«Сөз» және «дыбыс» терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету.
Қолдыжазуғадайындау Жазу кезінде арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.
Ұзын және қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды жазуға жаттықтыру арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту. Сызбалар (штрих) жасауға үйрету.