрлі кезеңдерінің әйелдердің спорттық жұмыс қабілеттілігіне әсері: менструалді, менструалден кейінгі, овуляторлы, овуляторлықтан кейінгі және менструалді алдыңғы кезеңдер. Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіншіліктердің өзгеруі.

3

Дене шынықтыру физиологиясының жас ерекшеліктері бойынша негіздері

Дене тәрбиесі физиологиясының жастық ерекшеліктері бойынша негіздері. Спорттық дарындылықтыц мәселелері. Мектепке дейінгі (4-тен 6-7 жасқа дейін), бастауыш мектеп жасындағы (6-7-ден 10 жасқа дейін), жасөспірімдердің (11-15 жас), жоғары мектеп жасындағы (16-18 жас), егде жастағылардың морфофункционалді ерекшеліктері. Физиологиялық бақылау — дене шынықтыруды және спорттық дайындықты тиімді басқарудың кұрамды бөлімі.




Спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы

Жеңіл атлетика түрлерінің физиологиялық сипаттамасы. Жеңіл атлетиканың физиологиялық негізі, жеңіл атлетикалық жүгіру. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының, қуат жұмсалуының сипаттамасы. Тыныс алу және қан айналу, қанның құрамы, жылу түзілуі.

Гимнастика түрлерінің физиологиялық сипаттамасы. Жұмыс сипаты, қимыл кұрылымы. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының, куат жұмсалуының сипаттамасы. Қалпына келтіру бойынша іс-шаралар.

2

Барлығы

30 сағат



Зертханалық сабақ тақырыптары мен тапсырмалары




Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

1

Дене шынықтырудағы және спорт түрілеріндегі зерттеу әдістері. Адамның аэробты және анаэробты мүмкіндіктерін зерттеу

Дене шынықтырудағы және спорт түрілеріндегі зерттеу әдістері. Физиология ғылымының басқа салалары іспеттес дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиясы келесідей көптеген физиологиялық, клиникалық және психологиялық ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе (эксперимент), антропометрия (дененің физикалық көрсеткіштерін зерттеу), эргометрия (дене қызметінде жүктеме мөлшерін анықтау), динамометрия, рефлексометрия, электромиография (бұлшық еттердің электрлік процестерін тексеру және жазу), электроэнцефалография (мидағы электрлік процестерді тексеру және жазу), электрокардиография (жүрек соғу жиілігін тексеру), спирометрия (өкпенің тіршілік сыйымдылығын тексеру), циклография, тензометрия, гониометрия (қимылдың сыртқы құрылымын зерттеу), дағдының моторлы және вегетативті құрылымдарын жинақты тіркеу, механография (бұлшық ет жиырылуын тіркеу), күш пен жылдамдық сапаларын бағалау үшін қолданылатын тест стандарты, қимылдардың кеңістікті, күшті, уақытты өлшемдерін бағалау әдістері, спироэргометрия, термометрия (температураны өлшеу), Штанг, Генци, Ромберг, Яроцкий, саусақ – мұрын), рефлекстерді (құрсақ, тізе, ахиллов, тері, жергілікті дермографизм, Ашнер рефлексі, Даниелопол клиностатикалық, Превел ортостатикалық және қарашық рефлекстері) зерттеу әдістері және т.б.

1

2

Сөре алдыңғы күйдің физиологиялық сипаттамасы. Бой қыздырудың физиологиялық қызметтер динамикасына және жұмыс кабілеттілікке әсері

Жүректің қызметін сынау: жүректің қызмет жағдайын білу үшін жаттығу қимылдарын жасар алдында және жасағаннан кейін 10-15 секунд бойы жүректің соғу жиілігін, яғни пульсты санап, салыстыру керек. Жаттықпаған организмде айырмашылық көп болады, бірақ жатығу барысында біртіндеп айырмашылық азаяды. Екінші әдіс: жаттығу қимылдарын жасағаннан кейін шалқасынан 5 минут жатып, сосын пульсты санау керек. Орыннан тез тұрып, бой түзеп, қайтадан пульсты санау керек. Екеуінің айырмашылығы бойынша мынадай қортыныды жасауға болады: 1) айырмашылық 1-2 болса, жаттығу көрсеткіші жақсы: 2) 13-17 болса, жаттығу жеткіліксіз; 3) 18-25 болса, жаттығудың нәтижесінің жоқтығы; 4) 25-30 болса, жүктеменің жүрекке ауыр болғаны.

1

3

Бірқалыпты, субмаксималді, максималді қуатты динамикалық циклді жұмыс кезіндегі ағзадағы физиологиялық ығысулар

Студенттердегі тыныштық күйдегі және 100 м арақашықтыққа жаяу жарыстан кейінгі артериялық пульсты (тамыр соғысы) тексеру.

Артериялық пульс – жүрек систоласы мен диастоласына сәйкес қысымдық өзгерістер салдарынан туатын артерия қабырғаларының ырғақты қозғалысы. Систола кезінде қан тамырлары қанға толып, олардың қабырғасы кеңиді, диастола кезінде-қалпына келеді. Оны зерттеу әдісі-пальпация.




1

4

Тыныштық күйдегі машықтанған және машықтанбаған ағзалардың физиологиялық көрсеткіштері

Топ студенттері 2 топқа бөлінеді. Оның 1-сін спортпен жүйелі түрде айналысатын , ал 2-тобын машықтанбайтын (жаттықпайтын) студенттер құрайды. Адамның тамыр соғуы жиілгі арқылы жүрек циклының ұзақтылығын анықтау.


1

5

Жеңіл атлетикамен шұғылданудың физиологиялық көрсеткіштерге әсерін бағалау

Артериялық қан қысымы көлемі ағзаның маңызды константалары қатарына жатады.Артериялы қысымды өлшеу тек тура әдіспен ғана емес, сонымен қатар клиникалық жағдайда қолданылатын жанама (қансыз) әдіс арқылы жүзеге асады. Негізінен екі көлемді өлшейді: қанның жүректен қолқаға ауысқан кезінде байқалатын жоғарғы, яғни систолалық қысым немесе максималды қысым және минималды немесе диастолалық қысым, яғни жүрек дистоласы кезіндегі артериялардағы қысымның ең төмен көрсеткіші.

1

6

Баскетболмен шұғылданудың физиологиялық көрсеткіштерге әсері

Денені вертикальды ось бойымен айналдырғанда, өсетін немесе әлсірейтін бұлшықтық үдеу энергиясы әсерінен вестибулярлы аппарат рецепторлары қоза бастайды. Бұл құбылыс айрықша рефлекстік әрекет тулдырады, ол бас нистагмі деп аталады.Мұнда адамның басы бастапқы кезде айналдыруға қарсы бағытта баяу қозғалса, ал сонан соң тез арада әуелгі күйге келеді. Тура сондай қозғалысты адамның көзінен көруге болады.


1

7

Волейболмен шұғылданудың физиологиялық көрсеткіштерге әсері

Адамның көз алмасынан басатын болса, жүрек соғу жиілігі әдетте баяулайды. Бұл құбылыс кезбе жүйке ядроларының рефлексті қозумен түсіндіріледі. Рефлекстің доғасы көз қозғалтқыш жүйкенің афференттік талшықтарынан, сопақша ми нейрондары мен кезбе жүйкедене құралған; қозған кезде жүрекке тежегіш әсер туғызады.

1

8

Футбол тебудің физиологиялық көрсеткіштерге әсері

Жүйке жүйесі қызметінің негізі- шартты және шартсыз рефлекстердің күрделі ара қатынасымен сипатталатын рефлексті қызмет. Шартсыз рефлекс деп ОЖЖ төменгі бөліктері – жұлын мен ми бағыны, қыртыс асты ганглийлер – есебінен ішкі және сыртқы ортаның әр түрлі тітіркендірулеріне болатын тұрақты және туа біткен реакцияларды атайды. Клиникалық практикада олардың аса тұрақтылықпен ерекшеленетіндері қолданылады.

1

9

Гимнастика және армрестлинг бойынша окыту-тәрбиелеу сабақтарының физиологиялық көрсеткіштерге әсері

Бұлшық еттер жиырылу арқылы жұмыс атқарады. Жұмыс деңгейі бұлшық ет күшіне байланысты. Бұлшық ет неғұрлым жуан, құрамында талшықтар саны көп болса, ол соғұрлым күшті болуға тиіс.

1

10

Күреспен шұғылданудың физиологиялық көрсеткіштерге әсерін бағалау

Ромберг сынамасы арқылы тік тұрған кезде тепе-теңдіктің бұзылуын анықтауға болады. Қозғалыстың қалыпты координациясын ұстап тұру ОЖЖ бірнеше бөлімдерінің (мишық, вестибулярлық аппарат, терең-бұлшық еттік сезімталдық өткізгіштері, ми қыртысының маңдай және самай бөлімдері) бірлесе қызмет атқаруымен қатар жүреді.

1

11

Ауыр атлектикамен шұғылданудың физиологиялық көрсеткіштерге әсерін бағалау

Яроцкий сынағы вестибулярлық талдағыштардың сезімталдық табалдырығын анықтауға мүмкіндік береді. Тест бастапқы жағдайда көз жұмулы тұрған кезде орындалады. Команда бойынша спортшы басын жылдам темпте айналдыра қозғалады. Спортшының тепе–теңдігі жойылғанға дейінгі басты айналдыру уақыты белгіленеді. Дені сау адамдарда тепе-теңдікті сақтау уақыты шамамен 28 секунд, жаттыққан спортшыларда 90 секунд және одан жоғары болады.

1

12

Қимыл дағдысы, бейімделу, ағза қорлары, дене жаттығуларының жіктелуі сұрақтары бойынша семинар

Сезгіш шартты рефлекстерде афферентті сигналдарға жауап беру (мысалы, сілекей бөліну, тітіркендіргіштер әсер етуінен қолды тартып алу) шартсыз рефлекторлық немесе ертерек жүре пайда болған шартты реакция болып табылады. Олардағы жауап организмдегі бұрынғы болған реакция ретінде қолданылса, тек сигнал, яғни сезгіш бөлім жаңа шартты рефлекторлы қасиетке ие.

1

13

Ағза күйінің физиологиялық ерекшеліктері, дене сапаларының физиологиялық негіздері, машықтанғандық сұрақтары бойынша семинар. Дене шынықтыруды кәсіби-қолданбалы деңгейде физиологиялық негіздеу

Дене (кимыл) сапаларын арттырудың физиологиялык механизмдері. Күш сапаларын (морфологиялық, биохимиялык, физиологиялық) дамытуды анықтайтын факторлар. Статикалық максималді бұлшык ет күші, максималді ерікті күш және күш мұқтаждығы. Ерікті күштің орталық және шеткі факторлары. Динамикалық және жарылыс күші. Күшті арттырудың әдістері: максималді тітіркенлірудің принципі, машыктандыру жүктемелерінің кезектілігі, бұлшық ет топтарын дамытудың арнайылығы, қалпына келудің кезеңді сипатын қолдану. Қайталмалы күштенудің, кайталмалы үзіліссіз және изометрлік жаттығулардың әдістерін қолдануды физиологиялық негіздеу.


1

14

Спорттық шынығудың физиологиялық негіздері.
Әйелдердің спорттық шынығуының физиологиялық негіздері. Дене шынықтыру физиологиясының жастық негіздері. Бакылаудың және сұрыптаудың физиологиялық негіздері.

Спорттық машықтанудың және жаттығуды дамытудың физиологиялық приициптері. Спортгық жаттығуды кезеңдендірудің физиологиялық сипаттамасы. Спорттық жаттығудың физиологиялық принциптері: максималді жүктемелердің арнайылық принципі, жүктемелердің және кері байланыстың өзара әсері, вариативтілік, кері қайтымдылық, тізбектілік, қалпына келу процестерінің кезеңділігін есепке алудың принципі. Көпжылдық дайындықтың және оның жеке кезеңдерінің физиологиялық ерекшеліктері. Машықтану жүктемелерін жіктеудің, спорттық жаттығуды жоспарлаудың физиологиялық негіздері. Жедел, кешікпелі және жинақы жаттығу тиімділігі туралы түсінік.

1

15

Қорытынды сабақ: өткізілгсн практикалық сабақтар корытындысы бойынша оқу-әдістемелік конференциясы

Топты екі немесе бірнеше топтарға бөліп бір –бірлеріне кезекпе-кезек алмаса сұрақтар қояды. Топқа қойған сұрақтары «бумеранг» қағидасына сай қарсы топ жауап бергеннен кейін кіші топтың өзіне қайтып келеді. Оған өздерінің сұрақтарын берілген жауапқа сай толықтырады. Осылайша топтар өз сұрақтарына қарсы топтан кейін жауап қайырады. Қай топтың сұрақтары мазмұнды және жауаптары нақтылығына қарай бағалау жүреді.

1

Барлығы:

15

5. ОҚУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ:




Тақырыбы

Тапсырма

Әдебиет

Тапсыру мерзімі


Бақылау түрі

Макс. бағалау ұпайы

1

2

3

4

6

5

7

1

Ағзаның әртүрлі бағытты машықтану жүктемелеріне бейімделуі

Машықтану жүктемелеріне ағзаның бейімделуін бағалау

Н. 1-4

Қ. 1-3


2 апта

Конспект

5

2

Спорт түрлеріндегі ағзаның физиологиялық қорларын бағалау.

Ағзаның физиологиялық қорларын зерттеу.

Н. 1-4

Қ. 1,3



3 апта

конспект

5

3

Әр спорт түрінде машықтанғандыктың дамуының ерекшеліктері.

Спорттық машыктанудағы шаршаудың дамуының ерекшеліктері.

Н. 1-4

Қ. 1,3


4 апта

Конспект

5

4

Стандартты жүктемелерге жекелей реакциялардың ерекшеліктері.

Спорттың әр түріндегі қалпына келу процестерін зерттеу. Әртүрлі қарқынды жаттығулардан кейін қалпына келу процестерін зерттеу.

Н. 1,8,9

Қ. 1,3



5 апта

Ауызша

5



5

Орта биіктіктің дене жұмыс қабылеттілігіне әсері.


Орта биіктіктің дене жұмыс қабылеттілігіне әсерін стандартты жүктемелер арқылы зерттеу

Н. 1-10

Қ. 1-3


6 апта

Ауызша

5

6

Төменгі немесе жоғары температура жағдайындағы дене шынықтыру сабақтарының дене жұмыс қабілеттілігіне әсері.

Түрлі температура жағдайындағы дене шынықтыру сабақтарының дене жұмыс қабілеттілігіне әсерін зерттеу

Н.1,2,5,6,8

Қ. 1,3



7 апта

Ауызша

5


7

Функционалді көрсеткіштердің тәуліктік циклділікпен байланысы

Функционалді көрсеткіштердің тәуліктік циклділігін зерттеу

Н. 1,2

Қ. 1-3


9 апта


Конспект

5

8

Жүктемеге төзімділікті жүрек-тамыр жүйесінің және ағзаның басқа жүйелерінің реакциясы н зерттеу

Жүктемеге төзімділікті жүрек-тамыр жүйесінің және ағзаның басқа жүйелерінің реакциясы бойынша бағалау

Н. 1-10

Қ. 1-3



10 апта

Конспект

5

9

Көптәулікті биоритмдердің дене жұмыс қабылеттілігіне әсері.

Көптәулікті биоритмдердің дене жұмыс қабылеттілігіне әсерін зерттеу

Н. 1-10

Қ. 1-3


11 апта

Конспект

5

10

Техникалық қимыл әрекеттердің нактылығы-

ның көптәулікті биоритмдерге тәуелділігі.




Техникалық қимыл әрекеттердің орындалуының ағзаның физиологиялық қорлар жүйесіне тәуелділігі.


Н. 1-10

Қ. 1-3



12 апта

Конспект

5


6. ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНІҢ ҚАМТУ КЕСТЕСІ




Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың атауы

Саны

Студент саны

Қамтылу пайызы,%

1

Қыдырмолдина, А.Ш.

Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері: оқулық / А.Ш. Қыдырмолдина.- Алматы: Дәуір, 2014.- 527с.



17

6

100

2

Қыдырмолдина, А.

Спорт физиологиясы: оқу құралы / А. Қыдырмолдина.- Астана: Фолиант, 2013.- 246б.- (Жоғары білім).



37

6

100

3

Прокофьева, В.Н.

Практикум по физиологии физического воспитания и спорта: учеб. пособие / В.Н. Прокофьева.- Ростов на/Д: Феникс, 2008.- 191с.- (Высш. образование).



2

6

33

4

Хлущевская, О.А.

Физиологические основы физического воспитания и видов спорта: учеб. пособие / О.А. Хлущевская; Инновационный Евразийский ун-т.- Павлодар, 2007.- 171с.



5

6

83

5

Практикум по общей физиологии и физиологии спорта: учеб. пособие / под редакцей:А.Б. Гандельсмана.- 2-е перераб. изд.- М: Физкультура и спорт, 1973.- 151с.

4

6

66

6

Практикум по общей физиологии и физиологии спорта: учеб. пособие / под ред. А.Б. Гандельсмана.- 2-е изд., перераб.- М.: "Физкультура и спорт", 1973.- 152с.

1

6

16

7

Спортивная физиология. Под редакцией поф. Я. М. Коц

15

6

100

8

Жұмабаев. Жасеркшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А., 1991.

20

6

100

9

Н.Н.Леонтева, К.Б.Маринова. Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

3

6

50

10

Ю.А.Ермолаева. Возрастная физиология. М.,1985.

4

6

66


6.1. Қосымша әдебиеттер

      1. Н.В.Зимкин. Физиология человека.М., 1975

      2. Я.М.Коциский. Физиология человека. М.,1982

      3. Воронин. Физиология высшей нервной деятельности.М.,1979.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет