БАҒдарламасына «жыл бойғы мерекелер»



бет1/4
Дата10.04.2017
өлшемі0,85 Mb.
#13647
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» БАҒДАРЛАМАСЫНА

«ЖЫЛ БОЙҒЫ МЕРЕКЕЛЕР»

(1 жастан 3 жасқа дейін)

_____________________________________
Сценарийлер жинағы

Астана

2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» БАҒДАРЛАМАСЫНА

ЖЫЛ БОЙҒЫ МЕРЕКЕЛЕР

(1 жастан 3 жасқа дейін)

_____________________________________
Сценарийлер жинағы

Астана


2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген


Пікір жазған

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А. И. Омарбекова

Астана қ. №45 «Самұрық» әдіскері А. Т. Сапаралина


Мектепке дейінгі ерте жастағы балаларға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасына «Мерекелер жыл бойы»: әдістемелік құрал. – Астана, 2013, 62 б.

Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдардың музыкалық жетекшілері мен тәрбиешілеріне мектепке дейінгі ерте жастағы балалармен (1-3 жас) мерекелер және ойын-сауықтарды ұйымдастыру және өткізу үшін арналған. Әдістемелік және практикалық материал музыкалық жетекшілері мен тәрбиешілеріне арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2013



КІРІСПЕ

Перинатальды дамытуда психолог-мамандар бала алғашқы дыбыстарды ана құрсағындағы сәттен бастап естиді деп бекітеді. Олар ата-анасының дауыстарын таниды және оларға белгі береді. Үрейлі музыка әлі дүниеге келмеген балада тамыр соғысының жиілеуін, ал жай музыка тыныштық шақырады. Бұл өзгерісті УДЗ арқылы баланың бет-аузынан көруге болады.

 Кішкентай балалар музыканы күрделі акустикалық стимул ретінде қабылдайды. Олар көбінесе музыканың сипатын ғана елейді. Алайда болашақтағы музыкаға деген қарым-қатынас, онымен байланысты эмоциялар көп жағдайда бала өмірінің ен ерте жасында алынған музыкалық әсеріне байланысты болады.

Осы құрал мектепке дейінгі ұйымдардың музыкалық жетекшілері мен тәрбиешілеріне арналады. Мұнда авторлық ертеңгіліктер ұсынылған. Қолданылған материалдар желісі бала түсінігіне, олардың жас ерекшеліктеріне жеңіл және қолжетімді. Әдебиеттік материал тақырыптар және сюжеттері бойынша әртүрлі.

Сүйікті ертегі кейіпкерлері балаларды ұжымда достыққа, тәртіпке, ептілікке, өзара көмекке, адалдық пен мейірімділікке үйретеді. Ойындар, әндер, билер және жаттығулар мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтауын, ынтасын, ой-қиялын жақсартады және шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытады.

Мақсаты:

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлеріне «Алғашқы қадам» (3 жастан 5 жасқа дейінгі) мектепке дейінгі ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына мерекелердің сценарийлерін құру бойынша (музыкалық жетекшілерге, тәрбиешілерге) әдістемелік көмек көрсету.



Міндеттері:

− мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелерді өткізудің қысқаша теориялық негізін беру;

− мектепке дейінгі ерте жастағы балаларға арналған мерекелердің тақырыптары мен мазмұнын ашу;

− мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелерді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін ұсыну;

− музыкалық-педагогикалық ортаны ұйымдастыруда музыкалық жетекшілер мен тәрбиешілердің функциясын анықтау.


  1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМІН ДАМЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


1.1. Мектепке дейінгі ерте жастағы балалардың музыкалық білімін дамытудың түрлері мен формалары

Мектепке дейінгі ерте жастағы балалар үшін аптасына 3 сабақ өткізу (1 сабақ тек тыңдауға арналуы қажет) ұсынылады.

        Ерте жастан музыканы тыңдау баланың музыкалық дамуының құралы ретінде маңызды рөл атқарады:

- музыкалық естуі дамиды: балаларды  дыбыстың шығу көзіне көңіл аударуға және оны көзімен іздеуге, табуға, әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнауға үйретеді.

- музыкаға қызығушылығын арттырады: шағын көлемді музыкалық шығармалар тыңдайды, эмоционалдық жағдайын білдіреді.

- музыкалық-сенсорлық қабілеттері дамиды: дыбыс (биіктік, тембр, динамика – жай және қатты); регистрлар (төмен және жоғары, орташа және төмен, төмен және жоғары); қарқындары:  (тез және бірқалыпты).        



Тыңдау түрлері:

  1. Ересектердің балаларға арналған ән сабағы. Ересектердің музыкалық аспаптың қолдауымен ән сабағы. Үлкен балалардың ересектердің қолдауымен ән сабағы.

  2. Аспаптық музыка. Эстрадалық сүйемелдеусіз жанды дауыс.

  3. Бала қызметінің шектемей топта тыңдау. Классикалық музыканың түпнұсқалық шедеврлерін қолдану.

  4. Музыкамен суреттелген әңгіме. (2-3 мазмұнмен, тақырыппен біріктірілген пьесалар). Музыкалық шығармадан соң немесе музыкалық фоннан кейін әңгіме қысқаша және анық болуы қажет. Тыңдау кезінде сұрақ қоюға болмайды, себебі бұл – бекіту кезеңі. Ойыншық үлкен мағынаға ие болады: бұл балаға әнді танитын және егер бала оны айта салмаса ойыншық арқылы көрсететін тәсіл түрі.

  1. Музыканы ойын түрінде тыңдау. Ойыншықтар арқылы жанамалау.

  2. Музыкалық аспаптарды пайдалану. Әртүрлі аспаптарда шығармаларды орындау.

Музыкалық қабылдауды дамыту үшін шығарманы таңдау – ересектер үшін жауапты сәт. Алайда бұл жағдайда әрбір педагог төмендегі ережелерді сақтау қажет:  

  • Кішкентай баланы музыкаға, әсіресе классикалық әуенге тарту ересектермен эмоционалды қатынас үдерісінде біртіндеп жүреді;

  • Музыка балаға қызықты, сипаты, тембрі, қарқыны, ашықтығы, көркемдігі жағынан жеткілікті болуы қажет;

  • Қатты дауыстан, тез динамикалық, қарқынды қарама-қарсылықтан, аяқталмаған музыкалық фразалардан алыстау қажет;

  • Кішкентай балаға жағымды эмоционалды көңіл-күй беретін музыкалар үйлеседі;

  • Музыка баланың өз еркімен ойынына арналған фон болмауы қажет. Себебі бала оны байқамайтын болады, тіпті баланың қылығына әсер етіп, шаршатып та жіберуі мүмкін.

 Музыканы қабылдауды дамыту үшін орыс және шет елдік классиктерінен шағын көлемді аяқталған музыкалық фрагменттер, халық музыкаларын, балалар хорының орындауымен әндерді, қысқаша аспаптық пьесаларды қолдану қажет. Оқытудың алғашқы кезеңінде музыкалық фрагментері 20-30 секунт құрайтын бірнеше фразалардан тұруы мүмкін.

 Сәбидің ынтасын музыкаға аударту үшін балаға: «Қазір музыка ойнайды! Сондай әдемі!» деп айтыңыз. Музыка қатты дыбысталмауы қажет. Музыка ойналып тұрған сәтте баламен сөйлескеннен гөрі, музыкаға деген өзіңіздің қатынасыңызды мимикамен, көзқараспен, ырғақты қозғалыстармен сездірген жөн. Кішкентай бала өте белсенді болады. Ол ұзақ уақыт тапжылмай отыра алмайды. Музыканы қабылдау уақытын ұзарту үшін музыканың әуеніне сай ойын әректтерін іске қосыңыз. Бұл тербелу, қолымен қозғалу және т.б. болуы мүмкін. Музыкалық фрагментті баланың ынтасында сақталғанша тыңдау қажет, бірақ музыканы аяқтамай үзіп тастауға болмайды Музыкалық фрагмент аяқталған соң баламен өзіңіздің эмоционалды сезімдерңізбен бөлісіңіз және бала шаршамаса тыңдауды жалғастырыңыз.

 Сол себепті, ойын түрінде сіз баланы әлемдік музыкалық мәдениет туындыларына, оларға қызығушылық пен сүйіспеншілікке, әртүрлі музыкаға деген жағымды қатынас орнатуға баули аласыз.

 Аудиожазба мен аспаптық ойнауларда музыка тыңдау және оның әуеніне қозғалу баланың музыкалық қана емес, жалпы дамуына да зор маңызы бар.  Бұлар халықтық (лирикалық, би сазы, бесік жыры), танымал балалар әндері және т.б. болуы мүмкін. Ата-аналар балаларына ұйықтар алдында да және баланы сергіту үшін ойын әрекетіне қосу арқылы айтып беруіне болады.

Бала бойында музыкалық қабылдауды дамыта отырып, сіз олардың музыкаға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін, музыкалық талғамын, музыкалық қабілеттерін, ынтасын қалыптастыруға ықпал ете аласыз.

Ән сабағы

Мақсаты - балаларды ән сабағына қатыстыру. Музыкалық тәрбиенің негізгі құралы. Есту, есте сақтау, зейін, ойлау қабілеттерін дамытып, өкпесін және барлық тыныс алу аппараттарын нығайтады.


  1. Нәрестені үлкендердің ән салғандарын тыңдауға және оған өз дауысымен жауап беруге үйретеді. Әдістеме – ән салатын балалардың эмоционалдық ортасына мәнерлі әсері. Тәрбиеші және педагог әнді орындау кезінде балаларға қарап орындайды.

  2. Баланы жеке дыбыстарды қайта айтуға үйретеді. Қатты айғалап ән айтуға болмайды. Артикуляцияны арттырмау керек. Әннің сөздері қарапайым және көп қайталану керек, сонда ғана бала ән айтуға мүмкіндігі болады.

Құстар бізге ұшып келіңдер, бізге, бізге.

Мен құстарға дән беремін, беремін, беремін.

Бірінші, не пайда болады – шу пайда болады. Сонан соң дауыстарға еліктей бастайды: «ав-ав», «мяу» және т.б. Үшінші кезең – буындарға бөліп ән салу: «ля-ля», «баю-баю».


  1. Өмірінің үшінші жылында нәресте жеке сөздерді әндетеді, ал сонан соң, кішігірім ұсыныстар пайда болады. Мақсаты – ән салу ырғағын дамыту және қалыптастыру. Сөздік қорының көлемін ескерген жөн. Балаларға таныс емес сөздер көп және белсенді сөздік қорында да қолданылмайды. 2 жасында – 200 сөз, 3 жасында – 1200-1500 сөз.

Балалардың жағдайында көптеген өзгерістер болуы мүмкін, көп шаршайды сондықтан көп көңіл бөлінбейді. Ән айту кезінде тұрып және залдың ішінде жүруге болады, егер ән қол ұстасып жүріп айтылатын ән болса. Әннің сөзін түсіну үшін және есінде сақтау үшін, ырғақты ұстау үшін қолдарымен қимыл-әрекеттер жасау керек.

Балалардың есінде сақталуы үшін және есту қабілеттерін дамыту үшін әуендерді бірнеше құрал-саймандарда ойнуға болады.



Әндерді жаттау әдісі:

  1. Танысу - жанды, мәнерлі орындау. Балаларға тәрбиешімен және музыка жетекшісімен бірге қайталау керектігін айту. Егер балалардың көңіл-күйлері бұзылып, шаршаса онда бірінші кезеңді осымен аяқтау керек.

  2. Балаларға әнді тауып, оны ату керек. Сүйемелдеусіз орындауға да болады, егер қиналса құралдармен сүйемелдеу керек.

  3. Балалар әнді бір рет айтқаннан соң біледі. Өз еркімен айта бастайды. Баланың қабілеті мен жасына қарай барлық әндерді айтқызуға болады.

2-3 жастағы балалар бір жылда 10-12 әнді біледі.

Әндерді мерекелерде қолданады. Мерекелерде балалар 1 әнді толық айтып шығады немесе қосылып айтады. Әуенді ойындар қолданылады. Ертеңгіліктің ұзақтығы 20-25 минут. Мерекелерде ән айтқанда өздері үйренгендей тәрбиешіге немесе музыка жетекшісіне қарап айтады.


Музыкалық – ырғақты қимыл

Мақсаты – балалардың ырғақтық қабілеттерін мен есін, есту қабілетін дамыту.

Жаттығудың мақсаты – музыканы тыңдауды үйрету, оны қызықтыру, музыканы бөлісіп тыңдауға дайындау.

Сабақты ұйымдастырған кезде оның мақсатын ескеру керек. Ең дұрысы сабақты әнмен бастаған дұрыс немесе орындықта қолдармен және аяқпен ойнау керек.



Әдістеме

  1. Жаттығуларды таңдау (жасы, топтағы балалардың ерекшеліктері, дене дамуы).

  2. Тәрбиешімен алдын ала жұмыс. Әрқашан нақты және бірдей ырғақты көрсету керек, өзге қимылдарды көрсетсе балалар жаңылысады.

  3. Кешіктірілме көрсету (3-4 сабақтан). Музыка жетекшісі көріністерді ойнайды, ал тәрбиеші көрсетуде кешігеді. Балалардың жартысы өз еркімен қимылдарды қайталайды, өзгелері тәрбиешіні күтеді.

Атрибуттарды қолдану (сылдырмақтар, қоңыраулар, қуыршақ, жалаушалар).

Бір жасқа дейін

Бала бір жасқа дейін 20-30 секунт ішінде ғана музыканы белсенді тыңдай алады. Бір сабақ 2-3 миунтқа созылады.



Екі жасында

Тыңдаудың белсенді кезеңі 40 секунтқа ғана созыла алады, үзіліс 1-2 секунтты құрайды. Сабақ 2-3 минут. Жылына репертуарда 10-12 көрініс.



Үш жасында

Тыңдау кезеңінің белсенділігі 1-1,5 минут. Үзіліс 1-2 секунт. Сабақ 4-5 минут. Жылына репертуарда 12-15 көрініс.



1.2 Ерте жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудегі жаңашыл әдістер

Мектепке дейінгі ерте жас – бұл баланың түрлі әрекеттерге араласуға мүмкіндік беретін алғашқы неіздері, қабілеттері қалыптасатын кезі. Соңғы жылдары музыкалық педагогика осы кезеңде балалардың музыкаға ерекше сезімтал екенін қарастырған. Бұл баланың музыкаға қабілеттілігін дамытудағы, музыкадағы «музыка» түсінігінің дамуында ерекше қолайлы сезімтал кезең. Музыкант-педагогтардың есептеуінше, баланы ертерек музыканың түрлерімен таныстырса – композиторлардың балаларға арнайы жазған классикалық, халықтық, музыкалық шығармалардың әртүрлі аспаптарда орындалуын, заманға сай стилін, балалардың музыкаға қызығушылығы мен сүйіспеншілігін дамыту кейін оның музыкалық мәдениет негіздерін қалыптастыру мен музыкалық қабілетін дамыту оңайға түседі. Дәл осы ерте жаста баланың кейінгі табысты музыкалық дамуының «мықты іргетасының қалануына» қолайлы жағдайлар жасалған.

Нақ осы ерте жаста жалпы музыкалық қабілеттің төмендегідей негіздері қалыптаса бастайды:


  • Музыкаға эмоционалдық еліктеушілік;

  • Музыкалық әрекеттерді меңгеруге қажет музыкалық-сенсорлық қабілеттер.

Заманауи педагогикалық ғылым ерте жастағы кезді – өмірдің алғашқы үш жылында − баланың тілін дамытудағы қолайлы «сенситивті» кезең деп қарастырады. Бұл тілдің дамуы қарқынды өскен кездегі мүмкіндіктердің кезеңі. Дамытуда тіл үйретуді тым кеш бастау қолайлы кезеңдегідей рөл атқармайды. Сондықтан, ерте жастағы балалардың музыкалық және тілдік дамыту мәселесі өзекті болып саналуда. Сөйтіп, мереке өнердің барлық түрлерінің практикалық синтезі болып табылады. Ал олардың құралдарын балалармен жұмыста кеңінен қолдану, көзқарасты кеңейтуге мүмкіндік береді, баланың мінез-құлық ережесін және көзқарасын қалыптастырады, оның шығармашылық қабілетін бұзады. Әртүрлі әрекет түрлерінде бейімділік көрінеді, белгілі білік пен дағды қалыптасады. Мерекеде балалар тек қана айтпайды, билейді,ән салады және сурет салады. Балалар өзінің қимылдарын әуен ырғағына бағындыруды, әуендік қарқынды ажыратуды, оларды сөздерімен қостап қимылдарында бейнелеуді үйренеді. Сауатты жазылған сценарийлер қалай болуы керек? Балалар мерекелері – туған күн, Жаңа жыл және көптеген бұқаралық мерекелер – бұл тағы да және балаға қоршаған ортаның мейрамдары мен алуан түрлілігі туралы айтуға мүкіндік. Сондықтан балалар мерекелеріне тәрбиелік сәттер және танымдық тапсырмалар кіреді. Мысалы, қиялдауды, логикалық ойлау немесе зейінді дамытуға мүмкіндік беретін байқаулар мен жұмбақтар. Балалар мерекелері қайда өтуі мүмкін? Бұлар стадиондар, парктер, мәдениет орталықтары мен сарайлары, алаңдар және т.б, барлығы мерекенің тақырыбына, қашан өтетіндігі жылдың мезгіліне тәуелді. Таңдау алдағы балалар мерекесіне салынған тұжырымға тәуелді. Балалар мерекелерінің түрлері мен нысандары.


  1. БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


2.1. Балалар мерекелерін топтастыру

Балабақшаларда балалар үшін төмендегі дәстүрлі мерекелер өткізіледі:

Күз мерекесі. Әдетте қазан айында өткізіледі. Бұл жазбен қоштасу мерекесі. Зал сары жапырақтармен, көкөністер мен жемістер бейнелерімен безендірілген. Бұл мереке оқу жылындағы бірінші мереке болғандықтан, балалар сабақтарда негізінен материалды қайталаумен айналысқандықтан, мерекенің негізін ойындар мен ойын-сауықтар құрайды.

Жаңа жыл. Балалар дәстүрлі Аяз Ата мен Ақшақарға барады. Балалар жасақталған шыршаның айналасында қол ұстасып ән айтып, билейді. Зал түрлі жылтырақтармен, жарқыраған шамдармен, ойыншықтар мен қарлармен безендіріледі. Балалар Аяз Атаға өздерінің өлеңдерін, әндерін, билерін орындайды. Жаңа жыл – барлығы үшін өте қуанышты мереке. Сондықтан, ол өте тамаша және жақсы есте қалады. Педагогтар көптеген ойындар, күтпеген сәттер ойлап табады. Балаларды Жаңа жылмен әртүрлі ертегі кейіпкерлері құттықтап келеді. Мерекенің соңында Аяз Ата балаларға сыйлықтар сыйлайды.

Сегізінші наурыз. Балалар өздерінің аналарын, әжелерін, педагогтарын, тәрбиешілерін мерекесімен құттықтайды. Бейнелеу әрекеттері сабақтарында балалар аналарына, қыздарға сыйлықтар әзірлейді. Оларды сыйлау, кішіпейіл, ұқыпты болу түсіндіріледі.

Наурыз мерекесі. Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Мұнда балалар ұлттық тағамдармен танысады, ұлттық ойындар ойнайды. Зал қазақ халқының киіз үйімен, оюларымен, бұйымдарымен, ыдыстарымен безендіріледі.

Бұл мерекелерді екі түрге бөлуге болады:

- Күнтізбелік − тақырыптық:

- Күз мерекесі, Жаңа жыл, Сегізінші наурыз
Мерекелердің негізгі мақсаттары

Түрі

Мерекенің

атауы

Мақсаты

Күнтізбелік

Сегізінші наурыз

Анаға құрмет және сыйлау сезімін тәрбиелеу




Жаңа жыл

Балаларға мерекенің ғажайып, қуанышты оқиға екенін түсіндіру




Күз мерекесі

Табиғаттағы кереметті көруге тәрбиелеу




    1. Балалар мерекелерін өткізу ерекшеліктері

Балалық — бұл тек жай өмірдің бір бөлігі ғана емес. Бұл әр күні көп нәрсе жаңадан ашылатын, барлығы таңқаларлық және еліктіретін болып көрінетін тұтас өмір. Әрине балалық − үнемі ғажайыпты күту, өйткені бала үшін ғажайыпқа сену әдеттегі емес күнделікті жай. Осы жерден көк тікұшақтағы және бес жүз эскимолы сиқыршыға деген үміт. Біз бала мен оның достары үшін ғажайып мереке ұйымдастыра білуіміз керек. Балаға – ғажайып, өзіміздің мерекеге салынған ақшаларымызды қалай ақтауға болады. Талғампаз балалар топтарын қалай таңдандыруға болады? Олардың таңқалған «рахмет!», «керемет!», «оау!» деген сөздерін қалай алуға болады? Әрбір сценарий осындай сұрақтарға жауап беретіндей болуы керек.


3. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛЕР СЦЕНАРИЙЛЕРІ

Күнде өсіп келеміз!

(Ойын-сауық)

ІІ кіші топ
Балалар көңілді әуенмен ән-күй залына кіреді.

Тәрбиеші: Балалар, сендер үлкен болып өсіп келе жатырсыңдар. Ән, өлең айтып, жұмбақ шеше аласыңдар ма?

Балалар: Иә.

Тақпақ:

Бала, бала,баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамызда қаламыз.
Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Тәрбиеші қарайды,

Аяққа бір, қолға бір.


Тәрбиеші: Сендер таңертең қайда келесіңдер?

Балалар: Балабақшаға.

Тәрбиеші: Балалар дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз балабақша әнін айтайық.

Ән: «Біздің балабақшамыз»

Тәрбиеші: Тамаша!

Тәрбиеші: Балалар сендер оңымызды, солымызды танып келесіңдер. Қолымызды,аяғымызды ажырата аласыңдар. Сендермен ойын ойнағым келіп тұрғаны. Ойнаймыз ба? Балалар.

Ойын: «Қолдарымыз қайда біздің»

Тәрбиеші: Тамаша! Көңілді көтеріп сергіп қалдық. Балабақшада не істейсіңдер?

Балалар: Балалар жауаптары.

Әуенді қимыл-қозғалыс: «Күнде өсіп келеміз»

Ән: «Гүлдер ай»

Музыка естіледі (Түлкі кіреді)



Түлкі: Сәлеметсіңдер ме! Балалар мен қоянымды іздеп жүр едім, әдемі ән естіп қалдым қайдан шығып жатыр.

Тәрбиеші: Бұл біздің балалардың әні.

Түлкі: Менде сендердің әндеріңді тыңдағым келеді. Бірақта қоянымды іздеп жүрмін. Сендер көрдіңдер ме?

Тәрбиеші: Біздің балалар білетін шығар.

Тақпақ: Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы, қырлы, жерлерден,

Ытқып-ытқып жүгірді.



Тәрбиеші: Міне, балалардың өздері айтып тұр. Қояныңыз ытқып-ытқып секіріп кетіпті.

Ойын: «Қояндар мен қу түлкі»

Түлкі: Сендермен көңілді. Мен қоянымды іздеп тауып алайын. Бірақ, сендер маған ән айтып, би билеп беріңдерші. Ән айтқан балалардың бәріне кәмпит беремін.

Тәрбиеші: Түлкіжан сен бізді алдап кетпейсіз бе? Қулығыңды асырмайсың ба?

Түлкі: Жо-о-қ өтірік алдамаймын.

Би: «Топ-топ балақан» ортақ би.

Түлкі: Ой, қояным кетіп бара жатыр. Кеттім,кеттім ұстап алайын! Деп қашып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар қу түлкі бізді алдап кетті. Бізге кәмпит берем деп еді бермей кетіп қалды. Не істедік балалар? Кампит жегілерің келеме? Ендеше, өзіміз жасап алайық.

Балалар кампит жасайды,сиқырлы қорапқа салады.



Сиқырлы әлем: «Кәмпит жасау»

Балаларға кәмпит таратылады.



Тәрбиеші: Осымен, балалар, ойын-сауығымыз аяқталды. Барлығымыз топқа барып тәтті кәмпитімізді жейміз.

Балалар көңілді әуенмен шығады.



Дос болайық бәріміз!

(Ойын-сауық)

ІІ кіші топ
Балалар көңілді әуенмен залға кіреді. Екі жаққа бөлініп отырады.

Тәрбиеші: Бейбітшілік өмірдің

Туы қолда толқыған.

Жадыраған көңілдің

Күйі керней ағылған.

Майдың жыры, май үні,

Аралай түс жер шарын.

Нұрыңды төк, май күні,

Ал құлашқа ел таңын!

- Балалар, көктемде әдемі көңілді мерекелер өте көп. Наурыз мерекесі, аналардың мерекесі, ал енді, 1 мамыр күні бізге достық мерекесі келе жатыр.

Айтыңдаршы, сендер тату-дос балаларсыңдар ма? Бірге ойнап, бірге жүресіңдер ме? Әрине, сендер тату-тәтті доссыңдар. Біздің балабақшамызда әр түрлі ұлттың балалары бар, бәрі тату өмір сүреді. Солай жер бетіндегі бар адамдар тату өмір сүру керек. Осы достық мерекесі достыққа шақырады. Сондықтан, біз бүгін осында жиналып отырмыз. Бүгін әр ұлттың ойынын ойнап, көңілді әндерді айтып, би билейік. Біздің көңілді бақытты өміріміз туралы бір ән шырқап жіберейік.


Балалардың тақпақтары.

Ән: « Біз өмірдің гүліміз »

Тәрбиеші: Тамаша балалар!

Достық- біздің сиқырлы шеңберіміз,

Достық -біздің достарға сенгеніміз.

Достық -таңнан біреумен достасуың,

Достық -кеште достармен қоштасуың.

Достармен көңілді сәлемдесеміз!

(Қимыл қозғалыс арқылы сәлемдесу: Сәлем! Хеллоу, Привет!)

Көңілді жаттығуымызды айтайық.

Біз екеуміз ерте тұрдық керілдік ( керіледі)

Балабақшаға бет алдық ( аяқ басып)

Онда ойыншық жануарлар ( секіреді)

Күтуде балаларды ( аяқ басып)

Жаттығумен күн бастап ( иіледі оңға,солға)

Би билеп әнімізді саламыз ( би билейді)

Көрмесек бір бірімізді саағынамыз ( отырып мұңаяды)

Балабақшам бәрібірде көңілді. ( секіреді, қуанады)

Достарыммен тату тәтті жүремін. ( қол шапалақтайды, құшақтасады)

Қоңырау соғылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет