80
Дәріс №14. Электрохимия. Электрохимиялық тізбектер.
1. Электрохимиялық процестерге жалпы түсінік. Электрохимиялық процестердің
термодинамикасы.
2. Электр қозғаушы күш және жылу эффектісі арасындағы электрқозғаушы күш
және қайтымды электрохимиялық системадағы тепе-теңдік кинетикасы арасындағы
байланыстар.
3. Электродтық тепе-теңдік потенциалды есептеу теңдеулері. Стандарт
электродтық потенциал. Электродтар концентрациясы 1-ші, 2-ші текті электродтар.
4. Химиялық тізбектер. Концентрациялық тізбектер.
5.Электр қозғаушы күші пайда болу механизмі. Екі метал шекарасындағы жанасу
потенциалы.
6.Электрод потенциалы және электр қозғаушы күшін өлшеу. Вестон нормаль
элементі.
Электрохимия — химиялық процестер мен электрлік құбылыстар арасындағы
байланысты зерттейтін физикалық химияның бір тарауы. Сондай-ақ бұл тарауда еріген
және балқыған электролиттердің де қасиеттері қарастырылады. Электролит ерітінділер
деп қозғалыстағы иондардың көмегімен электрлік ток өткізетін ерітінділерді айтады. Сол
сияқты электрохимия құрамына электролиз процестері мен оларға кері жүретін
гальваникалық элементтердегі процестер де енеді. Мұндағы бірінші және екінші
процестерде электролиттер ерітінділері (балқыма) мен көбіне металл пластинкасынан
(жолақша) жасалған электродтардан тұрады. Әдетте, ерітінділердің немесе ерітінді мен
электродтардың шекаралары белгілі бір себептермен электрлік зарядталған болып келеді.
Сондықтан да электрохимияға австралия ғалымы Дж. Бокрис берген «электрохимия
зарядталған беттер мен электролиттердің қасиеттерін зерттейді» деген ғылыми
анықтаманы еске түсірген артық болмас.
Электрохимияның пайда болуы Л. Гальвани және А. Вольта сияқты ғалымдардың
есімдерімен тығыз байланысты. Бақа бұлшық етінің қозғалысын зерттеу кезінде, Гальвани
күтпеген жерден металл пластинкасы мен бақаның табанынан тұратын электр тізбегін
алады. Ол өз тәжірибесіне сүйеніп, электр тогының пайда болуын тек тірі организммен
байланыстырады. Ал, 1799 жылы ғылым тарихында бірінші болып Вольта гальваникалық
элементтердің батареясын жасайды. Мұны сол кезде вольттық электрлік бағана дейтін.
Әрине, бұл құбылыс Гальванидің «жаны бар электр ток» атты болжамын жоққа шығарып,
бұл салада жаңа ұғым, тың бағыт тудырды. Ол кездегі бірінші гальваникалық элементтер
аралары электролит ерітінділеріне малынған матамен бөлінген мыс және мырыш
пластинкаларынан тұратын.
1834 жылы М. Фарадей электролиздің негізгі екі заңын ашып, тұжырымдады. Бұл
электрочимия саласындағы аса үлкен заңдылық болды. Фарадейдің электролиз заңына сүйеніп,
электрлік құбылыс пен материя арасындағы тығыз байланысты тура көрсетті және Стоней
ең кішкене элементар элктрлік зарядтың өлшемі ретінде 1891жылы «электрон» деген
терминді енгізеді.
Электрохимия С. Арреннус, Ф. Кольрауш, В. Оствальд және басқа да көптеген
ғалымдардың түбегейлі еңбектерінің негізінде, тек ХІХ ғасырдың соныңда ғана физикалық
химияның бір саласына а й н а л д ы .
Достарыңызбен бөлісу: