Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет7/62
Дата11.01.2017
өлшемі4,82 Mb.
#7017
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62

Көркем әдебиет


Дағдыларды қалыптастыру:

- ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіру;

- кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталауды эмоциалы қабылдау;



- ересектердің тақпақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді оқуына, кітаптарды көрсету, ертегілерді әңгімелеуіне тұрақты қызығушылық таныту;

- шығарманың мазмұнын түсіну және эмоциалы қабылдау, ойында кейіпкерлер бейнесін қарапайым түрде бейнелеу;

- мереке туралы қуаныш, мақтаныш сезімдері берілген қысқа тақпақтарды жаттау;

- таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнау;

- таныс өлеңдерді асықпай, анық айтуға баулу.



Күтілетін нәтижелер:


- белсенді сөздікте барлық сөз таптарын қолданады;

- шағын әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдайды;

- 3–5 сөзден тұратын тіркестермен, сөйлемдермен сөйлейді, ақпараттармен бөліседі;



- ертегіні, әңгімені, өлеңдерді құрбыларының шағын тобымен алаңдамай бірге тыңдайды;

- тақпақтарды жатқа айтады, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;



- қысқа өлеңдерді анық, асықпай айтады;

- ертегінің мазмұнын түсінеді және эмоциалы қабылдайды;

- таныс шығармалардың қарапайым сюжетін ойнайды;

- құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алады;

- өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап бере алады;



- тілектерін, ойларын, сезімдерін айту үшін сөздерді қолдана алады.

«ТАНЫМ» білім беру саласы



«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сенсорика;

- құрастыру;

- жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту.

Міндеттері:

- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

- түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;

- қарапайым құрылыстарды құрастыра білуге үйрету;

- табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу;

- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың сұлулығын байқауға үйрету.
I ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ

Сенсорика


Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру, біркелкі заттарды сенсорлық белгілері бойынша топтастыруға, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауға үйрету.

Қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз

- қол» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

Біліктерді жетілдіру:

- көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды;

- түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі, әртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстырады және іріктейді.

Күтілетін нәтижелер:

- үлгі мен сөздік нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындай алады;


- қимылдардың үйлесімділік дағдыларын игерген;

- ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды таба алады;

- түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша топтастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет