Шет тілдері факультетінің «Шет тілдері практикалық курсы» кафедрасының «Шет тілі» пәні бойынша курс саясаты
Оқу барысында сабаққа қатысу дегеніміз дер кезінде сабаққа белсене қатысып және үйге берілген тапсырмалар мен бақылау жұмыстарын өз уақытында орындау. Топтағы студенттердің сабаққа қатысу сапасы оқу барысын ұйымдастыруда өте маңызды.
ШТПК кафедрасында 20.05.05. бекітілген «Балдық-рейтингтік жүйе бойынша студенттердің оқу үлгерімін ұйымдастыру және бағалау жағдайы» бойынша қойылатын талаптар бар.
Бұл талаптар студенттердің студенттердің оқу үлгерімін бағалауда курстың кейбір компоненттері бойынша төмендегідей санкцияларды қамтиды:
1. Егер студент дәрісті себепсіз босатқан болса, онда үй тапсырмасын және сабақта жасаған жұмыстарды қайта жасауға жіберілмейді.
2. Егер студент дәрісті белгілі бір себеппен босатқан болса және қажетті анықтамасын көрсеткен жағдайда, онда үй тапсырмасын және сабақта жасаған жұмыстарды қайта жасауға жіберіледі және бір аптаның ішінде тапсыруға міндетті.
3. Студент қай аптада сабақты босатқанына байланысты бақылау іс-шараларының күнтізбе кестесіне орай студенттің оқу үлгерімін бағалауда төмендегі көрсеткіштер қолданылады: Мысалы: 1 апта
Ең жоғарғы балл – 7 балл– 100%
Сабаққа қатысу – 3 балл - 100%
Сабаққа белсене қатысу - 2 балл - 100%
Үй жұмысын уақытында орындау – 2 балл - 100%
Ал барлық тапсырмаларды орындаған студентке, тапсырманың орындалу сапасына орай ең жоғарғы баллдың тек 80 пайызы ғана қойылады, яғни:
Ең жоғарғы балл – 5,6 балл – 80%
Сабаққа қатысу – 2,4 балл - 80%
Сабаққа белсене қатысу - 1,6 балл - 80%
Үй жұмысын уақытында орындау – 1,6 балл - 80%
Студентке сабақты босатқан күніне сәйкес журналға балл ж/балл қойылады. алымы – «ж», бөлімі – тапсырған материалға қойылған балл.
Емтихан мен жазба жұмыстары кезінде өзгеден көшіріп алуға тиым салынады, ал көшіргені белгілі болса, онда 3 балл алынып тасталынады. Студент қандай да бір себеппен бақылау іс-шарасы кезінде сабаққа қатыспаған болса, келесі сабақтың басында оған мүмкіндік беріледі, мүмкіндікті пайдаланбаса, 0 балл қойылады.
Семестрде 2 аралық бақылау қарастырылған..
Арлық бақылау төмендегідей жүргізіледі:
− Грамматикалық білімін тексеру мақсатында лексико-грамматикалық тест түрінде;
− Монолог және диалогты сөйлеу түрлерін тексеру мақсатында ауызша сұрақ.
Қорытынды емтихан талаптары:
1. лесико-грамматикалық тест;
2. арнайы мәтінмен жұмыс, яғни оқу, аудару және мәтінге талдау жасау;
3. ауызша мәтін.
Оқу барысы сапасын жақсарту мақсатында студенттердің өздерін сабақта ұстау қағидалары қарастырылған:
− дәрістер мен СӨЖ дәрістеріне міндетті түрде қатысу;
− сабақтан себепсіз қалмау;
− сабақтан қалған жағдайда материалдарды оқытушы белгілеген уақыт ішінде қайта тапсыруға міндетті;
− сабаққа кешікпеу;
− оқытушы нұсқауларын тура орындау;
− сабақ барысына белсене қатысу;
− үй жұмысын дер кезінде орындау;
− шет тілінде қате жасауға қорықпау;
− үлгерімі төмен студенттерге жұптық, топтық және фронтальді жұмыс кезінде көмек көрсету;
− жаңа сөздерді транскрипциясымен қатар сөздік дәптерге жазу;
− сабақ бойынша қарызы бар студент аралық бақылау жазуға жіберілмейді;
− жауапты, ашық және бір-біріне мейірімді болу;
− сабақта ұялы телефондарын өшіру;
− факультет көлемінде шет тілінде өтетін барлық іс-шараларға белсене қатысуға.
Студенттерге арналған Нысан
пәннің бағдарламасын келісу парағы ПМУ ҰС Н 7.18.2/08
Студенттерге арналған пәннің бағдарламасын келісу парағы
«Шет тілі» пәні бойынша
2009-2010 оқу жылына
-
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ |
Мамандандырушы
кафедра
|
Кафедра меңгерушісі А.Ж.Т.
|
Қолы
|
Келісілген күн
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Алгебра және математикалық таңдау кафедрасы
|
Павлюк И.И.
|
|
|
Информатика және ақпараттық жуйелер кафедрасы
|
Нурбекова Ж.К.
|
|
|
Септік техника және бағдарлама кафедрасы
|
Потапенко О.Г.
|
|
|
Жалпы және теориялық физика кафедрасы
|
Биболов Ш.К.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |