ПОӘК042-18-35.1.
17 /02-2013
|
№ 1 басылым
от 05.09. 2013 г.
|
бет 10 беттен
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-35.1.
17 /02-2013
|
ПОӘК
Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы
«Әскери өнер тарихы»
|
№ 1 басылым
от ____ 09. 2013 г.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«қазақстан республикасының қарулы күштерінің жалпы әскери жарғылары »пәні бойынша
5В010400 Бастапқы әскери дайындық
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей
2013
1.ӘЗЕРЛЕГЕН
Құрастырушы__________«02»09. 2013ж., Баби А. А.
« Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі кафедрасында отырысында
«02» 09.2013ж. №1 хаттама
Кафедра менгерушісі_______Прохоров Б.Н.
2.2. Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
«03» 09. 2013ж. №1 хаттама
Төрайымы____________ Абдишева З.В.
3. БЕКІТІЛДІ
Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақулданған және ұсынылған
«18»09. 2013ж. №1 хаттама
ОӘК төрайымы____________ Искакова Г.К.
4.БІРІНШІ РЕТ КІРГІЗЕЛГЕН
I тару. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетті қорғау және әр – азаматтың әскери міндеті.
§1. Жастардың бастапқы әскери дайындығының мазмұны мен мақсаты.
Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында жастардың алғашқы әскери дайындығын өткізу мен ұйымдастыру үшін негіз болып табылатындар:
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 тамыздағы № 2441; 2001 жылғы 11 маусымдағы № 207-ІІ «Білім беру мәселелері бойьшша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізуі туралы»; 1995 жылғы 14 қарашадағы № 2635,«Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен қорғанысы жайлы» Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы және т.б. заңды күші бар Жарлығы; «Алғашқы әскери дайындық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысымен бекітілген жастардың алғашқы әскери дайыңдығы туралы ереже;
«Қазақстан Республикасы оқу орындарында алғашқы әскери дайындық пен тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздерін оқытуды жетілдіру туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім беру,мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1998 жылғы 14 қыркүйектегі № 490, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 1998 жылғы 14 қыркүйектегі № 166, Қазақстан Республикасы Төтеншс жағдайлар жөніндегі Комитеті төрағасының 1998 жылғы 14 қыркүйектегі № 198 бірлескен бұйрығы;
"Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы.
Алғашқы әскери дайындық - Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштердс, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттік жүйенің негізгі құрамы болып табылады.
Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлык типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техиикалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуга дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
Жастардың алғашқы әсксри дайындығы мынандай мақсатта өткізіледі:
- Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін,мемлекет қорғанысының нсгізін жастардың оқып үйренуі;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы ретіндегі әскери қызмет мәнін,әскери анттың негізгі талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жарғыларын жете түсінуі;
әскери болімдердегі ұрыстық техника және қару-жарақпен,
жеке құрамның тұрмыс-тіршілігі және олардың орналастырылуымен
танысуы:
қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларға ие болуы;
төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздік
негіздерін меңгеруі.
Әскери-патриотгық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери істі жаксы меңгеруіне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсілдері мен құралдарын дұрыс пайдалана білуіне ықпал ете алуы қажет. Осы бағдарлама келесі бөлімдерден тұрады:
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы.
Оқу материалының тақырыптық жоспарлануы.
Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар.
Жалпы білім беретін мектептерде алғашқы әскери дайындықты
оқып-үйренуге оқу жылына 68 оқу сағаты бөлінеді.
Алғашқы әскери дайындық сабағы оқу кезеңінің барлык уақытында аптасына 2 сағат көлемінде өткізіледі.
Қыздармен өткізілетін алғашқы әскери дайындық сабағы жекеленген сабақтарды қоспағанда ер балалармен бірге өткізіледі.Ер балалар мен қыздарға жекеленген және біріктіріліп өткізілетін сабақтар № 1 кестеде көрсетілген.
Үйренушілердің практикалық дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру мақсатында нормативтер мен жаттығуларды орындауын тексеру үшін бақылау жүмыстарына 4 сагат көлеміндеуақыт қарастырылған.
Бақылау сабағының материалдары № 2 кестеде алғашқы әскери дайындық бойынша нормативтер және жаттығулар тізбесімен ұсынылған.
Алғашқы әскери дайындык бойынша теориялық білім дидактикалық материалдар мен техникалық оку құралдарын қолдана отырып, сұбхат және әңгімелесу түрінде жүргізіледі. Практикалық сабақтар қару-жарақ пен әскери - техникалық мүліктерді, жеке қорғаныс қүралдарын, аспаптар және басқа да жабдықтарды қолдана отырып, оқытылған материалдарды бекітуте бағытталған.
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақтан, әскери іс негізі тарауынан, азаматтық қорғаныс пен медициналық білім негіздерінен тұрады.
Кіріспе сабақты өткізуде жастарды әскери қызметке және Қазақстан Республикасын қорғауға дайындаудың маңызына, алғашқы әскери дайындық курсының оқу міндеттерін орындауға
байланысты моральдық, психологиялық және дене күшін шоғырландырудың қажеттігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Әскери іс негіздсрі келесі тараулардан тұрады және алғашқы әскери дайындық білім беру бағдарламасының базалық бөлімі болып табылады:
Қарулы Күштср Қазақстан Республикасының егемсндігін
қорғау күзетінде;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери
жарғылыры;
Тактикалық дайындық;
Атыс дайындығы;
Саптық дайындық;
Әскери топография.
Әскери іс негіздерін оқып-үйрету процесінде алғашқы әскери дайындыктың окытушы-ұйымдастырушысы - үйренуші жастардыңазаматтықкөзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажетгілігіне көз жеткізу, әскери қызметке жауапксршілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерін шешеді. Сабақта жастардьң әскери анттың рөлі мен мәнін жете түсінуінс ықпал ету қажет, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оныңжауынгерлікдәстүрлеріне, әскер салалары мен түрлеріндегі қызмет атқару ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылығын дамыту керек, әскери білім алуға ынталандыра отырып, оларға Қазақстан Рсспубликасы Қарулы Күштерінің Жарғылары - бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршілігін белгілейтін заңдар жинағы, сондай-ақ жарғы талаптарын орындау - әрбір әскери қызметшінің міндеті екендігі түсіндіріледі.
Тактикалык дайындық оқытудың негізгі тарауларының бірі болып табылады. Тактикалык дайындық бойынша сабақтардың барлық тақырыптары оқушыларды жалпы әскери ұрыс негіздерін оқып-үйренуге, ұрыста іс-әрекет жасай алуға, қарсыластың ұрыс машиналары менжаяу әскерін жою үшін қарулар мен гранатты қолдана білуге бағытталған. Сабақ барысында үйренушілер қарулар мен гранатгарды қолдана білу техникасы бойынша дағдыларды меңгереді.
Тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін винтовка макеттері, оқу автоматтары (пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаттарына арналған сөмкелердің бар болуы қарастырылуы кажет. Оқушылар жергілікті жерде практикалық тәсілдер мен әрекетті орындауға ыңғайлы киінулері керек.
Атыс дайындыгы бойьшша сабақ өткізу кезінде басты назарды қару және оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезіндсгі қауіпсіздік шараларына аудару қажет. Сабақ барысында оқушылар атыс қаруыныңқұрылымын, оны атысқа дайындау тәртібі мен ату ережелерін, қаруды күту жәие сақтауды үйренеді.
Саптық дайындық бойынша барлық сабақтар саптық дайындыққа арналған алаңда (плацта) өтеді. Практикалық сабақты өткізген кезде басты назар оқытушы-ұйымдастырушының оқушыларға саптық тәсілдерді тұтастай және үйренуі бойынша көрсетуіне, оқушылардың саптық тәсілдер мсн жаттығуларды үйретілген элементері бойынша көрсетуіне аударылады. Саптық элсменттерді орындауын дағдыға айналдыру алғашқы әскери дайындықтың сыныптан тыс өтетін іс-шаралары кезінде де жалғастырылуы- қажет.
Әскери топография бойынша сабақтар, оқушыларды бейтаныс жерде картасыз бағдарлана білуге, өз тұрған жерін анықтай алуға және компас көмегімен берілген азимут бойынша нысанаға қарай қозғалу маршрутын таңдай білуге үйіретуді қарастырады.
Азаматтық корғаныс және медициналык, білім негіздері сабағыүйренушілерді бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Рәспубликасының халқын табиғи зілзала зардаптарынан, ірі апаттардан құтқару және қарсыласқа қазіргі кездегі жою құралдарын пайдалану, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындаған аудандар мен ошақтарда құтқару және шұғыл көмек көрсету, апатты - қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, зақым және жарақат алған кездерде алғашқы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын іс-шараларымен таныстырады.
Алғашқы әскери дайындықты жоспарлау осы Бағдарлама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жасөспірімдерді қызмет етуге сапалы даярлауға, бағдарламаның толықтай орындалуын жүзеге асыруға, оның барлық бөлімдерін басқа мектеп пәндерімен тығыз байланыстыра кешенді түрде зерделеуге бағытталуы тиіс.
Әрбір оқу орнында алғашқы әскери дайындық өтуінің апталық жоспары бүкіл оқу жылына әзірленеді. Алғашқы әскери дайындық бойынша сабақтар оқу орнының жалпы мектептік кестесіне енгізіліп, оқу топтары мен сыныптар бойынша өткізіледі. Сыныптар мен оқу топтары взвод деп аталынып, үш бөлімшеге бөлінеді. Оқу орны директорының бұйрығымен әрбір сыныпта немесе оқу тобында озат оқушылар қатарынан бөлімше және взвод командирлері тағайындалады.
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында взводтар мен бөлімшелердің командирлсрі взводтағы немесе оқу топтарындағы оқу тәртібін қадағалап отырады, сондай-ақ оқытушы-ұйымдастырушы пәрмені бойынша топтың немесе взводтың жеке құрамын басқарады.
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқушылар мен оқытушы- ұйымдастырушы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Рсспубликасы Қарулы Күштері жарғыларының талаптарына сәйкес құрастырылады.
Оқушылар сабаққа дайыңдалып және ұқыпты киініп келулері тиіс.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы сабақ басталмастан бұрын алдын-ала оқу тобына немесе взвод жеке құрамына киім үлгісі жайында айтуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектептерде алғашқы әскери дайындықтың оқу-матсриалдық базасы құрылып, үнемі жетілдіріліп отырады. Оған:
алғашқы әскери дайындықтың оқу кабинеттері (сынып);
азаматтық қорғаныста, тіршілік әрекеттерін қамтамасыз етуде,
алғашқы әскери дайындық бойынша арнайы мүліктер сақтауға
арналған бөлмс;
саптық дайындық бойынша сабаққа арналған алаңдар;
тәуліктік кезекші мен сақшы міндеттерін практика жүзінде
оқып үйретуге арналған орын, ату тәртібі мен тәсілдерін және
тактикалық дайындық бойынша сабаққа арналған жаттығу
қалашықтары;
оқу-көрнекілік құралдары жәнс тсхникалық, оку құралдары
қосылады.
Оқу орындарын жаттығу қаруларымен, әскери-техникалық мүліктер және оқу кұралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі әзірлеп және бекіткен табельдер бойынша жүзеге асырылады.
§2.Қазақстан Республикасының Конституциясы.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.
Республикалық референдум нәтижесі жарияланған күні, яғни 1995 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы № 2454 «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлығына сәйкес Конституция мәтінінің түпнұсқасы Президентте сақталады.
Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
І бөлім
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
2-бап
1. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні барабар1.
3-бап
1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық.
2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет< атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.
4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап
1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
2. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.
4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
5-бап
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әралуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді.
2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді.
3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.
5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады.
6-бап
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
8-бап
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.
9-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
ІІ бөлім
АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ
10-бап
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады.
2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.
3. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.
11-бап
1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.
2. Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.
12-бап
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
13-бап
1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |