27
5-сыныпқа арналған практикалық тапсырмалар
Scratch ортасында «
Pong
» ойыны жобасы
1-қадам.
Осы бөлімде секіріп жатқан доп еденге ұрылмас үшін, пайдаланушы
ракетканы жылжытуы тиіс болатын компьютер ойынын жасайсыз. Ол Pong
классикалық ойынына негізделген. Пайдаланушы интерфейсі 19-суретте
көрсетілген.
19-сурет. Экрандағы ойын
2-қадам. Жоба жасау
Суретте көрсетілгендей, доп Сахнаның жоғарғы бөлігінде қозғалысты
бастап, Сахна шетінен секіре отырып, кездейсоқ бұрыш астына ауысады.
Ойыншы допты кері жоғарыға лақтыру үшін, ракетканы көлденеңінен
(тінтуір көмегімен) жылжытады. Егер доп Сахнаның төменгі шекарасына
тисе, ойын біткені. Ойынды қадамдап құрастырамыз. Алдымен жаңа жоба
ашуымыз керек. Scratch жаңа жобасын бастау үшін «Файл» – «Жаңа»
таңдаңыз. Содан кейін тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп, шығатын
мәзірден Жоюды таңдап, спрайт-мысықты алып тастау керек.
Достарыңызбен бөлісу: