Негізгі қимыл түрлері
Жүру. Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен, басқа қимылдармен кезектестіру; қол мен аяқ қимылын үйлестіру, бой түзулігін дұрыс сақтау.
Жүгіру. Аяқтың ұшымен жүгіру; тізені жоғары көтеріп жүгіру; кіші және үлкен қадаммен жүгіру; сапта бір-бірлеп; түрлі бағытта жүгіру. Түрлі тапсырмалармен жүгіру: шапшаң және жай қарқынмен жетекшімен ауыса отырып жүгіру. 1–1,5 минут ішінде жай қарқынмен үздіксіз жүгіру; орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге жүгіру.
Секіру. Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру (2–3 рет жүрумен кезектестіре отырып, 10 рет секіру); 2–3 метрлік қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру; бір орында оңға, солға бұрылып секіру. Баланың қолын көтергендегі биіктіктен жоғары ілінген нәрсеге орнынан
секіру арқылы затты жанап өту. 4–5 сызық арқылы орнынан ұзындыққа секіру (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см). 20–25 см биіктікке секіру; орнынан 50 см кем емес ұзындыққа секіру. Бір аяқпен секіру (шамамен 4–5 рет оң және сол аяқпен).
Қысқа секіртпемен секіру (демалу үзілістері бар 2–3 реттен 10 секіру).
Домалату, қағып алу, лақтыру.Заттар арасымен доптарды, құрсауларды домалату. Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу (1,5 м қашықтықта); допты екі қолымен бастан асыра кедергі арқылы лақтыру (2 м қашықтықтан). Допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет). Алысқа дәлдеп лақтыру (3,5–6,5 м кем емес). Оң және сол қолымен
көлденең нысанаға (2–2,3 м қашықтықтан), 1,5 м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) нысанаға дәлдеп лақтыру.
Еңбектеу және өрмелеу. 8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрттағандап еңбектеу, тақтайда, орындықта көлденеңінен еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу. 50 см жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру. Құрсаудан еңбектеп өту. Гимнастикалық тақтай бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу. Арақашықтығы 10 м дейінгі заттар арасымен тура бағытта жыланша ирелеңдеп, орындыққа көлденеңінен және көлбеу еңбектеу. Гимнастикалық орындықта қолдарымен тартылу арқылы ішімен еңбектеу. Бөрене, гимнастикалық орындық арқылы еңбектеп өту. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, аралықтан аралыққа,оңға, солға ауысу.
Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық), сызықпен, арқанмен, тақтаймен, гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Басқа қап киіп, заттарды аттап өту, бұрылу. Тепе-теңдікті сақтау: қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру; қолын беліне қойып, бір аяқпен тұру; қолын беліне қойып, екі жаққа айналу. Ойлы-қырлы тақтаймен жүру; көлбеу тақтаймен (ені 20 см, биіктігі 30-35 см) жоғары және төмен жүру мен жүгіру. Еденнен 20–25 см көтерілген баспалдақ тақтайдан, қолдың түрлі қалпымен үрленген доптан (бір-бірінен қашық қойылған 5–6 доп арқылы кезекпен) аттап өту.
Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Қатарға бір- бірден сапқа тұру. Қатарға екеуден, үшеуден тұрып, сапты қайтадан құру; бағдар бойынша түзелу.
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар. Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында таныс дене жаттығуларын орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |