Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру



бет2/4
Дата23.08.2017
өлшемі0,83 Mb.
#25121
1   2   3   4

«Дүниетану» пәнінің маңыздылығы


«Дүниетану» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес «Адам және қоғам» білім беру саласының жоспарланған білім нәтижесіне қол жеткізуге бағытталып дайындалған, интеграциялық-пропедевтикалық сипатымен ерекшеленеді.

Дүниетану оқу пәні негізгі орта білім беру деңгейінде қоғамдық-гуманитарлық пәндерді игеруге негіз болады. Дүниетану - адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысаны – адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта және т.б.

«Дүниетану» пәнін оқыту:


  • оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді, адамгершілікті қалыптастырады;

  • оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;

  • Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;

  • әлемнің бүгінгісі мен болашағына өткен замандағы оқиғалардың тигізетін әсері туралы түсінуін тереңдетеді;

  • оқушылардың бойында өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады,

  • оқушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;

  • қоғамдық әдеп нормаларын ұстану қажеттілігін және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білуін қамтамасыз етеді;



«Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты


«Дүниетану» оқу пәнінің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен объектілерінің өзара байланысы мен тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;

- оқушыларда табиғи, әлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау және өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру;

- оқушылардың бойында табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауал және т.б. тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;

- оқушылардың танымдық әректеін дамытуды қамтамасыз ету;

- оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;

- оқу пәні арқылы оқушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы қатынастарды қалыптастыру.


2. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
Құндылықтарға бағытталған ұстаным

Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу – ол тұлғаның өз әрекетінде жетекшілікке жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады.

Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерді бағдарлайды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену - орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.

Тұлғаға бағытталған ұстаным

Тұлғаға бағытталған ұстанымның мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу үдерісінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.



Іс-әрекеттік ұстаным

Іс-әрекеттік ұстанымның негізгі мазмұныоқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегіндебілімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «синтездейді».



Саралап оқыту ұстаны

Саралап оқыту ұстанымы - оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтарынамамандандырылуын,оқушылардың жеке қабілеттіліктерін ескеру мақсатында әртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді. Саралап оқыту ұстанымы әртүрлі оқушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшінарнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.



Коммуникативтік ұстаным

Білім берудегі коммуникативтік ұстаным дегеніміз ақпаратты тарату мен жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың сөйлеу арқылы атқарылатын әрекеттесу үдерісі. Коммуникативтік ұстанымның нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады. Коммуникативті ұстанымға сәйкес ұйымдастырылған оқу үдерісі қатынасу икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіру керек.



Ортақ тақырыптар арқылы оқыту

«Дүниетану» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының «жақын аймағынан», яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.



Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту

Оқу үдерісінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері – ойын алдында оқушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өзбетіндік іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі.

Жобалық ұстаным

Оқу жобасы – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған оқу-танымдық әрекеті. Ортақ мақсатымен, келісілген әдістер мен іс-әрекеттердің реттілігімен, кеңейтілген шешімдер мен белгілі тәсіл бойынша рәсімделген нәтижелермен сипатталынады. Бұл әдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны шешуде өзбетіндік іс-әрекетін танытуымен сипатталады. Бастауыш деңгей білім алушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес жобалау әдісі толығымен жүзеге асырылмайды. Бірақ, жобалау іс-әрекетінің алгоритімі (жоба – мұғалімнің көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өзбетіндік іс-әрекет кешені) толығымен сақталады. Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім алушылардың ұжымдық/топтық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан да сабақ-сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады.



Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және коммуникацияда сенімді және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.

Оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіреді.

Бұл «Дүниетану» пәні бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:



  • БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;

  • дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

  • сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;

  • сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; қолдану; заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;

  • басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;

  • электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;

  • интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;

  • аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.


3. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
«Дүниетану» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.

Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.

Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.

4. «Дүниетану» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
4.1. Әр сыныпқа арналған оқу жүктемесі:


Сынып

Апталық жүктеме

Жылдық сағат саны

1

1 сағат

33 сағат

2

1 сағат

34 сағат

3

1 сағат

34 сағат

4

1 сағат

34 сағат


«Дүниетану» пәнінен сабақ беруге арналған кабинет

Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет.

«Дүниетану» пәнін оқыту үшін қажетті арнайы жабдықтар, ресурстар мен материалдар:


  • демонстрациялыққұрал-жабдықтар (мысалы, стендтер);

  • интернет желісінің қосылуы: компьютерлер/планшеттер;

  • проектор, проекциялық экран және аудиоколонкалар;

  • бейне және аудиоресурстар: тақырыптар бойынша бейнематериалдар жиынтығы;

  • баспа материалдары (кітаптар, энциклопедиялар мен анықтамалықтар);

  • оқу көрнекі құралдар: қағаз және интерактивті карталар, тарихи тұлғалардың портреттері, коллаждар, тақырыптық графиктер мен кестелер, слайдты альбомдар, тарихи жәдігерлер мен заттар немесе олардың көшірмелері;

Пәнді оқуға және зерттеуге көмек болатын сыныптан тыс орналасқан ресурстар:

  • кітапхана ресурстары (кітаптар мен анықтамалық материалдар);

  • электрондық және мультимедиаресурстар;

  • желілік файлдар, интернет (тарих, география, әлеуметтік ғылымдар бойынша негізгі анықтамалық сайттар каталогі).


4.2. Оқу пәнінің мазмұны
Пән бойынша білім мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде сабақтастықты айқындайды. Оқу мақсаттары мұғалімге жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.


№№

Бөлім

Тақырып

11

Мен және қоғам



1.1 Мен және менің отбасым

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

1.3 Менің атамекенім

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

1.5 Құқық және міндет

1.6 Мерекелер

22

Елімнің табиғаты



2.1 Жергілікті жерде бағдарлану

2.2 Климат және ауа-райы

2.3 Табиғат жағдайлары және олардың әсері

2.4 Туризм

33

Тарих беттерінен



3.1 Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары

3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар

3.4 Атақты тарихи тұлғалар мен өнер қайреткерлері

3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік

Оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін код енгізілді. Код бойынша бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан - оқу мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 1.2.1.4 кодировкасында: «1» – сынып, «2.1.» – бөлім мен бөлімше, «4» – оқу мақсатының реттік саны.


4.3. Оқу мақсаттарының жүйесі
Оқыту мақсатының мазмұны пәннің мінездемелік білімін білуі және білімі ғана емес, сонымен қатар оны нақты тәжірибеде қолдану, АҚТ-ны пайдалану, пәнаралық және сабақаралық байланысты іске асырады, коммуникативті дағдыларды және сөйлеу белсенділіктерінің түрлерін дамытуды қарастырады.
1 Мен және қоғам

Тақырып

1 -сынып

2 -сынып

3-сынып

4-сынып




Оқушы:

1.1 Отбасым

1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттеу негізінде «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру;
1.1.1.2 отбасы мүшелеріне қатысты туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орнын анықтау
1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру
1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру;
1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау

2.1.1.1 отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау;
2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру;
2.1.1.3 түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау;
2.1.1.4 бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау

3.1.1.1 отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру;
3.1.1.2 әулет шежірсін құрау;
3.1.1.3 өз әулетінің құндылықтарын анықтау;
3.1.1.4 өз шығындарын жоспарлау және негіздеу;
3.1.1.5 өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну

4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу;
4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау;
4.1.1.3 отбасы бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдау;
4.1.1.4 отбасы бюджетін оңтайландыру жолдарын ұсыну

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

1.1.2.1 мектептің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
1.1.2.2 мектептегі функционалдық аймақтардың орналасқан жерін анықтау;
1.1.2.3 мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру;
1.1.2.4 күн тәртібін сақтаудың маңызын түсіндіру және күн тәртібін құрастыру;
1.1.2.5 тәулік мезгілдері мен апта күндері атауларын қолдану;
1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

2.1.2.1 мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру;
2.1.2.2 мектеп қауымдастығының құрылымын және мүшелерінің қызметін анықтау;
2.1.2.3 мектеп қауымдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру;
2.1.2.4 өз сыныбын сипаттау

3.1.2.1 сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну;
3.1.2.2 түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру;
3.1.2.3 қоғамда өзін өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру;
3.1.2.4 өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу

4.1.2.1 мектептің өзін-өзі басқару ұйымына мүше болу жолдарын түсіндіру;
4.1.2.2 оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтау

1.3 Менің атамекенім

1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау;
1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау

2.1.3.1 өз зерттеулеріне сүйене отырып, тұрғылықты жерінің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеу;
2.1.3.2 Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды, жолдарды, өз облысынкөрсету

3.1.3.1 елді мекендерді түрлі белгілері бойынша ажырату (тип, көлемі, қызметі);
3.1.3.2 қала мен ауылдың байланысын зерттеу, мысалдар келтіру

4.1.3.1 түрлі дәрежедегі әкімшілік-аумақтық бірліктерді (округ, аудан, облыс) ажырату;
4.1.3.2 түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;
1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру;
1.1.4.3 үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру;
1.1.4.4 жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру;
1.1.4.5 үй мен мектеп арасындағы қауіпсіз маршрут жоспарын құрастыру;
1.1.4.6 шұғыл көмек қызметтерін білу және олармен хабарласу жағдайларын анықтау

2.1.4.1 түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау;
2.1.4.2 күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда) қауіпсіздік ережелерін түсіндіру;
2.1.4.3 көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату;
2.1.4.4 қоғамдық көліктегі өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіру

3.1.4.1 тұрмыстық құралдарын пайдалану ережелерін графикалық түрде көрсету;
3.1.4.2 спорт түрлерін топтастыру, спорттың қандай да бір түрімен айналысу үшін қажетті негізгі және өзінің қабілеттерін анықтау;
3.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау;
3.1.4.4 өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау

4.1.4.1 спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану себептерін зерттеу;
4.1.4.2 спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қаупін азайту және алдын алу әдістерін ұсыну;
4.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау;
4.1.4.4 өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау

1.5 Құқық және міндет




2.1.5.1 өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату;
2.1.5.2 қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру

3.1.5.1 ҚР Конституциясының маңызын түсіндіру

4.1.5.1 конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытындылар жасау;
4.1.5.2 Қазақстан Республикасында ың азаматы ретіндегі жеке тұлғаның демократиялық құқықтары мен бостандықтарының, міндеттерінің мысалдарын келтіру;

1.6 Мерекелер

1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау

2.1.6.1 таңдауы бойынша ҚР ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің мәнін түсіндіру

3.1.6.1 зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну

4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет