Жалпыдамытушы жаттығулар Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.
Қолға және иық белдеуіне арналған жаттығулар Біліктер қалыптастыру:
- қолдарын жоғарыға және жанына көтеру;
- бір қолындағы затты алдына әкеліп екінші қолына ауыстыру;
- қолдарын алдына әкеліп, басынан жоғары көтеріп шапалақтай білу.
Денеге арналған жаттығулар - допты бір-біріне беру;
- түрегеліп тұрған қалыптан солға, оңға, алға қарай еңкею.
Аяқтарға арналған жаттығулар - аяқтың ұшымен жүру;
- қолдырын алға қарай созып, қолдарын тізесіне таянып отырып-тұру;
- тізесі бүгілген аяқтарын кезектестіріп көтеру;
- аяқтарын жанына қарай адымдап қою арқылы қозғала білу;
- екі аяғымен секіру.
Спорттықжаттығулар Шанамен сырғанау. Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктіліктерін қалыптастыру.
Сырғанау. Ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау дағдыларын қалыптастыру.
Велосипедтебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын қалыптастыру.
Жүзуге дайындық. Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Шынықтыружәнесауықтыружұмыстары Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.