Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет147/192
Дата07.02.2022
өлшемі484,59 Kb.
#86671
түріБағдарламасы
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   192

Күтілетін нәтижелер:


- ана тіліндегі барлық дыбыстарды айтады;
- дыбыстарды анық айтуды, интонация мәнерлігін игерген;
- сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
- алуан түрлі заттарды жалпылайды және сипаттайды;
- қоршаған орта туралы білімдерді игерген;
- негізгі ойды дұрыс жеткізе алады;
- әңгімелерді бірізді айтып бере алады;
- әңгіменің жалғасы мен соңын құрастыра алады.


Көркем әдебиет


Балаларға оқып беру және әңгімелеу.
Шығармалардың эмоциялық-бейнелік мазмұнын қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге үйрету. Әдеби жанр түрлерін түсіндіру: ертегі, әңгіме, өлең. Балаларды шығарма кейіпкерлерімен таныстыру. Әдеби шығармалардағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы, қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін қалыптастыру,қазақ халқының, ұлттар мен ұлыстардың салт- дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті туралы ауыз әдебиеті шығармалары негізінде түсінік беру.
Мәнерлеп оқу.
Балаларды дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға үйрету. Балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдің образдылығын сезінуге және білдіруге үйрету.
Мазмұндау. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды түрде мазмұндауға үйрету.
Шығармашылық әңгімелеу. Тәрбиешінің әңгімесінің жалғасы мен соңын ойлап таба білуге, бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша құрастыруға, әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет