Күтілетіннәтижелер: - мүсіндеуде кескішті қолдануды игерген;
- жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдаланады;
- пропорцияны ескеріп, бірнеше бөліктерден тұратын элементтерді біріктіреді;
- ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына мазмұндық композициялар құрастырады;
- ұжымдық жұмысқа қатысады;
- тұрмыстық заттарды бейнелеуге қызығушылық танытады;
- халық шеберлерінің еңбектері туралы ұғымдарға ие;
- халықтық бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын игерген, жартылай пішінді алу үшін сазбалшықты басу тәсілдеріне ие;
- қоршаған әлемнің әсемдігін эмоционалды қабылдайды.
Жапсыру Жапсыру мазмұнын күрделі ете және әртүрлі бейнелерді жасау үшін мүмкіндіктерді кеңейте отырып оған қызығушылықты тәрбиелеу.
Заттықжапсыру Дағдыларды бекіту:
- барынша күрделі заттар мен жануарлардың пішіндерін жапсыру дағдысын;
- қағаз бетінде бейнелерді құрастыру, одан кейін оларды желімдеу;
- қайшымен жұмыс;
- шаршы мен төртбұрышты екі бөлікке қию, жіңішке жолақтарды көлденеңінен қию.
Желіммен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
Мазмұндыжапсыру Дағдыларды қалыптастыру :
- ұжымдық мазмұнды композицияны құрастыру;
- заттарды қағаз бетіне тұтастай орналастыру;
- дөңгелектер мен сопақтарды қию;
- ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.
Сәндікжапсыру Дағдыларды қалыптастыру:
- ересектердің көмегімен қағаз бетінде дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті құрастыру;
- элементтер реттілігін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып ұлттық ою-өрнекті пайдаланып, ұлттық ыдыстарды безендіру.
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерімен таныстыру. Панно даярлау, сәндік композицияларды өз ойынша орындау дағдыларын қалыптастыру.