БАҒдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған



бет2/3
Дата07.07.2018
өлшемі0,77 Mb.
#48289
1   2   3
Түсінік хат
Баланы жастайынан әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрлерді игеруге,тілін дамыту, халық өнеріне баулу тәрбиенің көзі деп саналған.

Ұлттық тәрбие ананың сүті, ананың әлдиінен, ана тілінен бастау алады. Баланың тілі ана тілінде шығып, ана тілінің мың құбылған мазмұнын терең түсінсе ғана ұлттық қасиет, салт-сана, дәстүр ерекшелігін психологияны игереді екен.Ана тілін түсіеген әрбір жас ата дәстүрді аттамайды, ал дәстүрді құрметтеген адам «Адамгершілік» деген үлкен қасиетті әрқашан биік ұстайтыны анық.

Асыл мұра үйірмесін оқытудың мақсаты:


  • оқушы бойында қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, ежелгі замандардан бүгінге жеткізіп берген дәстүрлі танымы мен білімін, сенімі мен көзқарасын, өлшемі мен түсінігін қалыптастыру. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, ептілікке, қырағылыққа,төзімділікке тәрбиелеу.

Осы мақсаттарға сәйкес ұлттық дүниетанымды оқытудың мынандай жалпы міндеттері айқындалады.

  • Туған еліміздің, халқымыздың төл мәдениетімізге лайық таным түсініктері мен ерекшеліктерін қалыптастыру;

  • Шежірелі ата-қоныстар, халық «қара шаңырақ» деп кие тұтатын киіз үй және оның ішкі, сыртқы жиһаздарынан бастап, әдет-ғұрыптарымыздың сан алуан түрлері және оның тәрбиелік қызметі мен орны туралы түсініктерін жетілдіру;

  • Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған салты мен сапасына бағыт-бағдар етіп сақтаған салт-дәстүр, әдеп пен тыйым, жөн-жосық, жол-жоралғы сияқты қазақ мінезі мен тіршілігін тануға баулу;

  • Ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде еңбекке, халықтық ісмерлікке, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық сезімдерін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

  • Қазақ батырлары, хандары, билерімен таныстыру.

Қазақтың ұлттық психологиясының бір ерекшелігі – атамекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.Қазақ халқы туған жерін, ата-бабасының өмір сүрген өмірді ерекше қасиет тұтып қадірлеген. «Басқа жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Отан оттан ыстық» деген мәтелдердің өзінде философиялық үлкен ой жатқандығын, терең мән-мағына барын көреміз.

Негізінен алғанда, ұлттық психикалық құрылым үш компоненттен тұрады.Ол: ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез-құлық.

Жалпы алғанда, тәлім-тәрбие ұлттық мәдениетпен тығыз байланысты.

3
Асыл мұра бағдарламасының білім мазмұны



4 сынып

(аптасына 1сағаттан, барлығы 34 сағат)
І. Ұлағатты ұлттық ұғымдар (21 сағат)
Қазақ мемлекеті (хандығы). Егеменді қазақ елі. Қазақ хандығының

хандары.Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз хандары және билік құрған жылдары.Абылай хан, Кенесары Қасымұлы. Қазақ халқының билік айту дәстүрі.Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.Билер туралы аңыз әңгімелер. Қазақтың батырлары.Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Ағыбай батыр. Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар, Ер Қосай батырлары. Шешендік өнер. Жиренше шешен.Қазақ халқының ақын-жыраулары мен күйшілері. Асанқайғы жырау. Құрманғазы.Қазақтың ұлттық киімдері. Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар. Қазақша салмақ өлшемдері.

5, 6, 7 сандарының мағынасы.
ІІ. Қару-жарақтар ( 2 сағат)
«Ер қаруы – бес қару» Бес қаруға байланысты сөз тіркестері. Қорғаныс құралдары ( жарақтар). Қаракерей Қабанбай батырдың қанжары.

ІІІ. Жырлар ( 3 сағат)

Бесік жыры.Тұсау кесу жыры. Батырлар жыры. Тұрмыс - салт жырлары



ІҮ. Төрт түлік .Аңшылық ( 4 сағат)
Төрт түліктің пайдасы. Жылқы –малдың патшасы. Ат әбзелдері.

Аңшылық - ата кәсіп




Ү. Ұлттық ойындар (4 сағат)

Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары . «Асық ойыны». Қадірлесең салт-дәстүр-қымбатты асыл қазына

4

Осы курс бойынша оқушылардың меңгерілгенбілім, білік, деңгейіне қойылатын талаптар



Ұлағатты ұлттық ұғымдар бойынша:

  • қазақ хандығының хандарын, ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз хандары және билік құрған жылдарын білу;

  • Үйсін Төле би, Арғын Қаздауысты Қазыбек би, Алшын Әйтеке билерін білу;

  • қазақтың батырларын білу;

  • қазақ халқының ақын-жыраулары мен күйшілерін білу;

  • қазақтың ұлттық киімдерін,киімге қатысты тыйымдар мен ырымдарды білу.


Қару-жарақтар бойынша:

  • шабуыл, қорғаныс құралдарын, қару-жараққа байланысты ырымдар мен сенімдерді білу.


Төрт түлік, аңшылық бойынша:

  • мал әбзелдері мен құрал-жабдықтарының атауларын білу;

  • саятшылықта қолданылатын құрал-жабдықтарды білу;

  • аңшылыққа қатысты тыйымдар мен ырымдар, мақал-мәтелдерді білу.



Зерттеуге байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері


  • Ұлағатты ұлттық ұғымдар бойынша конференция, диспут, пікірталас жүргізу;

  • реферат жазу, шығармашылық сайыстар өткізу;

  • дөңгелек үстел, сурет сайысы.


Күтілетін нәтиже:


  • Оқушылар танымдық және комуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұралармен үндестіру арқылы тұлға ретінде қалыптасады;

  • Оқушының ақыл – ойы, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапалары дамиды.

5

Асыл мұра бағдарламасының күнтізбелік жоспары



4 сынып

р/с


Тақырыбы

Сағат саны

Өткізу мерзімі

1


І. Ұлағатты ұлттық ұғымдар (21 сағат)

Қазақ хандығының құрылуы


1





2

Егеменді қазақ елі.

1




3

Қазақ хандығының хандары

1




4

Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз хандары және билік құрған жылдары.

1





5

Абылай хан, Кенесары Қасымұлы

2




6

Қазақ халқының қолөнері 

1




7

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

1




8

Билер туралы аңыз әңгімелер.

1




9

Қазақтың батырлары.Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Ағыбай батыр.

2





10

Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар, Ер Қосай батырлары

2





11

Шешендік өнер. Жиренше шешен

1




12

Қазақ халқының ақын-жыраулары мен күйшілері.

1




13

Асанқайғы жырау Құрманғазы

1




14

Қазақтың ұлттық киімдері

1




15

Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.

1




16

Қазақша салмақ өлшемдері

1




17

Киелі сандар.Қазақ халқында жиі қолданылатын сандар.

1




18

Киелі 7 саны

1







ІІ. Қару-жарақтар ( 2 сағат)







1

«Ер қаруы – бес қару»

1




2

Қаракерей Қабанбай батырдың қанжары

1







ІІІ.Жырлар ( 3 сағат)







1

Бесік жыры.Тұсау кесу жыры

1




2

Батырлар жыры

1




3

Тұрмыс - салт жырлары

1







ІҮ. Төрт түлік. Аңшылық ( 4 сағат)







1

Төрт түліктің пайдасы

1




2

Жылқы –малдың патшасы

1




3

Ат әбзелдері

1




4

Аңшылық - ата кәсіп

1







Ү. Ұлттық ойындар (2 сағат)

1




1

Ұлттық ойындар

1




2

Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары 

1




3

«Асық ойыны».

1




4

Қадірлесең салт-дәстүр-қымбатты асыл қазына

1



6
Пайдаланған әдебиетттер тізімі




  1. Сейіт Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» 2005 ж.



  1. «Жеті қазына» 2001 ж.




  1. Н.Базылхан «Сен білесің бе?» атты тарихи-этнографиялық кітаптар топтамасы. 2001 ж,.2002 ж., 2003 ж.




  1. Аюбай Құралұлы «Ұлттық дүниетаным» 1997 ж.




  1. М.Ш.Өмірбекова «Қазақ халқының дәстүрлі өнері» 2004 жыл.

7

1-сабақ



Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін

мекендеген қандас, туыс ру-тайпаларының өзара экономикалық, мәдени және саяси қарым-қатыныстары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген тілектері нәтижесінде дүниеге келген тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылу тарихы оқушылардың білімділік сапасын арттырады. Қазақ хандығының құрылуы тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.



Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам

қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.



Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін сабақ

барысында көрнекі құралдар пайдаланып, пікірсайыстар, ойындар ұйымдастырып отыру.



Сабақтың түрі: Ойын сабағы.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру.

  2. Ой көкпар.

3.Жаңа сабақ түсіндіру.

  1. Математикалық ойын.

  2. Термин сөздер ойыны.

  3. Жылдар сөйлейді ойыны.

  4. ВЕНН диаграммасы.

  5. Тестпен жұмыс.

Қазақстан Республикасының әнұранымен сабақты бастау.

1 . Жаңа сабақты түсіндіру.

Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығына да құрметті, бірақ сол, бұрынғы-соңғы тарихта орны бөлек екі адам бар десек, бұлар-Керей мен Жәнібек. Бұлардың қайсысы басшы, қайсысы қосшы деуге болмайды. Екеуі де дана, екеуі де ер. Алаштың асып туған ұлдары. Аты жөнімен таратсақ, ежелгі түріктің қият руынан бастау алатын, қазақтың үш жүзіне ортақ төре деген рудан. Аталарын таратып айтсақ:

Шыңғысхан

Жошы хан


Тоқай-темір

Өз-темір


Қожа

Бәдіғұл


Орыс хан

Тоқтақия


Болат.                                                           Құйыршық

Керей.                                                                      Жәнібек

 Жәнібек пен Керейдің алдына қойған мақсаты.


  1. Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру.

  2. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы, т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату.

  3. Қазақ тайпаларының басын қосып қазақтың этникалық аумағын біріктіру

8

«Қазақ» атауының шығуы.

«Қазақ» термині зерттеушілер арасында қызу талас тудырады. Ортағасырлық деректер бойынша «қазақ» термині алғашқыда таза әлеуметтік мағынада болды. Әскери іспен айналысқан көшпелілерді немесе орталық билікті мойындамай, мемлекеттен бөлініп кеткендерді білдірген. Қазақ халқының тарихында Алтын Орда дәуірі ерекше орын алады. Бұл мемлекеттің негізін Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан құрды. Жошы хан Ұлытауда билік құрды. Сол жерде оның күмбезі әлі де бар. Ол 1227 жылы қайтыс болды. Жошы хан өлгенен кейін оның баласы Бату әкесінің иелігін батысқа қарай кеңейтті. Мемлекеттің орталығын Еділ бойындағы Сарай қаласына көшірді. Ол кезде Алтын Орданың халқын «ноғайлы» деп атады. Осы ноғайлы елінің құрамында «алаш мыңы» аталған ел Алтын Орда ыдырағанда , қазақ халқына негіз болды.

Алтын Орда мемлекеті ХY ғасырда дағдарысқа ұшырап, көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Соның бірі Ақ Орда атанғаны тарихи деректерден белгілі. Бұл ұлысқа иелік жасаушы сұлтандар Жошы ханның үлкен баласы Орда Еженнен тарайды. 1428 жылы олардан билікті Шайбан тұқымынан (Жошы ханның бесінші ұлы) шыққан Әбілхайыр деген хан тартып алды. Көп ел оған бағынбай, Шу бойына қарай көшті. Бұлар алаш тайпалары еді. Міне, сондықтан Жәнібек пен Керей бастаған, Монғолстанға көшіп кеткен алаш көшпелілері «қазақ» атауын алды.



«Математикалық ойын». Оқушылар мына есептерді шығарып, шыққан сандар тарихи оқиғалар екенін біледі.

  1. 4000 : 2 – 532=                                 (Әбілхайыр ханның қайтыс болған жылы)

  2. 400 х 3 + 148 = Монғолстанның құрылған жылы.

  3. 2800 + 105 – 1500 =                        Әмір Темірдің қайтыс болған жылы.

  4. 728 х 2 + 0 = Қазақ хандығының құрылған жылы.

  5. 4000 + 221 – 3000 =             Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы.

  6. 3800 : 2 + 91 = ҚР-ның Тәуелсіздік алған жылы.

 

Жылдар сөйлейді.

  1. 1206жыл (Шыңғысханның хан болып сайлануы.)

  2. 1456 жыл (Қазақ хандығы құрылды)

  3. 870-950 жылдар (Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары)

  4. 1991 ж 16 желтоқсан. (Қ.Р.Тәуелсіздігінің жариялануы.)

  5. Б.з-дың 552 жылы. (Түрік қағанаты құрылды)

  6. 1995 жылы 30 тамыз. (Қ.Р. Конституциясы қабылданды)

Венн диаграммасы.

«Қазақ хандығы»                                                            «Қазақ мемлекеті»

 

Керей мен Жәнібек                                                                       Н.Ә.Назарбаев

Қорытынды.
2-сабақ

Сабақ тақырыбы: Егеменді қазақ елі

Сабақ мақсаты: 1) Қазақстан Республикасының егемендігін жариялауы, мемлекеттік тәуелсіздігін алуы туралы мәліметтер беру, егемендік пен тәуелсіздік жөнінде оқушылардың ұғымына сай жалпы түсінік беру;

2) тарихи дамудың баламалы жолдарын саралай білуге қызықтыру, оқушылардың тілін дамыту, ақпараттарды игеру қабілеттерін дамыту;

3) Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілгі: Кеңес Одағы саяси-әкімшілік картасы, дүниежүзі саяси картасы, батырлар суреті

9

Сабақтың түрі: аралас



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

Ой толғау. Қазақ батырларының аңсаған армандары не еді?

ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалім: Ата-бабаларымыз аңсаған арманы тәуелсіздік, егемендік еді. Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз «Егеменді еркін ел» деп аталады.



  1. Егемендік, егеменді, егемен деген сөздерді айтып жатамыз, мағынасын түсініп алайық.

Егемендік - бір мемлекеттің ішкі істерінде ешбір мемлекетке тәуелді болмауы және сыртқы саясат жүргізу еркіндігі, тәуелсіздігі.

Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.

Мұғалім: - Балалар, біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?


  • Тәуелсіз алғанға дейін біз қай ел атандық, білесіңдер ме?

  1. Мағынаны тану. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) – империя

15 одақтас республикалар

Қазақстан тәуелді, орталыққа бағындырылған

1980 жылдардағы демократиялық қайта құрулар

1990 жылы 25-қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының

Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Декларация – жұртшылыққа бір шаруа жайлы жария ететін ресми

Мәлімдеме.

1991 жылдың 10 желтоқсанынан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан деп атала бастады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Тәуелсіздігі туралы ҚР Конституциялық Заңы қабылданды.

ІҮ. Сергіту сәті.

Ү. Өзің пайымда.

1. Қазақ халқына тәуелсіздік оңай келді ме? Олар не істеді? Кімдер құрбан болды?

2. Кеңес Одағының құрамында болғанда Қазақстан неліктен шет елдермен тікелей байланыста бола алмады?

3. Халықаралық қатынастар қандай елдердің арасында ғана болады деп ойлайсың?

4. Қазақстан халықаралық қатынастар жасау үшін не істеді?

5. Біздің тәуелсіздігімізді нелер білдіреді?

ҮІ. Ой ширату. Топтық жұмыс

І топ. «Менің елім – Қазақстан»

ІІ топ. «Мен – егеменді елімнің болашағымын»

ІІІ топ. «Біздің тілегіміз – еркіндік»

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы талқылап өз пікірлерін айтады.

ҮІІ. Сабақты беркіту.


  1. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан қай елдің қарамағында болды?

  2. Егемендік дегенді қалай түсінесің?

  3. ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігін қашан жариялады?

  4. Демократия деп нені айтамыз?

  5. Тәуелсіз ел болу мен тәуелді ел болудың айырмашылығы бар ма?

ҮІІІ. Қорытынды.

  • Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл?

  • Тәуелсіздігіміздің баянды болуына кімдер атсалысуда?

  • Тәуелсіздікті сақтап қалу жолында не істер едіңдер?

10

3-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының хандары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі
тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес,
халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Абылай мен Тәуке ханның билік саясатына түсінік беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің сөзі: Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі - Әбілхайыр хандығындағы ру – тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар, хан ұрпақтарының билік үшін таласы, ойрат тайпаларымен соғыста жеңіліске ұшырауы - халық бұқарасының Әбілхайыр ханға наразылығының өрши түсуіне себепші болды. Сонымен қатар феодалдық езгі мен қанау бұқара халықты ауыр күйзеліске ұшыратты. Көшіп - қону тәртібі жиі бұзылады. Халық бейбіт өмірді аңсады. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайда дер кезінде, өз мақсат - тарына шебер пайдаланды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналып, қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Моғолстан ханы Есен - бұға Керей мен Жәнібекті Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды. Оларға Шу бойынан қоныс бөліп берді.
1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды.
Қазақ мемлекетінің ХVI - XVII ғғ. әлеуметтік - экономикалық жағдайы бір қалыпты болды. Қазақ хандығының құрылымы 7 сатыдан қаланды: ауыл – ауыл басы, ата - аймақты - ақсақал, руды - рубасы, арысты - би, ұлысты - сұлтан, жүзді - хан, хандықты - қаған басқарды.
Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көптеген хандар билік басына келіп өз саясаттарын жүргізді. 1680 - 1715 жж. Хан тағына Тәуке отырды. Ол талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды, «Жеті Жарғы» атты заң жинағын құрастырды. Абылай хан 1771 - 1871 жж. Хан тағына отырды. Қоғамдық қайраткер, қолбасшы, дарынды саясаткер ретінде өзін көрсете білді. Барлық мәселені тек дипломатиялық қатынас арқылы шешті. Ұлтының азаттығы үшін күрескен, өз заманының азаматы.

Картамен жұмыс
1. Қазақ хандығының қай жерде және қашан құрылғанын көрсету.
2. Жәнібек пен Керей сұлтандар Қазақ хандығының шекарасын қай жерге дейін кеңейтуге ұмтылды.
Тәуке хан тобы:
1. Жеті жарғы қандай заң?
2. Жеті жарғы заңы неше тараудан тұрады?

3. Ұрлық жасағандарға қандай жаза қолданылды?
4. Моғолстан ханы Есен - бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы алды?
5. Керей мен Жәнібек хандарының туыстық жақындығы қандай?
6. Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы қандай шаруашылық болды?
7. Қазақ хандығының құрылуының, нығаюының тарихи маңызы қандай?
5. Із қуушы – оқушы даталар бойынша жұмыс істейді.
Абылай хан тобы: 1711 - Абылайдың туған жылы.
1742 жыл Абылайдың Жоңғарларға тұтқынға түсуі.
1771 жыл Абылайдың хан болуы.
1757 - 1777 жж. Пекинге 10 елшілік жіберген.
Тәуке хан тобы: XVII - XVIII ғ. Жеті жарғы заңы шығарылды.
1687 - 88 ж. Орта Азиямен сауда дамытты.
1686 - 1693 жж. орыс - қазақ қатынастарын дамытты.
1718 жыл Тәуке хан қаза тапты.
6. Дәнекер – қазіргі өмірде осы қайраткерлердің алатын орны. (ескерткіштер, кітаптар).
Абылай хан тобы: Абылай хан ескерткіштері Астанада, Алматыда, Қарағандыда орналасқан. Қасиетті Түркістан қаласында 2000 жылы Н. Назарбаевтың пәрменімен Абылай ханның басына орнатылған құлпытасқа М. Жұмабаевтың:
Қиын күн туған алаш басына,
Шұбыртып жапанның сар даласына.
Күндерде сонау – қара топсырған ел.
Сол күнде ел қорғаған Абылайдың
Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына,- деген өшпес өлеңі жазылған.
Қ. Байболұлының «Төле бидің тарихы» деп аталатын әйгілі дастанында да «Жеті жарғы» туралы айтылады.
7. Іздеуші – оқушының рөлі тақырыптан тыс мәліметтер, деректер келтіру.
Абылай хан тобы: Абылай сонымен қатар күйші болды. Күйлері: «Ақ толқын», «Дүние қалды», «Қайрат елім», «Қоржын қақпай», «Майда жел», «Сары бура».
Абылай жетпіске келіп дүниеден өтер кезде Бұхар жырауды шақырыпты.
Сонда Бұхар жырау Абылайдан былай деп сұрапты: «Не арман – тілегіңіз бар» деген екен?. Жауабы: Абылай жыраулармен мақұлдаса келе, үш арманын айтқан екен:
1. Көп қан төгілді. Мен төкпесем, дұшпан менің қанымды төгетін болды.
2. Халқым жер емшегін еме алмады, қала кент салғызып үлгермедім.
3. Елдің басы бірікпеді, тентегі телесі көп болды.
Сөзжұмбақ шешу:

1. Абылай хан қазақтың қандай мемлекеттігін сақтауды көздеді?(Алаш)
2. Орта жүз ханы (Әбілмәмбет)
3. Үш жүздің өкілдері қол қойған тау аты қалай аталады?(Ұлытау)
4. Қазақтың соңғы ханы? (Уәлихан)
5. Үш жүздің бірі қалай аталады? (Орта)
6. Қазақстандағы өзен аты? (Жайық)
Қорытынды:
Үй тапсырмасы: «Егер мен хан болсам.....» деген тақырыпта ой толғау жазу.
12

4 - сабақ



Тақырыбы: Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз хандары және билік құрған жылдары

Сабақтың мақсаты:

Ø Қазақ қоғамындағы жүздік құрылымның мәні,орналасқан аумағы туралы оқушыларға деректер беру.Шығармашылық белсенділігін арттыра отырып,бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Ø Оқушыларды қазақ халқының шежіресімен таныстыру арқылы өз ойларын,тұжырымдамаларын толық және мәнерлі жеткізе білу қасиеттерін дамыту.

Ø Тарихи құндылықтарды қастерлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.

Сабақтың әдісі:Баяндау,тірек-сызбалар,сұрақ-жауап,ой қозғау,сөзжұмбақ

Сабақтың көрнекілігі:Карта,тірек-сызбалар,суреттер,қосымша әдебиеттер.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Ø Сәлемдесу,сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІІ.Жаңа сабақ. «Ой қозғау»

1.Қазақ жүздері туралы не білесіңдер?

2.Шежіре дегеніміз не?

Тірек-сызбалар.

1.Жүздердің құрылуы. 2.Жүздердің бөлінуі.

V.Қорытындылау.

Мұғалім сөзі: Кез келген қазақ жеті атасын айтып берсе,ешқашандай паспорттық деректер мағлұматтарға сүйсенбей-ақ оның қай ел,қай жерден шыққанын шежіре білген саңылауы бар қазақ баласы дөп басып тауып бере береді деп жазған Ш.Құдайбердіұлы еді.Сонымен қатар Мұхаммед пайғамбар «өзінің шыққан тегіңді біл,бұл туыстарды жақындастыра түседі»деген болатын.
5-сабақ


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет