Күтілетін нәтижелер: - сурет салу техникасын игерген;
- заттардың үлгі бойынша олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып салады;
- көлемі бойынша олардың арақатынасын ескеріп, заттар мен жануарлардың пішінін бейнелейді;
- суретте ашық және солғын түстерді пайдаланады;
- мазмұнды композицияның бейнесін салу дағдыларына ие;
- ерекшеліктерін ескере отырып, ағаштар мен жануарларды салады;
- дөңгелек және сопақша пішіндегі өрнектерді құрастырады;
- 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ауыстыруды ескеріп, қазақ оюларының элементтерін қолдана алады;
-қарапайым ұлттық өрнектерді құрастыру кезінде ашық түстерді қолданады;
-қоршаған ортаның әсемдігін эмоционалды қабылдайды.
Мүсіндеу Мүсіндеутехникасынжетілдіру Заттықмүсіндеу Дағдыларды қалыптастыру:
- жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану;
- бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.
Мазмұндымүсіндеу Дағдыларды қалыптастыру:
- ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына мазмұндық композициялар құру;
- ұжымдық жұмыстарды орындау, міндеттемелерді өзара бөлісу;
- мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып, сазбалшықтан, қамырдан, ермексаздан мусіндеу.
Сәндікмүсіндеу Тұрмыстық заттарды мүсіндеуге қызығушылықты тәрбиелеу. Халық шеберлерінің еңбегі туралы білімін кеңейту, саздан жасалған халықтық бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын бекіту. Жартылай пішінді алу үшін сазбалшықтың тұтас кесегінен мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.