Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет134/192
Дата07.02.2022
өлшемі484,59 Kb.
#86671
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   192

Күтілетін нәтижелер:


- өлі табиғат объектілерін ажыратады және атайды;
- кейбір табиғат құбылыстарын, табиғаттағы және ауа райындағы маусымдық өзгерістерді ажыратады және атайды;
- 4-5 ағаштардың түрлерін, бұталарды, шөптесін өсімдіктерді, гүлдерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, көкөністер мен жемістерді; үй және жабайы жануарларды атайды және ажыратады;
- өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым әдістерін біледі.

II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Қоршаған ортамен таныстыру


Бала, оның отбасы, үйі
Отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасының ересек және кіші мүшелеріне сыйластықпен және қамқорлықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелері, дәстүрлері туралы өздігінен әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Балаларды
отбасылық мерекелер мен салтанаттарға даярлыққа қатысуға баулу.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортада отбасылық қатынастарды және отбасындағы ересектер еңбегін сипаттайтын ойын әрекеттерін орындау.
Заттық әлем
Қоршаған заттар, олардың қасиеттері және міндеттері туралы білімдерін кеңейту. Материалды ескере отырып, заттар мен нысандарды іріктеу, топтастыру, тану біліктерін қалыптастыру..
Балаларды ұлттық киімді, тұрмыс заттары мен әшекейлерді даярлаумен таныстыруды жалғастыру.
Ойыншықтарға, кітаптарға, ыдыстарға ұқыпты қарау дағдыларын тәрбиелеу.
Байланыс және қозғалыс құралдары
Қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу дағдыларын қалыптастыру. Әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін жетілдіру. Көлікте жұмыс істейтін адамдарға сыйластықпен қатынас жасауға тәрбиелеу.
Ересектердің еңбегі
Ересектер еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Ауыл шаруашылығындағы ересектер еңбегі туралы білімдерді қалыптастыру.
Ауыл шаруашылығы жұмысшылары еңбегінің мәнін түсіну (қаламен ауылдың байланысы) дағдыларын қалыптастыру. Азық-түлік өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы білімдерін бекіту, оған сыйластықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Менің Отаным Қазақстан
Фотосуреттерді, халық өмірі туралы картиналарды, ұлттық сәндік өнер бойынша альбомдарды, тұрмыстық заттар мен ұлттық үлгіде дайындалған киімдерді пайдалана отырып Қазақстан Республикасы және ондағы әртүрлі ұлт өкілдері туралы түсініктерін жетілдіру.
Қазақстан әскері туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан мәдениетінің қайнар көзіне баулу. Халық музыкалық аспаптары туралы білімдерін қалыптастыру. Музыкалық шығармаларды тыңдау дағдыларын қалыптастыру.
Жолда жүру ережелері
Бағдаршам түсінің белгілеріне сәйкес көшеден өту дағдыларын жетілдіру.
Жаяу жүргіншілер үшін ережелер, «Жаяу жүргінші өткелі» жол белгісі туралы білімдерін қалыптастыру.
Іздеу зерттеу әрекеті
Дағдыларды қалыптастыру:
- қарапайым тәжірибелер мен зерттеу жүргізу, қарапайым себеп- салдарлық байланыстарды орнату;
- заттарды белгілі реттілікпен орналастыру;
- түрлі материалдар олардың сапалары мен қасиеттері туралы білімін жетілдіру;
- бастаған ісін аяғына дейін жеткізу.
Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылық пен зейін аударуға тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет