Амансың ба, қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді-ау алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Бар сыйлығым – жоралғым.
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр-ау дем алғым.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сәлеметсіздер ме Шахмат ханшайымы кележатқан Жаңа жыл баршамызға құтты болсын! Аяз Ата, қарашы, балалардың шыршалары бір түрлі көңілсіз болып тұр.
Аяз Ата сөзі: Иә, бұл дұрыс емес, шамдарын жағу керек. Қазір мен бәрін реттеймін.
Шырша, шырша,
Қуаныш жалпыға.
Сүйікті шыршамыз,
Жарқыра, жарқыра!
Шырша шамдары жанады.
Жүргізуші сөзі: Кел, балалар, тұрмайық,
Ойнап, билеп берейік.
Аяз Ата қуансын,
Әнді салып берейік.
Ән «Аяз Ата»
Жүргізуші сөзі: Аяз Ата, Ақшақар сіздерге арналған өлең тақпақтары бар.
Балалар ағылшын тілінде ән салып тақпақ айтады.
Аяз Ата сөзі: Балалар, рахмет сендерге! Аяз Атамен ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Сиқырлы қар»
Жүргізуші сөзі: Жаңа жылда жаңаша
Болсын қызық тамаша,
Билеп, ән сап атамызды
Қуантайық балаша!
1-бала:Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге,
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де
Вокал тобы әні:
«Құтты болсын жаңа жыл» өлеңін жазған И. Сапарбай, әнін жазған А.Тоқсанбаев
Жүргізуші сөзі: Аяз ата, Ақшақар рахмет сіздерге!
2-бала:
Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін
Қарсы алдық, сені еселі еңбекпенен
Жарқырап, әне алдымнан шықты күнім
3-бала:
Мен саған әнім менен гүл өрейін
Осы сәт кімге бақыт тілеймін.
Халқымның амандығы саулығы үшін
Көңілді бір көтеріп жіберейін.
Бәріңізге бақыт кілтін сыйлаймыз
«Маскарад» биі
Ақшақар: Ата, менімше, балалар өте жаксы дайындалыпты
Аяз Ата: Тамаша! Өте тамаша! Жарайсыңдар, балалар, көріп тұрмын, Жаңа жылды, мені және Ақшақарымды қарсы алуға жақсы әзірленіпсіңдер. Білемін, сендер менен сыйлықтарды күтүдесіндер, ендеше, балалар, айтындаршы, жаңадан келе жатқан қай жылы болады? Дұрыс- Жылқы жылы!Онда ортамызға менің көмекшімді – Жаңа жылды шақырайық!
Залға Жылқы боп киінген бала сыйлық салынған шананы сүйретіп кіреді.
Жылқы сөзі:
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.
Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз.
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Жүргізуші сөзі:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Балабақшадағы кез келген мейрам балалардың есінде ұзаққа дейін қалады, сондықтан осы шараларды ұйымдастыруға барынша жауапкершілікпен қарау қажет. Әрбір өзінің қадамын және әрбір әрекетін уақытпен жоспарлап, есептеу керек, жоспардан тыс жағдай болып қалуын ескеру де қажет. Бала сөзін ұмытып қалуы мүмкін, кейбіреулері билегісі келмей қалар, біреулері еркелеуі мүмкін, мұндай жағдайлар үнемі орын алып тұрады, ал тәжірибелі педагог әрқашан ерке балалардың тыныштандыруға және ортақ мейрамға қайта қатысуға мүмкіндік табады.
Балабақшадағы бітіру кешіне, ойын-сауық мерекесіне немесе жаңа жылдық ертеңгілікке дайындықтың көптеген ұқсастықтары бар, олар өз кезегінде осы үдерісті жеңілдетеді. Өткізу уақытымен және балабақшадағы шаралардың маңызы бойынша әртүрлі сценарийлерді жинақтап, келешекте қолдануға болады. Ертеңгілікке едәуір әсер ететін қарапайым көптеген ұсақ-түйектер бар. Мәселен, балаларға костюм кидіру үдерісі. Егер алдын ала қай ертеңгілікке қатысатын балаларға киім кидіруге көмектесе алатын ата-аналарды айқындап алмаса, қолайсыз жағдайлар (балалардың көбісі костюмдерін шатасуы) туындауы мүмкін.
ӘДЕБИЕТ
1. Божович Л. И. Личность и её формирование в детском возрасте. − М., 1968.
2. Ибука М. После трёх уже поздно. − М., 1992.
3. Ветлугина Н. А., Кенеман А. В. Теория и методика музыкального воспитания в детском саду. − М., 1983.
4. Методика музыкального воспитания в детском саду / Под ред. Н. А. Ветлугиной. — М., 1989.
5. Радынова О. П. и др. Музыкальное воспитание дошкольников. — М., 1998.
6. Самостоятельная художественная деятельность дошкольников / Под ред. Н. А. Ветлугиной. — М., 1980.
7. Семенова Т. С., Лукашевич Т. П. Формирование творческой инициативы у дошкольников в деятельности // Новые исследования в психологии. —М., 1984. — № 2
8. Цукерман Г. А., Елизарова Н. В. О детской самостоятельности // Вопросы психологии. — М., 1990. — № 6.
9. Березовчук Л. Музыка и мы. Самоучитель элементарной теории музыки. — М., 1996.
10. Васина-Гроссман В. Первая книжка о музыке. — М., 1976.
11. Викторов В. Наталия Сац и Детский музыкальный театр. — М., 1993.
12. Гаккель Л. Исполнителю, педагогу, слушателю. — Л., 1988.
13. Гаккель Л. Я не боюсь, я музыкант. — М., 1993.
14. Галеев Б. Содружество чувств и синтез искусств. — М., 1982.
15. Ершова А. Искусство в жизни детей. — М., 1994.
16. Кац Б. Времена—люди —музыка. — Л., 1988.
17. Кленов А. Там, где музыка живет. — М., 1994.
18. Кленов А. Симфония с сюрпризом (Юному любителю музыки). − Л., 1975.
19. Книга о музыке / Сост. О. Очаковская. — М., 1971.
20. Королева Е. Музыка в стихах и картинках. — М., 1994.
21. Левашова Г. Музыка и музыканты. — Л., 1969.
22. Музыкальный энциклопедический словарь / Под ред. Д. В. Кельдыша. — М., 1991
23. Осовицкая 3., Казаринова А. В мире музыки. — М; 1996.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе………………………………………………………………… 3
Жалпы ережелер ………………………………………………..…… 4
Мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілерінің
педагогикалық үдерісті ұйымдастыруы және
олардың ерекшеліктері ....................................................................... 6
Ересек жастағы балаларды би мен музыкаға оқытуда мектепке дейінгі
ұйымдардың музыка жетекшілерінің іс-әрекетін жоспарлау
және ұйымдастырудың заманауи әдістері
мен нысандары……………………………........................................ 9
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға
арналған сценарийлер……………...................................................... 15
Қорытынды ………………………………………………………….. 47
Әдебиет ................................................................................................ 48
Достарыңызбен бөлісу: |