Дәрістің мақсаты: 1917 -1921 жылдарда болған оқиғалардың мазмұнын көрсету, олардың маңызын анықтау.
Дәріс сұрақтары:
Қазақстанда кеңестер билігінің орнауы. Алаш Орда үкіметі.
Азамат соғысы және өлкедегі саяси жағдай.
ХХ ғ. 20-шы жылдарындарының бас кезеңіндегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.
Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі. Қазақ қоғамының саяси өзгерістерге қатынасы. Уақытша өкіметтің басқару органдарының құрылуы. Қазақ интеллегенциясының өкілдері Уақытша өкіметтің басқару орындарының құрамында. Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, М.Тынышбаевтардың және басқалардың қызметі. Ақпан революциясынан кейінгі өзгерістердің тарихи маңызы. М.Тынышпаев Түркістан Уақытша үкіметінің комиссары. М.Шоқай Жетісу Уақытша үкіметінің комиссары. Уақытша өкімет және Қазақстандағы ұлт мәселесі. Облыстық және уездік қазақ съездері және оларда қойылған мәселелер. Патша өкіметінің құлауы және ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ комитеттерінің құрылуы және олардың қоғамдық саяси қызметі. Қазақ комитеттері – қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі.
1917 жылғы дағдарыс. Шілдедегі І-ші жалпықазақ съезі. «Алаш» ұлттық-саяси партиясының құрылуы. Ә.Бөкейханов партия лидері. Алаш партиясының бағдарламасы. «Алаш» партиясының бағдарламасының «Қазақ» газетінде жариялануы. Алаш және большевиктер. Бүкіл Ресейлік Құрылтай жиналысына сайлау. Алаш партиясының жетістіктері. "Үш жүз" партиясының құрылуы. «Үш жүз» партиясының басшылары және олардың ұстанған саяси бағыты. «Үш жүз» партиясының жетекшісі.
Уақытша өкіметтің мемлекеттік басқару жүйесінің ыдырауы. Большевиктердің саяси билікті қолына алуы. 1917 жылы Ақмолада құрылған ұйым. «Қара жұмысшылар Одағы» (А.Розыбакиев, Ж.Бабаев, Х.Фариденов). Желтоқсанда өткен ІІ-ші жалпықазақ съезі. Алашорда Халық Кеңесі үкіметінің құрылуы. Семей қаласы Алаш-Орда үкіметінің орналасқан орталығы. Алаш автономиясын жариялауға байланысты айтыстар. Ә.Бөкейханов Алаш үкіметінің жетекшісі. Түркістан (Қоқан) автономиясы ІҮ Бүкілтүркістан съезімен құрылған мемлекет. М.Шоқай Түркістан (Қоқан) автономиясының жетекшісі. Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметтері құрылуының Қазақстан тарихындағы тарихи маңызы.
Қазақстан Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарында.
Ресейдегі Қазан революциясы. Қазақстанда 1917 жылдың қазан-сәуір айлары аралығында Кеңес үкіметінің орнауы. Перовск Сырдария облысында алғаш Кеңес өкіметі орнаған қала. Кеңес өкіметі және Алашорда мен Қоқан автономиясы үкіметтерінің тағдыры. Ұлт зиялыларының Кеңес өкіметіне көзқарастары. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының таратылуы. Кеңес үкіметінің алғашқы шаралары. 1917 жылы Кеңес өкіметіне қарсы біріккен күштер.
Қазақстанның 1918-1920 жж. азамат соғысына тартылуы. Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарын құру шаралары. Большевиктердің қызыл әскердің ұлттық бөлімдерін құруы. Қазақстан халқының екіге жарылуы. Ақ гвардияшылар мен Қызыл Әскер арасындағы әскери қимылдың бүкіл Қазақстан жерін қамтуы. 1918 жылы маусымда Орынбордың алынуы. Азамат соғысы жылдарындағы экономикалық жағдай. «Соғыс коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы ерекшеліктері. Черкасск қорғанысына қатысушылар әскерінің Анненков әскерлеріне қарсы шайқасы. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанда соңғы майдан Жетісу майданының жойылуы. Азамат соғысы кезінде Ә.Жангельдин экспедициясының Ақтөбе майданын қару-жарақпен қамтамасыз етуі. 1920 ж. наурызында Қазақстандағы азамат соғысы аяқталуы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Қазан төнкерісі қарсаңында Қазақстанда жұмыс істеген саяси партиялар, олардың мақсаты мен міндеттері.
Қазақстанның қай аймағында кеңес өкіметі бірінші орнады?
Қазақстанда кеңес өкіметін орнатуда белсене қатысқан қайраткерлер.
«Әскери коммунизм» саясатының мазмұны.
Азамат соғысы жылдарында жау тылындағы партизан қозғалысы мен көтерілістер.
Черкасск қорғанысы.
Әдебиет:
1.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.
2.Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. А., 1961.
3.История Казахстана: белые пятна. А., 1991.
4. Григорьев В.К. Противостояние. А., 1989.
5. Пахмурный С.Н. Октябрь в Казахстане. А., 1978.
6. Гражданская война в Казахстане. Сборник документов.А., 1974.
7. Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. А., 1990.
8. Алаш Орда. Сборник документов.А.,1992.
9. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. А., 1995
11 тақырып.
ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан Дәрістің мақсаты: ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын көрсету. Қазақстандағы индустрияландыру, ұжымдастыру саясаттарының өзгешелігін анықтау. Осы кезеңде болған саяси оқиғалардың Қазақстанның дамуына тигізген әсерін сипаттау.
Дәріс сұрақтары:
ХХ ғ. 20-шы жылдардағы Қазақстанның экономикалық және саяси жағдайы.
Қазақстандағы индустриаландыру саясаты.
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсы наразылықтар.
Қазақ АКСР-і және Түркістан Республикасы. Мұсылман Бюросы және Түріккомиссия: саяси билік үшін күрес. Тұтас Түркістан идеясы. Т.Рысқұлов және М.Сұлтанғалиев. Түркістандағы басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша мен Ахмет Зәки Валидов. 1921 ж. жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешімнің қабылдануы. Азық-түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы ЖЭС жылдарындағы экономиканың дамытудың басты бағыты. 1921 ж. Қазақстандағы аштық. Алаш зиялыларының аштықпен күресі. 1921-1922 жж. жер-су реформасы. 1921-22 жж. жер-су реформасының мәні. Қазақстандағы жер мәселесі. Жаңа билік және қазақ зиялылары. Қазақ өлкелік партия комитетінің ІІІ-конференциясы (1923 ж., 17-22 наурыз). «База» және «азаб» туралы айтыс. «Қазақ ұлтшылдығы» туралы мәселе. 1923 ж. 22 қарашадағы «Қырғыз тілінде (қазақ) іс-қағаздарды жүргізуді енгізу туралы» Декрет. Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу. Верный қаласы Алматы болып қай жылы өзгертілуі. 1925 ж. Бүкілқазақстандық Кеңестер сьезі «қырғыз деген атауды, қазақ атаумен ауыстыру туралы» қаулының қабылдануы.
1925-33 жж. Ф.И.Голощекин Қазақстандағы партия ұйымының басшысы. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы, оның мазмұны. С.Сәдуақасов «Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткері. Жер мәселесіне байланысты Қазақ өлкелік партия комитетінің конференциясының шешімі (1925 желтоқсан), оның отарлық мазмұны. Қазақ зиялыларының Кеңестік билікті ұлттық мүддеге жұмылдыру әрекеті, оның іске аспай қалуы. Ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принцип, оның ұлыдержавалық астары. Отарлықтың биліктегі түрлі топтар арасында «тепе-теңдік» сақтау саясаты. Ұлттық нигилистерді қолдау саясаты. Т.Рұсқұлов өткізген Бүкілресейлік Атқару Комитеті мүшелерінің кеңесі. Қазақ Өлкелік Партия Комитетінің ІІІ-Пленумі (1926, 25-30 қараша). Ф.Голощекиннің Алаштық интеллигенцияға шабуылы. 1927 жылдың соңында басталған сот процестері. Алаш қозғалысы басшыларын репрессиялау саясаты (1927-1932).
Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу. Кеңестендіру саясаты. Бай қожалықтарын тәркілеу туралы декреттің қабылдануы, оның саяси және экономикалық нәтижелері. Ауқатты шаруалар қожалығын жою. Қазақ шаруаларын күштеп жаппай отырықшылыққа көшіру шаралары. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. 1932 ж. Қазақстанда ұжымдастыруды аяқтаудың жоспарлануы. Жаппай ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Ел көлемінде заңсыздықтың кең орын алуы. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы. 1929-1931 жж. күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалардың қарулы күресі. Олардың себебі, қозғаушы күштері, барысы және күшпен басылуы. Босқыншылық. шет елге ауа көшулер. Босқындардың қайғылы тағдыры.
1931-1933 жж. аштық. 1932 ж. шілдесінде Ф.Голощекинге жолданған республика қайраткерлерінің бірі тобы жазған «Бесеудің хаты». Демографиялық апат және оның салдары. Күштеп ұжымдастыру нәтижесінде 30-жылдары болған аштықтан 2 млн-нан астам адамның қырылуы. Кеңестік тарихнаманың «ұжымдастырудың» нәтижелерін асыра бағалауы.
Қазақстанды «индустрияландыру» саясаты. Табиғи шикізаттарды зерттеу. Индустрияландырудың отарлық мазмұны. Индустрияландыру жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. М.Шоқай, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов және басқа қайраткерлердің индустрияландыруға байланысты пікірлері. 1930 ж. Түркістан-Сібір теміржолының құрылысының аяқталуы. М.Тынышпаев және Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері және бұл саладағы қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Халыққа білім беру жүйесінің қалыптасуы. Маман кадрлар даярлайтын арнайы орта және жоғары білім ошақтарының құрылуы. 1928 ж. Қазақстанда бірінші жоғары оқу орнының ашылуы. Қазақ жазуын араб алфавитінен латын, сонан соң кириллицаға көшіру. А.Байтұрсынов бастаған топтың алфавит ауыстыруға қарсы күресі. 15 жастан 50 жасқа дейінгі жалпыға бірдей міндетті сауат ашудың енгізілуі.
Мәдениетте большевиктік концепцияның үстем алуы. Мәдениеттің ұлттық негіздеріне жасалған шабуыл. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Ғылым ошақтарының пайда болуы. Ғылым кадрлардың қалыптаса бастауы. Рухани мәдениеттен алаш зиялылары мен олардың шығармаларының ығыстырылуы. 1936 ж. Қазақ АКСР-ның одақтық статусқа ие болуы Қазақ АКСР-ның Қазақ КСР-і болып өзгертілуі. 1937 ж. Қазақстанда бірінші Кеңестік Конституцияның қабылдануы. Қазақстанда 1933-1938 ж.ж. басшы болған қайраткер және оның тағдыры. 1929 ж. Алматы қаласы Қазақстанның жаңа астанасы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1940 ж. 10 қарашадағы «Қазақ тілін жаңа орыс алфавитіне (кириллицаға) көшіру туралы» Заңы.
Тоталитарлық жүйенің нығая түсуі. Сталиннің жеке басына табынуы 1937-1938 жж жаппай репрессиялау шаралары. Ауқымы. Қазақ зиялыларының алдыңғы белсенді бөлігі – репрессия құрбаны. Бұл процесстің ауыр салдары. Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам қуғын-сүргін құрбандары. ГУЛАГ, КарЛАГ, СтепЛАГ, АЛЖИР лагерлері. Кәрістердің, немістердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударуы. Қазақстанға еріксіз қоныс аударған халықтардың жағдайы.1940 жылдың басында пайдалануға берілген темір жол торабы.
1919 ж. 10 шілдеде Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару үшін революциялық Комитеттің құрылуы, оның құрамы. Қазревкомның мақсаты мен міндеттері. 1920 ж. Алашорда үкіметінің жойылуы. БОАК-нің «Қырғыз (Қазақ) Кеңестік социалистік Автономиялық республикасын» құру туралы шешімі. 1920 ж. 26 тамыз Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы. 1920 ж. 4 қазан Кеңестердің Бүкілқазақстандық бірінші Құрылтайы. 1920 жылы құрылған Қырғыз (Қазақ) АКСР Орталық Комитетін басқарған С.Меңдешев. 1920 ж. Қазақстанның Халық Комиссарлар Кеңесін басқарған Радус-Зенькович. 1920-24 Орынбор қаласы Қырғыз (Қазақ) АКСР астанасы. 1924 ж. Сырдария, Жетісу облыстары ұлттық мемлекеттікті қайта бөлу кезінде Қазақ АКСР-ның құрамына енген облыстар.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1.Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу.
2. Қазақ АКСР-нің құрылуы.
3. Елді индустрияландыру барысында партияның ішкі күресінің сипаты және оның әдістері.
4. Қазақ зиялылары және олардың индустрияландыруға көзқарасы.
5. Қазақстандағы Голощекиннің солақай ролін көрсетініз.
6. Қазақстандағы мәдени құрылыстың ерекшелігі неде?
Әдебиет:
1.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994. 2.История Казахстана: белые пятна. А., 1991.
3. Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. А., 1990.
4. Козыбаев М. История и современность. А., 1991.
5. История рабочего класса Советского Казахстана. А., 1987.
6. История индустриализации Казахской ССР. Документы и материалы.(1926-1941гг). А., 1967.
7. Дахшлейгер Г.Ф. Турксиб – первенец социалистической индустриализации. А., 1953.
8. О чем не говорили: документальные рассказы и очерки. А., 1990.
9. Қазақ қалай аштыққа ұшырады. А., 1991.
10. Қуандықов Е. Сүрең салған сұрқия саясат.А., 1999.
11. Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. А., 1992.
12. Коллективизация сельского хозяйства в республиках Средней Азии и Казахстана. Опыт и проблемы. А., 1990.
12 тақырып.
Достарыңызбен бөлісу: |