4.Айқасқан сұраныстар құру Айқасқан сұраныс (Перекрестный запрос) режимі мәліметтерді жинақы түрде электрондық кесте форматында көрсету үшін айқасқан сұраныстар құратын Шеберді іске қосады. Шебердің 1-терезесінде – айқасқан сұраныс құруға негіз болаптын сұраныс немесе кесте көрсетіледі. 2-терезеде – жолдар тақырыбы ретінде қолданылатын өрістерді, ал үшіншісінде – бағаналардың тақырыбы ретінде қолданылатын өрістерді көрсету керек. 4-терезеде есептеулер жүргізілетін өрістер мен есептеу түрі беріледі. Алдын ала келісім бойынша мәліметтердің орташа мәнін есептеу тағайындалған, алайда басқа да есептеу түрлерін де беруге болады (Топтық операция – Групповая операция қатары арқылы). Соңғы терезеде сұраныстың аты енгізіледі. Бұл режим екі немесе одан да көп өрістерде берілген ақпараттарды талдауға арналған.
Айқасқан сұраныс құру мысалын қарастырайық. 91-суретте сұраныс құруға қажетті кестені сұрайтын («Авто» кестесі) сұхбаттасудың бірінші қадамы келтірілген. Екінші қадамда жолдардың тақырыбы ретінде алынатын өріс таңдалады – ол Маркасы өрісі (92 сурет). Үшінші қадамда бағаналардың тақырыбы ретінде алынатын өріс таңдалады – ол Түсі өрісі (93 сурет). Сұхбаттасудың төртінші қадамында есептеулер жүргізілетін өріс (Бағасы өрісі) және есептеу функциясы (қосындысын шығару) көрсетіледі (94 сурет). Сұхбаттасудың соңғы қадамында сұраныстың аты енгізіледі (95 сурет). 96-суретте «Авто» кестесінен айқасқан сұраныс негізінде алынған мәліметтер көрсетілген. «Авто» кестесінің бастапқы түрі 88-суретте келтірілген.