Бағдарламасы практикалық тапсырмалар жинағы Касенова А. А. Өскемен қаласы, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата26.10.2023
өлшемі2,54 Mb.
#188364
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Scratch нұсқаулық құрал

3-қадам. Фонды дайындау 
Доп қашан ракетка жанына түскенін анықтау үшін Сахнаның төменгі 
шекарасын белгілі бір түспен белгілейміз, доп осы түске тигенін анықтау 
үшін, түске дейін жету блогын пайдаланамыз (Сенсорлар бөлімінен). Қазір 
бізде ақ фон, Сахнаның төменгі шекарасына 20-суретте көрсетілгендей 
жіңішке қызыл түсті тікбұрыш сала аламыз. 


28 
20-сурет. Сахна фонының төмен жағына тікбұрыш суретін салудың 
қадамдары 
4-қадам. Ракетка мен допты қосамыз 
Жаңа жобаңызға Ракетка (Paddle) қосу үшін Спрайттар тізімі үстіндегі 
Жаңа спрайт салу
батырмасын басыңыз. Ракетка – қарапайым жіңішке 
қысқа төртбұрыш болғандықтан, 20-суретте көрсетілгендей қажетті 
фигураны салу үшін 3-қадамды қайталаңыз. Оны өзіңізге ұнайтын кез келген 
түске бояп, ортасын төртбұрыш ортасына таман орнатыңыз. Спрайт нені 
білдіретіндігін түсіндіре алатындай етіп, оған ат қойыңыз. Сондай-ақ 
Сахнадағы
ракетка бейнесін шертіп, оның 
у
координаты – 120 болатындай 
етіп қозғалтыңыз. 
Міне бізде ракетка бар, бірақ оның жанында секіріп жүретін доп 
жетіспейді. Спрайтты импорттау үшін, спрайттар тізімі үстіндегі 
Кітапханадан спрайт таңдауды
басыңыз. 
Пайда болған терезеден 
Заттар
санатын таңдап, содан кейін доп 
бейнесін таңдап, оны жобаға қосыңыз. Спрайтты Доп деп қайта атаңыз. 
Ойынға арналған скрипттермен жұмысты бастамас бұрын, өзіңіз жасап 
қойған нәрселерді сақтау үшін «
Файл»
- «
Өз компьютеріңізге жүктеуді» 
таңдаңыз. Пайда болған диалог терезесінен, өзіңіздің жұмысыңызды 
сақтағыңыз келетін папканы таңдап алып, файлды 
Pong.sb2 
деп атап, 
Сақтауды
басыңыз. Егер сіз Scratch сайтына өз логиніңізбен кірсеңіз, сіз өз 
жұмысыңызды 
бұлтта 
(Scratch серверінде) сақтай аласыз. Кез келген 
жағдайда файлдарды жиі сақтап отыруды ұмытпаңыз. Ракетка мен Доп 
спрайты бар кезде 
Сахна 
19-суретке ұқсау керек. Келесі қадам ойын іске 
қосылу үшін қажетті скрипттерді қосу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет