Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет8/9
Дата10.04.2024
өлшемі65,96 Kb.
#200651
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3-4 ЖАС ПЕРСПЕКТИВКА

іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы “Балапан”шағын орталығы
Топ «Балапан» аралас топ
Балалардың жасы 3-4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2023 оқу жылы сәуір айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

сәуір

Дене шынықтыру

Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 м қашықтық), төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру, оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана биіктігі-1,2 м) лақтыру (1-1,5 м қашықтық), аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,5–2 метр қашықтықтан допты бір-біріне, заттардың арасымен, қақпаға домалату. Допты жоғары лақтыру, төмен - еденге (жерге) соғу, қағып алу.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары
Жыл бойы медицина қызметкерінің басшылығымен балалардың денсаулығын және жергілікті жағдайларды ескере отырып, табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру.
Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.
Серуенде қимылды ойындар мен дене жаттығуларына қатысуға қызығушылықты арттыру.



Сөйлеуді дамыту

Байланыстырып сөйлеу:
Зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану.
Ересектердің сөзін тыңдауға үйрету.
Бір-бірімен, ересектермен сөйлесуге үйретіп, естігені, көргені, өзі қолдан жасаған заттары туралы айтуды үйрету.



Көркем әдебиет

Әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдау және түсіну.
Әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін оларға еліктеп, жеткізуді қалыптастыру.
Сюжетті эмоционалды қабылдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту.
Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауды дағдыландыру.



Математика негіздері

Уақытты бағдарлау.
Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.
«Көп», «Бір» ұғымдарын ажыратып, жаңаны тануға ұмтылу, заттарды қызығып, қуанып зерттеуге ындаландыру.
Біртекті заттарды топтастырады және олардың біреуін бөліп көрсетуді меңгерту.
қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табуға үйрету.



Қоршаған ортамен таныстыру

Адамгершілікке баулу
Балаларда жақсы және жаман әрекеттер, қылықтар туралы қарапайым түсініктерді дамыту, әлеуметтік және эмоционалды интеллекті тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр, қамқор, сезімтал және іскер, еңбекқор, ұқыпты) аудару, жақсы және жаман әрекеттерді дұрыс бағалау тәжірибесін қалыптастыру.
Еңбекке баулу
Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық таныту. Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру. Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау.



Құрастыру

Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету, бұрын алынған дағдыларды: төсеу, бекіту, қою қолдана отырып, жаңа ғимараттар салу.



Сурет салу

Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу, әр түрлі пішіндегі (көкөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу, бірнеше көлденең және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеу.



Мүсіндеу

Қазақ халқының әшекей бұйымдарын білу, заттар мен бұйымдарды өзбетінше мүсіндей алуды үйрету.
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіріп,
мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтау.



Жапсыру

Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін қолдану (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау).
Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу.



Музыка

Музыка тыңдау.
Музыкалық және шулы ойыншықтардың, балалар аспаптарының дыбысталуын ажырату, оларды атау, қарапайым ырғақпен соғуды үйрету.
Әннің қарқынына сәйкес топпен қосылып ән айтады, әнді барлығымен бірге бастайды және аяқтайды.
Сөздерді дұрыс және анық айту, әннің сипатын береді (көңілді, мұңды, ойнақы, әуенді);
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
Балаларды музыкалық аспаптармен: сыбызғы, металлафон, қоңырау, бубен, сылдырмақ және барабанмен, сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру.
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда және металлофонда (бір пластинада) ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.


Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет