Бағдарламасы «Әскери өнер тарихы»


§3. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері



бет5/14
Дата31.12.2019
өлшемі2,66 Mb.
#54726
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
§3. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері.
Бұл міндеттерді шешу Қарулы Күштердің басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен тығыз өзара іс-қимылымен жүзеге асырылады. Бұл ретте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне құрлықта, теңізде, көлдер мен өзге де су айдындарында мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау, терроризмге, қару мен есірткі контрабандасына қарсы күреске қатысу, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне – экономиканың және инфрақұрылымның маңызды стратегиялық объектілерін, оның ішінде мұнай операцияла­рының объектілерін күзету, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялар мен террорлық актілердің жолын кесуге, заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күреске қатысу жүктеледі;

ішкі қарулы жанжалдардың жолын кесу кезінде:

жанжал ауданын оқшаулау және қоршау;

қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың құқықтық режимін қолдау;

заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, халықтан заңсыз сақтаудағы қаруды алу;

аумақтық және азаматтық қорғаныс жоспарларына сәйкес жанжал ауданына жақын жатқан аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетуді күшейту;

заңдылық пен құқық тәртібін қалпына келтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнама­сымен көзделген басқа да міндеттерді шешу;

төмен қарқынды жанжалдар және Қазақстан Республикасына және оның одақтастарына қарсы агрессия жағдайында:

шекара маңы жанжалдарын, оның ішінде мемлекеттің тартылатын әскери ұйымының құ­рауыштарымен өзара іс-қимыл жасаумен оқшаулау және бейтараптау;

Қарулы Күштерді жұмылдыра өрістетуді жүргізу;

одақтас мемлекеттердің қарулы күштерімен бірлесіп қарсыластың әскер топтарына соққы беру және талқандау;

резервтер қалыптастыру аудандарын бүркемелеу;

арнайы операциялар жүргізетін күштерге және тұрақты емес құралымдарға қарсы күрес;

халықты, экономика объектілерін, инфра­құрылымды қарсыластың зақымдау құралдарының әсерінен қорғау;

соғыс (төтенше) жағдай режимін ұстап тұру.

Әскери іс-әрекеттер ауқымына, жағдайдың шарттарына және күштердің арақатынасына байланысты міндеттердің түрі өзгертілуі мүмкін, бірақ кез келген жағдайда түпкі мақсат агрессорды Қазақстан Республикасының аумағынан қуу және агрессияға дейінгі жағдайды қалпына келтіру болып табылады.

Авариялар, апаттар және зілзала зардаптарын жою кезінде халыққа көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары тартылуы мүмкін.

Доктрина мемлекеттік органдардың міндетте­рін және әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басшылық жасау тәртібін айқындайды.

Мемлекеттің әскери ұйымын құруға, дайын­дауға және қолдануға, әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.

Қазақстан Республикасының Парламенті мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысы мәселелері жөнінде заңдар қабылдайды, соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешеді, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды пайдалану туралы шешім қабылдайды, қорғаныс және әскери ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарды ратификациялайды және күшін жояды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралым­дарды қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен жарақтандыруды, оларды қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, қорғаныс, азаматтық және аумақтық қорғаныс мүддесінде елдің аумағын жедел жабдықтауды ұйымдас­тырады; күшпен қорғауға жататын стратегиялық объектілердің тізбесін, Қарулы Күштердің басқару органдары, әскер түрлері, тектері штат санының лимитін, қорғаныс мұқтажы үшін жерлерді, ормандарды, сулар мен басқа да табиғи ресурс­тарды ұсыну және пайдалану тәртібін айқындайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да функцияларды орындайды.

Басқа да мемлекеттік органдар, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар Қазақстан Рес­публикасының заңнамасымен белгіленген құқық­тары, міндеттері мен өкілеттіктері шегінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындауды ұйымдастырады және ол үшін толық жауапты болады.

Бейбіт уақытта Қарулы Күштерге басшылық жасауды Қорғаныс министрлігі Штабтар бас­тықтары комитеті арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс минис­трлігі елдің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді шешеді, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды әскери реформалаудың негізгі бағыттарын, дамыту бағдарламаларын әзірлеуді үйлестіреді; Қарулы Күштер әскерлері түрлерінің, тектерінің құрылымын, штат санын айқындайды; мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясат жүргізеді; халықаралық әскери ынтымақтастықты, Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады, әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналға әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс минис­трлігі Штабтар бастықтары комитеті Қорғаныс министрлігінің ведомствосы болып табыла отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды әскери реформалаудың негізгі бағыттарын, оны құру және дамыту, олардың жедел, жауынгерлік және жұмылдыра даярлану жоспарларын әзірлейді, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралым­дарды, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысушы күштерді қолдануды жоспарлауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, қорғаныс мүдделерінде ел аумағын жедел жабдықтау жоспарын әзірлейді.

Бейбіт уақытта басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тікелей басшылық жасауды және күнделікті қызметін басқаруды тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Қауіп төнген кезеңде және соғыс уақытында мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басшылық жасау Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.

Құжаттың үшінші бөлімінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әскери-экономикалық және әскери-техникалық негіздері қарастырылады, әскери-экономикалық және әскери-техникалық қамтамасыз етудің мақсаттары, міндеттері мен бағыттары, экономиканы жұмылдыра даярлау, Қазақстан Республикасының резервтер жүйесі айқындалады.


III тарау.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы туралы Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.

§1.Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы».
2. Қазақстан Республикасының Заңы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет». 1993ж. 19 қаңтар.

3. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы. «Әскери ант».

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 1-2, 1-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 12 қаңтар N 6
МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерiн ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз етудегi мемлекеттiк органдардың функциялары мен өкiлеттiктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерiн реттейдi.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:


      1) азаматтық персонал - Қарулы Күштерде мемлекеттiк қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
      2) арнаулы әскерлер - Қарулы Күштердiң жауынгерлiк қызметiн (инженерлiк, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) қамтамасыз ету жөнiндегi арнаулы мiндеттердi орындау үшiн құрылған әскери бөлiмдер мен бөлiмшелер;
      3) арнаулы құралымдар - жұмылдыру жарияланған кезде темiр жолдар мен автомобиль жолдарын, теңiз және өзен порттарын, әуежайларды, аэродромдарды, байланыс желiлерiн, газ және мұнай құбырларын, энергиямен және сумен жабдықтау жүйелерiн қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн, өнеркәсiптiң, ауыл шаруашылығының, көлiк пен байланыстың кiдiрiссiз жұмысын ұйымдастыру үшiн және медициналық көмек көрсету, өрттi оқшаулау және жою үшiн құрылатын құралымдар;
      4) аумақты жедел жабдықтау - қорғаныс мақсатындағы мiндеттердi жедел шешу үшiн пайдалануға көлiк құрылыстарын, жол желiлерiн, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен және энергиямен жабдықтауды даярлауға және ұдайы әзiрлiкте ұстап тұруға бағытталған iс-шаралар кешенi;
      5) аумақтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқын, объектiлерiн және коммуникацияларын қарсы жақтың iс-қимылынан, диверсиялық немесе террорлық актiлерiнен қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асыратын iс-шаралар жиынтығы, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимдерiн енгiзу және қамтамасыз ету;
      6) әскери басқару органдары - әскери басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергiлiктi органдары;
      7) әскери бөлiм - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұйымдық-дербес бiрлiгi болып табылатын мемлекеттiк мекеме;
      8) әскери мүлiк - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемелерiнiң жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектiлерi, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрлерi, оқ-дәрi, арнайы құралдар мен басқа да мүлiк;
      9) әскери техника - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жарақтандырылатын қарулар, ұрыс машиналары, аспаптар мен басқа да техникалық құралдар;
      10) әскер түрi - өзiне ғана тән негiзгi қарулары мен әскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тәсiлдерi бар, Қарулы Күштердiң дербес не құрамдас бөлiгiнiң құрамына кiретiн түрi;
      11) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар - ұлттық қауiпсiздiк органдары, Республикалық ұлан, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi мен әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерi, әскери прокуратура органдары;
      12) жабдықтау нормалары - бейбiт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшiлерге, бөлiмшелерге, әскери бөлiмдерге (кемелерге) және құрамаларға беруге белгiленген материалдық құралдардың саны;
      13) жауынгерлiк әзiрлiк - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың белгiленген мерзiмдерде өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауға дайындығының дәрежесiн айқындайтын жағдай;
      14) жауынгерлiк мiндет - ұрыста (операцияда) белгiлi бiр мақсатқа белгiленген мерзiмде қол жеткiзу үшiн жоғары тұрған командир (бастық) қойған мiндет;
      15) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) - Қорғаныс министрi, оның орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерiнiң бас қолбасшылары және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;
      16) кәдеге жарату - қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы құралдарды олардың ұрысқа тән қасиеттерiн пайдалануды немесе тiкелей мақсаты бойынша қолдануды болдырмайтын жағдайға келтiру, сондай-ақ олардың компоненттерiн кейiннен пайдалану мақсатында бөлшектеу;
      17) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi (бұдан әрi - Қарулы Күштер) - қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тiкелей сыртқы қатердi болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнен туындайтын мiндеттердi орындау үшiн Қазақстан Республикасы құрған және ұстайтын мемлекеттiң әскери ұйымының негiзi;
      18) қару-жарақ - әртүрлi қару, оқ-дәрi түрлерiнiң кешенi, бұларды қолдануды қамтамасыз ететiн олардың тасығыштары мен құралдары;
      19) Қарулы Күштердiң түрi - мемлекеттiң белгiлi бiр салада (құрлықта, теңiзде, әуе кеңiстiгiнде) соғыс қимылдарын жүргiзуге арналған Қарулы Күштерiнiң бiр бөлiгi;
      20) қорғаныс - Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, егемендiгiн, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қару-жарақпен қорғау жөнiндегi саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, әлеуметтiк-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттiк шаралар жүйесi;
      21) қорғаныс объектiлерi - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемелерiне жедел басқару құқығында бекiтiлiп берiлген жылжымайтын мүлiк;
      22) материалдық запастар - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын әскери мүлiктiң белгiлi бiр саны;
      23) мемлекеттiң әскери ұйымы - негiзгi қызметi Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешуге тiкелей бағытталған Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жиынтығы;
      24) пайдаланылмайтын әскери мүлiк - қару-жарақтан алынған, тiкелей мақсатына орай пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепiлдi мерзiмi өткен, Қарулы Күштердегi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық және олар қолданбайтын мүлiк;
      25) соғыс жағдайы - мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары iс жүзiнде басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (iс жүзiнде тоқтатылғанға) дейiнгi қарым-қатынастар;
      26) соғыс қатерi - туындаған қарама-қайшылықтарды әскери-күш қолдану әдiстерiмен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған соғыс жанжалын (соғысты) тұтандыруға нақты қалыптасқан ниет;
      27) соғыс қаупi - саяси және өзге де мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасына қарсы әскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкiндiгiн көздеген тұрақсыздық факторы;
      28) соғыс қимылдары - агрессияға тойтарыс беру кезiнде алға қойылған жауынгерлiк мiндеттердi орындау үшiн Қарулы Күштердiң барлық түрiн қолданатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) iс-қимылдар кешенi;
      29) соғыс уақыты - соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап, соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы жарияланғанға дейiнгi, бiрақ олардың нақты тоқтатылуынан бұрынғы кезең
      30) техникалық қамтамасыз ету - Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын iс-шаралар кешенi;
      31) тыл - Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тыл және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын әскери бөлiмдер;
      32) тыл жағынан қамтамасыз ету - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлiк әзiрлiгiн қолдау мақсатында олардың материалдық, көлiк, тұрмыстық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған iс-шаралар кешенi;
      33) ұрыс қимылдары - әскери бөлiмдердiң, құрамалар мен бөлiмшелердiң тиiстi әскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлiк мiндеттердi орындау кезiндегi ұйымдасқан iс-қимылдары.
            2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және
              Қарулы Күштер туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiн


              қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк
              саясаттың негiзгi принциптерi

      Қазақстан Республикасының әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi:


      1) басқа мемлекеттердiң егемендiгiн, мемлекеттiк шекараларының мызғымайтындығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың iшкi iстерiне араласпау;
      2) әскери саладағы сенiмдiлiк және ашықтық шараларын нығайту;
      3) халықаралық дауларды бейбiт жолмен реттеу;
      4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық мiндеттемелердi сақтау және шарттардың мақсатына қол жеткiзуге жәрдемдесу;
      5) өзара тиiмдi ынтымақтастық және өзара түсiнiстiк негiзiнде барлық елдермен достық қарым-қатынасты ұстану;
      6) әскери жанжалдарды болғызбауға, бейбiтшiлiктi қолдау мен қалпына келтiруге бағытталған жаһандық және өңiрлiк қауiпсiздiк жүйелерiн құруға қатысу болып табылады.

      4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттiк реттеу

      1. Қорғаныс саласындағы мемлекеттiк реттеу:
      1) соғыс қаупi мен соғыс қатерiн болжауды және бағалауды;
      2) Қазақстан Республикасының әскери саясаты мен әскери доктринасыережесiнiң негiзгi бағыттарын әзiрлеудi;
      3) құқықтық реттеудi;
      4) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануды жоспарлауды, олардың қажеттi санын, құрылысын, даярлығын анықтауды және олардың ұрысқа әзiрлiгi мен жұмылдыру даярлығының талап етiлетiн деңгейiн ұстап тұруды;
      5) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды басқару жүйесiн дамытуды, сондай-ақ радиожиiлiк спектрiн пайдалануды жоспарлауды;
      6) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бiрыңғай әскери-техникалық саясатын, қару-жарақ пен әскери техниканы дамыту бағдарламасын әзiрлеудi және iске асыруды;
      7) елдiң мемлекеттiк органдарының, меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарының, көлiгiнiң, коммуникацияларының және халқының күнi бұрын жұмылдыру даярлығын, сондай-ақ аумақты қорғаныс мақсатында жедел жабдықтауды қамтитын бейбiт кезде жүргiзiлетiн жалпы мемлекеттiк iс-шаралар кешенiн;
      8) мемлекеттiк материалдық резерв запастарын құруды;
      9) азаматтарды әскери қызметке даярлауды, соғыс уақытына арнап әскери оқытылған резервтi жинақтауды;
      10) азаматтық және аумақтық қорғаныс iс-шараларын жоспарлауды және жүзеге асыруды;
      11) мемлекеттiк құпиялардықұрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi;
      12) қорғаныс мүддесiне орай ғылымды дамытуды;
      13) мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi;
      14) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметiн бақылауды;
      15) ұжымдық қауiпсiздiк және бiрлескен қорғаныс мақсатындағы халықаралық ынтымақтастықты;
      16) қорғаныс саласындағы өзге де iс-шараларды қамтиды.
      2. Қорғаныс мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттiлiгi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарындакөзделгенмiндеттердiң өзге де түрлерi белгiленедi.
      3. Қорғаныс саласындағы мiндеттерiн орындау үшiн Қарулы Күштер құрылады және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ соғыс уақытында құрылатын арнаулы құралымдар тартылады. U931158
      4. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштердi қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы мiндеттердi орындайды.
      5. Жер, орман, су және басқа да табиғи ресурстар Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкесқорғаныс мұқтажы үшiн берiледi.
      6. Қарулы Күштердiң мемлекеттiк мекемелерiне бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiк болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ,
ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС
САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI

      5-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң қорғаныс


              саласындағы өкiлеттiгi

      1. Қазақстан Pecпубликасының Президентi Қазақстан Республикасы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.


      2. Қазақстан Республикасының Президентi: Z952733
      1) Қазақстан Республикасы әскери саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;
      2) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, қорғаныс мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды бекiтедi;
      3) Қарулы Күштердi қолдану жоспарын, сондай-ақ мемлекеттiң жұмылдыру жоспарын бекiтедi; Z970127
      4) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      5) Қарулы Күштердiң құрылымын, штат санының лимитiн, сондай-ақ әскери қызметшiлер мен мемлекеттiк қызметшiлерге еңбекақы төлеу жүйесiн бекiтедi; U031085Z934000
      6) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындау үшiн бұл туралы Республика Парламентiн дереу хабардар ете отырып, Қарулы Күштердi тарту туралы шешiмдер қабылдайды;
      7) жоғары офицерлiк құрамның адамдары атқаруға тиiстi лауазымдар тiзбесiн бекiтедi, жоғары әскери атақтар бередi;
      8) Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) әскери ант мәтiнiн, жалпы әскери жарғыларды, әскери қызметтi өткеру ережесiн, әскери нышандарды, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киiм нысанымен айырым белгiлерiн бекiтедi;
      10) Қазақстан Республикасының қорғаныс және әскери ынтымақтастық саласында келiссөздер жүргiзедi және халықаралық шарттарға қол қояды;
      11) Республиканың азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару, соғыс уақытында, жұмылдыру бойынша әскери қызметке, сондай-ақ әскери мiндеттiлердi арнаулы жиындарға шақыру туралы шешiм қабылдайды;
      12) Парламент палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Қарулы Күштердi бейбiтшiлiктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн пайдалану туралы ұсыныс енгiзедi;
      13) Қазақстан Pecпубликасының Конституциясындакөзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайын енгiзедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Республика Парламентiн дереу хабардар етедi;
      14) Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қорғаныс


              саласындағы өкiлеттiктерi

      Қазақстан Республикасының Парламентi:


      1) Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
      2) соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi;
      3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша Қарулы Күштердi бейбiтшiлiктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн пайдалану туралы шешiм қабылдайды;
      4) әскери атақтарды белгiлейдi;
      5) қорғаныс және әскери ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттарды бекiтедi және күшiн жояды;
      6) қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi. Z952529

      7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қорғаныс


              саласындағы өкiлеттiктерi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:


      1) мемлекеттiң әскери саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлейдi, Республиканың қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды iске асырады;
      2) мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      3) Қорғаныс министрлiгiнiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды;
      4) мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi органдыайқындайды; Z010146, Z070303
      5) мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша жыл сайын мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын бекiтедi;
      6) қорғаныс өнеркәсiбiнiң, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдер қабылдайды;
      7) әскери оқу орындарын, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдер қабылдайды;
      8) жоғары оқу орындарындағы Әскери даярлық туралы ереженi бекiтедi;
      9) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi мен шарттарын айқындайды;
      10) Қарулы Күштердi, басқа әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандыруды және қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      11) жабдықтау нормаларын және материалдық запастардың санаттарын бекiтедi;
      12) мемлекеттiң жұмылдыру жоспарын әзiрлеудi және орындауды ұйымдастырады, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық резервтердi қалыптастыру, жинақтау және пайдалану тәртiбiн белгiлейдi;
      13) мемлекеттiк органдардың, меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдыру даярлығына басшылық жасауды жүзеге асырады;
      14) қорғаныс мақсатында Республика аумақтарын жедел жабдықтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      15) Әскери мiндеттiлер мен шақырылатындардың әскери есебiн жүргiзу тәртiбiтуралы ереженi бекiтедi;
      16) Әскери-көлiктiк мiндеттiлiк туралы ереженiбекiтедi;
      17) Әскери басқарудың жергiлiктi орындары туралы ереженi бекiтедi;
      18) әскери қызметке шақырылуға тиiстi азаматтардың санаттары мен санын, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылуға тиiстi әскери оқытылған мамандардың жыл сайынғы санын айқындайды;
      19) әскери оқытылған резервтi құруға және даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiтедi;
      20) азаматтық және аумақтық қорғанысты жоспарлауды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады; Z970100
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес жердi, орманды, суды және басқа да табиғи ресурстарды қорғаныс мұқтаждары үшiн беру және пайдалану тәртiбiн белгiлейдi;
      22) пайдаланылмайтын әскери мүлiктi тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектiлерiн мүлiктiк жалға беру (жалгерлiкке беру) тәртiбiнбелгiлейдi;
      23) әскери ынтымақтастық және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою мәселелерi бойынша халықаралық келiссөздер жүргiзу туралы шешiмдер қабылдайды;
      24) қорғаныс мұқтаждары үшiн жеке және заңды тұлғалардан реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүлiктiң құнын мемлекеттiң өтеу тәртiбiн белгiлейдi;
      25) әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару тәртiбiн белгiлейдi;
      26) қару мен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялар мен қос мақсатта пайдаланылатын өнiмдердiң экспортын бақылауды ұйымдастырады; P991917P011039
      27) Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президенттiң актiлерiмен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI
АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ
ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

      8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс


              саласындағы функциялары

      Орталық атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде:


      1) саланың жұмылдыру даярлығына, жұмылдыру мақсатындағы объектiлердi, қорғаныс мұқтажы үшiн қажеттi өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, шығару және жөндеу жөнiндегi қуаттарды жасауға, дамытуға және сақтауға қатысады және жұмылдырылатын резервтердiң жинақталуын қамтамасыз етедi;
      2) мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етедi;
      3) соғыс уақытында саланың тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады, оны соғыс уақыты жағдайындағы жұмыс режимiне көшiру жоспарларын әзiрлейдi;
      4) ел аумағын жедел жабдықтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
      5) азаматтық қорғаныс iс-шараларын ұйымдастырып, жүргiзедi және ведомстволық бағынысты ұйымдардың оларды орындауын қамтамасыз етедi;
      6) республика халқын қорғанысқа даярлауға қатысады, Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      9-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың қорғаныс


              саласындағы функциялары

      Жергiлiктi атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде:

      1) аумақты жедел жабдықтау iс-шараларын орындауға қатысады және коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз етедi;

      2) қорғаныс мақсатында көлiк және басқа да техникалық құралдардың есебiн жүргiзудi және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз етедi;

      3) халықты және аумақты қорғанысқа даярлауға қатысады, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстарға және олардың тапсырысы бойынша қызмет көрсетулерге қажеттiлiктерiн Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi;

      4) әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етедi;

      5) жергiлiктi әскери басқару органдарында жұмылдыру кезеңiнде және соғыс уақытында әскери мiндеттiлерге брон белгiлеудi жүзеге асырады;

      6) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды жоспарлауға қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;

      7) өзiнiң қорғаныс саласындағы қызметiн әскери басқару органдарымен үйлестiредi және келiседi;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс
               саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары:

      1) келiсiм-шарт негiзiнде epiктi түрде әскери қызметке баруға;

      2) қорғанысты нығайтуға жәрдемдесетiн ұйымдардың қызметiне қатысуға құқылы.

      2. Қазақстан Республикасының азаматтары:

      1) әскери мiндеттiлiктi орындауға;

      2) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларға қатысуға;

      3) жұмылдыру кезеңiнде және соғыс жағдайында өздерiнiң меншiгiндегi мүлiктi қорғаныс мұқтажы үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен оның құнын кейiннен мемлекеттiң тең бағада өтеуiмен беруге мiндеттi.

      11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың
               қорғаныс саласындағы функциялары

      Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      1) азаматтық және аумақтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды орындауға қатысады;

      2) мемлекеттiң жұмылдыру жоспарында көзделген iс-шараларды жүзеге асырады;

      3) мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы мiндеттерiн басымдық тәртiбiмен орындайды;

      4) жұмылдыру кезеңiнде және соғыс жағдайында өздерiнiң меншiгiндегi мүлiктi қорғаныс мұқтажы үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен оның құнын кейiннен мемлекеттiң өтеуiмен бередi;

      5) өз қызметкерлерiнiң әскери мiндетiн орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.

ҚОРҒАНЫСТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ


ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз


               етудiң мақсаттары мен мiндеттерi

      1. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарды бөлiп отыру, Қазақстан Республикасының қорғанысын кепiлдi қамтамасыз ету үшiн қажеттi мөлшерде оларды қару-жарақпен, әскери және арнаулы техникамен жарақтандыру болып табылады.

      2. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз етудiң негiзгi мiндеттерi:

      1) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттiлiктерiн қанағаттандыру;

      2) қару-жарақ пен әскери техниканы өндiрудi, жөндеудi және жаңғыртуды жүзеге асыру үшiн ғылыми-техникалық және өндiрiстiк базаны жетiлдiру;

      3) экономиканың жұмылдыру даярлығы мен елдiң халқын жұмылдыруға даярлаудың тиiмдi жүйелерiн құру;

      4) әскери қызметшiлердi, олардың отбасы мүшелерiн және әскери қызметтен босатылған адамдарды әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасымен   белгiленген кепiлдiктерiн iске асыру;

      5) өзара тиiмдi халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

      13-бап. Қорғанысты қаржыландыру

      1. Қорғанысты қаржыландыру Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттiлiктерiн кепiлдi қанағаттандыруға бағытталады.

      2. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ қорғанысқа арналған шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және осы Заңның 24-бабында көзделген өзге де қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.

      3. Шет мемлекеттермен бiрлесiп пайдаланылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери объектiлердi және қару-жарақ қысқартуды бақылау мен инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.

      4. Бюджет қаражатының қорғанысқа арналған шығыстары бөлiгiнiң атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қару-жарақ пен әскери техниканы қоса алғанда, өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеуге, өндiруге, жеткiзуге және қамтамасыз етуге арналған қорғаныс тапсырысына және халықаралық келiсiмдерге сәйкес басымдық тәртiбiмен жүзеге асырылады. Z010146, Z070303,P092072

      2. Мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыру тәртiбi, оны материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету және сатып алу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен айқындалады.

      15-бап. Объектiлер мен мүлiктi қорғаныс мүдделерiне
               орай пайдалану

      1. Пайдаланылмайтын әскери мүлiктi қоспағанда, мемлекеттiк меншiк болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргiзу құқығында бекiтiлiп берiлген және қорғаныс мұқтажын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектiлер мен мүлiк жекешелендiрiлуге жатпайды.


      2. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бейбiт уақытта пайдаланбайтын қорғаныс объектiлерi бюджет қаражаты есебiнен консервациялануға тиiс немесе Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгiленген тәртiппен мүлiктiк жалға (жалгерлiкке берiлуi), сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде басқа мемлекеттердiң ұйымдарына берiлуi мүмкiн.
      3. Пайдаланылмайтын әскери мүлiк Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлегентәртiппен iске асырылуы мүмкiн.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      4-тармақ 2003.08.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      4. Штабтар бастықтарының комитетi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлегентәртiппен:
      1) соғыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жарамсыз күйге түскен немесе Қарулы Күштердiң жеке құрамының өмiрiне қатер төнген кезде жоғалған әскери мүлiктi есептен шығарады;
      2) өздерiнiң жедел басқаруындағы әскери мүлiктiң есебiн жүргiзедi.

      16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды,


               объектiлердi және басқа да мүлiктi
               қорғаныс мұқтажы үшiн беру

      1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн берiлген жер учаскелерi олардың иелiгiнде және пайдалануында болады.

      2. Меншiк иелерi мен жердi пайдаланушыларға қорғаныс мұқтажына жердi алып қоюға байланысты келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеледi.

      3. Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қорғаныс мұқтажы үшiн ғимараттар, құрылыстар, объектiлер мен басқа да мүлiк берiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оларды керi қайтарып алу жүргiзiлуi мүмкiн.

      4. Мүлiктi иеленуге және пайдалануға беру тәртiбi, сондай-ақ басқа мемлекеттер әскери құралымдарының жердi уақытша ақылы пайдалану (жалға алу) тәртiбi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен айқындалады.

      17-бап. Ғылыми-зерттеу қызметi және кадрлар даярлау

      1. Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу ұйымдары қорғаныс қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында қару-жарақ пен әскери техниканың, әскери мақсаттағы өнiмдердiң жаңа түрлерiн жасау үшiн iргелi және қолданбалы зерттеулердi, перспективалық ғылыми-техникалық және технологиялық әзiрлемелердi жүзеге асырады.

      2. Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың қорғаныс сипатындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындауға экономикалық мүдделi болуын арттыру үшiн қаржы-экономикалық реттеуiштер мен тетiктер жүйелерiн енгiзу арқылы оларды мемлекеттiк қолдау жүзеге асырылады.

      3. Әскери кадрларды даярлау және қайта даярлау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негiзiнде шетелдерде жүзеге асырылады.

ҚАРУЛЫ КҮШТЕР, БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕР


МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАР

      18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты

      1. Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттiк және әскери объектiлердi күзетуге және қорғауға, әуе кеңiстiгiн қорғауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес мiндеттердi орындауға арналады.

      2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президентi шешiмiнiң негiзiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға, сондай-ақ террорға қарсы операциялар жүргiзу және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн тартылуы мүмкiн.

      3. Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнен туындайтын мiндеттердi орындау үшiн Қарулы Күштердi қолдану Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда келiсiлген жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi құрамының бiр бөлiгi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес бiрiккен қарулы күштерге кiруi немесе бiрiккен қолбасшылықта болуы мүмкiн.

      19-бап. Қарулы Күштерiнiң жалпы құрамы

      Қарулы Күштер: әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, әскерлер тектерiн, арнаулы әскерлердi, тылды, әскери-оқу орындарын, әскери-ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарды қамтиды.

      Жұмылдыру жарияланған жағдайда Қарулы Күштердiң құрамына Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi, Республикалық ұлан, төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерi және арнаулы құралымдар кiредi.
            20-бап. Қарулы Күштердi жасақтау

      1. Қарулы Күштердiң жеке құрамына әскери қызметшiлер мен азаматтық персонал адамдары кiредi.

      2. Қарулы Күштер:
      1) азаматтарды аумақтан тысқарылық және аумақтық принцип бойынша әскери қызметке шақыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олардың әскери қызметке ерiктi түрде келуi арқылы әскери қызметшiлермен;

      2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес азаматтық персоналмен жасақталады.

      3. Қарулы Күштердi жұмылдыруды өрiстету үшiн мемлекетте әскери оқып үйретiлген резерв запасы құрылады.
            21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару

      1. Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы жүзеге асырады.

      2. Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы) соғыс уақытында Қарулы Күштерге басшылық жасайтын жоғары әскери-саяси орган болып табылады.

      3. Жоғарғы Бас қолбасшылықтың Ставкасы Қарулы Күштердi басқаруды Штабтар бастықтары комитетi арқылы жүзеге асырады.

      4. Қарулы Күштердi бейбiт уақытта басқаруды Штабтар бастықтары комитетi арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрi жүзеге асырады.

      22-бап. Қорғаныс министрлiгiнiң функциялары

      1. Қорғаныс министрлiгi Қарулы Күштердi әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. P011074

      2. Қорғаныс министрлiгi:


      1) қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;

      2) Әскери доктринаны, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен дамуының тұжырымдамасын әзiрлейдi;

      3) Қарулы Күштердiң түрлерiн, әскер тектерiнiң құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi бекiткен Қарулы Күштер, Қорғаныс министрлiгi және Қорғаныс министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң, штат санының лимитi шегiнде Қорғаныс Министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штат санын белгiлейдi;

      4) мемлекетте бiрыңғай әскери-техникалық саясатты жүргiзедi;

      5) елдiң қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметiн ұйымдастырады;

      6) Қарулы Күштер түрлерiнiң, әскер тектерi мен арнаулы әскерлердiң жедел мақсаттары мен мiндеттерiн, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен өзара iс-қимыл жасай отырып қолданылуын айқындайды;

      7) қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және басқа жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;

      8) Қарулы Күштердегi әскерлердi инспекциялауды және қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;

      9) әскери даярлықты жүзеге асыратын ведомстволық әскери оқу орындары мен басқа да бiлiм беру ұйымдарының қызметiн және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;

      10) әскери қызметке шақырылуға дейiнгi және шақырылатын жастардың әскери қызметке даярлығын үйлестiредi;

      11) қорғаныс өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге және орындауға қатысады;

      12) халықаралық әскери ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      13) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшiлердi, олардың отбасы мүшелерi мен азаматтық персоналды әлеуметтiк және құқықтық кепiлдiктермен қамтамасыз етедi;

      14) өз құзыретi шегiнде қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығарады және олардың орындалуын бақылайды.

      23-бап. Штабтар бастықтары комитетiнiң функциялары

      1. Штабтар бастықтары комитетi:

      1) Қарулы Күштердiң жауынгерлiк және күнделiктi қызметiн жедел-стратегиялық жоспарлауды, оларды қолдануды және басшылық жасауды жүзеге асырады;

      2) Қарулы Күштер құрылысы мен дамуының және әскерлердi жұмылдыруды өрiстетудiң жоспарларын әзiрлейдi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар құрылысының жоспарларын әзiрлеудi үйлестiредi, олардың орындалуын бақылайды;

      3) мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен Қарулы Күштердi қолдану жоспарын әзiрлейдi, Қарулы Күштердi жұмылдыру жоспарын әзiрлеуге қатысады;

      4) Қарулы Күштердi жауынгерлiк және жұмылдыру даярлығында ұстап тұру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырып, жүргiзедi;

      5) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзету мен қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      6) Қарулы Күштердiң басқа да әскерлер мен әскери құралымдармен өзара iс-қимылын ұйымдастырып, жүзеге асырады, сондай-ақ қорғаныс мүдделерiне орай ел аумағын жедел жабдықтау жоспарын әзiрлейдi;

      7) экономиканың, мемлекеттiк органдардың және меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың жұмылдырушылық даярлығын ұйымдастыруға қатысады;

      8) аумақтық қорғаныс жоспарларын әзiрлеудi үйлестiредi, аумақтық қорғаныс мiндеттерiн орындауға қатысатын күштер мен құралдардың қолданылуын ұйымдастырады;

      9) Қарулы Күштердi мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiмен, келiсiм-шарт бойынша жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастырып, жүргiзедi;

      10) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен бiрге жедел қолданылуын және өзара iс-қимылының жоспарын әзiрлеуге қатысады;

      11) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар берудi жүзеге асырады, Қорғаныс министрiнiң қарауына номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

      12) Қарулы Күштердi қару-жарақ, әскери техника, оқ-дәрi мен басқа да қажеттi материалдық құралдар түрлерiмен қамтамасыз етудi, оларды пайдалануды, сақтауды, есепке алуды, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, сондай-ақ бейбiт уақытта әскерлердi жұмылдыруды өрiстету үшiн осы құралдардың запастарын жинақтауды және орналастыруды жоспарлайды;

      13) Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;

      14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк және моральдық-адамгершiлiк қасиетiн қалыптастыру мақсатында әскерлердi моральдық-психологиялық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

      15) әскерлер қызметiне байланысты экологиялық қауiпсiздiктi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзедi;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердi қолдану және оны басқару, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара iс-қимылды жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      2. Штабтар бастықтары комитетi соғыс уақытында Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасының жұмыс органы болып табылады.

      24-бап. Қарулы Күштердiң мемлекеттiк мекемелерi

      1. Қарулы Күштердiң мемлекеттiк мекемелерi:

      1) өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;

      2) ұсынылған демеушiлiк, қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алуға және пайдалануға құқылы.

      2. Қарулы Күштердiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерi өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгi қызметiне жатпайтын қызметтер көрсетуге және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен пайдалануға құқылы.

      25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуы

      1. Қарулы Күштердiң орналастырылуы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қарулы Күштердi қолдану жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қарулы Күштерге пайдалануға берiлген аумақтар шегiндегi құрамалардың, әскери бөлiмдердiң қайта орналастырылуы Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жоспарға сәйкес Қорғаныс министрiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

      3. Қарулы Күштердiң құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналастырылуына Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде жол берiледi.

      26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар

      1. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру, басқару және олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қорғаныс мақсатында:
      1) Қарулы Күштердi қолдану жоспарын, қорғаныс мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге қатысады;

      2) Қарулы Күштермен бiрлескен iс-қимылдарға даярлықты ұйымдастырады;

      3) азаматтарды әскери қызметке даярлауға қатысады;

      4) аумақты қорғанысқа жедел жабдықтау жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;

      5) Штабтар бастықтары комитетiнiң қорғанысты ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi нұсқауларын орындайды;

      6) Қарулы Күштермен бiрге жедел және жұмылдыру даярлығына тартылады.

      3. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау Қазақстан Pecпубликасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      27-бап. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери


               құралымдарда заңдылықтың сақталуын қадағалау,
               құқық тәртiбiн қамтамасыз ету және әскери
               қызметшiлердi құқықтық қорғау

      1. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлep мен әскери құралымдарда заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты әскери прокурорлар жүзеге асырады.

      2. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметшiлердi құқықтық қорғауды, азаматтық және қылмыстық iстердi қарауды соттар жүзеге асырады.

      3. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, алдын ала анықтау бойынша iс жүргiзудi Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өз құзыретi шегiнде әскери полиция жүзеге асырады.


СОҒЫС КЕЗI. СОҒЫС ЖАҒДАЙЫ. ЖҰМЫЛДЫРУ.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС. АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС

      28-бап. Соғыс кезi

      1. Соғыс кезiн Қазақстан Республикасына басқа мемлекет (мемлекеттер тобы не коалициясы) қарулы шабуыл жасаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Парламентi жариялайды.

      2. Соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бiрақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды.

      29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру

      1. Соғыс жағдайы режимi, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оның тәртiбi Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамалық актiлерiмен айқындалады.

      2. Соғыс жағдайы кезеңiнде Қарулы Күштер, сондай-ақ оның құрамына кiретiн Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi, Республикалық ұлан, төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерi және арнаулы құралымдар соғыс кезiнiң жариялануына қарамастан, агрессияға тойтарыс беру жөнiнде ұрыс қимылдары мен өзге де ic-қимылдарды жүргiзе бередi.
          30-бап. Азаматтық қорғаныс

      1. Азаматтық қорғаныс халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн және ел аумағын қазiргi заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында ұйымдастырылады. P030256

      2. Азаматтық қорғаныстың мiндеттерi және оны ұйымдастыру Қазақстан Pecпубликасының заңымен айқындалады.

      31-бап. Аумақтық қорғаныс

      1. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықты, объектiлер мен коммуникацияларды қарсы жақтың iс-қимылынан, диверсиялық немесе террорлық актiлерден қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимiн енгiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi аумақтық қорғанысты ұйымдастырады.

      2. Аумақтық қорғаныстың жалпы мiндеттерiн және оны ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.


ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы


               халықаралық ынтымақтастығы

      1. Қазақстан Республикасының агрессиядан бiрлесiп қорғануды қамтамасыз ету, бейбiтшiлiктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Pecпубликасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес құрылады.


      РҚАО-ның ескертпесi!
      2-тармақ 2003.08.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Конституцияға сәйкес қабылдаған шешiмi негiзiнде бейбiтшiлiктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындайды.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      3-тармақ 2003.08.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      3. Қазақстан Pecпубликасынан тысқары жерлерде бейбiтшiлiктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындауға тiкелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшiлерiнiң осындай қатысу кезеңi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және


               Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн
               жауаптылық

      Қазақстан Pecпубликасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен   белгiленген жауаптылықта болады.

      34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң, 2003 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 15-баптың 4-тармағын, 32-баптың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 202-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; N 20, 120-құжат; N 22, 136-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 8, 233-құжат; 2002 ж., N 3, 22-құжат);

      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 203-құжат).





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет