Бағдарламасы «Әскери өнер тарихы»



бет14/14
Дата31.12.2019
өлшемі2,66 Mb.
#54726
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Әскери-Теңіз күштері.


Әскери-Теңiз Күштерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады.

Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, жiбек файдан дайындалады. Матаның түсi көлденеңiнен симметриялы ақшыл-көк түстi, оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы бейнеленген, бейненiң көлемi биiктiгi бойынша -65 см, енi бойынша - 75 см.

Күн, шұғыла және қалықтап ұшқан қыранның бейнесi - алтын түстес.

Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында зәкiр мен бес бұрышты жұлдыз бейнесi. Бейненiң көлемi енi бойынша 25 см, биiктiгi бойынша 35 см, бейненiң ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 24 см аралықта орналасқан.

Зәкiрдiң бейнесi ақшыл-көгiлдiр түстi, ал жұлдыздың бейнесi қызыл түстi.

Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған тесiк бар, оның диаметрi - 4 см, немесе бау өткiзуге арналған тесiк оның диаметрi - 1 см.

Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi- 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.

Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.


Әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк Туы.

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери бөлiмiнiң Жауынгерлiк Туы - жауынгерлiк абырой, ерлiк пен даңқ нышаны, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әрбiр қызметшiсiне өз Отанына адал қызмет ету, оны ерлiкпен және бiлгiрлiкпен қорғау, өз қаны мен жанын аямай өз елiнiң әрбiр қарыс жерiн жаудан қорғау жөнiндегi оның қасиеттi борышын есiне салу болып табылады.

2. Әскери бөлiмге Жауынгерлiк Туды ол құрылған кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өкiлi тапсырады.

3. Жауынгерлiк Ту әскери бөлiмнiң атауы мен нөмiрiнiң өзгеруiне қарамастан әскери бөлiмге барлық уақытқа бекiтiлiп берiледi. Әскери бөлiмнiң атауы мен нөмiрiндегi өзгерiстер Жауынгерлiк Туды тапсыру кезiнде берiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Грамотасына енгiзiледi.

4. Жауынгерлiк Ту үнемi өз әскери бөлiмiнде, ал ұрыс майданында - соғыс қимылы жүрiп жатқан аймақта болады.

5. Әскери бөлiмнiң бүкiл жеке құрамы ұрыс кезiнде Жауынгерлiк жалауды жанқиярлықпен және ерлiкпен қорғауға әрi оның дұшпан қолына түсуiне жол бермеуге мiндеттi.

Жауынгерлiк Туды жоғалтқан кезде, мұндай масқаралыққа тiкелей кiнәлi әскери бөлiм командирi мен әскери қызметшiлер сотқа тартылады, ал әскери бөлiм таратылады.

6. Әскери корабльде көтерiлетiн Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз жалауы корабльдiң Жауынгерлiк Туы болып табылады және оның мемлекетке тиесiлiгi мен дербестiгiн көрсетедi.


 Қазақстанның қазіргі армиясы

 

Қазақстанның егемендігі күрделі геосаяси процестер жағдайында қалыптасты. Бұрынғы КСРО–ның оңтүстік шекаралары тұрақсыздық белдемі әрі әскери қақтығыстар болуы мүмкін аймақтар ретінде сипатталды. Ауғанстандағы соғыс мемлекеттік шекараларды аттап өтіп, айқын әскери қатерге айналды.



Қазақстан территориясында КСРО–ның оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауға арналған КСРО Қарулы Күштерінің жалпы саны 200 мың адамнан тұратын әсекери топтары орналасты. Оның құрамында стратегиялық ядролық күштердің, 40 жалпы әскери армияның бірлестіктері, құрамалары және бөлімдері, 73 әуе армиясының, 37 әуе шабуылынан қорғаныс күштері корпусы, 56 аралас авиациялық әскеи-әуе күштері корпусы, сондай-ақ тыл және техникалық жабдықтау құрамалары мен бөлімдері болды. Қалыптасқан жағдай Қазақстанда орналасқан әскерге жақсы жолға қойылған қатаң бақылау орнатылуын талап етті. Ел басшылығы бұл үшін барлық қажет шараларды қолданды. 1991 жылы 21 тамызда Қазақстан Президентінің “ Қазақ КСР- інің  Қауіпсіздік кеңесін құру туралы” Жарлығы шықты.

 Жарияланған егемендікті қорғау үшін, сондай-ақ, елдегі және республикадағы әскери саясатқа іс жүзінде ықпал ету үшін республикалық қорғаныс мекемесін құру обьективті қажеттілікке айналды.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның мемлекеттік саясатын біртіндеп жүзеге асыра отырып, 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президенті “ Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы” Жарлық шығарды. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болып генерал-лейтенант С.Қ. Нұрмағамбетов тағайындалды.

Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті Азаматтық қорғаныс штабы мен Қазақ республикалық әскери комиссариатының негізінде құрылды. Оған “әскери жасақтарға бақылауды”  жүзеге асыру, сонымен бірге әскерлердің орын алмастырып, әр түрлі әскери жаттығулар жүргізуін, әскери мүліктердің республикадан тысқары жерлерге тасымалдануын, армияның әскери қызметіндегі басқа да бағыттарды “назарда” ұстау міндеті жүктелді.

Қазақстанның Мемлекеттік қорғаныс комитеті әскери-кадрлық саясатын КСРО Біріккен Қарулы Күштері Бас қолбасшылығының келісімімен жүргізіп отырды. Мысалға, Қазақстанда тұрған бөлімдер мен құрамалардағы полк командирінен бастап жоғары қызметтерге офицерлердің тағайындалуы міндетті түрде республика басшылығымен келісілуі керек болды.

Тәуелсіз Мемлекекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы 1991 жылғы 21 желтоқсандағы ортақ әскери-стратегиялық кеңістікті және бірыңғай қолбасшылықты сақтау және қолдау туралы сөз болды. Алайда, сол жылғы желтоқсанның ортасында Украина президенті, одан соң Әзербайжан мен Молдова президенттері өздерін стратегиялық күштерден басқа, өз республикаларының территориясында тұрған әскердің бас қолбасшысы етіп жариялады. 1992 жылдың басында бірыңғай қолбасшылықты сақтау ғана емес, ТМД елдері Қарулы Күштерін біріктірудің өзі мүмкін емес екендігі белгілі болды. Бұл басқа да бұрынғы одақтас республикаларды дербес армия құруға мәжбүр етті.

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы”, “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” және алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал полковник (1993 жылдың 9 мамырынан армия генералы) С.Қ.Нұрмағамбетовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып қалды.

Республика армиясының негізгі құрамында бірнеше (оның ішінде бір танк) дивизиясы бар 40 жалпы әскери армия, авиация корпусы, радио және радиотехникалық барлау бөлімшелері, жабдықтау бөлімшелері және Байқоңыр ғарыш айлағын, Семей сынақ алаңын және Сарышағандағы, Ембідегі, Арал теңізінің Барсакелмес аралындағы сынақ алаңдарын арнайы жабдықтау бөлімдері, базалар, арсеналдар, қоймалар және басқа да бөлімдер мен мекемелер құрады. Қазақстанда барлығы 200 мыңнан астам әскери қызметшілер болды, олардың қарауында стратегиялық қарудың аталған түрлерінен басқа 1200 танк және брондалған машиналар, 1500 артиллериялық жүйе және 370 әскери ұшақ бар еді.

Бұрынғы Кеңес Армиясының аталған бірлестіктері, құрамалары және бөлімдері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің негізін құрады.

Тәуелсіз Қазақстан армиясын құруда қорғаныс мәселесі бойынша құқықтық  негіз қалаудың маңызы зор болды. Бұл жұмысты Президент, Үкімет, Қорғаныс министрлігі белсенді әрі мақсатты түрде жүргізді. Жас республиканың Отан қорғау мәселелері жөніндегі алғашқы заңдары өз уақытында және тиісті деңгейде дайындалды. 1992 жылы 22 қыркүйектің өзінде-ақ Жоғары Кеңес “ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғаныс туралы” Заңды қабылдады. Төрт айдан кейін – 1993 жылы 19 қаңтарда “Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы”, ал екі аптадан кейін – 1993 жылы 1 ақпанда “ Әскери қызметшілердің және олардың отбасының мәртебесі әлеуметтік қорғалуы туралы” Заңдар күшіне енді. Сондай-ақ, 1993 жылы 11 ақпанда Президент бекіткен Қазақстан Республикасының алғашқы әскери доктринасы ұжымдық түрге дайындалды. Ол соғысты болдырмау, қорғаныс қуатының жеткіліктілігі, ТМД елдерімен өзара көмек одағы принциптеріне негізделді. Доктрина ережелері мемлекеттің сыртқы саяси және әскери қызметінде кеңінен пайдаланылды.

1992 жылы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) қатысушысы болды, ал сол жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Кеңестер Одағының шарттары мен міндеттемелерінің құқықтық мұрагерлігін мойындайтынын мәлімдей отырып, Қазақстан өзі қол қойған шарттар мен келісімдерді, оның ішінде қаруды шектеу мен қысқарту мәселелері жөніндегі міндеттерін де адал орындап келеді. Орташа және шағын радиусты аумақта әрекет ететін ракеталар келісімдерде көрсетілген мерзімдер ішінде біртіндеп жойылды. Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту және шектеу жөніндегі шарт негізінде құрлықаралық баллистикалық және қанатты ракеталар кезекшіліктен алынып, 1995 жылдың ортасына қарай Ресейге жеткізілді, бұл қарумен жабдықталған құрамалар біртіндеп республика аумағынан шығарылды. 1998 жылы 109 жауынгерлік және оқу шахталық іске қосу құрылғысы, 16 оқу және командалық пункт таратылды. Сол мерзімде Байқоңыр сынақ алаңында 10 сынақтық шахтаның іске қосу құрылғысы, Дегелең тауларындағы 12 құрылғы, 187 штольняның 181-і және Семей сынақ алаңының Балапан алабындағы 13 ұңғыма жойылды. 1991 жылы 29 тамызда жабылған ядролық сынақ алаңының негізінде 1992 жылы мамырда Ұлттық ядролық орталық құрылып, Курчатов қаласы республиканың ядролық физика және экология проблемаларын зерттеу саласындағы ғылыми әлеуетін шұғыл көтерді.

Қарулардың бір түрлерін жойып, енді біреулерін қысқарту жөніндегі шаралар шет ел бақылаушыларының қатысуымен немесе әскери техника мен қару орналасқан аудандарды одан әрі бақылауға алу арқылы жүзеге асырылды. Қазақстандық нысандарда инспекциялық сапармен 16 мемлекеттен келген 33 инспекторлар тобы болды. Өз кезегінде қазақстандық өкілдер Германия, Польша, Италия аумағындағы шарттарды жүзеге асыру жөніндегі көп ұлтты инспекцияларға қатысты.

Қазіргі кезде ҚР ҚК –не құрлықтағы әскерлер, аэроұтқыр әскерлері, әуе қорғаныс күштері, ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі және Республикалық ұлан мен Ішкі әскерлер кіреді. Өз ретіне қарай, ҚК түрлері әр түрлі әскер бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен бөлімшелерінен тұрады.

Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалары болады.

Әскер түрлеріне мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері жатады.

Арнайы әскерлерге инженерлік, химия, байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік әскерлер және т. б. жатады.

Мотоатқыштар әскерлеріне мотоатқыштар бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады. Олар ұрыс құралдарының әр түрімен қаруланған және моторландырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері жаяу әскерлердің ұрыс машиналарымен (ЖҰМ), бронетранспортерлермен және танкілермен жарақталған. Жауынгерлер автоматпен қаруланады және бөлімшелерде танкіге қарсы күрес жүргізетін және басқарылатын реактивтік снарядтар (ПТУРС) болады. Қаруланған мотоатқыштар құрамалары бөлімдерінің құрамына түгелдей моторландырылған артиллериялық инженерлік, химиялық, байланыс, автомобильдік және басқа бөлімшелер енген.

Танк әскерлері – құрлық әскерлерінің басты екпінді күші. Олар ең басты күрделі міндеттерді орындау үшін қолданылады.

ҚР ҚК-нің құрамаларының қару – жарағында орта және жеңіл жүретін танкілері бар.

Құрлық әскерінің артиллериясында зеңбіректер, келте зеңбіректер, реактивтік қондырғылар, танкіге қарсы қолданылатын жойғыш зеңбіректер, минаатарлар және алыс қашықтықта әрекет ететін танкіге қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік снарядтар болады. Барлық құралдары моторландырылған.

Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен бөлімдері құрлық әскерінің тіршілігі мен ұрыс әрекеттерін толық қамтамасыз етуге арналған.

Инженерлік әскерлер. Бірде – бір әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар мен көпірлер салады, сулы тосқауылдардан өту құралдарын жабдықтайды, қарсыластың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Қорғаныста қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрызыды, бөгеттер жасайды.

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері (РХБ қорғау) - әскерлерді ұрыстық қамтамасыз ету түрлерінің бірі ретінде ұрыста радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдану жағдайында әскерлердің шығынын төмендету және қорғану мақсатында қолданылады.

Байланыс әскерлері бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын қамтамасыз етеді.

Техникалық қамтамасыз ету бөлімдері ракеталар мен оқ – дәрілерді күтіп ұстауға, сақтауға, әскерлерді қару – жарақпен , техникамен , оқ – дәрілермен қамтамасыз ету және әскери – техникалық барлау, эвакуациялау, бұзылған қару – жарақ пен техниканы жөндеуді ұйымдастырып, оларды уақытында іске қосуға арналған.

Тыл бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары әскерлердің тылын қамтамасыз етуге арналған. Олар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құралдарды жеткізу, жаралыларды, бұзылған техникаларды эвакуациялау және басқа да жүктерді тасымалдау міндетін атқарады.

Әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайды. Олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері (ӘШҚӘ) зениттік – ракеталық әскерлерден, ӘШҚӘ авиациясынан, радиотехникалық және арнайы әскерлерден тұрады.

Әскери әуе күштері майдан, армиялық және әскери – тасымалдау авиацияларынан тұрады.

Әскери – теңіз күштері Каспий теңізімен шекаралас өзендердегі қазақстандық секторын қорғауға, теңіздегі ұрыс қимылдары мен операцияларын жүргізуге арналған.

Аэроұтқыр әскерлері (десантшылар) әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, шабуыл жасап келе жатқан әскерлер келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластардың штабтары мен тылдағы бөлімдерін жоюға, қарсыластарды қоршауда және жоюда көмектесуге арналған.

Ракеталық әскерлер және артиллерия қарсыласты атыспен жоюға арналған.

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің құрамында: шекара әскерлері мен шекара қызметінің теңіз дивизиясы болады.

Шекара әскерлері Отанымыздың аумақтық біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Шекара қызметінің теңіз дивизиясы шекарашылармен бірге ҚР-ның Каспий теңізіндегі сумен шекаралас бөлігін қорғауға арналған.

Республикалық ұлан ҚР Президентіне бағынатын жеке әскери құрылым. Ол аса маңызды объектілерді қорғауға байланысты міндеттерді орындайды. Жоғары мемлекеттік деңгейдегі хаттамалық және салтанатты шерулерді қамтамасыз етуге, сондай – ақ төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қатысады.



Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік - әскери міндеттерді орындауға арналған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет