Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9



бет31/64
Дата15.10.2022
өлшемі376,78 Kb.
#153182
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
Байланысты:
Биологияны оқыту әдістемесі

Дəріс №18.


Тақырып: Биология пəні бойынша сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар

  1. Жалпы жəне жеке сыныптан тыс жұмыстың түрлері

  2. Факультативтік сабақтар

Дəріс мақсаты Жалпы жəне жеке сыныптан тыс жұмыстың түрлері мен факультативтік сабақтар
туралы түсіндіру.
Ұғымдар: Жалпы жəне жеке сыныптан тыс жұмыс, факультативтік сабақ

Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны


Кластан тыс жұмыс Жалпы биология курсы əдетте мектеп оқушыларын көбірек қызықтыратын цитология, экология, эволюциялық ілім негіздерімен оқушыларды таныстырады. Олар бірқатар мəселелерден тереңірек білім алып, тəжірибелер жасауды, бақылау жүргізуді қалайды. Алайда оқужоспары оларды ерекше қызықтыратын мəселелердің барлығына оқушылардың назарын жұмылдыра алмайды. Сонымен қатар мектеп оқушыларының қызығуы да біркелкі болмайды: біреуі молекулалық биология табыстары туралы көбірек білгісі келсе, екінші генетика жетістіктерін, үшіншілері экология бойынша эксперименттік жұмыс істегісі келеді.
Жоғары класс оқушылары сүйіп оқитын пəндерін таңдауға ерекше мəн береді; олар осы жасында өздерінің бос уақытын əлде бір білім саласына қызығуға тұрақтандыра алады. Мектеп оқушыларының білімге құштарлығы, табиғи икемділігі, əлдеқалай тиянақты білім алу перспективасы кластан тыс жұмысты қамтамасыз етеді, олар мұнан былайғы өндірісте жұмыс істеп, жоғарғы оқуорындарында оқуына мүмкіндік береді.
Кластан тыс жұмыс бұрынғыдай мектеп оқушыларына алуан түрлі нəзік амалдар қолдануға, олардың жұмыстағы нақтылы жетістіктерін ғана емес, сондай-ақ ақыл-ойлы ізденістерімен мəселені шешуді өнегелі қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқу қызметін ұйымдастырудың қажетті де құнды формасы болып қала береді. Мектеп оқушыларының
кластан тыс жұмыстағы танымдық əрекеті олардың ой –өрісін, білімін кеңейтіп, ойлаудың жаңа тəсілдерін игеруге, сондай –ақ ізденімпаздық жəне практикалық таңдауды бағдарлай алатын болады. Бұған кластан тыс жұмыстың мазмұны, ішінара теориялық проблемалар шеңбері, тəжірибелер мен бақылаулардың тақырыптық жоспарлары мүмкіндік туғызады. Əдетте жоғары класс оқушылары өздері сегіз жылдық мектепте бастаған биология бойынша ұйымдастырылған кластан тыс жұмысты одан əрі жалғастырады; өсімдік шаруашылығы бойынша тəжірибелер өткізіп, табиғатты қорғау жөніндегі шараларға қатысады, мектептің тірі табиғат мүйісіндегі, теплицадағы, оқу –тəжірибе учаскесіндегі жануарлар мен өсімдіктер тіршілігін бақылайды. Жоғары класс оқушылары мектептегі ғылыми қоғам жұмыстарын жүргізуге беріле кірісіп, күрделі теориялық мəселелерге көбірек қызығады, конференциялар, биологиялық кештер, КВН өткізіп, олимпиадаларға (мектептегі, аудандық, қалалық, облыстық ) қатысады.
Биологиядан натуралистік бағытта кластан тыс жұмыс жүргізілетін мектептерде оқушылар мұғалімдермен бірге, табиғатқа туристік жорық жасап, тірі объектілерді фотоға түсіреді, фенологиялық құбылыстарға – құстардың ұшып келуі мен қайтуына, көбелектердің алуан түрлерінің алғашқы ұша бастауына, бүршіктердің ісінуіне, жапырақтар алақандарының жазылуына, гүлденуге, жемістердің пісуіне бақылау жасап, өз микроауданындағы жануарлар санын есепке алады.
Жалпы сыныптан тыс жұмыстар
Жас натуралистердің үйірмесі, биология кабинетінің ассистенттері тек қана оқушылардың белгілі бір тобын қамтиды. Ал барлық ұжымға тəрбие жəне білім беру процесін топтық жұмыстар арқылы ұйымдастыруға болады.
Жазда көп күндік ьиологиялық экскурсиялар жүргізу өте қызықты болады, оны оқушылар кейде экспедиция деп те атайды. Көпкүндік экспедициялар комплексті немесе арнайы болуы мүмкін.Оқушыларды тəрбиелеудегі негізгі міндеттің бірі – оларды өз білімдерімен басқалармен бөлісуге үйрету. Ол үшін олар ғылыми əдебиеттерді сүйіп оқып, баяндамалар жасап, солар арқылы жолдастарымен пікір алысуы тиіс.
Ғылыми кештер жəне конференциялар ұйымдастырудың үлкен тəрбиелік, əрі танымдық маңызы зор. Əртүрлі биологиялық үйірмелер ұйымдастыруға болады. Мысалы күзде: «Жазғы жұмыстардың нəтижелері» атты көрме ұйымдастыруға болады, «Оқу – тəжірибе үлескесіндегі жұмыстардың нəтижелері» деген көрмелерді барлық биология курстарына ұйымдастыруға болады. «Жас натуралистердің үйірмесінің жұмысы», - көктемде «Оқушылардың жыл бойындағы өзіндік жұмыстары» атты көрмелер ұйымдастыруға болады. Көрмеге бірнеше оқушыларды экскурсияны жүргізуші қылып белгілеп қоюға болады. Көрмені бірнеше мектеп бірігіп өткізуге болады. Кейбір мектептерде журналдар мен қабырға газеттерін шығарады. Сыныптан тыс сабақтың жалпы түріне биологиядан кинофильмдерді демонстрациялауды жатқызуға болады.
Жеке сыныптан тыс жұмыстар
Сыныпта əр уақытта да кейбір оқушылар мұғалімнің өздері тапсырма алып, үйден не мектеп жанындағы оқу-тəжірибе үлескісінде жұмыс жасайды. Кейбір оқушылар үйлерінде тірі мүйіс бұрышын жасайды. Жеке сыныптан тыс жұмыста үй жұмысы мен сабақтан тыс жұмыстарының өз еркімен жүргізілерін алуан түрлілігі болып табылады.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, пəнге деген қызығушылығын арттырады. Мектептегі басқа да шаралармен бірге кітапқа деген тұрақты түрде қарым-қатынасты тəрбиелейді. Бұл жас ұрпақты тəрбиелеудегі ең басты фактор болып табылады.Шындығында да, кітап оқушының танымдық əрекетін дамытады.
Сыныптан тыс жұмыстар оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын жан-жақты қалыптастырып, өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді, практикалық біліктермен, олардың ойлау қабілетін жəне дүниетанымын дамытады. Олардың мазмұны, əдістері сабақпен байланысты болады.
Сыныптан тыс жұмыстардың ішінде факультативтік курстардың орны ерекше.
Факультативті курстардың жалпы білім беретін орта мектептердегі міндеттері. Факультативті курстар мазмұндағы ерекшеліктер, олардың мектепте өткізудің əдістемесі.Биологияны оқыту əдістемесіне биологиялық оқытудың жалпы əдістемесіне жəне жеке əдістемесі болып екіге бөлінеді. Биологиялық оқытудың жалпы əдістемесі мектепгі биология курсына құрылым мазмұнын, жүйесін жəне оның басқа пəндермен байланысын биологиялық ұйымдардың дамуын материалдық бағасының жалпы ұйымдасуын, əдіс- тəсілдерді оқытудың түрлерінің тəсілдері тəрбиелеу жүйесін қарастырады. Ол жеке əдістеме толық əдістеме мен тығыз байланысты. Биологияның жеке курстарын оқытудың əдістемесімен айналысады. Оқу материалының мазмұның жас ерекшелігіне байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет