БАҒдарламасы (силлабус) Пән Өзін-өзі тану Мамандығы : Педагогикалық мамандықтар



бет9/10
Дата11.01.2017
өлшемі3,52 Mb.
#6933
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2-тапсырма. Қарастырылып отырған мэселе бойынша өз ойларыңызды білдіріп, жазбаша ойтолғау дайындаңыз.

35-сабақ


Қазіргі бүқаралық мәдениет және жеке тұлға СӨЖ-2

Кез келген өнердің тура жолдан таюының екі жолы бар: түрпайылық және жасандылык.

Л. Толстой

Мақсаты: шын мәніндегі нағыз мәдениетті бағалай білуге баулу. Міндеттер:

түрмыс эстетикасына қызығушылығын дамыту;

"нағыз эдемі, көркем" - "эдепсіз, түрпайы" үғымдарының мәнін түсінуге ықпал етіп, тұлғаның эстетикалық талғамын калыптастыру;

өзін қоршаған айналаны сүлулық заңдары бойынша қалыптастырып, қабылдау қабілетін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: хрестоматия, қосымша материалдар.

®Тапсырма. "Абай болыңыз - кич!" көрмесі" ойынын үйымдастыру

1. Хрестоматиядан "кич" үғымы туралы материалмен танысыңыздар.

2. Корме үшін экспонат дайындаңыздар: түрмыстық заттар, киім-кешек, эшекейлер т.б. Экспонаттарыңыз үшін тапқыр түсініктеме дайындаңыз (оның шыққан тегі, қасиеттері мен пайдалану жолдары, эдіс-тэсілдері т.б.). Рөлдерді бөліңіздер. Көрмеге басқа топтың студенттерін шақырыңыздар.

36-сабақ


Замандастарымыз - мақтанышьшыз СӨЖ

Табиғатта не керемет күштер бар ғой десек те, Соның бәрі адамзаттан күшті емес деп есепте.

Софокл

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:



Ыстық қайрат, нүрлы ақыл, жылы жүрек.

Абай


Мақсаты: студент жастардың адамгершілік идеалдарын қалыптастыру. Міндеттер:

өзіндік даму мен өздігінен жетілуге үмтылысын дамыту; замандастарымыздың жағымды образдары туралы түсінігін кеңейту;

әлеуметтік мәні бар мақсаттарды қойып, оларға жету қабілеттілігін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия.

®1-тапсырма. Хрестоматияда берілген заманымыздың көрнекті тұлғалары туралы материалдарды оқып, танысыңыздар. Сіздің пікіріңізше, олардың қатарына тағы кімдерді қосуға болады? Сіз өз тізіміңізді жасаңыз, оларды неліктен біздің заманымыздың батырлары деп есептейсіз? .

®2-тапсырма. Сіз өзіңіз біздің заманымыздың атақты, белгілі тұлғасы деп есептейтін адам туралы эссе жазыңыз. Ол адамның көпшілікке кеңінен танымал болмауы да мүмкін екенін ескеріңіз. Бұл, мүмкін сіздің көршіңіз, немесе отбасы мүшесі, досыңыз т.б. болуы мүмкін. Эссенің басты шарты - сіз мақтан түтатын адамыңыздың жоғары адамгершілік қасиеттері, қүндылықтары болып, өзінің жүрек қалауы бар және белгілі бір табыстарға қол жеткізген болуы тиіс.

®3-тапсырма. Дэптерде берілген дэйексөздерді оқы-ңыздар. Олардың қайсысы сіздің пікір, көзқарасыңызды мейлінше толық білдіреді? Қанатты сөздердің біреуін тандап алыңыз да, оған түсініктеме беріңіз.

37 -сабақ

Еркін болу күқығы Лекция-әңгіме

Парасатсыз адам - ерік-жігерсіз адам.

Кімнің ақылы жоқ болса, соны басқалар алдайды,

көзін буалдырландырады, қанайды.

Ойшыл адам ғана азат әрі дербес.

Л.Фейербах

Сабақтың мақсаты: өзін және өзгені бағалай білуге үйрету. Міндеттер:

- тэуелсіз және еркін адам болуға үмтылысын дамыту;

- еркіндіктің саналы қажеттілік екендігі туралы түсінігін кеңейту және терендету;

- өз бетінше шешімдер қабылдап, олар үшін жауапкершілікті сезіну білігін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы.

©Еркіндік жыры "Бәрі бекер,

нағыз ерлер жалғаннан жанып өтер, тіршіліктің бір күні мәні кетер, тіршіліктің бір күні сәні кетер.

Бәрі бекер, адамның жаны бекер, қанішерге

адалдың қаны шекер. Мың жыл өтер, бірақ та күндер ту мае қарақшыға сорлының элі жетер.

Бәрі бекер,

мен - бекер", - деп бөсіппін.

су кешіппін.

Тэуелсіздік!

Сен неге көп кешіктің?

Кешіксең де,

аяулым,


ішіндесің

аялаған алашым ак бесіктің.

Өтер қайғы, өтер мүң, өтер елес -

не отырыс, не түрыс, не төбелес? "Еркіндік!" деп Иеміз шығарды үкім, Қүдай айтса, ештеңе бекер емес!

{Багаев Е.)

©Адамзаттың аспанында жарқырап түратын жулдыздар сияқты өте биік сөздердің арасында "еркіндік" сөзінің орны ерекше. Адамға еркіндіктің ауадай кажет екенін барлық адамдар түсінеді және келіседі, ол керемет қүндылық, байлық: еркіндіксіз өзің бола алмайсың, өз қылықтарың үшін жауап бермейсің, өзіңді өзің корсете де алмайсың. Бірақ осы "азаттық","еркіндік", "бостандық" дегеннің өзі не, оны қалай түсінуге болады? "Еркіндік" және "жауапкершілік" үғымдарының бір-біріне қандай қатысы бар, қандай байланысы бар? "Сөз бостандығы", "ар бостандығы", "баспасөз бостандығы", "демократиялық бостандық", "ерікті, азат коғам" - біз бұл сөздерді үнемі естиміз және пайдаланамыз. Бірақ бостандық, азаттық деген не? Ол шын мәніндегі байлық, игілік пе?

Көпшілік кейде адамның күші, байлығы, билігі және де басқа ресурстары қаншалық коп болса, ол кез келген мэжбүрлеуден азат, тағдырдың кез келген сынынан соншалықты азат деп ойлайды. Алайда билік пен байлық кей жағдайда өзін өзі қолдаудың жүйесіне, құралына айналады. Адам оларды өзі үшін сақтап қалуға қаншама күш, жігер, көп уақыт жүмсаиды, мүндайда азаттык, еркіндік, бостандық туралы ой миыңа кіріп те шықпайды.

Бенедикт Спиноза бостандықты санамен, оқу-ағартумен, адамның білімділігімен байланыстырып, еріксіздікті, тэуелділікті надандықтың көрінісі, соның салдары деп санаған. Орыс философы Н.А.Бердяев адамды азат, ерікті жасайтын оның тандауға, шығармашылыққа, өзі мен қоршаған ортасын өзгерту мүмкіндіктері деп есептеді. Өз тағдырын, іс-әрекетін өзі анықтай алатын адамды ғана азат деп атауға болады. Г.Спенсер "Еркіндіктің не екенін өте түсінбейтін адамдар оны өте тез жоғалтып алуы мүмкін" деп ескерткен. Нағыз адамгершілікті әрекет жақсылык пен жамандықты еркін айыра алусыз мүмкін емес, сондықтан да бүкіл этикалық жүйелер адам еркінің бостандығын мойындайды.

Студенттер үш шағын топка бөлінеді, әрбір топ ( о) хрестоматияда берілген мэтіннің біреуін оқып, талдайды. Ч^У Мәтінді оқып болғаннан кейін студенттер әр үзіндінің негізгі ойын, идеясын айқындап, топ болып кайтадан талқылайды.

1-тапсырма. "Менің еркін болғым келеді"

/ \ Еркіндікті екі түрлі түсінуге болады: бір нәрседен \Jyy "азат, еркін, тэуелсіз болу" және бір нәрсе үшін "еркін, азат, ерікті болу". Сіз үшін осы екі үғым нені білдіретіні туралы ойланып, кестені толтырыңыз.

2- тапсырма. "Адам қүқықтарының декларациясы"

І.Қазіргі элемде адам қандай қүқықтарға ие? Сіздіңше, әрбір адамға қажет негізгі қүқықтарды жазыңыз.

2. Топта барлықтарыңыз жазған қүкықтарды талқылап, адамдардың барлығына қажет ең маңызды, мэнді деген басты құқықтардың тізімін жасаңыздар.

3. Хрестоматиядан Адам қүқықтарының жалпы декларациясын оқып, өз жауаптарыңызды онда келтірілген баптармен салыстырыңыз.

3-тапсырма. "Шығарма"

Хрестоматияда берілген бостандық туралы шығармалардың тақырыптарымен танысыңыз. Бір тақырыпты таңдаңыз да, шығарма жазыңыз.

Шығармалардың такырыптары:

• Азат емес адам бақытты бола алмайды.

• Адамға құқық не үшін керек?

• Шындық жақсы - ал бақыт өте жақсы.

• Кімнің қүқығы көп болса, сонікі дұрыс.

• Қүқықты жариялау аз. Оны ... керек.

• Тулғаның қүқықтарына қол сүқпаушылық - бұл ...

• Адамға мэдени қүқықтар не үшін қажет?

• Ешкімнің біреудің жеке өміріне араласуына қүқығы жоқ.

• Білім алу - қүқық па, элде мэжбүрлеу ме?

• Білім алуға қүқығын пайдаланбаған адам - ...

• Ақшаға білім алу - эділ ме?

• Адамның бәрінің мәдениетке қүқығы бар ма?

• Байлық, кедейлік және мәдениет.

• Мемлекет және біздің мәдениетке қүқығымыз.

• . Адам үшін заң диктатурасы қорқынышты ма?

• Тәртіп жоқ қоғам - хаос.

• Кез келген мэжбүрлеу - адам қүқыгын бүзу емес.

• Әрбір адамның қүқықтары мен міндеттері.

€\ Жаттығу. "Сахналық қойылымдар"

J Студенттердің шағын топтары (3-5 адамнан) адамның басты қүқықтары мен бостандықтары көрсетілген карточкалар алады. Тапсырма

• 7-10 минут ішінде карточкадағы сөздермен аякталатын жағдаят ойлап, оны сахналау қажет.

• Әр топ өзі даярлаған сахналық койылымын көрсетеді.

Карточкалар

• Әр адамның өз дініне сену қүқығы бар.

• Эйелдер мен ерлер кэмелеттік жасқа келгенде олардың үйленуге және түрмыс қүруына қүқығы бар: бір отбасы болып өмір сүруге қүқықты. Терісінің түсі, үлты, діні оларға кедергі бола алмайды. Олар екеуі де түрмыс қүрғысы келгенде ғана үйлене алады.

• Әрбір азаматтың өз пікірін және ойын айтуға қүқығы бар.

• Әрбір азаматтың кай жерде түрғысы келсе, сонда түра алады. Әрбір азаматтың өз елінен кетуіне және қайтып оралуына қүқығы бар.

• Әрбір адам өз елінің азаматы болу қүқығы бар. Ешкім азаматтығынан айрылу немесе азаматтығын өзгерту қүқығынан айрылған жоқ.

• Ешкім басқа біреудің қүлы бола алмайды.

• Әрбір азамат сотта күнэсі дэлелденгенше, кінәлі деп саналмау қүқығы бар.

• Әрбір азамат билік органына сайлауга және сайлануға қүқықты. Сайлау жалпыға бірдей, еркін және тең болуы тиіс!

• Әрбір азамат сотта қорғаушы алуға күқықты. Заң барлық адамға бірдей және әрбір адамды қорғауға тиіс!

• Ешкімнің басқа адамды ренжітуге, кемсітуге және аяусыз жазалауға қүқығы жоқ!

• Әрбір азаматтың мүлікке ие болу қүқығы бар және оған тиісті мүлікті ешкімнің тартып алуға қүқығы жоқ!

• Азамат кінәсіз болса, оны ешкімнің түрмеге отырғызу қүқығы жоқ!

• Әрбір азаматтың эділсот төрелігіне жүгіну қүкығы бар.

• Әрбір азамат жақсы жұмыс жагдайына қүқықты. Жұмыс күні өте үзақ болмауы тиіс! Ал демалыс ақылы болуы керек! Бірдей, тең жұмыс үшін азаматтар бірдей акы алуы керек! Әрбір азаматтың жұмыс істеуге және өз мүмкіндіктеріне қарай жұмыс таңдауға қүкығы бар!

• Ешкімнің басқа азаматтардың жеке өміріне араласуына, рүқсатсыз бөтен үйге кіруге және бөтен хаттарды оқуға қүкығы жоқ!

• Әрбір азаматтың мектепке барып, тегін білім алуға қүқығы бар!

• Барлық азаматтардың жиналып, топтар мен одақтар қүру қүқығы бар. Адамды еріксіз осындай қоғамға кіруге мэжбүрлеуге ешкімнің қүқығы жоқ!

• Барлық адамдар тең және азат болып туады, барлығының бірдей қүқықтары мен қадір-қасиеті бар. Барлық адамның ақылы бар және олар бір-біріне аға мен қарындас сияқты қарауы керек ...

• Сенің түр-түсіңнің қандай екені, қай үлтсың және қай тілде сөйлейсің, саяси көзқарасың қандай, дінің қандай, қандай отбасынансың, байсың ба, кедейсің бе, эйелсің бе, ер адамсың ба, Қандай елде түрасың - Декларацияда көрсетілген барлық күқықтар мен бостандықтар әрбір азаматқа тиісті!

Соңғы карточка оқытушыда қалады, ол қорытындылай келе, былай дейді:

• Әрбір адамның қүқықтарымен қатар қоғамның алдында міндеттері де бар және ол өзінің қүдықтары мен бостандықтары басқа адамдардың қүқықтары мен бостандықтарына кедергі келтірмейтіндей етіп өзін-өзі үстап, өмір сүруі керек.

®Бостандық дегеніміз - барлық нәрсеге ерік беру, рүқсат беру емес, ол ең алдымен, жауапкершілік, қажеттілікті түсіну. Бостандықтың алғашқы шарты -адамға таңцау мүмкіндігін беретін ақыл-ойы және жан-жақты терең білімі.

Өмір


Текке өтіпті бағасыз бар өмірім, Айта алмапты түкті де және жырым. Өле-өлгенше созыла берер ме едің, Жариялылық болмаса, шалалығым.

Суға кетіп,

Тал бопты қармағаным, Енді, міне, хабар көп, Толған ағын.

Қүлағым да саңырау болып кепті, Көзім түкті көрмепті, Таң қаламын.

Жан еместей жүріппіз бұл элемдік, Бір орында тапжылмай түра бердік. Жасыратын несі бар, "Топас" едік,

Бір-ақ күнде ес біліп шыға келдік.

Деді бізге Бостандық: Сөз алдыңыз, Сең бұзылды,

Тоқырау - тазарды мүз. Қүлағымыз таре етіп ашылыпты, Сэуле шашып, Жарқ етіп көз алдымыз.

Естімеппіз бұрын бул кереметті, Өмір нүрын өтірік себелепті. Ақ түйенің қарыны ақтарылып, Енді біліп жатырмыз не керекті.

Өмір, өмір,

Сен бір пэк сүлу едің.

Сүлусың деп ынтығып сүйіп едім.

Қылығыңнан қайсы бір түңілемін,

Кулығыңа ақырын үңілемін.

Жасырғансың қаншама сұмдығынды, Асырғансың қаншама қулығыңды. Ашып, міне, тастадың ақырында Тығып жүрген сүрқия үрлығынды.

Өмір, өмір,

Не деген өтімдісің,

Ғаламатсың,

Сүйкімді едің, қүсым.

Бәрін жүмбақ,

Қүпия жасап келіп,

Бір-ақ күнде ашылған секілдісің.

(Дәуітәлі Стамбекүлы)

4 - БӨЛІМ

Элем, неткен әсем ең!

38 -сабақ

Табиғат әлемі СОӨЖ

Адам өзінің керемет түстерінде де табиғаттан да эсем еш нәрсені көре алмайды.

Ламартин

Мақсаты: табиғатты, қоршаған ортаны бағалау, қорғау, қастерлеуге баулу. Міндеттері:

- келер үрпақ үшін табиғатты сактап қалуга үмтылысын дамыту;

- адам мен табиғаттың бөлінбейтін бірлігін түсінуіне эсер ету, аймақтың экологиялық мэселелерін шешуде өз үлесін қосуға

даяр болу сезімін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, аудиоматериалдар.

®0, Табиғат! Сыйынды алып үлгердім, Қадарымша мен де өзіңе тіл бердім. Мэңгі өлмейтін музыканың тілінде, Сен сөйледің, сырынды айттың, түрлендің.

Сыңғырлады қайындардың сырғасы, Тебіренді теңіздердің түнбасы. Бала бұлақ күліп ақты еңісте, Күрсінді тау - ғасырлардың қүрдасы.

Секілденіп ойлы жырдың шумағы, Ормандарым күнге үмтылып шулады. Бар табиғат улы күйге үн қосып, Өмір-өзен арнасында тулады.

О, табиғат, сенсің менің жан анам, Бар тіршілік бір өзіңе қараған.

Өзіңе үқсап туған едім о баста, Қалай етсем өзіңе үқсап кала алам.

(Теміргали Көпбай)

Хрестоматияда берілген материалмен ганысып \Уу\ шығыңыз. Табиғаттың өміріміздегі орны турапы \£у ойланыңыз.

€ч 1-жаттығу.

>] Сабақтың бұл бөлігінде экологиялық мэселелерге ' көңіл аудару керек. Бұл үшін екі кезеңнен түратын жұмыс шағын топтарда үйымдастырылады. Бірінші кезең -"Түрмыстық қокыс қанша уақыт өмір сүреді?" Студенттер әрқайсысында 5-6 адамнан шағын топтарға бөлінеді. Әр топ карточкалар жиынтығы мен шкала алады (1 -кесте). Карточкаларда әдетге адам ойланбастан кез келген жерге тастай салатын кокыстардың аты жазылған (мысалы, бананның қабығы, газет, жүн шүлық, ағаш жиһаз, пластик стакан, былғары сумка, шыны бөтелке, эйнек, пенопласт бүйымдар т.б.). Карточкалар мен шкалалар топтардың санына қарай алдын ала дайындалады. Студенттер карточкаларды шкала бойынша орналастырады, қандай қоқыс түрі табиғатта үзак уақыт сакталатынын аныктап, содан кейін оқытушы дұрыс жауаптарды айтады, жеңген топ аныкталады. Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Біздің әркайсысымыз табиғатты таза күйінде сақтау үшін не істей аламыз? (Жауаптар тақтаға жазылады).

2. Табиғатқа зиян келтірмейтін материалдар қандай болуы керек деп ойлайсыз?

1-кеспге





Материал дардың табиғатта




шіріп-бүзылу уақыты




* миллион жыл




* 1.000 жыл




* 500 жыл




* 100 жыл




* 50 жыл




* 1 жыл







* 5 ай




* 1 ай




* бірнеше апта

Дұрыс жауаптар:

Бананның қабығы - бірнеше апта Апталық газет - бір ай Мақта-матадан тігілген шалбар - 5 ай Жүн шүлық - 1 жыл Ағаш жиһаз - 10 жыл Былғары сумка - 50 жыл Консерв банкасы - 100 жыл Бір жолғы жаялық - 500 жыл Пластик стакан - 1.000 жыл Шыны бөтелке - миллион жыл Пенопласт стакан - мэңгілік

2- кезең "Карикатуралар"

Студент дэптерінде экологиялық мэселелерді бейнелейтін карикатуралар берілген. Әр топ бір-бір суреттен тандап алады.

Шағын топтарда талқылауға арналған сүрақтар:

1. Суретте қандай мэселе бейнеленген?

2. Бұл мэселе қазақстандықтарға ғана қатысты ма, элде бүкілэлемдік мэселе ме?

3. Мэселені шешудің қандай жолдарын үсына аласыздар?

4. Сіздердің әрқайсыңыз осы мэселені шешуге ат салыса аласыздар ма және қалай?

5. Көтерілген мэселені шешу жөнінде өз жоспарыңызды жазыңыз.

Шағын топтарда тапсырма орындалып болғаннан соң, барлық суреттерді талдап, мэселені шешудің жолдары қарастырылады.

®"Табиғат және адам" проблемасы эсіресе соңғы уакытта өте өзекті мэселеге айналды. Ғылыми-техникалық прогресс адамға табиғатты өзгертудің небір жойқын құралдарын экелді. Қазіргі уақытта адамның табиғатқа көзқарасы біржақты болып отыр. Адамның табиғатпен байланысы, үйлесімдігі бүзылды. Ірі қалаларда, өндіріс орындары шоғырланған мекендерде, сонымен қатар жасанды ортада тіршілік ететін, түратын біздер табигаттың өзінің өмірінің бар екендігіне, оған қолымызбен қандай нүксан келтіріп отырғанымызды көбінесе ойлай бермейміз. Осыған байланысты дэл казір, кешіктірмей, өзімізде табигат сезімін оятуымыз қажет, табиғатпен эмоционалдық байланысты қалпына келтіріп, оған сүйіспеншілікпен қарап, аялай білуге үйренуіміз керек.

/^TjK Жарқыра, Күн!

11 1 / ^ен бүгінде көктеммін, таң - түрағым!

Бұл элемде жабырқап жүргендерге Бір жақсылық етсем деп талпынамын.

Жүректе - сүйікті елес, Мэңгілік Күн - жанымда, биікте емес. Бұл элемде ең биік - Адам ғана, Мүңдануға ешкім де тиіс емес!

Жанымда - қуаныштар, Қуанышқа ілескен бұла күш бар; Көшіп келіп көңіліме көкжиектер, Жақындаған секілді бір алыстар.

Ұғынбадым,

Ұғып жатар шамам жоқ мүның бәрін. Сен арқылы элемге шаттық шашып, Дүниенің сіңірдім нүрын, нәрін. Сен арқылы қуаныш қүлындадым. Қайдам, мүнда сенің не сырың барын.

(Оңгарсынова Ф)

39-сабақ

Табиғат әлемі СӨЖ

Жер үстінде адам баласы болудан қасиетті не бар дейсің: не көрмейсің, не білмейсің, істегің келсе не істемейсің; табиғаттың эсемдігінің алдында жүрегіңнің қандай толқитынын сезіну; күрес пен күлкі, қайғы мен шаттық, алые пен жақын, жеңіс пен жеңіліс болмаса, бұл шіркіннің өзі де тоңған мүз, үйыған айран емес пе?...

Максим Горький

Мақсаты: табиғатты, қоршаған ортаны бағалау, қорғау, қастерлеуге баулу. Міндеттер:

адам мен табиғаттың бөлінбейтін бірлігін түсінуіне эсер ету;

қоршаған ортамен үйлесімді болуға үмтылысын дамыту; - адамның өз әрекеті үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, бейнематериалдар.

1-тапсырма.

М.Әуезовтің "Көксерек" повесі бойынша түсірілген фильмді немесе "Виллиді қүтқарыңыздар" (үш бөлімді) атты кинофильмді көріңіздер. Фильмді көру барысында қандай сезімдерді бастан кешірдіңіз? Жан-дүниеңізге бұл фильм қандай эсер қалдырды? Осы фильмнің желісі бойынша эссе жазыңыз.

2-тапсырма.

Хрестоматиядан табиғатқа арналған өлендер мен прозалық шығармалардан үзінділерді оқыңыздар. Бұл жолдар сізге қандай эсер қалдырды? Кейбір үзінділердің философиялық мәніне назар аударыңыздар. Автор табиғатты суреттеумен қатар нені айтқысы келеді? Өзіңізге қатты эсер етіп, өте үнаған үзінді немесе өлең бойынша өз сезіміңіз бен алған эсеріңізді суреттеп жазыңыз (эссе немесе шағын шығарма түрінде).

40-сабақ


Өнердің таңғажайып күші Лекция-әңгіме

Өнер туындысы өнерді түсінетін және сүлулықтан лэззат алуға қабілетті адамдарды тудырады.

К.Маркс

Сабақтың мақсаты: өнер туындылары арқылы тұлғаның адамгершілік дамуын қамтамасыз ету. Міндеттер:



- өнер жанрларына қызығушылығын дамыту;

- "онер", "көркем образ" үғымдарының мәнін түсіну, эстетикалық және этикалық категориялардың өзара байланысын, адам мен қоғам өміріндегі өнердің рөлін түсінуіне мүмкіндік жасау;

- өзінің эстетикалық эсерлерін бейнелеп жеткізу қабілетін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, Құрманғазының "Сарыарқа" күйінің аудиожазбасы, Қазақстан суретшілері картиналарының репродукциялары.

®Қүрманғазының "Сарыарқа" күйін тындау, Қазақстан суретшілері картиналарының репродукцияларын көрсету. • Қазір өздеріңіз тындаған шығарманы білесіздер ме?

• Шығарманың авторы кім?

• Күйді тындау барысында сізде қандай да бір образ туды ма? Суреттеп беруге тырысыңыз.

• Тындалған музыка мен көрген картиналардан қандай образдар туды?

• Өнер туындылары сізді қандай сезімге бөлейді? Олар қандай үғымдармен байланысты?

®"Өнер" үғымының халық шығармашылығы, көркем эдебиет, живопись, мүсіндеу, музыка, кино, театр, сэулет т.б. қамтитыны белгілі. Бірақ картина мен музыкалық шығарманың, роман мен статуяның, кинофильм мен ғимараттың арасында оларды біріктіретін, жалпы не, қандай күш бар? Бұлардың барлығын неліктен бір ғана "өнер" үғымымен танып, біріктіреміз?

Мүның себебі, жақсы романды оқу да, эдемі өнер туындысын, мысалы картина немесе мүсінді тамашалау да, жақсы музыканы тын­дау да жүректі тербетіп, жылатады да, күлдіреді; қуанышқа бөлейді де, қайғыға батырады, толғанысқа түсіріп, шаттыққа бөлейді; олар адамды жазушының, суретшінің, композитордың т.б. соңынан ертіп, солармен бірге суреткерлердің мүсіндеген, туғызған элеміне жетелейді.

Өнер туындылары практикалық қолданыс аясы дегенді білмейді. Қай жерде түрасың, ешқандай айырмасы жоқ: кэдімгі көпқабатты үйде түрасың ба, немесе эйгілі сэулетші жобалаған өзіңнің үлкен үйіңце түрасың ба, бәрібір, тек жылы болып, төбесінен су сорғаламаса болды. Ал эдемі натюрмортты тамаққа сала алмайтыныңыз сияқты, керемет ғажап мүсін сізді жаңбырдан да, кардан да, желден де қорғай алмайды. Әрине, егер мүсін - ескерткіш болса, оны достарыңмен кездесуде бағдар ретінде пайдалауға болады: "Сағат 5-те Абайдың қасында кездесеміз".

Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, бір мезгілде бүкіл жер шарындағы барлық онер туындылары жоғалып, қүрып кетсе, адам өмірінің оларсыз қаншалықты мэнсіз, кедей, жалаңаштанып қалғандай көрінетінін сезесіз. Мүның себебі, адам өзін нағыз адам ретінде сезінуі үшін оған материалдық қүндылықтардан басқа да байлық керек: ол -сүлулық. Роман, картина, мүсін, кинофильм, симфония - бәрі сүлулық зандылықтарына сәйкес жаратылган, жасалған эстетикалык қүндылықтар. Олар қоршаған элемді ғана емес, сонымен бірге өзінді де танып, білуге көмектеседі. Сүлулық адамды әр түрлі сезімге бөлейді: қуану мен қайғыру, таңдану, көңілдену, біреудің қайғысын бөлісу т.с.с.

Алайда, өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі сүлулық жай ғана көз тартарлық, үнамдылық, сүйкімділік емес. Өнер туындысы әрқашан да эдемі, сүлу бейне болуы мүмкін емес. ¥лы суретшілер Франсиско Гойя және Иероним Босхтың картиналарында көбінесе үсқынсыз, тіпті түрпайы персонаждар бейнеленгенімен, олар бәрібір тамаша, өте кең мағынадағы үғым. Бұл - өнер туындыларында көрініс тауып, бейнеленген үлы рухтың күші, коршаған акикат дүниені түсініп кабылдаудың тереңдігі.

Адам танымның, қоршаған элемді игерудің әр түрлі тэсілдерін ойлап тапты. Мысал ретінде гылымды алайық. Ғылым да, өнер тәрізді, біз өмір сүріп отырған бізден тэуелсіз элемді бейнелейді. Әрбір ғылым саласы элемнің зандылықтарын, күпияларын зерттеп, ғылым тілімен бейнелейді: астрономия - аспан денелерін, геология - Жердің күрылымын, зоология - жануарлар элемін, лингвистика - адамдар сөйлейтін тілдерді зерттейді. Бірақ барлык ғылымдарды біріктіретін бір нәрсе - олар элемнің әр алуан шексіз бояулары мен дыбыстарын, табиғаттагы заттар мен үғымдардың бәрін түгел қарастырмайды. Ғылым қүбылыстардың барлығына тэн, олардың бағынатын жалпы заңдылыктарын аныктауға үмтылады.

Сіз өзіңіз ауырлық күшін немесе түқым қуалаушылықты, рулық күрылыстың ыдырауы мен элемнің шексіздігін көріп, байқауға немесе естуге тырысыңыз.

Өнер элемді тек өзіне ғана тэн тэсілмен бейнелейді. Суреткердің өмірді бейнелеуі мен өзінің ойын, сезімдерін білдіру тэсілі көркем образ деп аталады. Образды, гылыми үғымнан ерекшелейтін нәрсе -оны әр түрлі сезім арқылы қабылдап, көруге және естуге болады. Шын суреткер - бір қалыптан шыққандай өз тегі, өз заманының ортақ үлы ғана емес, ол - қайталанбас дарынды дара тұлғасымен, шеберлігімен, ерекше қатынас-көзқарасымен өзі жасаған туындыға өз қолтаңбасын қалдыра алатын адам.

Өнердің әрбір түрінде көркем образ сол түрге тэн құралдар арқылы жасалады. Әр жанр да калам тартқан әр дэуір суреткерлері жаратылыс жанын нақты, көрнекі қүбылыс түрғысында тікелей сезінуге мүмкіндік туғызады, дүние тынысынан байыпты, біраз мағлүмат береді.

Адамзат ақыл-ойы дарытқан ғылым-білім, парасат мүратын өз бойына жан-жақты сіңірген көркемөнер үлгілері ғана үрпақтан үрпаққа қастерлі қазына болып қала береді. Шын мәніндегі сүбелі өнер туындыларының қай-қайсынан да біз осындай жаратылыс тынысына жан біткендей, суреткер көңіл-күйімен, шеберлік, сезімімен біте қайнасып, біртүтас рухани игілікке айналған бай білім, өлмес бейнелер қуанышын табамыз. (З.Серіщалиев).

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Сіздің ойыңызша, өнер неге арналган, оның басты мақсаты неде?

2. Өнер адамға қалай эсер етеді?

3. Адамдар неге өнермен айналысады?

4. Өнердің әр түрлі саласында қандай құралдар қолданылады?

5. Суретші үшін көрерменнің пікірі маңызды болса да, ол неліктен ешқашан біреудің жетегіне ермейді?

6. Сіздің өміріңізде өнердің алатын орны қандай?

7. Сіздің өнермен айналысқыңыз келе ме? Қандай түрде?

І.Тақырып бойынша хрестоматияда берілген I u /) матеРиалДаРмен танысыңыздар. Өнердің адам өміріндегі Ч^У орны туралы пікіріңізді ортаға салыңыз. 2. Хрестоматиядан "Джоконда" деген мэтінді оқыңыздар. Сіздің

өміріңізде өнер туындысының сізге қатты эсер еткен кезі болды ма?

Бұл қандай эсер еді? Осы туралы айтып беріңіз.

/£ІҒ\ 1-тапсырма

I ~т 1 Адам жаны әрқашан сүлулыққа қүштар, ол эдемілікті аңсайды.. Адам жүлдызды аспанды тамашалайды, өзінің мекендейтін түрағын эдемілеп, сэндейді, өзінің бет-әлпетіне көңіл бөледі ... Сүлулықты сезінбейтін, оған қүмартпайтын адам жоқ шығар, сірэ...

Өзіңіздің өміріңізде (өмірдегі жағдай немесе онер туындысы туралы) "Қандай керемет!" деп айтқан бір сәтіңізді (кезенді) еске түсіріңіз. Осы сәттегі көңіл-күйіңіз бен сезіміңізді түсіндіруге тырысыңыз.

1.___


2._

3._


2-тапсырма

Егер сіз педагог болсаңыз, өз оқушыларыңызда ... өнердің қандай түрлері арқылы қалыптастырар едіңіз?

1. Отанга сүйіспеншілікті

2. табиғатты сүюді З.үлкендерді сыйлауды

4. жолдастық сезімін

ФБізді эсем де қайталанбас сүлу элем қоршап жатыр. Бірақ біз оны көріп, сезе аламыз ба? Шишкиннің, Левитан мен Қастеевтің пейзаждарына көз салыңыздаршы... Сіз күн сэулесінен қуат алып, тамырын тереңге жайған кәрі еменді, өзен-көлдердің бетінде қалқып бара жатқан мүзды, қатты ағын суды, мидай жазық, алтындай сары даланы көресіз де, ойға батасыз: "Мен бүрын

да осыны көріп едім ғой, бірақ қалайша мэн беріп, көңіл аудармағанмын?".

Міне, осының барлығы, үлкен шебердің қылқаламынан туған бейнелер сіздің жүрегіңіздің соғысын жиілетіп, қуанышқа бөлеп, кеудеңізді керемет бір толқыған сезімге толтырады.

Өнерді түсіну - өмірге тағы бір есік ашу деген сөз. Ал өнер - өмір өрісін бейнелеп ашу.

/аД\ Киюді жақсы киім орынымен,

w W Болғандай көпке гибрат қонымымен.

Бүрын-соңцы ешкім мансүқ еткен емес,

Тек бүгінгі эсемпаз жоқ оны білген.

Сәнқой көп сэн киімге мэн беретін, Әсіре сэн кигенді нэн көретін. Жеті қат көк үстінде сәнқой десең, Данышпан деген сөзбен тең көретін.

Іші емес эдемілеп сыртын сақтар, Көбейді кебелектер, қуыршақтар. Пэш етіп жасырарын жәйіп салып Жәйтаңдар жан-жағына үрыншақтар.

Бар ісі айналып бағып-қаккан, Үстіне жапсырғыштап барын тапкан. Даңқ іздеп, атақ қуған эсіреге Түсірер ел көзіне бул да мақтан.

(Тұрсынхан Әбдірахманцызы)

41-сабақ


Өнердің тацғажайып күші СОӨЖ

Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтып лэззат алар едік?

Абай

Сабақтың мақсаты: адам мәдениетінің шыңы ретіндегі классикалык өнерді бағалай білуге баулу. Міндеттер:



- классикалық өнер туындыларымен танысу қажеттілігін дамыту;

- классикалық өнердің ерекшеліктерін, классика мен қазіргі заманғы өнердің байланысы туралы түсінігін дамыту;

- өнер арқылы тұлғалық жеке қасиеттерін және өмірлік тәжірибесін талдау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың жабдықталуы: аудио- және бейне материалдар, хрестоматия, қосымша эдебиет.

®Қара өлең Қалқам,

Мен Лермонтов, Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өлеңі - қүдіретім, Онда бір сүмдық сыр бар естілмеген.

Жат жерді жастанғанда жазатайым, Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым. .. .Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын, Қазақтың дэл өзіндей қарапайым.

Түзу-түзу тілінген таспадайын, Қамшы өремін таспадан басқадайын. Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін, Қараша үйдің есігін ашпа, ағайын!

Іздемпаздық менің де бар өнерім, Будан жасап бидай мен тары егемін. Қазан-миым бәрін де кайнатады. Дара қойып қазақтың қара өлеңін.

Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өзі айтқанын қайталадым. .. .Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып, өзіне қайтарамын.

(Мүцагали Мацатаев)

Яга Классика деген керемет

\J/ Тезис: "Классикалық өнер - тұлғаның рухани байлығының маңызды бастауы болып табылады, сондықтан өзін нағыз білімді және зиялы санайтын адам классикалық өнерді біліп, түсініп және сүюі тиіс".

£К\ 1- Музыкалық шығармаларды классикалық мШ °РЬІНДаУДа жэңе А.Мүсаходжаеваның, Ж.Әубэкірованың, ^""^ А.Еңсеповтің, "Үлытау" тобының орындауында тындау. 2. Хрестоматияда тақырып бойынша берілген материалдарды оқып, танысыңыздар.

Хрестоматия материалдары бойынша талқылауға арналған сүрақтар:

1. Сізге қандай классикапық өнер үнайды және неге?

2. Классикалық онер деп қандай өнер түрін атаймыз?

3. Сіздіңше, адамның классикалық музыканы мүлдем тыңцамай, тек қана қазіргі замангы музыканы тындауы мүмкін бе? Неліктен?

4. Классикалык өнерді түсінуді үйрену қажет пе?

5. Адамның өмір бойы көркемөнер туындыларына көңіл аудармай өтуі мүмкін бе, қалай ойлайсыз? Мүндай өмірдің қандай кемістіктері мен жетістіктері бар деп санайсыз?

6. Әрбір адамга эстетикалык білім кажет деп ойлайсыз ба?

7. Сіздіңше, адамның эстетикалық білімсіздігі неден, калай көрінуі мүмкін?

8. Өнер туындылары туралы сөз болғанда, талғам жөнінде пікір таластыруга бола ма?

9. Сіздің нені тыңдағыңыз келеді: классик композитордың төл туындысын ба элде оның казіргі заманғы өңделген түрін бе?

©"Бұл кім?" Ойынды өткізу үшін қазақ және элем эдебиетінен 4-5 кейіпкердің сыртқы келбетінің суреттелуін дайындау керек.

Адам, оның сезімдері, ойлары, әрекеті әрқашан да өнердің басты тақырыбы болды. Классикалық шығармаларда адам қалай бейнеленеді? Тұлғаның қандай қасиеттері бізді күлдіреді, қуантады немесе керісінше, ашу-ызаны келтіріп, жиреніш сезімін туғызады? Өзімізді бір сәт осы эдеби образдың орнына қойып көрейікші...

Ойынның барысы:

Ойыншылардың біреуі аудиториядан шығып түрады. Қалғандары классикалық эдебиет кейіпкерлерін тандайды. Тандауда сыртқы келбетінде, мінездерінде үқсастық немесе айырмашылық болуы мүмкін. Ойынға қатысушы дәрісханаға қайтып кіргенде, топтың мүшелері оған өздері тандаған кейіпкерді сипаттай бастайды. Ойыншы кейіпкердің атын, шығарма мен оның авторын атауы тиіс.

Ойын адамның қасиеттері жөніндегі эңгімемен аяқталады (хрестоматия материалдарын қараңыз).

Талқылауға арналган сүрақтар:

• Әдеби кейіпкерлердің портреттерін ашык, есте қаларлықтай ететін не деп санайсыз?

• Оқыған кітаптарыңызда сізді таңдандырып : "Мынау ... қандай үқсас, айнымаган өзі" деген персонаждар кездесті ме?

Жапонның көркем-философиялық эдебиетінің ( классигі Сей Сенагонның "Бас жақтағы жазулар" деген

чУ^ шығармасынан үзіндіні окыңыздар (X гасыр). Сіз осы айтылған түжырымдармен келісесіз бе? Бұл осыдан он ғасыр бүрын айтылған ойлар гой.

"Классика", "көркем туынды" категорияларын пайдалана отырып, қорытынды жасаңыз.

Бас жаңтагы жазулар

Тыңдауга цолайсыз нәрселер

• Адамдардың жагымсыз дауыспен цатты сөйлеп, күлгені. Олар өзін қалай болса солай дөрекі ұстайтыны туралы еріксіз ойлайсыз.

• Арбаушыныц (дуга окушының) дуганы уйцылы дауыспен міңгірлеп окуы.

• Адамның аузын толтырып алып, бірнәрсені түсініксіз мылжыңдауы.

Жанашырлық - міне, бұл ең цүнды цасиет

• Мейірімділік - адам жанының ец цымбат цасиеті. Бұл, ең алдымен, ер адамдарга цатысты, сонымен цатар эйелдерге де цажет.

• Қолайсыз жагдайдагы адамга: "Қап, әттегене-ай!" деп немесе цайгылы жагдайдагы адамга: "Қайгыңызга ортактасамыні" деп айтыңыз... Бұл сөздердің мәні неде? Олар жүрегіңіздің ең түкпірінен шыгып жатпаса да, киыншылықтагы адамдарга мүндай жылы сөздерді есту куанышты.

• Алып царасац, кішкентай гана еңбек - небәрі бірнеше жаксы, жылы сөз айту, ал шындыгында оларды цандай сирек естисіңі

Жалпы алганда, аса талантты, сонымен бірге жаны жайсаң, мейірімді адамдар сирек үшырасады. Олар цайда? Мүндай таланттардың көп болуы керек цой ...

®Классикалық өнер дегеніміз - өнердің нағыз шедеврлері, олар уақыт сынынан өткен, себебі олар -жақсылық пен жамандық; қайырымдылық пен зүлымдық; Отанға, анаға, табиғатқа махаббат туралы; адам сияқты мэңгілік қүндылықтарды бейнелеп, жырлайды.

/СІК Тұс киіз

\4J/ Аңқаулықты, аяулым, қара біздің, Үшқыр екен қиялы анамыздың. Қалай ғана көшірген ту_с киізге Өзендерін, көлдерін даламыздың.

Даласына ғашық боп басында өзі, Бәрін көріп ананың асыл көзі. Түс киізге жайнатып түсіріпті-ау, Туған жердің жайнатып жасыл кезін.

Тұс киізге күн шуақ төкті күліп, Баратқандай бейне бір от жүгіріп. Балам туған даласын ұмытпасын Деп түсыма анашым кетті ме іліп?!

(Түманбай Молдагалиев)

42-сабақ


Өиердің ғаламат күші СӨЖ(1 -вариант)

Сабақтың мақсаты: адам тұлғасын бағалай білуге баулу. Міндеттер:

- айналасындағы адамдарға қызығушылықпен қарап, оларды қүрметтей білуге тәрбиелеу;

- онер жанры ретіндегі портрет туралы түсінігін кеңейтіп, терендету;

- адамның сыртқы көрінісі арқылы оның жанын, көңіл-күйін түсіну білігін дамыту.

Сабақтың жабдықталуы: картиналар немесе олардың репро-дукциялары, студент дэптері.

1. Өнер мүражайына барыңыздар немесе картиналар

Фрепродукцияларын қараңыздар. Қазақстанның атақты адамдарын бейнелеген отандық суретшілердің шығармаларымен танысыңыздар. 2. Бір портретті тандап алып, суретшінің адамның сыртқы келбетін бейнелеу арқылы, композиция, картина колориті арқылы кейіпкерінің ішкі дүниесін, мінезін қалай суреттегенін талдаңыздар. Өз бақылауларыңызды эссе түрінде көрсетіңіз.

Портрет туралы эңгімелеу барысында мынаған көңіл бөліңіз: І.Адамның жасы, бойы, фигурасы, позалары, бет әлпеті, шашы мен киген киімі.

2.Портреттегі кейіпкердің жан дүниесі, мінезі оның образында, позаларында, басының қалпы, қол қимылдары, көзқарасында көрінеді және суреттеуде бағалаушы сөздердің болуын талап етеді. Мысалы: бір нүктеге тесіле цараган ойлы көз, аспан тәрізді ашыц көгілдір көз т.б.

З.Суретшінің ойын жүзеге асыруда колорит пен композиция да маңызды орын алады.

/ГТ\ Тапсырманы ойдагыдай орындау үшін шоменде I t J берілген материалды оцыңыздар.

Портрет (франц. portait, көнергеп portaire - бейнелеу) - жеке адамның немесе адам тобының кескіндеме немесе мүсіндеме туындысында бейнеленуі. Портрет кескіндеме, графика және мүсіндеменің негізгі жанрларының бірі болып табылады.

Портреттің негізгі міндеті - адаының сырткы үксастыгын айнытпай берумен цатар, ішкі жан дүниесін, мінез-цүлцын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи үлттыц түлгасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге карап отырып салынады, кейде көмекші материалдарга (көркем ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды. Портрет жасалу ерекшелігіне қарай қондыргылы (сүңгат-кескіндеме, бюст, графика, мозаика, т.б.) салтанатты, миниатюралы, т.б. болып бөлінеді.

Портреттердің барлыгына бірдей цойылатын талап - даралық уцсастыгын корсету. Бұл үшін суретші әцгімелеуші ретінде портреттегі бейненіц сыртцы келбетімен цатар, асцан үкыптылъщпен оныц ішкі дүниесін, мінезін бейнеге психологиялық талдау жасау арцылы көркемдік тәсілдер арқылы жеткізеді.

Портреттегі адамныц бейнесі, әдетте, суретшінің түлгага қатысын, сонымен бірге өз заманын, әлеуметтік ортасын көрсетеді. Мүныц барлыгын суретші басты цүралдар - портреттіц деталъдары, бояуы, фоны арцылы бейнелейді.

Композиция - (лат. composition - қүрастыру, байланыстыру) картинаның кеңістігінде адамдар мен оларды қоршаган нәрселердің орналасуы.

Колорит - (лат. color - түс, бояу) көркемөнер туындыларындагы түстердіц, бояулардың сәйкестігі. Бұл сәйкестік суретшіге өзінің ойын тереңірек жеткізуге, кейіпкердің ішкі дуниесін аиіып, оныц көңіл-күйін бейнелеуге мүмкіндік береді.

Колорит жылы (негізінен цызыл, сары, цызгылт-сары реңктер) және суыц (көк, жасыл, күлгін-көк) болады; түстердіц сәйкестік сипатына царай - байсалды және шиеленісті; бояудыц цаныццандыгы мен ашьщтыгына царай - ашыц ждне солгын, ашык және цара түсті болады.

Өнердің таңғажайып күші

СӨЖ (2-вариант)

Сабақтың мақсаты: музыка арқылы тұлғаның эмоционалдық-эстетикалық дамуын қамтамасыз ету.

Міндеттер:

- музыка және оның әр түрлі жанрына қызығушылығын қалыптастыру;

- адам өміріндегі музыканың рөлін түсінуге тәрбиелеу;

студенттердің музыка саласындағы кызығушылықтарын анықтауға көмектесу.

Сабақтың жабдықталуы: хрестоматия, эдебиет туындылары, студент дэптері, аудиотаспалар.

© Е. • Муза,

VJX Ей, менің нүрлы күнім!

Жаудыра бер жаңбыр ғып бұлбұл үнін. Ашылайын, жайнайын, қүлпырайын, Мен де өмір бағының бір гүлімін!

Әсем бақтың төксе егер бұлбұлы нәр, Раушан гүлі жүпарлы мың қүбылар. Нүрлы күнім, табиғат бұл жанымды Балдай шырын эуезге қылды қүмар!

Сезіміме сэуірде мизам сінді, Толқытады көгілдір күй жан сырды. Нүрлы күнім, керімсал Көктем, Бұлбұл Бейне менің ақындық Музам сынды!

(Тынышбай Рахимов)

Негізіне музыкалық образдар арқау болған прозалық ( r/PJ шығармалармен танысыңыздар.

• Жүбанов А. Бір күйдің тарихы

• Жүсіп Н. "Гауһартас

• Өтемісүлы Ш. Көк бөрімен күресу

ФОқылған прозалық шығармалар негізінде дэптерлеріңізге жазбаша монолог дайындаңыздар: • шығарма кейіпкерінің өмірінде музыканың алатын

орны туралы;

• музыканың адам көңіл-күйіне, мінезіне, ой-пікіріне эсері туралы;

• сіздің өміріңізде музыканың алатын орны туралы. Бул қандай музыка (жанр)? Мүмкін болса, мысал келтіріңіз.

43 - сабақ

Айналаңа көз салсаң СӨЖ

Адам жерді гүлдендіруге тиіс.

Михаил Шолохов Архитектура - бейнелеу өнері емес, ол - жасампаздық өнер. Сэулет өнері заттарды бейнелемейді, оларды жасайды. Кез келген материалдан кез келген әдіспен нені болса да бейнелеуге болады.

Ал жасау үшін өмірде өз қажеттілігін дэлелдеген нәрселер, яғни өз заманы үшін ең тандаулы деген обьектілер алынады.

Андрей Буров

Сабақтың мақсаты: өзі өмір сүріп отырған жерді бағалай білуге баулу.

Міндеттер:

- өзі мекендейтін жердің тарихы мен қазіргі келбетіне қызығушылықты, сүлулық заңдары бойынша өмір сүруге үмтылысын дамыту;

- адамзат өркениеті тарихының ерекше пласты (қабаты) ретіндегі қала мәдениеті жөніндегі түсінігін кеңейту;

- жүріс-түрыс мәдениеті мен жасампаздық әрекетін дамытуға ат салысу.

1-тапсырма. Жоба дайындап, оның үранын таңдаңыздар. Жобаның тақырыптары: 1) "Менің қаламның тарихы "

• Жобаңызда төмендегі айтылымдардың мәнін ашып көрсетіңіздер:

Өткеннің ірі ескерткіштері - бұл тек жеке тұлғалардың, бүкіл қоғамның еңбегі ғана емес, олар - халықтың жанқиярлық еңбегінің нәтижесі, данышпанның жаңалығы емес, бұл үлттың өзінен кейін қалдыратын мэңгілік қабат (пласт).

Виктор Гюго

Әрбір үлы кезеңге үлы архитектура сәйкес келеді. Ол өзін дүниеге келтірген дәуірдің бет-бейнесін, дүниетанымын эдебиеттен басқа өнер туындыларының қайсысынан болса да жоғары деңгейде бейнелейді.

Анатолий Луначарский

• Қалаңыздың тарихының қызықты фактілері туралы эңгімелеңіз: көшелері, саябақтары, ескерткіштері, көне ғимараттары және олардың тарихы туралы.

2) "Менің қалам -менің замандасым және досым"

• Қаладағы соңғы кезде салынған ғимараттар туралы репортаж жүргізіңіз.

• Қалаңыздың өзіндік тарихы, жаңа архитектуралық ансамбльдері, шағын архитектуралық нысандары (бүрқақтары, ескерткіштері, отырғыштары, көше шамдары, гүлзарлары т.б.) арқылы көрінетін өзіне тэн ерекшелігін ашыңыз.

• Өз қалаңыз туралы өлеңдерді, эндерді, қала фольклорыньщ туындыларын еске түсіріңіздер.

• "Менің қаламның сүйікті жерлері" тақырыбында өз қалаңыз бойынша экскурсия дайындаңыз.

• Өз қалаңыз туралы викторина өткізу үшін материал дайындап, ойын үйымдастырыңыз.

3) "Туган қалам жасарып, жайнай берсін!" дегім келеді"

Нашар картинаны тығып қоюға болады, ұсқынсыз мүсінді бүзып тастауға болады, бірақ сарайдың алдын қалай түзетерсің?

ДениДидро

2-тапсырма. "Егер мен әкім болсам ..." тақырыбында идеялар конкурсын үйымдастырыңыздар. Сіз өз қалаңызда нені өзгертер едіңіз?

"... Әдеміленіп отырган екі бойжеткеннің бетіне алқызыл бояу жагып отырганынан гөрі, сабынга цол созганын таңдар едім" — депті бір дана. Осы ойды біздің калага байланысты цолдануга бола ма? Қалада жүріс-түрыс тәртібін сақтайтын азаматтың Кодексін жасаңыздар.

44 -сабақ

Шығармашылық қуанышы СӨЖ

Шығармашылықтың құпиясы - жастық шақтың сақталуында. Данышпандықтың құпиясы - балалық шақ пен балалық интуицияның өмір бойына сақталуында.

П. Флоренский

Сабақтың мақсаты: шығармашылықты бағалай білуін дамыту. Міндеттер:

- тұлғаның өзін-өзі тануы және өзін шығармашылықта көрсету қажеттіліктерін дамыту;

- шығармашылық әрекеттің мәні жөніндегі түсінігін кеңейту және терендету;

өзін-өзі шығармашылық жағынан таныту дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың жабдықталуы: студент дэптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оқу құралы.

1-тапсырма. Сіздің өзіңіздің шығармашылық ( -F J әлеуетіңізді қаншалықты дұрыс бағалайтыныңызды \Jy анықтайтын тесті орындаңыз.

2-тапсырма. Өздік жұмыс үшін тапсырма ретінде осы тақырып бойынша студенттерге осы топтың барлық мүшелерінің шығармашылық қабілеттері мен талантын ашып көрсететін шығармашылық жобаны жасап, оны жүзеге асыру қажет. Бұл шара "Өзін-өзі танудың" келесі сабағында өткізіледі.

Сіздерге жобаның үлгісін үсынамыз, оны өз қалауларыңыз бойынша түрлендіріп, өзгерте аласыздар. Жобаның басты және өзгермейтін шарты - топтың барлық мүшелерінің қатысуы.

Жоба жасалып, келесі сызба бойынша қағазға жазылуы тиіс: Жобаның атауы: "........."

Жобаның мақсаты: Топтың әрбір студентіне өзінің шығармашылық әлеуетін корсету мүмкіндігін туғызу. Мақсатқа жету үшін өткізілетін шаралар:

1. Бастамашыл топты қүру және рөлдерді бөліп беру (жобаны үйы м дастыру ш ы л ар).

2. Топтағы әрбір студенттің мүмкіндіктері туралы мэлімет жинау.

3. Жобаны жазу.

4. Шараны үйымдастыру және өткізу.

Жобаның мазмүны: студенттердің үйымдастырған шарасының мәні неде және ол қалай өткізіледі т.с.с.

Жабдықталуы: осы жобаны өмірде жүзеге асыру үшін қажетті нәрселер.

Күтілетін нәтижелер: сіздің осы жобадан не күтетініңіз.

Студенттердің шығармашылығы бейнелеу өнері, поэзия, би, эн айту, қолданбалы қолөнері, скульптура, театр жанры, кинематография т.б. салаларда шектеусіз байқалуы мүмкін. Атап өту қажет, кейбір студенттер өздерін талантты үйымдастырушы ретінде көрсетеді, екіншілері - өздеріндегі шығармашылықтың әр алуан стилі мен жанрларын біріктіріп, шараның сценарийін (бағдарламасын) жазады, ал үшіншілері - университет қабырғасында көрермендердің назарын аударып, жинау мақсатында "жарнамалау науқанын" жүргізеді т.с.с. Бір сөзбен айтқанда, шыгармашылық әр түрлі формада көрінуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет