БАҒдарламасы (силлабус) Пән Өзін-өзі тану Мамандығы : Педагогикалық мамандықтар



бет5/10
Дата11.01.2017
өлшемі3,52 Mb.
#6933
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Нағыз дос

Маған досың көп пе десе?

Көп дер ем!

Көп дегенім бір сен ғана,

Ақберен!

Сен батырсың,

Сен батылсың,

Сенімен


Өмір жолын ойнап жүріп өткерем.

Мықтылардың өзі мендей болсын деп,

Бола алмаса,

Іші күйіп өлсін деп, -

Бөскенімде,

Кеңес бердің:

"Ер болсаң,

Ең алдымен өзінді өзің менсінбе!"

Жек көретін жігітімнің сенгені

Талқан болып,

Рухани өлгенін

Көріп түрып күлгенімде,

Сөйлетпей,

Қып-қызыл ғып сойып салдың сен мені.

Көңілімнен шығармайтын бір елі, Ғүмыр бойы бола алатын тірегім Маған шын дос іздеуден һәм табудан Танбайсың-ау, талмайсың-ау, жүрегім.

(Олжас Сүлейменов)

§1-жаттығу. "Достықты бекітетін жіптер" Бұл жаттығуды орындау үшін бір жасыл, сары немесе қызғылт сары түсті иірілген жіп қажет. (Қызыл немесе қара түсті жіпті пайдаланбаған дұрыс). Студенттер оқытушымен бірге шеңбер жасап отырады. Оқытушы жіптің бір үшын өзінің қолында үстап түрып, иірілген жіпті студенттердің біреуіне лақтырып, өзі екі

сүраққа жауап береді: Мен үшін достық - ...; Достарымда мен үшін ең бағалы нәрсе - ... (Сүрақтар достық тақырыбына байланысты әр түрлі болып келеді және ойын ұзаққа созылып кетпес үшін сүрақтардың саны үштен артық болмауы тиіс). Жіпті үстап алған студент те өз кезегінде достыққа қатысты пікірін айтады да (жауаптардың қайталанбағаны абзал), жіпті саусағына бекітіп, шумақты келесі студентке лақтырады. Студенттердің барлығы сүраққа жауап беріп болған кезде, шеңбер бойынша ойынға қатысушыларды өзара байланыстырып түрған өрмекшінің торына үқсас өрнек жасалады. Осы кезеңге студенттердің назарын аудару кажет. Бүдан соң, өрнекті тарқату керек. Ол үшін қолында иірілген жібі бар студент жіпті қайтадан орайды да, өзіне дейінгі студенттің атын атап, оның жауабын қайталайды. Осылайша, жіптің шумағы бірте-бірте кайтадан оралып, оқытушыға кайтарылады.

Талқылауға арналған сүрақтар:

І.Сіздіқойыңызша, осы ойынның басты мақсаты не?

2.Жаттығу барысында студенттер тоқыған өрнектің мәні неде деп ойлайсыз?

3.Бұл жаттығудың "Достық" үғымымен байланысы қандай?

2-жаттығу. "Дос іздеймін"

Жаттыгудың бірінші бөлімін адамның жақсы қасиеттері, достықтың маңызы және достықка лайықты болу үшін адам өзінде қандай қасиеттердің болуы керектігі жөніндегі пікірталасқа дайындық ретінде пайдалауға болады.

Кез келген адамның өзіне лайықты досы болғанын армандайтыны белгілі. Сіздің кейбіреуіңіздің, мүмкін, осындай шынайы досыңыз бар шығар. Ал қайсыбіріңіздің көптеген таныстарыңыз, жақындарыңыз болса да, солардың арасынан өзіңіздің нағыз досыңызды табу қиын болар. Ал үшіншіңіз, мүмкін, өзіңіздің түйық, үялшақ мінезіңізден өзіңізді жалғыз санап, досыңыздың болмағанына қынжылатын боларсыз. Кез келген жағдайда да нағыз дос ешкімге кедергі келтірмейді.

Осы сәттен бастап оқытушы тегін хабарландырулар жариялайтын ерекше газеттің редакторы рөлін атқарады. Газет "Дос іздеймін" деп аталады. Сіздердің әрқайсысыңыз бұл газетке дос іздейтініңіз жөнінде хабарландыру бере аласыз. Бұл хабарландыруда сөздердің саны мен әріптердің өлшеміне ешқандай шек қойылмайды. Хабарландырулар әр түрлі формада болуы мүмкін. Сіз, мысалы, болашак үміткер досыңыздың қандай қасиеттерінің болғанын қалайсыз, тіпті оның суретін салсаңыз да болады. Өзіңіз туралы айтсаңыз да болады. Бір сөзбен айтқанда, хабарландыруды қандай түрде беремін десеңіз, өз еркіңізде. Тек есте үстайтын нәрсе - дос іздеген хабарландыру өте көп болады, сондықтан сіз өзіңіздің хабарландыруыңыздың көркем безендіріліп, басқалардың назарын бірден аударатын жағын ойластырғаныңыз жөн.

Қолыңызға қағаз, фломастер алыңыз да, іске кірісіңіз! Дайындыққа он минут уақыт беріледі.

Берілген уақыт өткенде оқытушы хабарландыруларды қабырға-ларға іліп қоюды өтінеді. Оларға өз аты-жөндерщізді жазбайсыздар. Топ мүшелері хабарландырулармен үнсіз жүріп танысады. Әрбір студент өзінің назарын аударган хабарландыруға қызыл түсті дөңгелек салуы керек және ол хабарландыру берген адаммен байланысуға дайын. Тандаудың санын үшке дейін шекгеуге болады.

Енді хабарландыру жазылған қагаздарды алса болады. Қараңыздар, сіздің хабарландыруыңызды канша адам таңдаган екен? Шеңбер бойынша әркім қанша дөңгелекке ие болғанын айтсын.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Жүртты ең көп кызықтырған хабарландыруды капай сипаттауға болады?

2.Баска хабарландыруларға көңіл бөлмеуіңіздің себебі неде? (Әңгіме ешбір тандау түспеген хабарландырулар туралы болып отыр, егер ондайлар болса).

3.Өз достарыңыздың қандай қасиеттерін сіз ерекше багалайсыз?

4.Сіз қалай ойлайсыз, өзіңіз берген хабарландырудағы талаптарға сіздің өзіңіз сәйкес келесіз бе?

Хабарландырулардың цайсысында болашац досца цойылатын талаптар негүрлым толық сипатталып берілсе, әрине, мүндай хабарландыруга түсер таңдаудың аз болатыны мәлім. Анық нәрсе: осындай жогары талаща сай келу жеңіл емес."Берілгендік", "барлыгын тастап, көмекке келу", "қүпияны сацтай алу", "карате немесе кун-фу өнерін игеру" тәрізді керемет цабілет екінің бірінде жоц цой. Содан соң ең бастысы: мүндай хабарландыруда өзі ештеңе бермей, есесіне досы міндетті түрде бірдеце беруі тиіс, ал өзі еш нәрсе бермейді. Досынан осындай алуды гана көздеген хабарландыру иесі, әрине, түсіністік пен шын
ниеттестікті кездестіре алмайды. Оның есесіне, адам өзінің цабілеті туралы, достыцтыц жалпы цазанына өзі не вере алады, алумен бірге өзі қандай үлес цоса алатыны туралы жазган хабарландыру иесі көпшіліктің цолдауын тауып, таңдауына ие болады.

Нақты хабарландыру материалын талдау негізінде күшті түлга достыцта басца адамга көмектесе алу, оган пайдасын тигізу сияцты цасиеттерін цадірлеп, багалайтынын түсіндіруге болады.

Осыдан кейін нагыз достыц үшін цажет адами цасиеттерді бірте-бірте талцылауга кірісуге болады. Бұл жагдайда жазылган хабарландырулардың көмегі орасан зор болуы мүмкін, себебі, ойынга цатысушылар әркімнің беталысын, багытын айцындаган хабарландырулардың мәтінімен таныс.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1 .Дос болу біліктілігін талант деп қарастыруға бола ма?

2.Нағыз достық, нағыз шынайы махаббат кез келген адамның өмірінде кездесе бермейді деген пікір бар. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?



З.Сіз достыққа берілген "қуаныш пен бостандық" одағы* деген тркырымды қалай түсінесіз?

Тапсырма 1. Айтылымдарға түсінік беріңіздер.

Хрестоматиядан достық туралы материалдарды оқыңыздар.

2-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыздар, алынган нәтижелерді талқылаңыздар.

Талқылауға арналған сүрақтар:

І.Берілген студенттердің тобында қандай жекелік бағдар басымдығын байқадыңыз?

2. Алғашқы жекелік бағытталғандықтың қандай оң және теріс жақтары бар? Осындай адаммен достасу жеңіл емес деп тұжырымдауға бола ма?

З.Адамның қарым-қатынасқа бағытталғандығы тығыз достық қатынастар үшін жақсы шарт/жағдай деп санайсыз ба?



86

4.Жекелік бағытталғандықтың іске қандай оң, теріс әсері болады? Осындай адамдарға достық қарым-қатынастарды үстап түру қиын деп санайсыз ба?





Адам үшін нағыз достықтың маңызын аса дәріптеу мүмкін емес. Балалық шақтан бастап ертегілер, мысалдар, аңыздар материалдары негізінде біз адал, нағыз достың

қаншалықты биік екенін, оның ақыл-кеңестері, қолдауы, көмегінің және жанқиярлығының қаншалықты маңызды екенін түсіне бастаймыз. Достарды табу өнері нағыз талант болып табылады, ондай талант кейбір адамда туа бітсе, ал екіншілері соған ие болуға ұмтылады. Достықтың негізінде тек өзара үнату, көңіл ауудың болуы емес, сонымен қатар басқа адамға, оның ішкі жан дүниесі мен қайталанбас жеке тұлғалық қасиеттеріне деген сыйластық сезімі де жатады.

Сабақтың соңында достык туралы атақты ойшылдардың ақын-жазушылардың қанатты сөздерін келтіруге болады.

Жолдастық, сүхбаттастық - бір үлкен іс, Оның қадірін жетесіз адам білмес.

Абай


Жақсыменен дос болсаң, алдыңнан шығар елбектеп. Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп.

Махамбет


Шынайы белсенді достық бірін-бірі қолдаудан тұрады. Менің досым менің ниеттерімді қолдайды, ал мен оны қолдаймын, біздің ойларымыз әр түрлі болса да, біз бірге алға басамыз.

И.Гете


Сенімсіз достар - жазда ғана кездестіретін қарлығаштар: олар -күн сағаттары, олардан келер пайда күн сэуле шашып түрғанда ғана.

Т.Гиппель

87

Өзін-өзі тану бойынша сабақтан тыс әрекет күнделікті өмірде алған білімді іс жүзінде қолдану арқылы қоғам үшін белсенді қызмет етуді көздейді.



"Өзін-өзі тану" пәнінің мақсаты: болашақ мамандардың ізгілікті дүниетанымын дамыту, олардың өзін және қоршаған ортаны бағалай білу қабілетін дамыту.

Міндеттері:

- студенттердің өзін-өзі тануы мен шыгармашылық өзін-өзі іске асыру қажеттілігін дамыту;

- әлемнің түтастық картинасын қалыптастыру, жалпыадамзаттық қүндылықтардың мәнін түсінуіне көмектесу;

- оқу, өмірлік және кәсіби жағдаяттарда адамгершілік сезімін қалыптастыру.

"Өзін-өзі тану" пәнін оқып үйрену барысында студенттердің меңгеретін біліктері:

- элемнің түтастығын, адам, қоғам және табиғаттың өзара тэуелділігін түсіну;

- адам қүндылыктарын, оның өмірі мен қадір-қасиетін, қүқыктары мен еркіндігін түсіну, жалпыаздамзаттық қүндылыктарды сақгау;

шын мәніндегі азамат болу, өз Отаны - Қазақстан Республикасын сүю;

- қоғамдағы өз рөлі мен орнын түсініп, білу, өзін-өзі шығармашылық жағынан мейлінше толық көрсетуі;

- тарихты, отандық және элемдік мэдени мүраны бағалау;

- элемді және өзін-өзі тануда жасампаздық белсенділік таныту; -өмірлік және кәсіби жағдайларда адамгершілік критерийлерін

басшылыққа алу;

адамдармен қарым-қатынаста позитивті болып, басқа көзқарастағы және наным-сенімдегі адамдарға толерантты болу, төзімділік таныту;

- адам өміріндегі отбасының қүндылығын, мәні мен маңызын түсіну;

- табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау;

- салауатты өмір салтын үстану, өзінің физикалық және эмоционалды-рухани жағдайын қалыпта үстау.

"Өзін-өзі тану" пәні гуманитарлық циклдің басқа пэндері -Қазақстан тарихымен, Философиямен, Мәдениеттанумен, Этикамен, Эстетикамен, Дінтану, Психология, Педагогикамен тығыз байланысты.

Жоғарғы мектепте "Өзін-өзі тану" пәні бағдарламасының мазмұнын зияткерлік, этикалық (этикет және өмір этикасы), эстетикалық тәрізді адам руханилығының басты аспектілері қүрайды' Осыған орай 4 тақырыптық бөлім анықталды:

1. "Бақыттың кілті өз қолыңда"

2. "Адами қ^ндылықтар"

3. "Өмір әдебі"

4. "Әлем, неткен әсем ең!"

"Бақыттың кілті өз қолыңда" деп аталатын бірінші бөлімнің мақсаты - студенттерге өзін-өзі тану мен өмір бойы өздігінен білімін жетілдірудің қажеттілігін түсінуге, сезінуге көмектесу; өзінің өсу процесінен қанағаттанғандық сезіну; мэңгілік адами акиқатты танып-білуге ұмтылуы. Өмірдің этикалық аспектілері мен студенттердің кәсіби әрекетін карастыру барысында өмірлік маңызды, мэнді мэселелер мен адам өмірінің максаты мен мүратының рефлексиясы жүзеге асырылады.

"Адами құпдылықтар" атты екінші бөлімде студенттер өзара қарым-қатынастың қуанышын түсініп, достықты, отбасын қүрметтеп, студенттік немесе кәсіби үжымда өзара түсіністікті, татулық пен келісімді бағалай білуге үйренеді. Бұл орайда басты назар студенттік топта тілектестік қарым-катынасты орнату біліктілігін дамытуға аударылады.

Үшінші бөлім "Өмір эдебі" деп аталады, адам дүниесінің, элемінің нағыз көріністерімен таныстырады: сезімдері, күйзелісі, ізгілікті қасиеттері мен мінез-құлық сипаты. Жалпыадамзаттық қүндылықтар туралы түсінігін тереңдете отырып, студенттер күнделікті өмірде және кәсіби әрекетінде өздерінің адамгершілік нормаларын сақтау жауапкершілігінің тереңдігін сезінеді.

"Элем, неткен әсем ең!" атты бөлім қоршаған орта мен жалпы элемге жол ашады, адамның әсемдікке, сүлулыққа қажеттілігін тәрбиелеп, өзімен және табиғатпен үйлестікте өмірдің шынайы толык мәні мен шығармашылық куанышын сезініп, түсінуге көмектеседі.

Өзін-өзі тану бойынша оқу-әдістемелік кешенін дайындаушылар оны жоғарғы мектептегі оқыту процесінің жүзеге асырылуының моделін алдын ала анықтайтын студенттердің рухани-адамгершілік және эмоционалдық дамуының көзі, бастауы ретінде қарастырады. Бул білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе", Студент дэптері, Хрестоматия, Педагогке арналған

Қызмет пен достық - екі параллель сызықтар: қосылмайды.

А.В.Суворов

Адамның мінез-құлқы мен ақылы жайында дұрыс пікірге келудің сенімді тэсілі - оны кітап пен дос тандауына қарап бағалау.

К. Гельвеций

Махаббат пен достықтағы теңдік - касиетті нәрсе.

И.А.Крылов

Достық - қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптасып, өзара күрмет негізінде ғана дамиды.

Э. Боэси


Мен туралы шындыкты дос айтпаса, маган кім айтады, ал өзің туралы шындықты өзгелерден тыңдау - қажет-ақ.

В.Г.Белинский

Жаман дос - көлеңке, басынды күн шалса, қашып қүтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.

Абай


Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.

М. Әуезов

Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола түрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.

Аристотель

Достықтың үлы ерлігі - досқа өзіміздің кемшіліктерімізді корсету емес, қайта оның өз кемшіліктерін өзіне корсету.

Ф.Ларошфуко

Шын дос біздің екінші "меніміз" болуға тиіс, досынан ол адамгершілік жөнінен тамаша нәрседен басқа ештеңе талап етпейді;

достықты табиғат бізге кінәрат-кесапатқа серік ретінде емес, айбынды ерліктерге көмекші ретінде берген.

Цицерон

Шырқ айналар шіркін тауык, Жемің болса қолында.



Қайдағысы сені тауып,

Топырлайды жолыңда.

Досыңмын деп ант береді, Жем іздеген жанама.

Жемің бітсе жалт береді, Сенерлік дос санама.

С.Сейфуллин

Д°с туралы жыр

\J \J Сөзі Т.Молдагалиевтікі

^ Әні С.Бәйтерековтікі

Іздегенде табылатын касыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көріспесек сағыныштан жүдейтін, Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.

Қайырмас ы:

Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңісінді көрейін. Сырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін.

Қос бүтагы секілденіп ағаштың, Қатар түрып гүлімізді сан аштық. Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық, Адассақ та бірге жүріп адастық.

Қайырмасы 89

аудиоқатарды қолдану арқылы күшейтілуі мүмкін (классикалық музыканы т.б. тындау).

"Ойын", "Жаттыгу" - тэсілдері арқылы оқу материалдары студенттің жеке тэжірибесінде көрініс табады. Ойындар мен жаттығулар аркылы болашақ мамандар әлеуметтік мәні бар, маңызды компетенциялар мен өмірлік дағдыларды қалыптастырады.

"Пікірталас" - топтың әрбір мүшесі катыса отырып, берілген тақырып бойынша өз пікірін білдіріп, әрбір адамның позициясын, бағыт-бағдарын анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелік тэсіл.

"Бейнематериалдарды (фильмдерден үзінді т.б.) қарау" -оқыту процесінде көркем образдарды пайдалану, киноискусствоның эмоционалдық әсері арқылы студенттерге адам өмірінің адамгершілік жақтарын және кәсіби әрекетін түсінуді күшейтеді.

"Шыгармашылық әрекет" - өзін-өзі тану сабақтарының маңызды қүрамдас бөлігі, ол студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін әдістемелік тэсіл. Дэптерде әр түрлі өздік және үжымдық әрекетті орындауды көздейді: эссе, шығарма жазып, тестілерді орындау.

"Рефлексия" - студенттердің сабақ барысы мен нәтижелерін талқылауы, бұл оларды таным мен өзін-өзі тануға, ақиқатты іздеуде, табуда одан әрі әрекетке жүмылдырады.

"Педагогтің корытындылауы" - сабақтың нәтижелерін қорытындылаудың әдістемелік тэсілі, педагог оқытылып отырған материалдың аса маңызды деген түстарына ерекше назар аудартады.

"Жүректен журекке" шеңбері" - сабақты аяқтайтын әдістемелік тэсіл, бұл кезеңце пікір алысу, әрбір студенттің эмоционалдық /тсагдайын анықтау, олардың тақырыпты түсініп, игеру деңгейі анықталады.

Қүрметті оцытушылар!

Бұл әдістемелік құрал сіздерге студенттермен қызықты шығармашылық жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Құралда сабақтардың әдістемелік өңцеулері берілген, олар сіздердің педагогикалық қызметтеріңізде көмек береді деген сенімдеміз.

Сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз және ынтымақ-тастыққа шақырамыз! Үсыныс, тілектеріңізді мына мекенжайға жіберулеріңізді өтінеміз: 050027 Алматы қаласы, Бостандық ауданы, "Дарын-1" шағынауданы, №47 үй. "Бөбек" Ұлттық орталығының Адамның үйлесімді даму институты.



Өмір өзі аркамызға жүк салып, Бәрімізді қияларға жүмсады. Қатар ұшқан қүсқа үқсадық элде біз, Қатар жанған екі шамға үқсадық.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет