Бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған



бет1/11
Дата06.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#54250
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
33 жалпы орта білім беретін мектебі КММ



АРНАЙЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ


жалпы орта білім беретін мектептің
4-сыныбына арналған


2017 жыл

Құрастырған: Бастауыш сынып мұғалімі Л.Ж.Ажикенова





Түсінік хат

Баланы жастайынан әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрлерді игеруге,тілін дамыту, халық өнеріне баулу тәрбиенің көзі деп саналған.


Ұлттық тәрбие ананың сүті, ананың әлдиінен, ана тілінен бастау алады. Баланың тілі ана тілінде шығып, ана тілінің мың құбылған мазмұнын терең түсінсе ғана ұлттық қасиет, салт-сана, дәстүр ерекшелігін психологияны игереді екен.Ана тілін түсіеген әрбір жас ата дәстүрді аттамайды, ал дәстүрді құрметтеген адам «Адамгершілік» деген үлкен қасиетті әрқашан биік ұстайтыны анық.
Асыл мұра үйірмесін оқытудың мақсаты:

  • оқушы бойында қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, ежелгі замандардан бүгінге жеткізіп берген дәстүрлі танымы мен білімін, сенімі мен көзқарасын, өлшемі мен түсінігін қалыптастыру. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, ептілікке, қырағылыққа,төзімділікке тәрбиелеу.

Осы мақсаттарға сәйкес ұлттық дүниетанымды оқытудың мынандай жалпы міндеттері айқындалады.

  • Туған еліміздің, халқымыздың төл мәдениетімізге лайық таным түсініктері мен ерекшеліктерін қалыптастыру;

  • Шежірелі ата-қоныстар, халық «қара шаңырақ» деп кие тұтатын киіз үй және оның ішкі, сыртқы жиһаздарынан бастап, әдет-ғұрыптарымыздың сан алуан түрлері және оның тәрбиелік қызметі мен орны туралы түсініктерін жетілдіру;

  • Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған салты мен сапасына бағыт-бағдар етіп сақтаған салт-дәстүр, әдеп пен тыйым, жөн-жосық, жол-жоралғы сияқты қазақ мінезі мен тіршілігін тануға баулу;

  • Ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде еңбекке, халықтық ісмерлікке, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық сезімдерін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

  • Қазақ батырлары, хандары, билерімен таныстыру.

Қазақтың ұлттық психологиясының бір ерекшелігі – атамекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.Қазақ халқы туған жерін, ата-бабасының өмір сүрген өмірді ерекше қасиет тұтып қадірлеген. «Басқа жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Отан оттан ыстық» деген мәтелдердің өзінде философиялық үлкен ой жатқандығын, терең мән-мағына барын көреміз.
Негізінен алғанда, ұлттық психикалық құрылым үш компоненттен тұрады.Ол: ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез-құлық.
Жалпы алғанда, тәлім-тәрбие ұлттық мәдениетпен тығыз байланысты.
3




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет