Бағдарламасы «Әскери өнер тарихы»


Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы қолбасшысы



бет8/14
Дата31.12.2019
өлшемі2,66 Mb.
#54726
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы қолбасшысы НазарбаевНұрсұлтан Әбішұлы.
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды. Президент Н.Назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаңкөзденбей, барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі –елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс минстрлері.


1.Нұрмағанбетов Сағдат Қожахметұлы. Қазақстан Республикасының 1-ші қорғаныс министрі, 1992 жылдың мамыр айынан бастап, 1995 жылдың қараша айына дейн Қорғаныс министрі болды.

1924 жылы 25 мамыр айында қазіргі Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы Қасым ауылында дүниеге келген. 1942 жылы қызыл армия қатарына шақырылды, 1943 жылыҰлы Отан соғысына аттанды, 1945 жылға дейін пулеметшілер взводында, 1052-ші атқыштар баталионында командир болды. 1946-1949 жылдары М.И. Фрунзе әскери акедемиясында оқыды.

Марапаттары: Совет Одағының батыры, Ленин ордені, Октябрь революциясы ордені, 1,2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, 2-і рет қызыл жұлдыз орденімен, Ұлы Отан Соғысының 20,30 және 40 жылдық жеңісіне орай марапатталды. Қазақстан республикасының халық қаһарманы орденімен, Отан орденімен, Астана медальімен, Достық медальімен марапатталды. 1994 жылы мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығы бойынша №1 халық хаһарманы алтын белгісімен марапатталды. Қазіргі уақытта Қазақстан республикасы Президентінің кеңесшісі болып жұмыс атқаруда.
2. Қасымов Әлібек Хамидұлы.1954 жылы 18-ші қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Алматы жоғары жалпы әскери бұйрық училищесін «офицер-инженер» мамандығын және 1985 жылы Фрунзе атындағы әскери акедемиясын бітірді. 1975-1982 жылдар аралығында Калининград облысында танк дивизиясының взвод командирі, рота командирі, батальон командирінің орынбасары. 1985-1992 жылдар аралығында Штаб бастығы, мотоатқыштар полкінің командирінің орынбасары, аға офицер, бөлім бастығы, Закавказ әскери округ штабының орынбасары. 1992 жылы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 40-шы армиясының штаб орынбасары. 1992 жылы Қорғаныс мимнистірінің бірінші орынбасары болып сайланды. 1995 жылдың 16-ші қазанынан 1996 жылдың 30-ші қазанына дейн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметін атқарды.

Марапаттары:ІІ-дәрежелі даңк ордені, ІІІ-дәрежелі Қарулы Күштер орденімен, СССР-дің 2 медальімен марапатталды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет