43
•
жауапты мойындап, оны әңгімені жалғастыруға негіз ете алады;
• мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың да естуі үшін
жауапты сөзбе-сөз
қайталай алады;
• белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай алады;
• нақты кезеңдегі немесе алдағы әңгіме желісіне қосу
мақсатында жауапты басқа
сөздермен қайталап айта алады;
• жауапты мақтай алады (осы немесе одан кейінгі әңгімеде қолдана отырып, тікелей не-
месе жанама түрде);
• жауапты түзете алады;
• оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме
іздеуге ынталандыра алады;
• оқушыларға маңызды мәселелерге назар аударуға көмектесе алады.
Бар назарын оқушыларды алдын ала белгілі жауапты табуға жетелеуге аударған мұғалімдер,
әдетте, олардың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан шығарып алады. Оқушыларға жауап бе-
руге уақыт беру керек және де мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың
сөздеріне орайластырып құрған дұрыс.
Сұрақ қойылғаннан кейінгі
кідіріспен қатар, көптеген
зерттеулерде мұғалім
оқушының жауабын алғаннан кейін
де кідіріс жасау
қажет
екені атап
көрсетілген. Харгривс және Гэлтон (2002) жалпы алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны
қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундтай
кідіретіндігін анықтаған.
Харгривс және Гэлтон мұғалімнің шұғыл және инстинктілік реакциясы жауапты бағалауға,
қайталауға немесе басқа сөздермен қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс дейді. Күту уақытын
үштен жеті секундқа дейін созса, бұл төменде көрсетілгендер сияқты басқа да параметрлердің
өзгеретіндігіне әкеледі:
1. Оқушылардың жауаптарының ұзақтығы.
2. Ерікті жауаптардың саны.
3. Оқушылар сұрақтарының жиілігі.
4. Қабілеттері төменірек оқушылар жауаптарының саны.
5. «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара іс-қимыл.
6. Пікірталас тудыратын жауаптардың жиілігі.
Ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы (әсіресе күрделі жауаптар үшін) оқушыларға өз
жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, мақсатқа
қатысты жылдамдық туралы ұмытпау керек – жабық сұрақтар тобы орынды болуы мүмкін,
бірақ кей жағдайларда сұрақтарға оқушылардың барынша ойластырылған және терең жауап
бергендері керек.
Қорыта айтарымыз, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы
қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер
қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда,
диалогтік
сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың
шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: