Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері



бет7/17
Дата22.05.2020
өлшемі110,72 Kb.
#70579
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Қазақ тілі Ү.О.Б

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:

  • мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;

  • оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;

  • оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту;

  • ойын әдісі;

  • «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау;

  • сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;

  • тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау) ынталандыру;

  • оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;

  • оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;

  • оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді);

  • оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);

  • оқыту барысында «не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.

Басты назар білімге емес, сол білімді қолдану үдерісіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.


Үштілділік саясатына сәйкес білім беру мазмұнына толықтырулар
Жалпы білім беретін мектептерде бірінші тіл мұғалімдері үштілділік саясаттың жүзеге асырылуын жеке тұлғалық, әлеуметтік және білімдік мақсаттарына сай қолданылатын тіл деңгейін көтеру арқылы қамтамасыз етеді. Тіл мұғалімдері оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің ұқсастығы мен айырмашылықтары туралы ойларын қолдайды және үш тілге де үлкен құрмет көрсетеді. Бағдарламадағы пәнаралық байланысты дамытады, қазақ тілі арқылы басқа пәндердің мазмұнын меңгертеді. Көрсетілген әдіс-тәсілдер тіл мен мазмұнды меңгертуді қатар дамытады. Тіл мұғалімдері басқа пәндер мазмұнына сәйкес тақырыптарды, мәтіндерді, тапсырмаларды, оқу мақсаттарын пайдалану арқылы пәнаралық байланысты дамытады. Ол сонымен қатар, оқушылардың өзге пәндер бойынша әдеби тілді меңгеруде жетістікке жетуін қамтамасыз етеді. Мысалы, бір тақырыпты жан-жақты талдау, себеп-салдарын түсіндіру, фактілер мен көзқарасты ажырату, қарама-қайшы тақырыпты талқылау кезінде өз ойын жүйелеу, түрлі ақпарат ресурстарын бағалау, өзгелерге ақпаратты анық, түсінікті жеткізу. Тіл мұғалімдері пән мұғалімдерінен мазмұнына қатысты мәтіндер мен тапсырмалар бойынша ақыл-кеңес бере алады. Сонымен қатар, тіл мұғалімдері тілді үйренудегі қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет