Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет8/59
Дата26.01.2018
өлшемі11 Mb.
#34026
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Хазіреті Әлі әл Мұртаза

Ислам әлемінің төртінші халифі – Али ибн Талиб ибн Абд ал-Мутталиб (656-661жж.) Алланың соңғы және ұлы елшісі Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с) немере іні болумен қатар, күйеу баласы да. Ол ислам әлемінде әділетті төрт халифаның (632-661 ­жж.) соңғысы болған. Хазіреті Әлі сүнниттік дүниетанымда Алланың елшісінің сенімді серігі (сахиб), ислам таратушы (фатих) болумен бірге, «Асад Аллах» (арабша Алланың арыстаны) және Шаһ-и Мардан (парсыша Ерлер патшасы) деген атаққа ие болған жан.

Хазіреті Әлі Шаһид 661 жылдың 21 қаңтарында, 63 жасында, намаз оқып отырған сәтінде Куфа қаласында дүниеден өтті. Асыл тәні Наджаф қаласында жерге қойылды. Ол өзі жан тәсілім етер кезде денесінің жуылып, кебінделіп, есіктің алдына келіп шөккен түйеге артуын және түйе қай жерге шөксе, сол жерге жерленуін өсиет еткен.

Арада көп заман өткенде халифа Харун ар-Рашид (786-809 жж.) өзінің ұлы бабасы Али ибн Абу Талибтың Наджафқа қойылғанын біліп, басына сағана мазар салуға бұйрық береді. Міне, осы уақыттан бастап бұл жер мұсылмандар үшін зиярат ететін қасиетті орынға айналады.

Хазіреті Әлі Түркістан, Орталық Азияда болмаған. Сөйте тұра, жергілікті аймақтың тұрғындары шартты түрде ұлы қолбасшының аяғы тиген жерлерді көрсетіп, ауыз әдебиетінде оны «ерлердің патшасы, батыр, алып, теңдесі жоқ әділ, ислам таратушы» деп дәріптейді.

Осы тұста мынадай сауал туындайды. Егер хазіреті Әлінің Түркістан жеріне табаны тимеген болса, оны мұншалықты дәріптеудің мәні неде? Неліктен халық осы уақытқа дейін Әлінің ізін қасиетті санап, оны зиярат етіп келеді? Сауалға жауап беру үшін алдымен хазіреті Әлінің ислам тарихындағы орнымен танысу керек.

Хазіреті Алидің Пайғамбарға (с.ғ.с) жақын алты адамның бірі (сахаба) екені көпшілікке жақсы таныс. Оның үстіне, Алладан жаннат уәде етілген он адамның бірі де сол.

Али ибн Абу Талиб өзінің немере ағасы – Пайғамбардан (с.ғ.с) отыз жас кіші еді. Хазіреті Әлі мен Алланың Расулының арасындағы жақындық туралы көптеген куәліктер, әңгімелер бар. Әлінің анасы Фатиманың айтуынша, хазіреті Әлі туылғанда оның атын Алланың елшісі қойған. Уақыт өте келе хазіреті Әлі пайғамбардың ерте қайтыс болған ұлдарының орнын басады, екеуінің арасында әке мен бала қарым-қатынасы орнайды. Шешуші сәтте, Алланың Расулына пайғамбарлық хабар келген кезде он жастағы Әлі мұсылмандықты еш күмәнсіз қабылдайды. Оның және бір елеулі еңбегі – хижра, яғни Меккеден Мединаға көшу кешінде Алланың Расулының үйінде қалып, исламның дұшпандарын пайғамбардың ізінен адастыруы. Сол кеште исламның дұшпандары пайғамбарды өлтіруге жиналған болатын. Хазіреті Әлі жасына қарамай исламның қалыптасу дәуіріндегі барлық соғыстарға қатысады. Бадр соғысы мен Ухуд соғысына қатысып, соңғы соғыстағы шайқаста он алты жерден жараланады. Хайбар соғысында ерен қайрат көрсетіп, исламның туын көтеріп жүру мәртебесіне ие болады.

Әлі пайғамбардың (с.ғ.с) немере інісі, ұлы орнына ұл, күйеу бала, соңынан Расулдың айырылмас досы, оқымысты, уәли, ислам әлеміндегі айтулы тұлға болып қалыптасты. Алланың Расулының соңғы күндерінде оның іс жүргізушісі болып, қасында отырды. Сол себепті Әбілқасым Фирдоуси «Шахнаме» дастанында: «Егер Мұхаммед (с.ғ.с.) күнге ұқсаса, Али оның жұлдызы еді», - дейді.

Әлі мұсылман әлемінде Аллаға шексіз берілген, тұрақтылық, бір сөзділік жөнінде ол сирек кездесетін дәрежеде беделді және көп сөзділік пен өзімшілдікке жаны қас адам болды. Сол себепті Хишам ибн ал-Калби (820 ж.ө.) оған: «Алланың елшісінен кейінгі адамдардың ең абыройлысы... – бұл Али ибн Абу Талиб», - деп баға берді.

Көптеген адамдардың жазуында хазіреті Әлі орта бойлы, денесі мығым, сұлу жүзді, үлкен қара көзді, денесі тік, жауырыны жалпақ, сәл шығып тұратын қарынды, төбе шашы түсіп қалған, қарулы адам болған. Алланың берген алып күшінің арқасында ол соғысқа жұлқынып кіріскен. Жекпе-жекте кіммен кездессе де жеңіп шыққан. Артқы шаштары ұзын болғандықтан екіге бөліп, арқасына тастап жүрген. Бас киіміне бір қара, бір сары жіңішке матадан жолақ тігіп, сары жолақты арқасына қаратып киген.

Хазіреті Әлі жайында аңыз әңгімелер Түркістан, Орталық Азия өңірінде кең тараған. Кезінде ол туралы аңыз-дастандарды шайханалар мен жиындарда, тойлар мен мейрамдарда ертегі айтқыштар, ақындар, жыраулар таң атқанша айтатын. Көпшілік түні бойы жалықпай тыңдағаны былай тұрсын, кейбір қатерлі сәттерді дәріптегенде еңіреп жылап отыратын. Өзбектерде «Баба Раушан», қазақтарда «Мұхаммед-Ханафия», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Қыз Дариға» атты дастандар бар. Жалпы қазақ ақындарының хазіреті Әліге ат басын бұрмағаны кемде-кем. Хазірет Әлі айтулы батыр, теңдессіз балуан болумен қатар, аса дарынды көркемсөз ұстасы да. Ғалымдығы да болған адам.

Мысалы: Ол туралы Сары-ағаш ауданында тұратын әйгілі Саийд Атаның ұрпағы Тұрсынәлі Айнабекұлы «Саийд нама» кітабында хазірет Әлінің ғалымдығын былай деп дәріптейді.
Еңбегі Ер Әлінің ғылымдағы,

Ғалымдар мойындаған бұрын бәрі.

«Мұхаммед ілімдегі қала болса,

Қаланың қақпасы дер хазіреті Әлі».

Қарсылас Қауаржының мықтылары,

Білімін сынағалы Әзірет Әлі.

Іріктеп он адамды дайындайды,

Ілім жайлы сауалын сұрағалы.


Он түрлі жауап берсе он адамға,

Кемеңгерлік болғаны ол адам да.

Онына да бірыңғай жауап берсе,

Нышаны кемеңгерлік шамалы онда.


Жіберіп біріншісін Қауаржылар,

Ер Әліні сынамақ болды бұлар.

-Ілім жақсы ма немесе мал жақсы ма,

Бар – деді - бір сауалым сізден сұрар.


Әли айтты: «Ілім қалған пайғамбардан,

Мал қалған Перғауын, Шаддат, Харундардан.

Білгенге ілім жақсы мал, дүниеден,

Білімсіз надан тура жолдан тайған».


Екінші сұрағанда сауал беріп,

«Ілім жақсы, - деп айтты жауап беріп.

Ілім сақтар адамды әр бәледен,

Мал сақтаймын демейсің әуреленіп».


Үшінші сауал берді жаңа,

«Ілім жақсы», - деп, айтты келсе шама.

Өйткені мал-дүниең өзіңе жау

Нағыз дос ілім, - деді, ойлап қара»


Төртінші сол сауалмен келген тағы,

Әлі айтты: «Артық қой, - деп, ілім бағы.

Малды істетсең шарт оның азаймағы,

Ілім тасыр істетсең бойыңдағы».


Бесінші келіп сауал сұрағанда,

«Ілім қажет, деп айтты әр адамға.

Өйткені малды адамды бақыл деп жұрт

Ілімдіні теңейді ұлы адамға».


Алтыншы келгенінде сол сауалмен,

Ер Әлі ілімсізді надан деген.

Өйткені мал ұрланар, қору қажет,

Ілімді ұрлай алмас адам деген.


Жетінші сол сауалмен тағы келді,

«Ілім артық – деп Әлі жауап берді.

Ақиретте мал дүниеден есеп алар,

Шафғат етер онда ілім» - деді.


Сегізінші сауалын сұрағанда,

«Мал-дүниең, - деді – ұзақ тұра ала ма,

Ілім деген сақталар мәңгі-бақи,

Деп айтты абзалдығын сонан аңла».

Тоғызыншы таңдайын қағып тақ-тұқ,

Ер Әліге сауал берді нақ қып.

«Ілімге тән қасиет кішіпейілдік,

Дүниеліге тән, - деді - кесапаттық».


Оныншы Әліге артық сауал берді,

«Дүниелі құдайға өзін санар – деді,

Ілімді Перғауынша асқақтамай,

Құдайға құлшылықпен жағар» - деді.


Қауаржылар бір сауалына,

Тәнті болып, он түрлі жауабына.

Әлінің даналығын мойындапты,

Қалмаған соң айла-шара, амалы да.


2003 жылы өзбектің ұлы ақыны Әлишер Науаидың өз заманында жазған өзбек тіліне аударған хазірет Әлінің «Жаухарлар тізбегі» атты төр тағандық өлең жолдары мен «Хикметтері және насихаттары» атты үш бөлімнен тұратын еңбектерін кітап етіп Шымкент қаласында шығарылды. Сол ұлықтың бесінші ұрпағы Абд ул-Жалил баб Хорасан Ата Орта Азияға ислам дінін алып келіп, сол дінді басына ту етіп тұрып қалған тұлғалардың бірі.

«Келген бәлеге», яғни, ел шетіне келген ауруларға бірінші болып қарсы шыққан ғалым-әулие. Кесел жұқпалы дертке қарсы ем қолданып, обаға, шешекке қарсы тұрғаны үшін Хорасан атанған.

Хазіреті Әлінің кітаптарда жазылған жеті аты бар: Али Хайдар («Арыстандай қайратты», «құдіретті» деген мағынада), Шах-и Мардан («Ерлердің падишасы»), Шер-и Йаздан («Алланың арыстаны»), Васи Аллах («Алладан тілек тілеуге құқылы»), Мұртаза («Таңдалған»). Сонымен қатар Әлінің ар-Ради (көпті риза етуші, сахи) деген де атағы болған. Бұл атаулар Хазіреті Әлінің халық арасында қаншалықты беделге ие болғанын дәлелдейді.

Хазіреті Әлі, имам Хасан, имам Хусейн үшеуі де өз туыстары – Умия әулетінің қолынан шаһид болды. Бұл жөнінде ел аузында мынадай бір әңгіме бар: Алланың соңғы Расулының төртінші атасы – Абд Манафтың әйелі бір-біріне арқалары жабысып қалған екі ұл туады. Абд Манаф елді шақырып, мәслихат жасайды: «Не істеу керек, қандай амал бар, кім қандай ақыл береді?». Біреу оған «Баланың біреуін өлтір, екіншісі тірі қалады», - дейді. Екінші біреу де: «Баланың біреуін өлтіріп, жерге көмейік, ол шірігенде екінші бала аман қалады», - дейді. Бірақ Абд Манаф қатал да болса ерлікті таңдап алып, өткір қылышпен екеуінің арасын шауып екіге бөледі. Екі баланың біріншісінің аты Хашим, екіншісінің есімі Умия болатын. Ел ішінде: «Бұл екі баланың ұрпағының арасынан қылыш өтті, енді заман ақырға дейін бұл әулеттің арасында достық болмайды», - деген әңгімелер тарады. Шын мәнінде ол солай болды да. Хашимнен Абд Мутталиб, одан Абдуллах, одан Мұхаммед (с.ғ.с.) туды. Умиядан – Харб, одан – Абу Суфиан, одан – Муавия, одан – Йазид.

Хазіреті Әліні жалданбалы құлдың қолымен өлтірткен Умияның әулеті Хасанға да осыны істейді. Оны өз әйелі Асма Йазидтің азғыруымен у беріп өлтіреді. Асманы Йазид әйелдікке алуға уәде берген болатын, алайда Йазид оған: «Хасанға опа бермеген сен кімге опа қыласың», - деп, асау аттың құйрығына байлап жіберген дейді.

Имам Хасаннан осылай құтылған Йазид, имам Хусейннен құтылудың жолын таба алмай сарсаңға түседі. Бірақ оның да есебін табады. Жалған хат жазғызып, Кербала шөлі арқылы Куфаға шақыртып, шөл далада қамап, бала-шаға, үй-ішімен тегіс қырып жібереді. Әлдеқалай бір себеппен нағашысының үйінде жүрген 11 жастағы Зейн ул-Абиддин ғана аман қалады.

Енді хазіреті Алидің тағы бір ұлы Мұхаммед ибн ал-Ханафия мен оның ұрпақтары жайлы тоқталып кетуіміз керек. Себебі, біздің қолға қалам алып, осы сөзді бастағандағы мақсатымыз – Мұхаммед ибн ал-Ханафия және оның Араб жарты аралынан шығып, бір шеті ауған мен Түркістан (Орталық Азия), оның арғы жағы Қашқардан өтіп, Қытайдың шекарасына дейін «ислам аша» барған әулеті жайымен таныстыру.

Ислам әлемі Мұхаммед ибн ал-Ханафияның жеке басына және оның әулетіне ислам таратуға сіңірген ерен еңбектері үшін үлкен құрметпен қарайды. Орта ғасырларда оның атымен байланысты қасиетті жерлер халықтың сүйікті, қасиетті жерлері саналған.

Хазіреті Әлі мен оның екі ұлы имам Хасан мен имам Хусейн халифаттың саяси сахнасынан түскен соң, Умия әулеті Абд ал-Малик (685-705 жж.) басқарып тұрған халифат тағының бірден-бір заңды иегері болып хазіреті Әлінің көзі тірі ұлы – имам Мұхаммед ибн ал-Ханафия шықты. Міне, осы кезден бастап Мұхаммед ибн ал-Ханафия имамдығын жақтаушылар оның пайдасына үгіт-насихатты күшейтті. Осының салдары, яғни дәріптеудің ықпалы имам Мұхаммед ибн ал-Ханафияның атымен байланысты қасиетті жерлердің көбеюіне алып келді.

Қазіргі Қазақстан аумағында, соның ішінде Сырдарияның бойында ислам аша келгендер мен оны орнықтырушылардың ізі сайрап жатыр. Бұл алқапта Абд ул-Жалил бабтың (Қорасан ата) мазары Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Оғыз қыратында, ел арасында «Тоты құс» аралы деп аталатын жерде, әйгілі Қызылқұмның шетінде. Сол маңда Бақшайыш ата-Камалиддин шайхтың мазары да Хорасан атадан төменірек, сол ауданның Байкенже атты жерінде. Жаңақорғанның күнбатыс бетінде Оғызкентте Әл-Әмин баб, Саблут ата, Шәмші Бүзірік аталарымыздың сағанасы орналасқан. Түгіскент (Тоғызкент) маңында Сафи ад-дин Урынк Қойлақтың қабірі бар. Бұның күншығысында Құл Қожа Ахмет Йассауи сағанасы тұр. Түркістаннан жоғары әйгілі Арыстан баб сағанасы. Осы маңда Мұхаммед данышпанның кесенесі бар. Бұл Қожа Ахмет Яссауидің туысы Садыр шайхтың ұлы. Қаратаудың теріскейінде Ысқақ бабтың кесенесі тағы тағылар...

Осы аталған әзіздердің барлығы да бір Хазіреті Әлидің ұрпақтары.
Әли Әбу Талибтің (Әзірет Әлінің) ұрпақтары.

Әлінің бірнеше әйелінен он сегіз баласы болған. Олардың ішіндегі ең әйгілілері Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туған Хасан мен Хұсайын және Мұхаммед ибн әл-Ханафия. Имамшыл шииттер 12 имамның 10-ы Құсайын ұрпағынан тарайды.

Шииттердің діни-саяси қағидасы бойынша пайғамбарлыққа барабар жоғары өкімет (имамат). Оны «Құдай белгілеген». Осы ережеге сәйкес имам болу Әліге және оның ұрпақтарына ғана мирас болып қала беруге тиісті. Бүкіл ислам тарихына дерлік хазірет Әлі немесе оның жақтастары жоғары билік үшін қарулы және идеологиялық күрес жүргізіп, хазірет Әлінің имам болуын жақтап отырды. Бұл ел арасында көптеген соғыс өртіне себеп болып, халифаттың әр бөлігінде хазірет Әлі басқарған имамдықтарды тудырды. Өздерінің идеологиясын дәлелдеу үшін хазірет Әлі терең діни теория жүйесін жасады. Олардың болмыс заңдылықтарын түсіндіруі кейбір тұста сопылық ілімдермен үндеседі.

Хазірет Әлінің көптеген ұрпақтары қазіргі кезде барлық дерлік мұсылман елдерінде тұрады. Олар шииттік қағида белгілерін өздерінің діни құқығын білдіру үшін жасыл сәлде тағып жүреді және сеийдтер немесе шерифтер деп аталады.



Әлі әулетін – имамдар әулеті, мұсылман елдерінде өздерін Әли мен Фатимадан тарадық деп есептейтін діни-феодалдық топты атаған. Олар Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) өзінен кейінгі имамдықты (діни және саясат, өкімет билігін) Әліге мирас етіп қалдырды деп жариялаған.

Хасан (626-669) – Әлінің өзінен кейін, шиит имамдары әулетінен шыққан 2-имам. Әлі 661 өлтірілгеннен кейін Иракта оның жолын қуушылар Хасанды Халиф деп жариялаған. Бірақ саяси күреске нашар, жігерсіз Хасан мол қазынаға сатылып, Сирияны билеуші Омейя әулетінің алғашқы халифы Муавидің пайдасына бұл лауазымнан жұрт алдында бас тартқан. Бозбалалыққа көп салынған Хасан неке бұзар деген атаққа ие болған. Шиит басшылары Хасанды әулиелер қатарына қосу үшін оны Муавидің адамдары улап өлтірді деген лақап таратқан.

Хұсайын (626-680 ж.ш.) – шиит басшылары әулетінен шыққан 3-і имам. Халиф Муави 680 жылы өлгеннен кейін, Хұсайын халифаттағы жоғарғы өкімет билігін басып алмақ болып, шағын отрядпен Меккеден Иракқа жол тартады. Бірақ Кербеліде (Кербалада) Халиф әскерінің қоршауында қалып, шайқаста қаза табады. Бұл жағдай шииттердің Хұсайынды ұлы азап шегуші әулие деп жариялауына мүмкіндік берді, сөйтіп, ол шииттердің діни уағызында тұрақты орын алды. Осыдан барып «Хұсайынның қаны үшін кек аламыз» деген қозғалыс туындайды.

Мұхаммед-Ханафия (Мұхаммед Әнапия) хазірет Әлінің Ханафия деген әйелінен туған ұлы. Ханафия Рум мемлекетінің ханы Жаһһар ибн Қайыстың қызы. Мұхаммед-Ханафияның есімін Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) өзі қойған екен. Себебі, Рум мемлекетін исламдыққа мойынұсындырып барған сапарында қолбасшы Әлі бастаған әскер бұл елді тізе бүктіреді, көптеген адам тұтқынға түседі. Солардың ішінде ханның қызы Ханафия да болады. Қорыта айтқанда Ханафия Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с) бірнеше өтініш айтады:

  1. Өзі мұсылмандықты қабылдаймын деп жариялайды.

  2. Өзін хазірет Әлімен қосып, некесін қиюды сұрайды.

  3. Кейіннен ұрпақты болып ұл туса атын Пайғамбардың және өзінің есіміммен аталса дейді, яғни Мұхаммед-Ханафия болса деген тілегін айтады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл үш тілекті де қабыл етіпті. Содан кейіннен Ханафия туған ұлының есімін Мұхаммед-Ханафия қойған екен. Бұл кісінің ұрпақтары өте көп және олардың ішінде атақтылар, батырлар, білімді-ғылымды игергендер көптеп саналады. Мысалы: Абжалбаб (Қорасан ата), Ысқақ баб, Абдрахман баб, Абдрахим баб, Дуана қожа, Бақшайыш қожа, Қылышты ата, Қожа Ахмет Йассауи, Қарахандық қожалар, Маулана Сафи ад-дин, Орын Қойлақы, Садыр ата, Саяқып баба, Мұхтар Әуезов т.т.

Мәді. Хазірет Әлінің Маракандық (Самарқан) Яһуди қызы Дариха (Палуан) деген әйелінен туған. Бұл Мәді асқан күш иесі болыпы, бірақ бұдан ұрпақ жоқ, тек артында қалған аңыз бар. Аңызда: Мәді саяқ, жеке өсіп, білместікпен хазіреті Әлінің тоғыз ұлымен күресіп, бәрін жығып, ақыры Әлимен алысып, оның әкесі екенін білген соң: «Жағасына қолым тиді, маған енді өмірдің қажеті жоқ» - деп Алладан тілек тілейді. Тілегі қабыл болып, қара жер қақ айырылып, оның астына түсіп кеткен. «Ақырзаман болғанда көктен Тәңірі келіп, жерден Мәді шығады екен» деген аңыз бар.
Хазірет Әліге барып тірелетін қожалар әулетінің өкілдері:

1.Қожа Ахмет Йассауи (1103 ж.т. – 1166 немесе 1167 ж. жер асты қылуетке түседі). Қалған өмірін осылай жер астында өткізсе керек.

Сайрам – байырғы ислам орталығы. Ахметтің әкесі Ыбырайым осы Сайрамда атақты ғұлама болған. Ол ұстазы Мұса шайыхтың қызы Қарашаш анаға (Айша) үйленіп, одан Садыр, Ахмет деген 2 ұл, Гауһар-Шаһназ атты қызды көреді. Ахмет шешесінен жастай, әкесінен жеті жасында жетім қалып, өзінен 10 жас үлкен Гауһар-Шаһназ әпкесінің қолында өседі. Ұстаздары: өз әкесі, Арыстан баб, Жүсіп Хамадани. Көзі тірі кезінде-ақ әулие атанған. Негізгі шығармасы: «Диуана Хикмет».

2.Хорасан ата (Әбдіжәліл баб) Иранда патша болған, одан кейін Орта Азия мен Қазақстанға келіп ислам дінін таратқан атақты баб. Мазары Жаңақорған ауданында, Тоты құс деген жерде. Күшті, әулие адам. Схемада – Абд ал Жалил балалары:


А) Үсейін (Хусаин) ата

Зираттары әкесімен бірге

Б) Бабажан әулие
3.Қылышты ата (Сайд-Бураханидин). Мазары Жаңақорған ауданы, Қыркеңес ауылынан 7-8 км жерде. Күшті Әулие

Найман-Төлек өкіл баласы болған, кейін Қылышты атаның қызын алған. Зираты қатар, бір қорымда.

4.Қойлақ ата (Насаб-Намада-Сафи ад-дин Орын қойлақы). 93 ж. өмір сүрген. Қожа Ахмет Йассауи дүниеден өтерде орнын осы туысына берген. Лақаб аты – Қойлақы ата, шын аты Сайфиддин. Мазары Жаңақорған-Қандоз жолының бойында. Әулие болған.

5.Садыр ата (Садр шайх) - Қожа Ахмет Йассауидың бірге туған ағасы, әулие болған адам. Мазары Қожакент ұжымының шығысында.

6.Аққорғандық аталар жайлы.

Аққорған адам аты емес, (қаланың) қорғанның аты. Осы Аққорғанның ішіндегі Садыр атаның, Мәулени-Сафи-ад-дин Орын Қойлақыдан тараған бес атаны жеке-жеке айтпай Аққорғандық деп кеткен. Олар: Үсен шайх, Қара шайх, Оқша ата (Көгентүп), Ыбырайым шайх, Бурхан шайх.

Бұлардан батыр да, әулие де, сері де, ғалым да бар. Қарашайхтың 5 ұлы болған: Батырқожа, одан Нұрманқожа, одан Байменқожа әулие. Байменқожадан үш ұл: Құлманқожа, Бегімбет дамолла, Шалап (батыр). Байменде қасиетті кітап болыпты. Ол кітапты Шалап ұстаған, одан соң әруақ Құтты қожаға, одан соң Әбсаттарға қонған. Әбсаттар қазір бүкіл ел білетін, сыйлайтын үлкен кісі, әруақты ер-азамат.

7.Бақсайыс ата (Сейд Камалидин шайх) XVI-XVIIғ.ғ. өмір сүрген. Ұрпағының бірі Мұхтар Әуезов. Ұрпақтары жиналып (500-ден аса отбасы) 1994 жылы басына кесене (8х8м, һ-12) тұрғызды.

Ұрпақтары: Арқадағы Сарғалдақ қожа→Қожа Ахмет→Айғаным (қыз) – Уали ханның әйелі, Шыңғыстың анасы, Шоқанның әжесі. Мұхтар Құлмұхаметов, Мұхтар Әуезов Бақсайыс атаға 22 атамен барады екен.

8.Айқожа әулие (ишан) – 1773-1858 ж.ж., алтыншы атасы Дуана қожа (Мәді қожа). Кесенесі Жаңақорған ауданы, Бесарық станциясынан 15 км жерде, мемлекет қамқорлығында. Орнын басқан ұрпақтары көп. Әулиелігі керемет болған адам. Бұның баласы Смайыл, одан Мұхамеджан (ишан) да әулие, көріпкел болыпты, немересі Әззам ишан (1899-1971 ж.ж.).

9.Шах-Бүзірік баба Әзіреті Әлінің 23-ұрпағы. XV ғасырдың 70-жылдарында Өзгент қаласында дүниеге келген. Лақабы: «Са-бұлт» - бұлт үстінде ұшатын әулие. 1997 жылы ұрпақтары кесене орнатты. Ғылымды меңгеріп «имам» атанған, жаңбыр жаудыратын қасиетке ие, әрі ақын болған.

10.Усейн мағзым – Айқожа ишанның немересі (1885+79=1964) әулиелігімен аты шыққан, палуан, әнші, ақын.

Инаят мағзым – Айқожа ишанның шөбересі Омар мағзымның баласы. Әулие адам, 6 ұлы бар, барлығы да ата жолын қуып имамдылық етеді.

Жаппар мағзым – Айқожа ишан тегі. Бұның 2 ұл, 5 қызы бар. Түгел емшілікпен айналысады. Өзі әулие.

Бақар мағзым (1895-1977 ж.ж.) – Айқожа ишанның немересі, бұл кісі де әулие, 2 ұл, 2 қызы бар.

Махмұт ишан (1894-1982 ж.ж.) – Айқожа ишанның шөбересі. Ибрайм шайхтың немересі, діни ілімі күшті адам болған.

Сәруар ишан (1882-1938 ж.ж.) – Айқожа ишанның шөбересі, көріпкел, әулие.

11.Омартөре ишан – Қылышты атаның ұрпағы. Керемет емші, әулие. 5 ұл, 6 қызы бар.

12.Байменқожа және оның ұрпақтары. Байменқожа (1850-1928 ж.ж.) Ысқақ бабқа барып тіреледі. Әулие адам. Атақты ұрпақтары: Құтты қожа (1933-1988ж.ж.), одан Әбсаттар, Шалап қожа (Батыр қожа) әулие, Тұрсын қожа (1914-1999 ж.ж.), т.т.

13.Қасым-Ташжан – ағайынды адамдар. Ысқақ бабтан тараған Садыр-шайық ұрпағы.

14.Шах қожа әулие - Қарасан ата (Абд-ал-Жалил баб) ұрпағы Бабажанның ұлы. 1942 жылы өмірден өткен. Мазары Сунақ ата әулиенің оңтүстігінде 6 км жерде. Бұл кісі туралы аңыз-әңгімелер көп.

15.Шерехан әулие – Хорасан ата ұрпағы. Кесенесі Өзгенттен 3 км жерде. Ілімі күшті, көріпкел адам, емші.

16.Әділ мен Әбдішүкір – Әбд ал-Жалил бабтан тарайтын Өтеген қазы ұрпағы

17.Айша – халық емшісі. 1957 жылы туған. «Сыр ғұламалары» кітабы – 119-122 беттерде жазылған.

18.Оспан Хатиб (1870-1944ж.ж.) – Қорасан атаның ұрпағы, халық қамқоры, әділ, діни білімпаз.

19.Жұмабек бақсы – Қылышты ата ұрпағы. Адамды оқиды, жарғыштық қасиеті бар, бақсылықпен емдейді.

20.Жүсіп молда – Ысқақ бабтың ұрпағы. Оқыған, білімді молда, көріпкел, емші. 1934 жылы қайтыс болған.

21.Ляззат емші. 1958 жылы туған. «Сыр ғұламалары» кітабы – 131-139 беттер. Руы – Найман.

22.Жүсіп би (1818-1908 ж.ж.) – Сабұлт қожа (Шах-Бүзірік) ұрпағы. 45 ж. би болған, ақындығы да болған адам.

23.Өтеген қазы – Қорасан ата (Абд әл-Жалил бабтың) 10-ұрпағы, ғұлама, әулие.

24.Асқар би, Сасықбай би, Абдрахман би, Садак би, Балаби (Әшім), т.т. көптеген билер мен батырлар болған. Оның бәрін теріп жаза беруді мақсат тұтпадым.

25.Мәди (Диуана қожа) кейде Мәді деп те атайды. хазірет Әліден тарайды, одан бері 28 ата болып отыр. Осы Диуана (Мәді) қожадан 4 ұл:



  1. Қожан Қожа ата – әулие, батыр болған. Қылыш қожамен екеуінің арқасы жабысып туған соң қылышпен шауып бөлген, содан екіншісін Қылыш қожа деп атаған.

  2. Қылыш Қожа ата – әулие, батыр, емші. Бұдан сегіз ата Қылыш қожа ұрпағы тарайды. Оның ішінен Көшен батыр, Күдері ақын-батыр, Смайыл Әздер – бек болған, ғұлама.

  3. Пірзада (көтімылтық) – аруақты адам болған.

  4. Бекмұхаммед Қожа – мықты балуан. Айқожа ишан осы бабаның 6-ұрпағы.

Диуана Қожа Ахмет Йассауиден кейінгі 2-тұлға, керемет иесі. Түркістаннан Кентауға барар жолда «Құсты-ата» мазарында жерленген.

26.Мүсірәлі Қожа (1667-1762) – 1680 жылы үш жүзге пір болып сайланып, 40 жыл бас Әзіреті болған. Өте ақылды, ұстаз, дарынды ғалым, көріпкел әулие, көрнекті мемлекет қайраткері, ойшыл, саясаткер болған. «Сыр ғұламалары» кітабы – 205-209 беттер.

27.Қасым Қожа – Мүсірәлі қожаның ұлы. Шешесі ерте өліп, апайы – Сары қыз асыраған. Ғаламат адам болған. Әкесіне тартқан, қасиеттерге ие.

28.Өтеш бақсы (1884-1962 ж.ж.), Мақаш бақсы (1884-1970 ж.ж.) адамның сенуі қиын істерді жасайтын қабілет иелері.

29.Құлболды ишан (1785-1855-60 ж.ж.) – Мәдіқожа→ Қожжан Қожа→Қожакілен→Сейіт→Сұлтан→ Құлболды (ең кенжесі екен). Осы Құлболдының 3-ұлының бірі (кенжесі) – Пазыл. Құлболды ишан да, Пазыл да көптеген кереметтердің иесі, қасиетті адамдар. Пазыл (Фазыл) ишан әйелі өлген соң Арқадағы Арғын руы Шен биінің немересі Салмұраттың қызы Тоқжанға үйленген (Абайдың ғашығы болған). Бұлардан Абзалхан деген ұл туады, бірақ ол қайтыс болып, ұрпақ қалмаған.

30.Саяқып баба (Әбибі қожа). Бұл баба туралы осы кітаптың ІІІ-бөлімінде арнайы айтылатын болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет