Бағдарламасы «Әскери өнер тарихы»


Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы



бет9/14
Дата31.12.2019
өлшемі2,66 Mb.
#54726
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

3.Тоқпақбаев Сәт Бесімбайұлы(1939 ж.т.) – әскери қайраткер, ген.-полковник. 1993 – 95 ж. ҰҚК төрағасы, 1995 – 97 ж. республикалық ұланның қолбасшысы, 1999 – 2001 ж. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болды.

Сәт Бесімбайұлының кәсіби офицер екендігіне, маман­дығының музыкаға жақын еместігіне қарамастан, өнер десе ішер асын жерге қоятын қасиетінің арқасында, ол кісі Респуб­ликалық Ұланға басшылық жасаған тұста қазақ өнері жаңа заманға сай ерекше сипатқа ие болды. Қарамағындағы әскери қыз­меткерлерге әдетте аса талапшыл Сәт оркестрдің мүше­лерімен тілдескенде жанары жылыұшырай, жұмсақ сөйлейтін. Өйткені, оның ойынша, өнер адамдарының бәрі нәзік те сыршыл, сезімтал да сырмінез. Оның бұл мінезін кейбіріміз асыра пайдаланып та жататынбыз. Алайда, бізге келгенде әкедей қамқор, айрықша мейірімді, кешірімшіл де кішіпейіл-тін. Сонысына қарай аса бір ыстық ықыластың жетегіндегі біздер де жанымыз қалмай қызметке берілетінбіз. Өйткені, жаныңа жақын ерекше адамның көңіліне қаяу түсіру – әртіс үшін, әрине, ең үлкен соққы болар еді.

Сәт Бесімбайұлы Республи­ка­лық Ұланға қолбасшылыққа келгенге дейін Президент ор­кестрі қатардағы шағын ғана му­зыкалық ұжым еді. Тікелей Ел­ба­сының өзіне бағынышты Ұланға басшы қызметке келген С.Тоқ­пақ­баевқа қойылған басты талап – жас мемлекеттің айбы­нын асқақтататын әскери жасақ­ты жасандыру және сол қарулы жасақтың рухын өнермен көтеру еді. Сонымен қатар, Президент оркестрінің негізгі міндеті елі­мізге ресми сапармен немесе қо­наққа келген шет ел басшыла­ры­на протоколдық жүйеде өтетін мәдени шараларда халқымыздың дәстүрлі өнерінен бастап, дүние жүзіне кеңінен тараған музы­калық шығармаларды жоғары деңгейде орындау болатын. Сол себепті, Президент оркестрі үр­мелі аспаптар оркестрінен кеңе­йіп, өзіндік келбеті бар халық ас­паптар, камералық шекті аспап­тар, би ансамблдері, үрмелі ас­паптар “Диксиленді”, өнердің барлық бағыттарын қамтыған әншілер ұжымы болып құрыл­ғанда Сәт Бесімбайұлы окестрге елдің ішінен өнерге алғаш қадам басқан талантты жастарды тарта бастады. Осы орайда, халқымыз­дың “Бұлақ көрсең — көзін аш” деген қанатты сөзін қағида еткен Сәкең, өмірдің асау айдынына талай өнер саңлақтарын шыға­рып, жас өнерпаздың желкенінің жығылмауына жәрдем жасады, ұмтылыстарын ынталандырып, бойларына қанат бітірді. Жас өрендердің өнер жолында биік белестерге көтерілуіне бар мүмкіндік тудыруға тырысатын ол, менің пайымдауымша, ай­дын­ға ұласатын бұлақтардың басынан тұнатындығынан хабар­дар болса керек.

Сол жастар қазір еліміздің өнер сахнасындағы өзгеше бір жұлдыздар легін құрды. Мәселен, Бекболат Тілеухан ол кезде Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерва­ториясы­ның аспирантурасын жаңа ғана тәмамдап жатқан жас әнші еді. Аспирантурадан соң ұстаздық етіп жүрген Бекболаттың ұйым­дастырушылық қабілетін ашып берген Сәкең болатын. Әркез ка­бинетіне шақырып алып кеңесіп, жол нұсқап, істің ыңғайын түсін­діретін. Бекболаттың сазгерлігіне де Президент оркестрі аз әсерін тигізген жоқ. Өйткені, оркестрдің берекесін арттырып, жарық жұл­дызы болған ол өзінің бірқатар туындыларын оркестр қатарында жүріп жазды. Іздену мен үйренуді мақсат еткен және әнші қылқо­бызбен ән айту жанрын өте биік деңгейге жеткізіп, халық сана­сынан өше бастаған Доспамбет, Қазтуған сынды жыраулардың толғауларына жаңадан жан бі­тірді. Сонымен қатар, әріптестері Рүстем Күлшебаев, Оралхан Сәдуақасовтармен бірлесе оты­рып, халық әндері мен күй­лерін жаңа эстрадалық өңдеулер­мен байытып, бүгінде кең тара­ған этно-эстрада стилінің негізін қалаушылардың бірі болды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет