Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»


Ыбыраим ұлы Ысқақ пайғамбардың



бет4/59
Дата26.01.2018
өлшемі11 Mb.
#34026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Ыбыраим ұлы Ысқақ пайғамбардың

ұрпақтарының қысқаша шежіресі
Ысқақтың ұрпақтары: Рабиға деген әйелінен егіз ұлдары Есау (туғанда денесін қызыл түк басқандықтан Есау, яғни «түкті» деген) және Жақып (яғни Өкшеден ұстаушы, алдамшы деген) туады. Ысқақ өздері мекендеген жерлерінде бірнеше құдықтар қазғызған (Даулы құдық, Жауласу құдығы, Кең өріс құдығы, Ант құдығы), егін егіп, мал өсірген, көп құлдары болған, нағыз бай адамға айналған.

Есаудың әйелдері: Ехудит, Басемат, Махалат. Жақып ағасы Есауды бірнеше рет алдаған. Бірінші – ағасының тұңғыш болып туған жолын алдап алған, екінші – әкесінің батасын мен Есаумын деп иемденген (бұған шешесі Рабиға көмектескен). Осыдан кейін Есау інісі Жақыпты жек көрген. Бұны сезген Жақып әкесінен бата алып, шешесінің ақылымен нағашысы Лабанға кетеді де, оның қыздары Лияға және Рахилаға жеті жыл қызмет етіп барып үйленеді.



Лиядан: Рубен, Шимон, Леуі, Иуда деген ұлдары болды, кейін Исашар, Забулон деген ұлдар, Дина деген қызы болады.

Жақыптың екінші әйелі Рахила бедеу болып, бала көтермегендіктен өзінің күңі Балхаға Жақыпты қосқан. Одан Дан, Нафталим деген ұлдары туған.

Өзі баладан тоқтап қалған Лия да кейін өз күңі Зилпаны Жақыпқа қосады, одан Ғад, Ашир туады. Бедеу Рахила кейін жүкті болып, Жүсіпті туған.

Лабанның жерінде Жақып мейлінше байиды да барлық мал-жанын, дүние-мүлкін алып өз еліне қарай қашып көшеді. Жолда бір кісі кезігіп оныменен күреседі де ол бұның жамбасынан ұрып шығарып жібереді, содан ол жамбасынан ақсап жүреді. Сондықтан Исраилдықтар бүгінгі күнге дейін жамбастағы сіңір етті жемейді. Бұл күрескен адам құдайдың хабаршысы екен және ол: «Енді сен Жақып емес, Исраил деп аталасың, өйткені сен Құдаймен, адамдармен күресіп жеңдің (Исраил – «Құдаймен күресуші» деген сөз) - деді. Көші-қон елге тақағанда бұларды Есау нөкерлерімен келіп жылы қарсы алады. Бұлар Ефратқа тақағанда Рахила толғатып ұл туды, оның атын шешесі Бенони, ал әкесі Буниямин (яғни Бақыт ұлы) деп атады. Қиналып босанған Рахила өзі қайтыс болады. Жақып оның басына құлпы тас орнатты (осы тас әлі күнге дейін бар деседі). Сонымен Жақыпта жиыны он екі ұлы болады.



Есаудың ұрпақтары. Есаудың әйелдері: Адах, Охолибама, Басемат. Есауды Едом деп те атайды.

Адахтан туғандар: Елифаз. Басематтан: Регуел. Охолибамадан: Егус, Яғлом, Қорах.

Елифаздың ұлдары: Теман, Омар, Зефо, Гатам, Кеназ және күңінен Амалиқ.

Регуелден: Нахат, Зерах, Шамма, Миза.

Осы аты аталғандар түгел ру басылар болған.

Исраил (Жақып) баласы Иудадан: Ер, Онан, Шела және келіні Тамордан туған Перес, Зарақ. Исраил (Жақып) басқа балаларына қарағанда Жүсіпті жақсы көрген еді, қызғанған оның басқа ағалары Жүсіпті сатып жібереді. Кейін оны Мысырлық патшаның уәзіріне тағы да сатады. Тәңір Жүсіпке жар болғандықтан оның жолы болғыш болады. Мұны сезген қожайыны оған өз шаруашылығын түгел сеніп тапсырады. Артынан осы елдің перғауыны бүкіл Мысыр елін басқаратын бас уәзір етіп тағайындайды. Жүсіпке Зафнат-Пансах деп ат қойып, оған дін қызметкері Потифераның қызы Асенетті қосады. Одан тараған Жүсіптің ұрпақтары: Манаса, Ефрем.



Исраил (Жақып) өлерінің алдында өзінің барлық он екі ұлын шақыртып алып әрқайсысына өзіне сай келетін ерекше батасын береді. Соның ішінде: Иудаға: «Сенің әкеңнің ұлдары саған бас иетін болады. Иуданың қолынан патша таяғын тартып алмайды, биліктің белгісі оның әулетінде қалады. Күндердің күнінде бейбітшілік әкелуші келеді, оның тілін халықтар алады» - деген. Осы пайғамбарлық сөз Мәсіх пайғамбардың келуін алдын ала білдіреді.

Жүсіпке: «Жақыптың сиынған құдіретті Құдайы сені қолдап тұрады. Құдіреті күшті Құдай сені аспаннан келетін барлық жақсылықтармен, шыңырауда қайнап жатқан көздермен жарылқасын, емшек сүтіне тойып жатқан бала мен төлді көп қылсын. Бұл баталар Жүсіптің басына, бауырларының ішіндегі ерекшенің төбесіне қонсын!» –депті.

Осындай мағынадағы өсиеттерді әрбір баласына арнап айтыпты.



Исраил барлық балаларына өсиеттерін айтып болысымен соңғы демін шығарыпты. Оны өз өсиеті бойынша балалары Ыбыраим пайғамбар мен Сара, Ысқақ пен Рабиға, Лия жатқан үңгірге апарып жерлейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет