Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет58/67
Дата20.01.2020
өлшемі1,61 Mb.
#56236
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67
Байланысты:
Үлгілік бағдарлама

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы


«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- жапсыру;

-музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: өз ойларын, сезімдерін бейнелей білу дағдыларын, қоршаған ортаны қабылдай білуді, шығармашылық және байқағыштық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

- балалардың шығармашылық қабілеттерін, қоршаған болмысқа эстетикалық қызығушылығын дамыту;

- балалардың өнер туындыларын қабылдау қабілеттілігін, эмоциалы қатынасын дамыту;

- балалардың түсінуіне жақын 2-3 қазақ халқының өнерімен таныстыру;

- халық ойыншықтары туралы түсініктерін кеңейту;

- балаларды әртүрлі бейнелеу өнерімен таныстыруды жалғастыру (живопись, графика, скульптура, сәндік- қолданбалы өнер);

- бірлесіп жұмыс жасау, жұмысты ұжыммен орындау дағдыларын қалыптастыру;

- өз жұмысының нәтижесін бағалауға үйрету;

- живопись және скульпторлық мүсіндердің туындыларымен таныстыруды жалғастыру(картиналар жәңе репродукциялық картиналар);

- балаларды безендірудің мәнерлі құралдарымен, балалар кітаптарындағы иллюстрациялармен таныстыру;



- балаларды өнер туындыларын, олардың түрлерін дербес қарастыруды, мәнерлік құралдарына және мазмұнына көңіл аударуға баулу (ырғақ, түс, пішін, композиция).

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Сурет салу


Заттардың суреттерін салу.

Балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, күрделі емес ойыншықтар сұлбасын өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып салуға үйрету. Серуен кезіндегі бақылаудан кейін ағаштың күзгі жапырақтары, үй, трамвай, автобус; серуен мен саяхат кезінде алған әсерлерін суретте бейнелеу.

Пішіндер туралы білімдеріне сүйене отырып, негізгі пішінін, заттар мен олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты беруге, бөліктердің салыстырмалы көлемі мен орналасуына, түстер туралы біліміне сүйене отырып, заттардың түстеріне, өз талғамымен түстерді таңдауға үйрету.

Бірнеше біртекті заттардың мөлшеріндегі ерекшеліктерін жеткізе білу іскерліктерін қалыптастыру.

Өздері білетін пішін жасау тәсілдерін бекіту:

-жемістер мен жидектер; балық, жануарлардың суретін салу барысында дөңгелек пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты;

-төртбұрыш пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты;

-көлік құралдары, адамдардың тұлғасы сияқты күрделі пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты көре білуі.

Балаларды суретке қарап салуға және елестете отырып жануарлардың, адамдардың және ойыншықтардың суретін салуға үйрету. Күрделі емес қимылдарды бере білу, бейненің айқындылығына, қимыл барысында қолдың, аяқтың қалыптарының өзгеруіне қол жеткізу. Заттардың көлемі мен үйлесімділіктегі айырмашылығын бере білуге үйрету. Қарындашпен жеңіл сызықтар сызуға, бояудың қажетті қоюлығын алу үшін, акварель бояуын сумен араластыра білуге үйрету.

Сәндік сурет салу.

Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді, жақпаларды, нүктелерді бірқалыпты орналастыра отырып, қарапайым пішіндерде өрнектерді құрастыра білу іскерліктерін бекіту. Түрлі өлшемдегі өрнекті элементтерді үйлестіру, ақ және түрлі түсті қолдана отырып, түстерді таңдауды қолдану.

Қылқаламмен қағазға басып салу тәсілдерін қолдануға, қағаздың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратуға үйрету.

Қарындаштармен сурет салу барысында саусақтарға күш түсірмей, көлбеу ұстау қажет, штрихтарды біркелкі жеңіл қимылмен бір бағытта әрі-бері сызу. Сызықты контурдың сыртына шығаруға болмайды.

Сурет салу барысында қағазға жуан сызықтарды сызарда қылқаламды көлденең, ал жіңішке сызықтар мен нүктелерді сызу үшін тігінен ұстап, суреттерді бояғанда бір бағытта солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай, қиғашынан жүргізіледі.

Балаларға түрлі материалдар: қарындаштарды, бояуларды қолдануды үйрету.

Түзу сызықтардың түрлі байланыстарымен құрылған қазақтың (1–2) өрнектерінің суретін салу. Элементтерді пішіндер мен сұлбалардың ортасы мен шеттеріне орналастыра білу. Қазақ оюларының көптүрлілігі туралы түсініктерін кеңейту, ерекшеліктері мен оларға тән элементтерін қолдана отырып, құрастыра білу іскерліктерін дамыту. Ұжымда жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сюжеттік сурет салу.

Бейнелерді бүкіл параққа, бір сызықтың бойына, жалпақ жолақшаға орналастыру біліктерін қалыптастыру. Бейнені айқындау құралдарын, ересектердің еңбегін, қоғамдағы оқиғаларды қолдана отырып, балаларды табиғаттан алған әсерлерін көрсете білуге үйрету. Ертегі желісі бойынша сурет салу.

Бір мазмұнға біріктіре отырып, бірнеше заттардың суреттерін бейнелей білуге үйрету.


Күтілетін нәтижелер:


- бейнелеу өнерінің мәнерлі құралдары туралы бастапқы түсініктері бар;

- гүлдер, көкөністер, жемістерге қарап суреттерін салады;

- суретті салуда мәнерлеу құралдарын қолданады;

- түрлі түсті қарындаштар мен бояулармен жұмыс жасай алады;

- қазақтың ою-өрнек элементтерінің суретін салады, түрлі сюжеттерді сала біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет