БАҒдарламасы (силлабус) Пән Өзін-өзі тану Мамандығы : Педагогикалық мамандықтар



бет4/10
Дата11.01.2017
өлшемі3,52 Mb.
#6933
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бір ауыз сөз

Сөзі К. Салықовтікі Әні Ш. Әбілтаевтікі

Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,

Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды.

Бір ауыз сөз үшса бақыт қүсы боп, Б

ір ауыз сөз жаманатқа қияды.

Бір ауыз сөз таң Шолпанын әперер,

Бір ауыз сөз анаңдай боп мәпелер.

Бір ауыз сөз: "Үл туды!" - деп қуантса,

Бір ауыз сөз эке өлімін экелер.

Бір ауыз сөз мүхиттарды жалғайды,

Бір ауыз сөз үран болып самгайды.

Бір ауыз сөз әлемге эйгі еткізсе,

Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.

Бір ауыз сөз жан тетігін табады,

Бір ауыз сөз мың эуреге салады.

Қимас жандар көз жүмарда қоштасып,

Бір-ақ ауыз сөз айтысып, сөз айтысып қалады.


1 жаттығу

Сіріңке Бұл жаттығуды орындау үшін әр студентке 15 дана сіріңке таяқшасы қажет болады. Ойынға қатысушылар жұпқа бөлінеді де, бір-біріне арқаларын таяп отырады. Әр студенттің қасында үстел түрады. Егер мүны іске асыру қиын болса, әр қатысушының тізесіне кітап қойылады. Жүптың бір адамы сіріңкеден фигура қүрастыра бастайды. Сонымен қатар, ол өз әріптесіне не істеп жатқанын түсіндіреді. Әріптесі түсінуге тырысып, ол да фигура қүрастыра бастайды. Ол қайта сүрай алмайды және қарай алмайды. Өзінің іс-қимылын түсіндіріп жатқан студент геометирялық фигураның атауын айтпауы керек. Яғни, ол " мен сіріңкені көлденеңінен қойдым" дейді, бірақ "төртбүрыш жасап жатырмын" деп айта алмайды. Фигура құрастырылып болғанан кейін, нәтижені салыстыру керек. Кейіннен студенттер орындарын алмастырады да, жаттығуды кайталайды.



Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Жаттығудың мәні неде деп ойлайсыздар?

2. Қай жүптар тапсырманы қатесіз орындады?

3. Қүрастырган фигуралар тіпті әр түрлі болған жүптар бар ма?

4. Қүрастырған фигуралар дэл келген (немесе тіпті дэл келмеген) жүптар туралы не айтуға болады?

5. Кімге түсіндіру оңай болды, ал кімге тыңдап, күрастыру оңай болды?

6. Жаттығуды орындау барысында түсініспестік жагдайлар болды ма?

Ескерту:

Осы жаттыгу студенттердің бір-бірін түсіну цабілеттерін көрсетеді.

Сонымен цатар, тілдесу барысында адам белсенділігін немесе енжарлыгын аньщтауга болады. Кімге тыңдауга цараганда, түсіндіру оңай болса, соның көшбасшыга тән цасиеттері бар, тілдесуде белсенді болу керек. Адамдар арасындагы ара-цатынас өте киын цүбылыс екенін атап өту керек. Күнделікті өмір жагдайларын айтпаганда, сгріңкеден фигура цүрастыру кезінде де адамдарга бір-бірін түсіну киынга согады. Түсініспеушіліктің нәтижесі кикілжің тудыруы мүмкін.

Хрестоматиядан кикілжіңнің бірнеше түрі туралы (1\/у) материалды оқыңыз. Топ болып талқылаңыздар.

®1-тапсырма "Кикілжіңнің негізгі себептері" сызбасын мүқият қараңыз. Сызбада берілген кикілжінді жағдайларды тудыратын себептермен келісесіз бе? Қайсысымен жиі

кездестіңіз? А және Б тапсырмаларын орындап, топ арасында талқыға салыңыздар.



Кикілжіңнің негізгі себептері

А). Соқыр көзқарас - бұл адамдар туралы ешбір негізсіз теріс ой. Кикілжіңнің пайда болуына ескі көзқарастар себеп болатын жағдайды мысалға келтіріңіздер.

Б). Түрлі көзқарасты үстанатын жақтардың қызығушылығының соқтығысуы кикілжіңге экелетін мысалдарды келтіріңіздер:

2-тапсырма. Оқытушы үсынған адамның бейнесін суреттеп жазыңыздар немесе оның суретін салыңыздар.



®2-тапсырмаға Әр студентке төменде берілген адамдардың суретін салып, баяндап беруді тапсырыңыз: мектеп мүғалімі, дәрігер, іскер адам, ғалым-профессор, бойжеткен-модель, үздік оқушы, жұмыс тэжірибесі жоқ жас қызметкер. Сонымен қатар, бір адамды бірнеше студент бейнелесін, бірақ өздері оны білмеуі керек.

Жоғарыда айтылған адамдарға байланысты салынған суреттер мен баяндамаларды салыстырыңыз. Студенттердің жұмысында кездесетін үқсастыкты көрсетіңіз.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Біз адамдарды мамандығына, шүғылданатын ісіне, үлтына қарай бағалай аламыз ба?

2. Студенттердің салған суреттеріндегі әр мамандыққа байланысты кездесетін үксастық нені көрсетеді?

3. Адамдармен тілдесуде стереотиптер бізге көмектесе ме?

4. Сіздің түсінігіңізше стереотип деген не?

5. Стереотипке байланысты қандай мысал келтіре аласыз?

Анықтама бойынша стереотип - бұл белгілі бір топтың мүшелері бірегей үцсас цасиеттерді иеленеді деген тарихи цачыптасцан пікір. Мысалы, немістер іждагатты, үцыпты; агылшындар цатаң және досқүмар емес; дарынды галымдардың бәрі цияли, өзгелерге үцсамайды; үзын бойлы модельдер - ацымац; үздік оқушылардың бәрі - көзілдірік киеді; түрмеден босатылган адамдарга сенуге болмайды, олар тагы да цателесуі мүмкін; толық адамдардың бәрі - мейірімді.

Стереотип - бұл жақсы ма, жаман ба? Стереотип бізде тілдесу барысында кедергі келтіреді, өйткені жеке пікір цалыптастыруга мүмкіндік бермейді. Біз адаммен енді гана танысцанда, мысалы, оның мамандыгын және үлтын біліп аламыз да, бейсаналы түрде ертеректе естігеніміз негізінде (осы мамандъщ иелері немесе осы үлт адамдары туралы) адам туралы пікір цалыптастырамыз. Әрине, бұл дұрыс емес, өйткені әр адам әр түрлі және цайталанбас түлга.

Стереотиптің жақсы жақтары бар ма? Стереотиптің жалгыз пайдалы қасиеті - ол мидың жұмысын жеңілдетуі. Әр нәрсенің ерекшелігін ойластырудың керектігі жоц. Мысалы, апелъсиннің дәмі цандай екендігін ойланудыц керегі жоц, апелъсждердің барлыгы тәтті екендігін еске тусірсе болганы. Стереотиптердің ыцпалына түспеу ушін барлық адамдар әр түрлі екендігін және әр адам цайталанбас екендігін есте сақтау маңызды.

2-жаттығу. "Тыныш почта" Жаттығуды студенттер санына қарай бір немесе екі команда болып орындауға болады. Қатысушылар бір-бірінің артына тізбек қүрып отырады немесе түрады. Тізбектегі ең соңғы студентке оқытушы бір сөз айтады (мысалы, адам, үй, ағаш, жаңбыр, гүл және т.с.с). Басқалары бұл сөзді естімеуі тиіс. Соңғы студент естігенін өзінің алдында отырған адамның арқасына саусағымен салады. Осылай ақпарат тізбек арқылы ең бірінші отырған адамға жетеді. Ол өзінің арқасына не салғанын айту керек. Жаттығу сәтті өту үшін студенттер сөйлеспеуі керек. Студенттердің орнын ауыстырып, жаттығуды бірнеше рет өткізуге болады.

Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Студенттен алған ақпарат оқытушы айтқан ақпаратқа сай келе

ме?


2. Осы жаттығу арқылы қандай қорытындыға келеміз?

3. Өзгертілген ақпарат кикілжіңнің тууына себеп болуы мүмкін бе? Ойластырып көріңіздер?

Шығармашылық әрекет

3-тапсырма. "Кикілжінді жағдайлардың пайда болу үрдісі" сызбасын қарастырып, талқылаңыздар. Талқылауға арналған сүрақтар:

1. Сызбада дамығандай кикілжінді жағдайға тап болдыңыз ба?

2. Ең шыңына жеткенде кикілжіңді шешу талпынысы неліктен сәтсіз болады?



3. Басылған кикілжің қандай жағдайда қайтадан өршіп кетуі мүмкін?

®4-тапсырма "Кикілжіңнің нәтижесі" сызбасын қарастырып, талқылаңыздар. Талқылауға ар налган сүрақтар:

1. Кикілжінді шешуге үсынылган варианттарға қандай мысал келтіре аласыздар?

2. Кикілжінді немқүрайды шешу қандай нәтижеге экелуі мүмкін?

3. Кикілжің қандай жағдайда прогреске экелуі мүмкін? Мысал ойластырып көріңіздер?

Кикілжіңнің нәтижесі



5-тапсырма. Кикілжіңді дұрыс шешу жолдарын мұқият оқып, есте сақтаңыздар және керекті кезде қолдануға тырысыңыздар.

6-тапсырма. "Сіз қандай тұлғасыз" тесті

Осы тест арқылы сізге қандай қарым-қатынас тэн екендігін анықтауға болады. Әр сүраққа бір жауапты тандаңыз.

Төменде берілген тілдесу мәдениетіне байланысты макал-мәтелдерді оқып, ойларыңызды жеткізіңіздер.

Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңці жағдайлар болады. Кикілжіңнің себебі стереотиптер, соқыр сенімдер, өзгертілген ақпарат, мүдделердің келіспеуі болатындығын естен шығармаңыздар. Қандай шиеленіскен жағдай болмасын, эмоцияга беріліп, қызушылықпен іс-әрекет етпеңіздер. Ашуланып түрған кезде жоғалған қарым-қатынастарыңыз, кейін қалпына келмеуі мүмкін. Естеріңізде болсын, кикілжіңді сәтті шешу дегеңіміз - бұл жеңілгендер де, ренжігендер де болмайтын, кикілжіңге қатысушы-лардың бәрі жеңімпаз болып шығатын шешім табу.

Өмір сүрейік алмасып

Жапырақ жүрек жас қайың!

Жанымды айырбастайын

Сен адам бола бастасаң,

Мен қайың бола бастайын.

Келісесің бе, жас қайың?

Көрінер, мүмкін, кімге ерсі

Өміріңді маған бір берші!

Дүрбелең мына дүниені

Адам көзімен бір көрші.

Қайың боп мен де бағайын,

Орманнан орным табайын.

Беймэлім маған өмірге

Қайың көзімен қарайын.

Сен-дағы жерден нәр алдың,

Мен-дағы жерден нәр алдым.

Біреуден сен де жаралдың,

Біреуден мен де жаралдым.

Тілің жоқ, жанды қайың сен,

Айырмашылығым - Адаммын.

Мендегі бары бір жүрек,

Беріпті жүрек саган мың.

Сондықтан үзақ жасайсың –

Қүрдасы келер заманның.

Бар-жоғы менде бір жүрек,

Сендегі семсе мың жүрек,

Келгенде жасыл көктемің,

Тірілер қайта дүркіреп.

Жапырақ-жүрек жас қайың!

Жанымызды айырбастайық.

Адам боп жүрсең қасқайып,

Қайың боп түрам қаскайып,

Тэуекел, айырбастайық!

Өмірге өмір жалгасып,

Анамыз жерге жармасып,

Бірде адам, бірде қайың боп,

Сүрейік өмір, алмасып...

(М. Мақатаев)


13-сабақ

Өзара түсіністік және достық СОӨЖ - 1

Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол.

Абай


Сабақтың мақсаты: адамдар асындағы достық пен өзара түеіністікті бағалай білуге үйрету. Міндеттер:

- сенімді және адал дос болуға үмтылысын дамыту;

- адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы үғымын кеңейту;

- адамның айналасындағы адамдармен жемісті өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың жабдықталуы: студент дәптері, хрестоматия, "Өзін-өзі тану" пәніне кіріспе" оку құралы, "Дос туралы жыр" әнінің (сөзі -Т.Молдағалиевтікі, әні С.Бәйтерековтікі) аудиожазбасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет