Жоба, эссе, талдау әдістерін орындауды бағалау талаптары
Жоғарғы балл – 100 балл
- 90-100 балл – материалды ойға қонымды, сауатты, қатесіз баяндауы; кәсіби терминологияны еркін меңгеруі; өз ойын, пікірін айта білуі, жеткізе білуі, негіздей білуі; теориялық сұрақтарға нақты, толық, дұрыс жауап беруі; теорияны практикамен байланысын ұйымдастыра білуі.
- 89-70 балл – материалды сауатты баяндауы; материалды бағдарлай білуі; кәсіби терминологияны меңгеруі; тапсырманы шешу үшін теориялық білімін саналы түрде қолдана білуі; бірақ жауаптың мазмұны мен формасы жекелеген дәлсіздіктерге ұшырауы; жауаптың дұрыс, аздаған дәлсіздіктері бар толық болуы немесе жеткіліксіз түрде толық болуы.
- 69-49 балл – материалды толық емес, бірізділіксіз баяндауы; ұғымдарды анықтауда, мәселені шешу үшін білімін қолдануда дәлсіздіктерге жол беруі; өз ойын, пікірін дәлелді түрде негіздей алмауы; оқыған материалын терең түсінуі жеткіліксіз екені байқалуы.
- 48-0 балл – қажетті теориялық білімінің жоқ болуы; ұғымдарды анықтауда қателіктер жіберуі; ұғымдардың мән-мағынасын бұрмалауы; мәселені шеше алмауы; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеуі; баяндау барысында өрескел қателіктер жіберуі; мәселені шешу үшін білімін қолдана алмауы.
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ):
Дәріс және семинар тақырыптары бойынша әр апта СОӨЖ өткізіледі. СОӨЖ уақытында практикалық сабақ барасында толық ашылмай қалған мәселелер мен пысықтауды қажет ететін сұрақтар талқылауға, өзіндік жұмыстарды (СӨЖ) орындау бойынша кеңес алуға болады. Сонымен қатар өткен материал бойынша қосымша ақпарат алу үшін және оқылған курс бойынша басқа да сұрақтармен оқытушыға оның офис-сағаттары кезеңінде хабарласуға болады.
Практикалық сабақ:
Практикалық сабақтар барысындағы белсенділігіңіз сіздің қорытынды бағаңыздың негізгі бөлігі болып табылады. Соған сай, сабақты жіберу сіздің сабақ үлгеріміңізге және қорытынды бағаға әсер етеді. Кез келген себеп бойынша екі рет кешігу немесе сабақ соңына дейін кетіп қалу, бір рет сабақ жіберген болып есептеледі. Дегенмен де, сабаққа қатысу, өздігінен баллдың қосылуы болып табылмайды. Барлық сабақ барысында сіздің белсенді қатысып отыруыңыз қажет. Курстың басты талабы сіздің әр сабаққа дайын болуыңыз. Практикалық сабақтарға дайындалу барысында көрсетілген оқулықтар мен қосымша материалдардың тарауларын қараңыз. Осылай дайындалу жаңа материалды қабылдауыңызды жеңілдетеді және университет қабырғасында білімді белсенді меңгеруіңізге ықпал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |