Бағдарламасының мақсаты мен міндеттері Дәрістің мақсаты


Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата22.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#159346
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
Қазақ тілі кешен 22-23 (7)

 
Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы 
 
... Екі ҕазаҕ кездесе ҕалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассаламағалейҕұм!» деп бірінші 
болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайҕұмассалам!» деп жауап ҕатады. Тек 
содан кейін ғана аман-саулыҕ сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын 
адамдар үшін де міндетті болып саналады. 
... Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылыҕ, кішіпейілділіктің бір кӛрінісі — 
үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияҕты жұрнаҕ сӛз ҕосып айту. Мәселен, Ҕазбек — Ҕазеке, 
Диҕан — Дәке, Бауыржан — Бауке сияҕты айтылады.
... Жас келіндер ер азаматты ерекше ҕұрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жаҕын 
туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-
ҕарындастарын шыраҕ, гүлім, бауырым деп еркелете ат ҕоятын. Ӛзге туысҕандарына да 
жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын. 
... Ҕазаҕтар аяғы ауыр әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп ӛтуді әдепсіздік санаған. 
Келіндер атасының, ҕайын ағаларының кӛзіне түспеуге тырысҕан. 
... Отағасы үйде жоҕ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұҕсат етілмеген. Ҕазаҕ 
даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Ҕазаҕтар үйге бас сұғар алдында ҕару-
жарағын әрҕашан сыртҕа ҕалдыратын. Ал ханның алдына ҕамшы ұстап кіруге
болмайтын. 
... Алыс сапардан немесе базардан ҕайтып оралған адам ӛзінің жаҕын туыстары мен 
кӛршілеріне әр түрлі сыйлыҕтар - базарлыҕ ала келетін. Ауыл аҕсаҕалдары тамаҕ үстінде 
үлкен табаҕтан жасы кішілерге асату жасайтын. Егер кімде-кім жаңа киім кие ҕалса, 
бағалы затҕа ие болса, оған жаҕын туыстарының, дос-жарандарының байғазы беру әдет-
ғұрпы болған. 


14 
... Әйелдер үйде ҕалған балалары мен жаҕындарына мереке-тойларда болған жерлерінен 
сарҕыт ала келетін. Яғни, үйде ҕалған адамдар сарҕыттан дәм татып, ӛздерін тойда 
болғандай сезінеді. Ҕазаҕтарда кӛптен бері кӛрмеген жаҕын-туыстарына ҕымбат бағалы 
заттардан, ҕазы-ҕарта, сүр еттерден сәлемдеме беріп жіберу әдет-ғұрпы да болған. 
Сәлемдемені алған адамдар шын ниетімен разы болып, ізгі батасын беретін.
... Дәстүрлі ҕазаҕ ҕоғамында жасы үлкен адамдарды ҕұрметтеу рәсімі ежелден бар 
болатын. Ондай ҕұрмет жасы үлкен кісінің ҕай рудан, ҕай жүзден, ҕай ұлттан екендігіне 
ҕарамай кӛрсетілетін. Олар барлыҕ мерекелерде, жиын-тойларда ҕұрметті орындарға, 
тӛрге шығарылады. Жиналыстарда олар елеулі рӛл атҕарады. Жастар олардың айтҕан 
сӛзін жерге тастамай, мүлтіксіз орындайтын. Жас жігіт үшін үлкен табаҕтан аҕсаҕалдың 
ӛз ҕолынан ет асау ең жоғары марапаттың белгісі саналатын. Кіші іні үлкен ағаның 
рұҕсатынсыз дастарҕан басына ӛз бетінше ешҕашан отырмайтын. 
...Жас адамның үлкен кісінің алдын кесіп ӛтуі кӛргенсіздік деп есептелінетін. Бұл ереже 
әйел адамның ер азаматтың алдын кесіп ӛтпеуіне де ҕатысты болатын. Жасы кішілердің 
жасы үлкендерге дауыс кӛтеруі барып тұрған әдепсіздік ретінде тыйым салынатын. 
Әңгіме үстінде жасы үлкен кісінің сӛзін бӛлуге ешҕашан рұҕсат етілмейтін. Жастар алыс 
жолға аттанарда не үй болып, шаңыраҕ кӛтерерде жасы үлкен аҕсаҕалдардың алдынан 
ӛтіп, аҕ батасын алатын. Ҕазаҕтар жасы үлкен әрі ҕұрметті адамдардан мұндай батаны 
жауға аттанарда да тілейтін. 
...Ҕазаҕтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында 
міндетті саналатын. Бата поэтикалыҕ тілмен жалпы жұртҕа ҕарап тұрып беріледі. Онда 
бата беруші адам ӛзгелерге ізгі жаҕсылыҕ, табыс тілейді. Батаны жасы үлкен адам немесе 
жолы үлкен ҕонаҕ беруі тиіс. Бата беруші баҕытты ӛмір, материалдыҕ байлыҕ, әрбір істе 
табысты болуын тілейді. Бата екі ҕолды ілгері ҕарай жоғары созып, екі алаҕанды ӛзінің 
жүзіне ҕарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сӛзбен аяҕталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет