БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША МАТЕРИАЛДАР Жазбаша жұмыстардың қатарына реферат, курстық жұмыстар, бақылау жұмыстары жатады. Жазбаша жұмыстардың тақырыптары, оны орындау әдістемесі, білімгерлердің курс бойынша алған білімін өз бетінше тексеруге арналған тест сұрақтары берілді. Тест материалдарымен қоса дұрыс жауаптар кілті, білімді бағалау критерийлері, аралық аттестация тапсыруға арналған емтихан сұрақтары берілді. Емтихан сұрақтарының мазмұны пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек.
Лекция курсы бойынша мини-тест, карточкамен жұмыс, терминологиялық диктант, сонымен қатар екі рубеждік бақылау жүргізіледі.
Курсты оқу барысында сабақтың келесі түрлері қолданылды:
-ұжымдық тренинг Тренинг- білімгердің практикаға қажетті біліктер мен дағыдылард қолдана білуіне ықпал ететін әдістер мен тапсырмаларды қамтитын сабақ түрі.
-карточкамен жұмыс
Бұл жұмысты білімгер жеке немесе «кіші топтар» орындайды және эвристикалық мәселелерді шешудегі немесе қандай да бір ситуацияны немесе концепцияны талдаудағы білімгердің мүмкіндігін анықтайды.
- Бақылау жұмыс Курстың бір немесе бірнеше тақырыптары бойынша жүргізіледі. Тақырыптың санына қарай оқытушы бақылау жұмысының уақытын белгілейді. Бақылау жұмысы, оның тақырыбы мен өткізетін уақыты туралы білімгерге алдын-ала ескертеледі.
-жеке тапсырма. Бұл тапсырма жеке-жеке беріледі. Ол құжаттың, гипотезалар мен концепциялардың салыстырмалы талдау түрінде берілуі мүмкін. Білімгер тапсырманы оқытушы бекіткен мерзімде орындауы тиіс және ол орындалған тапсырманы оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмыс сабағында тапсырады.
-тапсырманы қорғау Практикалық сабақта немесе БАОӨЖ тапсырманы ауызша немесе жазбаша түрде(ауызша түсініктеме береді) тапсырады. Тапсырманы ауызша қорғаған кезде басқа білімгерлердің талдауы қарастырылды.
-ауызша сұрау Жеке немесе топта әлеуметтану бойынша қандай да бір проблеманы талдау түрінде жүргізіледі.
-коллоквиум Жұмыстың бұл түрі практикалық сабақтарға немесе БАОӨЖ дайындау барысында орындалады. Бұл жұмысты білімгер берілген материал бойынша қысқаша жазбаша түрде дайындайды.
-глоссарий жүргізу Глоссарий дегеніміз- терминдер мен түсініктердің сөздігі. Глоссарий жүргізу- білмгердің міндетті жұмысы болып табылады. Бұл жұмыс білімгердің тестке, бақылау жұмыстарына, коллоквиумге дайындалуына жеңілдік жасайды.
-ғылыми баяндама дайындау Ғылыми баяндама дайындау үшін білімгерге тарихи ғылымының кішігірім проблемалары беріледі. Баяндау дегеніміз-практикалық сабақта проблемаларды қысқаша айту (5-7 минут), соңында бұл мәселені топпен бірге талқылау.
-рефераттық жұмыс Көлемі 3-5 бет болатын рефератты білімгер белгілі бір тақырып бойынша орындайды. Реферат кіріспеден, негізгі бөлімінен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, кесте, сызба, суреттер түріндегі қосымшадан (қажет болған жағдайда) тұрады.
Білімгер рефератты оқытушы белгілеген уақытта тапсыруы керек. Рефератты оқытушы тексеріп болғаннан кейін білімгер оны практикалық сабақта немесе БАОӨЖ.
-мини-тестер Жұмыстың бұл түріні оқытушы білімгердің білімін тексеру мақсатында ескертусіз практикалық сабақтарда, лекция кезінде жүргізе алады.
Мини-тестер 5-8 сұрақтан тұрады, оны өткізуге 8-10 минут беріледі.
-Терминологиялық диктант Диктант практикалық сабақ барысында курстың бір немесе бірінше тақырыптарының терминдері бойынша жүргізіледі. Білімгерге тақырыптар туралы алды-ала ескертіледі. Диктант жазбаша түрде өткізіледі.
1. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша білімді бақылау және бағалау негізінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, дәрісханалық және дәрісханадан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы( жіберу рейтінгінің бағасы)
Дәрісханалық сабақтардағы және білім алушылардың өзіндік жұмысын тапсырудағы ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан жинақталады.
3. Үлгерімінің ағымдық бақылауы кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсрымалары(күнделікті сабақтардағы жауап, ұй тапсырмаларын орындау, білім алушының өзіндік жұмысы, аралық бақылау) 100 балдық( 100 пайыздық) шкала бойынша бағаланып, ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.
4. Аралық бақылау әрбір пән бойынша бір академиялық кезеңде екі рет өткізіледі.
5. Білім алушыларды аралық аттестациялау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жұзеге асырылады.
6. емтихан қысқы және жазғы сессияда болады.
7. емтихандық сессияға жіберу:
а) бірінше кезеңде факультет деканынң жалпы шешімімен оқу ақысын толық төлеген, пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ бңлім алушылардың сессияға жіберілуі жүзеге асырылады;
б)екінші кезеңде тиісті пән бойынша үлгерімнің ағымдық және аралық бақылау қорытындысымен анықталатын рейтинг бағасы негізінде емтиханға автоматты түрде жіберілу жүзеге асырылады. Аталған рұқсат беру емтихан ведомостарындағы әрбір білім алушының тегінің тұсына тіркеуші офисі тиісті белгі қоюымен орындалады. Аталған пән бойынша жібру рейтингісін алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға(емтиханға) жіберілмейді.емтиханда білім алушының үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
8.Үлгерімді ағымдық бақылаудың бағасы(жіберу рейтінгісінің бағасы) пән бойынша қорытынды бақылау(емтихан) жұмыстарының әрқайсысы, сондай-ақ сабақтардағы әрбір жауап, тапсырылған жеке тапсырма, әрбір зертханалық жұмыс және реферат 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады. Білім алушылардың білімін бағалауда тапсырма түрінің ерекшелігі мен күрделілігін анықтайтын коэффициенттер (салмақтық үлес) беріледі. Сол тапсырма бойынша білім алушының ағымдық бақылау бағасы 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланған бағасын осы салмақтық үлеске көбейту арқылы есептелінеді )2-кестеде жеке тапсырмалар түрлері бойынша салмақтық үлестер 3-бағанада келтірілген).
11. Ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысыны тапсырудағы (БАӨЖ- дағы) ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан жинақталады. Бағалау принципі 1-қосымшада көрсеілген. Дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы (БАӨЖ- дағы) ағымдық бақылау бағасы пән ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар түрлері бойынша бағалануы 2-кестеде көрсетілген.
2-кестедегі дәрісханалық және білім алушының өзіндік жұмысындағы тапсырмалардың түрлері пән ерекшеліктеріне байланысты құрылымданады, сабаққа қатысуға 0,15 салмақтық үлес міндетті түрде беріледі, қалған тапсырмалардың тізімі мен салмақтық үлес оқытушының таңдауымен өзгертілуі мүмкін. Дәрісханалық жұмыс бойынша қосынды салмақтық үлес 0,60-танаспауы және білім алушының өзіндік жұмысы бойынша қосынды салмақтық үлес 0,40-тан аспауы қажет.
12. Білім алушының пән бойынша білімнің салмақтық үлесі бойынша 60%-ын оқытушы бағалайды (ағымдық бақылау). Қорытынды бақылаудың (емтиханның) салмақтық үлесі бойынша 40%-ы тіркеуші офисі арқылы білім алушының ауызша тест түрінде өткізу арқылы анықталады.
13. Тест түрінде өткізілген аралық бақылауда білім алушыға 20 сұрақ беріледі.