Бағдарламасы (Syllabus) Оқытушы туралы деректер Мухамеджанова Раушан Журтпаевна т.ғ. к., доцент


Сақ кезеңі және Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттер



бет2/10
Дата12.03.2018
өлшемі1,3 Mb.
#38428
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сақ кезеңі және Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттер




Дәрістің мақсаты: Қазақстан территориясыдағы алғашқы мемлекеттерін пайда болуын көрсету. Қоғамда болған өзгерістерді танып білу.

Дәріс сұрақтары:
  1. Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалық одақтардың құрылуы

  2. Сақтар. Саяси тарихы, қоғамдық құрылымы

  3. Үйсіндер мен қанлылардың саяси тарихы.

  4. Ғұндар.

Б.з.д. 1 мың жылдықтын басында мал шаруашылығы мен егіншіліктін едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кең өндірісінің жолға қойылуын сол қоғамдағы өндіргіш күштін дамуын басып озды.

Жеке меншік – мүліктік теңсіздік - әлеуметтік теңсіздік – таптардың пайда болуы – мемлекеттік қалыптасуы.

Сақ тайпалар өмір сүрген уақыт – б.з.д. 7-4 ғғ. Сақтар туралы жазба деректері мәлімдейді: антика дәуірінің авторлары, парсы патшаларының жазбалары, «Авеста» кітабы. Сақтардың үш тайпасы: тиграхауда сақтары, парадарайя сақтары, хаомаварга сақтары. Сақ мемлекетінің саяси құрылысы әскери демократияға негізделді. Сақ қоғамының әлеуметтік құрылымында адамдардың үш тобы ерекшелінді. Олар: жауынгерлер, абыздар, басқа қауым адамдар.

Қазақстан территориясындағы алғашқы бірлестіктердің бірі үйсіндер. Үйсіндердің негізгі территориясы Іле, Шу және Талас өзендерінің бойы болды. Археологиялық материалдар үйсін қоғамының мемлекеттік дәрежеге жеткендігін дәлелдейді. Үйсіндердің билеушісі гуньмо титулын иеленген. Астанасы – Чигучен (Қызыл анғар) қаласы Ыстық көл жағасында болған.

Үйсіндерден батысқа ақрай Талас Сырдария өзендерімен Қаратау маңында және орталық Қазақстанда б.з.д. 3 ғ. бастап қаңлы тайпалары мекендеді. Қаңлылар астанасы – Битянь қаласы. Қаңлылар өздерін саяси әскери және сауда қызметінде Шығысқа қарай ұмтылыс танытпаған. Оның бір себебі шығыстағы Қытай, үйсін, ғұндар сияқты кішті мемлекеттердің өмір сүруі болса, екіншіден олардың көрші мемлекеттермен көршілік достық қарым-қатынаста тұруға деген ниетінен болса керек.

Б.з.д 1 мыңжылдықтын 2-ші жартысынан бастап Евразия этникалық- саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі өсті. Солардың бірі - ғұндар еді. Ғұндардың аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшпенділігімен мәлім. Ғұндардың Қазақстан жеріне қоныс аударуының екі толқыны болды (б.з.д 1 ғ. және б.з. 1 ғ.) ғұндардың билеушісінің титулы шаньюй. Ғұн қоғамы 24 руға болінген.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалық одақтар

  2. Сақ, үйсін, ғұн тайпаларын қай антропологиялық типке жатқызуға болады.

  3. Геродот сақтарды қалай деп атаған

  4. Үйсіндер, қаңлылар туралы қандай жазба деректер кездеседі.


Әдебиет:

  1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

  2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

  3. Акишев К.А., Кутаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или А., 1963

  4. Бернштам А.Н. Очерки истории гуннов Л., 1951

  5. Гумилев Л.Н. Хунну М., 1960


3 тақырып.

Ерте және кейінгі ортағасырлар мемлекеттері

Дәрістің мақсаты: Қазақстан территориясында түрік дәуіріне жататын мемлекеттерді танып білу

Дәріс сұрақтары:
  1. Ерте ортағасырлық мемлекеттік құрылымдар (6-10 ғғ.)

  2. Қазақстан территориясындағы 10-12 ғасырлардағы мемлекеттер

  3. Қазақстанның орта ғасырлардағы мәдениеті (6-12 ғғ.)

Б.з. 1 мыңжылдығының алғашқы ғасырларындаға Орталық Азиядағы тайпалар бірлестігінің тарихы өзара тығыз байланысты болды. «Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы қытай деректерінде аталады. 552 жылы Түрік елі қалыптасады Бұмын қаған – ел билеушісі. 603 жылы Түрік қағанаты Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінеді. Батыс Түрік қағанаты тарихта «он оқ елі» атымен белгілі. Қағанаттың астанасы – Суяб қаласы болды. Батыс Түрік қағанаты ежелгі үйсін тайпаларының жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жонғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың билеушісі қаған деп аталды, ол сонымен бірге әскери басшы билігін де атқарды. Қағаннан кейінгі лауазымды қызметтер ябгу, шад, елтебер деп атанды. Сот қызметін тархандар мен бұйрықтар атқарды. Түрік қағанатындағы тайпалар мал және егін шаруашылығымен айналысты және Жетісу бойында түріктердің көптеген қалалары болды.

Батыс Түрік қағандығындағы өзара тартыстар қағандықты әлсіретті. 704 жылы түркештер өздерінің мемлекетін құрды. Оның алғашқы билеушісі Үш Елік болды. Түркештер қара және сары болып екіге бөлінді және олардың арасында қаған билігі үшін өзара күрес жүрді. Түркеш қағандығының тарихы арабтарға қарсылық көрсеткенімен ерекшеленеді. Сұлық қағанды арабтар «сүзеген» деп атады. 751 жыл Атлах шайқасы. Талас өзенінің бойында араб мен кытай әскерлері кездеседі. Бұл шайқаста арабтар жеңеді, бірақ бұл территорияда қалуға мүмкіндік болмайды. 756 ж. қара және сары түркештер арасындағы күрес қайта жалғасалы.

Қарлұқ мемлекеті 756 – 940 жылдар. Қарлұктардың билеушісі – жабғу.

Сырдарияның орта және төменгі ағысында, Арал маңында және оған жалғас жатқан Батыс Қазақстан далаларында 9-11 ғасырларда оғыз тайпаларының мемлекеттік бірлестігі өмір сүрді. 10 ғасыр оғыздар мемлекетінің гүлдеген уақыты. Астанасы – Жаңакент қаласы. Оғыздардың негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы мен егіншілік. 11 ғ. оғыз мемлекеті құлдырай бастады. 11г. Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан құлады.

Қимақ тайпалары туралы алғашқы деректер 7 ғасырдан бастап кездеседі. Қимақ мемлекеті өмір сүген уақыт 9-11 ғасырлар. Қимақтар 10 ғ. бүкіл Шығыс және Орталық Қазақстанды және Батыс Қазақстанды қамтыған күшті мемлекет болды. Қимақ мемлекетінің құрамында қыпшақтар өмір сүрді.

Қарахан мемлекеті (942-1210) Қарахан мемлекетінің негізін Сатұқ Боғрахан қалады. Қарахан мемлекетінің территориясы Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Шу, Талас өзендерінің бойын алып жатты.Мемлекеттің астанасы Шу бойындағы Баласағұн қаласында орналасты. Қарахан билеушілірі ұзақ жылғы соғыстан кейін 1004-1005 жылдары бүкіл Мауереннахр жерін басып алды. Жер үлесі бойынша Қарахан мемлекеті шығыс және батыс бөліктерден тұрды.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1.Батыс Түрік қағанатындағы басты лауазымдар атауы.

2. Қимақ мемлекеті орналасқан территория

3. Жетісуда қидандар құрған мемлекеттін атауы.

4. Қарахандар әулетінің пайда болуы және олардың әрекеттері.
Әдебиет:


  1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1 том А., 1996

  2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

  3. Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.

  4. А. Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы А., 1996

  5. Кумеков Б.Е. Государство кимаков 9-11 вв. А., 1972

  6. Кляшторный С.Г. Древние рунические памятники как источник по истории Средней Азии М., 1964


4 тақырып.
Қазақстан моңғол шапқыншылығы дәуірінде. Алтын орда.

Қазақстан ХІҮ-ХҮ ғғ. 1-ші жартысында.
Дәрістің мақсаты: Моңғол шапқыншылығының Қазақстан жеріне тигізген әсерін көрсету. Моңғол ұлыстары құрамынағы Қазақстан территориясын анықтау. 14 – 15 ғасырларда Қазақстан жерінде қалыптасқан Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттерді білу.

Дәріс сұрақтары:

  1. Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы

  2. Моңғол ұлыстары және Алтын Орда

  3. 14 – 15 ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

1206 жылы Моңғол мемлекеті құрылды. Темучин бүкіл моңғол тайпаларының билеушісі болып сайланды, Шынғыс хан деген атпен таққа отырды. 1207-1211 жылдары Шыңғыс хан Оңтүстік Сібір халықтарын және Шығыс Түркістанды бағындырды, ал 1215 жылы Пекинді, 1217 жылы бүкіл Солтүстік Қытайды жаулап алды. Моңғолдардың батысқа жорығы Жетісу жерін жаулап алудан басталды. «Отырар апаты» оқиғасы Қазақстан территориясына жорықтар жасауға сылтау болды. 1219-1224 жж. Қазақстан мен Орта Азия территориясы жаулап алынды. Бұл территория Шынғыс хан империясының құрамына кірді.

Моңғол империясының территориясы ұлыстарға бөлініп бағындырылды. Шыңғыс хан мемлекет жерін төрт ұлысқа бөлді. Жошы ұлысына Ертістен төменгі Еділ өзеніне дейінгі бүкіл Дешті Қыпшақ жерлері кірді. Шағатай ұлысы – Шығыс Түркістан, Жетісу және Мауереннахр территориясы. Үгедей ұлысының құрамында Батыс Моңғолия, жоғарғы Ертіс және Тарбағатай жерлері кірді. Сонымен Қазақстан территориясы моңғолдардың үш ұлысының құрамында болды. Шыңғыс ханның тірі кезінде-ақ оның ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға ұмтылды. 1227 жылы Шыңғыс хан және оның үлкен ұлы Жошы өлгеннен кейін олардың дербестікке ұмтылу әрекеттері одан әрі күшейе түсті. Жошының мұрагері Бату Шыңғыс ханның батысқа қарай тоқтап қалған жорығын қайта жалғастырды. Ол 1236-1242 жж. Европаға жорық жасады. Осыдан кейін өз мемлекетінің негізін қалады. Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай-Бату қаласы болды.

Мемлекеттік құрылымы берік емес Алтын Орда Бату хан кезінде-ақ бір-біріне тәуелді болғысы келмеген ұлыстарға бөлінген болатын. Бату тұсында Жошы ұлысын оң және сол қанат болып бөлінеді, бұл іс жүзіндегі екі әртүрлі екі мемлекет еді, оның оң қанатын Бату мен оның мұрагерлері басқарса, сол қанатына Орда Ежен иелік етті. Ақ Орда моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңде Қазақстан территориясындағы жергілікті этникалық негіздегі алғашқы ірі мемлекеттік құрылым. Орыс хан тұсында Ақ Орда мемлекеті едәуір нығайды. Осы кезде күшейген Самарқан билеушісі Ақсақ Темір Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттеріне қарсы өзінің агрессиялық қимылдарын күшейте түседі.

14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысының ыдырауына байланысты Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан жерінде жаңа көшпелі мемлекет пайда болды.Жетісудағы ең қуатты түрік тайпаларының бірі болып саналатын дулат тайпасы көсемдерінің қолдауымен 1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темір Моғолстанның алғашқы ханы болып сайланады.Моғолстан емлекеті астанасы- Алмалық қаласы. 16 ғ. ортасында жеке мемлекет ретінде Моғолтан өмір сүруін біржолата тоқтатады. Тарихи жазба мәліметтерінде Әбілқайыр хандығы Көшпелі өзбек мемлекеті деп те атанған.Әбілқайыр хан билік еткен уақыт – 1428-1468 жж.

14 ғ. аяғы мен 15 ғ. басында Алтын Орданың ыдырауы мен Ақ Орданың әлсіреуі кезеңінде осы мемлекеттің бөлшектенген қалдықтарының орнына пайда болған ірі мемлекеттік құрылымның бірі Ноғай Ордасы болды. Ноғай Ордасы территориясында өмір сүрген тайпалардың ішінде басым болған маңғыттар. Сондықтан бұл мемлекетті «Маңғыт жұрты» деп те атайды. Мемлекеттің астанасы Сарайшық қаласы болған. Қазақстан территориясында біршама ұзақ уақыт өмір сүрген Ноғай Ордасының ыдырауы Ресейдің Қазан және Астрахань хандықтарын жаулап алуынан кейін едәуір тездей түседі.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар


  1. «Отырар апаты» оқиғасының мазмұны неде?

  2. Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы.

  3. Ноғай Ордасының пайда болуы.


Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 1 том. А., 1996. 2 том. А.,1997.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

3.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. А., 1992.

4.Пищулина К. Юго-Восточный Казахстан в середине 14 – начале 16 веков. А., 1977.

5. Казахстан, Средняя и Центральная Азия в 16 – 18 веках. А., 1983.

6. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Т. 1. М., 1963.
5 тақырып.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет