Мазмүны: Мүғалім балаға ертегі оқиды. Балаға алдын-ала эртүрлі эмоционалдық жағдайды бейнелейтін кішкентай үлестірмелі қағаздар оеріледі. Оқу барысында бала кейіпкердің эмоционалдық күйін бейнелейтін бірнеше үлестірмелі қағаздарды бөлек қоюға тиісті. Ертегі оқылып болғаннан кейін оала кейіпкердің қай түста көңілді, жабырқаулы, мүңлы болғанының себебін түсіндіруі тиіс. Ертегі мэтіні үзақ болмауы тиіс, баланың зейіні мен есінің көлеміне сәйкес келуі шарт.
«Алтын таға» ойыны.
Мақсаты: Ойын мінез-қүлыктағы жағымды
қасиетті қалыптастыруға. сонымен бірге айналадағы адамдарға деген сенімділіктің туындауына бағытталады.
Мазмұны: Көз алдыңа елестетші сен бұғысың. Сұлу, сымбатты, күшті, қарапайым, ақылды, маңғаз. Сенің сол аяғында тағылған - күміс таға бар. Сол тағамен үш рет жерді тоқылдатсаң күміс тиындар пайда болады. Олар сиқырлы әрі көзге көрінбейді, эрбір тиын пайда болған сайын сен мейірімді, қайырымды, боласың. Адамдар бұл тиындарды көрмесе де сенен тараған жылылықтан қайырымдылықты, ізгілікті сезінеді. Олар сені жақсы көріп жақындағысы келіп түрады.
¥сыныс:Бүл ойын баланың адамдармен
арасындағы жылы қарым-қатынасты қалыптастыруға көмектеседі.
сабақ
Тақырыбы: Тұлғаарарлық қатынасты түзету
жаттығулары
Мақсаты: Баланың құрдастарымен өзара
эрекеттестікті жетілдіру, өзіндік бағасын көтеру.
Әдістеме: «Өз үйім» , «Қолғаптар» жаттығуы.
1. «Өз үйім» жаттығуы.
Бала өз автопортретін салады. Сурет салу барысында балаға жақындап, оның суреті жайлы ақырын әңгімелесу керек. Бүл баламен жақынырақ танысуға, ішкі күйінбілуге, оның ерекшеліктерін білуге көмектеседі.Мұнан кейін жетекші үлкен қағазда бейнеленген үйді көрсетеді (ертегідегі сарай болғаны жөн). Жетекші енді бүл «біздің үйіміз» екенін айтады. Қазір үй бос түр.Қағаз бала бойы жететін жерге, қабырғаға ілінеді. Бала үйдің қай бөлігінде тұратынын таңдайды, - оның «автопортреті» дэл сол жерге ілінеді.Қоныстану прцесі аяқталғанда, жетекші «Біздің үйіміз қандай керемет, біз осында тату тэтті өмір сүреміз. Сен тағы кімді орналастырғың келеді?» Дейді.Бала суретке жақындап,өзгертуге. суретті аяқтауға мүмкіндігі бар.
•»
<ч!
Бұл әдістеме баланың отбасындағы қарым- қатынасты, өзіндік бағаны, ішкі уайымды талдауға көмектеседі.
«Қолғаптар» жаттығуы.
Ойынға қағаздан қиылған қолғаптар қажет. Балаға бөлек өрнегі бар қолғап дайындалады. Оның бір жұбын қалған қолғаптарға қосып бөлме ішіне шашып жібереді.Бала қолғаптардың ішінен өзінің жұбын тауып алу керек. Қарындаш комегі арқылы қолғаптарды шапшаң бояйды.тапсырманы баламен бірге ортақ орындауға болады.