Бағалау талаптары. Жоғарғы балл – 100 балл
90-100 балл төмендегі талаптарға сай болуы керек:
тақырыпты өте жақсы түсінгенін көрсетеді; тақырыптан еш ауытқымайды;
тезисті (ұстаным, негізгі идея) тақырыпқа сәйкес өте жақсы қояды;
тезиске қатысты өте жақсы пікір білдіреді (сыни ой, көзқарас);
сыни пікіріне өте жақсы нақты дәлелдер (аргументтер) келтіреді;
анализ жасау үшін алған дәлелдерді, автор қолданған тәсілдерді өте жақсы талдайды;
тарихи терминдерді, деректерді өте орынды қолданады;
тарихи үдеріске өте жақсы сыни сараптама жасайды;
ойдың логикалық бірізділігін өте жақсы сақтайды;
өз талдауының, сараптауының түйінін өте жақсы қорытындылап, шешім ұсынады.
89-70 балл төмендегі талаптарға сай болуы керек:
тақырыпты жақсы түсінгенін көрсетеді, тақырыптан ауытқымайды;
тезисті (ұстаным, негізгі идея) тақырыпқа сәйкес жақсы қояды;
тезиске қатысты жақсы пікір білдіреді(сыни ой, көзқарас);
сыни пікіріне нақты дәлелдерді (аргументтер) жақсы келтіреді;
анализ жасау үшін алған дәлелдерді, автор қолданған тәсілдерді жақсы талдайды;
тарихи терминдерді, деректерді орынды қолданады;
тарихи үдеріске сыни сараптаманы жақсы жасайды;
ойдың логикалық бірізділігін жақсы сақтайды;
өз талдауының, сараптауының түйінін жақсы қорытындылап, шешім ұсынады.
69-50 балл төмендегі талаптарға сай болуы керек:
тақырыпты қанағаттанарлық деңгейде түсінгенін көрсетеді, тақырыптан біршама деңгейде ауытқиды;
тезисті (ұстаным, негізгі идея) тақырыпқа сәйкес қоюы әлсіз;
тезиске қатысты білдірген пікірі (сыни ой, көзқарас) әлсіз;
сыни пікіріне анализ жасау үшін алған дәлелдері (аргументтер) жеткіліксіз;
автор қолданған тәсілдерді, әдеби терминдерді, деректерді қолдануы өте аз;
тарихи процеске қанағаттанарлық деңгейде сыни сараптама жасайды;
ойдың логикалық бірізділігін қанағаттанарлық деңгейде сақтайды;
49-39 балл төмендегі талаптарға сай болуы керек:
тақырыпты шектеулі деңгейде түсінгенін көрсетеді, тақырыптан шектеулі деңгейде ауытқымайды;
тезисті (ұстаным, негізгі идея) тақырыпқа шектеулі деңгейде сәйкес қояды
тезиске қатысты шектеулі деңгейде пікір білдіреді (сыни ой, көзқарас);
сыни пікіріне шектеулі деңгейде дәлелдер (аргументтер) келтіреді;
анализ жасау үшін алған дәлелдерді, автор қолданған тәсілдерді шектеулі деңгейде талдайды;
тарихи терминдерді, деректерді шектеулі деңгейде орынды қолданады;
тарихи процеске шектеулі деңгейде сыни сараптама жасайды;
ойдың логикалық бірізділігін шектеулі деңгейде сақтайды;
өз талдауының, сараптауының түйінін шектеулі деңгейде қорытындылап, шешім ұсынады.
38-28 балл төмендегі талаптарға сай болуы керек:
тақырыпты түсінуде ауытқығанын көрсетеді;
тезисті (ұстаным, негізгі идея) тақырыпқа сәйкес емес қояды;
тезиске қатысты тақырыпқа сәйкес келмейтін пікір білдіреді (сыни ой, көзқарас);
сыни пікіріне шектеулі деңгейде дәлелдер (аргументтер) келтіреді;
анализ жасау үшін алған дәлелдерді, автор қолданған тәсілдерді шектеулі деңгейде талдайды;
тарихи терминдерді, деректерді шектеулі деңгейде қолданады;
тарихи процестерге шектеулі деңгейде сыни сараптама жасайды;
ойдың логикалық бірізділігін шектеулі деңгейде сақтайды;
өз талдауының, сараптауының түйінін шектеулі деңгейде қорытындылап, шешім ұсынады.
27-0 балл төмендегі талаптарға сай болуы керек:
тақырыпты түсінуде біршама ауытқығанын көрсетеді;
тезисті (ұстаным, негізгі идея) тақырыпқа сәйкес қоя алмайды;
тезиске қатысты тақырыпқа сәйкес келмейтін пікір білдіреді (сыни ой, көзқарас);
сыни пікіріне шектеулі деңгейде дәлелдер (аргументтер) келтіре алмайды;
анализ жасау үшін алған дәлелдерді, автор қолданған тәсілдерді шектеулі деңгейде талдай алмайды;
тарихи терминдерді, деректерді шектеулі деңгейде қолдана алмайды;
тарихи процеске шектеулі деңгейде сыни сараптама жасай алмайды;
ойдың логикалық бірізділігін шектеулі деңгейде сақтайды;
өз талдауының, сараптауының түйінін шектеулі деңгейде қорытындылап, шешім ұсына алмайды.
Білім алушы өзіндік жұмысына арналған тапсырмаларды (слайд, презентация, реферат, эссе, ауызша) ғылыми әдебиеттерді, оқулықтарды және интернет желісін қолдану арқылы уақытында үнемі тапсырып отыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |