Бағыты: химия Орындаған: 7 сынып оқушысы Намаз Ақерке Ғаниқызы



бет2/10
Дата15.02.2023
өлшемі474,91 Kb.
#168862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
031 02.12.22

Зерттеу нысаны: тағам өнімі
Күтілетін нәтиже:
1.Зиянды тағамдарының құрамын, зиянын білу үшін көптеген әдебиеттерді, газеттерді, журналдарды қарау;
2.Танымдық деңгейді арттыру;
3.Аурудың алдын – алу жолдарын қарастыру;
4.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу;
5.Теориялық білімді өмірде іске асыру;
Бүгінгі ғылыми жұмысымда осындай тағамдардың денсаулыққа зиянын насихаттау мақсатында көптеген жасаған зерттеу жұмыстарымның нәтижесімен таныстырғым келеді.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарымда келесі зерттеу әдістері пайдаланылды: іздеу (ақпараттар жинақтау), сауалнама ( әлеуметтік сауал), талдау ( жинақталған ақпараттарды салыстыру).
Жұмысым келесі жоспардан құралған: кіріспе, негізгі бөлім үш бөлім, зерттеу бөлімі, қорытынды, бір кесте, екі сурет, үш диаграмма, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
І. Әдебиеттерге шолу
Халықтың денсаулығы — қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылады. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақтың денсаулығын сақтап, нығайту — қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттерінің бірі болып табылады. Көне заманғы қағидада бойынша: «Ас — адамның арқауы» — делінген. Өкінішке қарай, біздің замандастарымыз өзін дені сау және сымбатты сезіну үшін қалай тамақтану керектігін біле бермейді. Тамақтанудың да өзіндік ережелері бар және оларды ескермеуге болмайды, өйткені тамақтану — біздің денсаулығымыздың құрамдас бөлігі екенін есте сақтауымыз қажет.
1.1 Адам денсаулығына зиянды тағамдарды анықтау
Әлемдік диетологтар адам ағзасына өте зиян тағам түрлерін анықтады. Әрине, олардан адам уланып өлмейді. Алайда, жиі пайдаланған жағдайда түрлі ауруларға шалдығары сөзсіз. 1. Чипсы мен лимонад Чипсы құрамында жоғары концентратты бояғыштар мен дәмдеуіштер де көп мөлшерде кездеседі. Оны дайындау кезінде адам ағзасында қатерлі ісік тудыратын көптеген канцерогендер түзіледі. Ал, майлар болса қан құрамындағы холестериннің деңгейін арттырып, инфаркт пен инсульт сынды аурулардың туу қаупін арттырады. Лимонадтың құрамында аспартам (Е951) бар. Сусынды көп ішкен жағдайда күйзеліске және ашушаңдыққа алып келуі мүмкін. Чипсы мен лимонадты көп тұтынған адам семіздікке шалдығады. 2. Фастфуд Тез әзірленетін тағамдар - фри, шаурма, гамбургерлер және қуырылатын өзге де тағамдар денсаулыққа өте зиянды. Өйткені, мұның барлығын бірнеше рет пайдаланылған майда қуырады.3. Дүкеннің шұжықтары, кептірілген ет өнімдері Шұжықтар, тұшпара, тартылған ет - бұлардың құрамында қоюландырғыш, май алмастырушы заттар, реттеуіш, иістеуіш сынды қоспалар көпетеп кездеседі. Құрамында канцоргендер жоғары мөлшерде болғандықтан мамандар кептірілген ет пен балықты да қауіпті тағамдардың қатарына жатқызып отыр. 4. Маргарин, тәтті тоқаштар Ең зиянды майлардың барлығы маргариннің құрамынан табылады. Көшеден сатып алынған торт пен тәтті тоқаштарды көп жеген жағдайда семіздіктен құтылу мүмкін емес. 
5. Кофе мен энергетикалық сусындар Ересек азаматқа күніне екі бокал кофеден артық ішуге болмайды. Әсіресе, адам ағзасына ерігіш кофе аса зиянды. Ол асқазан қыжылына жиі алып келеді. Ал, энергетикалық сусындардың құрамында кофеиннен бөлек қант, бояуыш, химия және газдар бар.  6. Шоколад батончигі, сағыздар Бұл - түрлі химиялық қоспалар қосылған өте үлкен мөлшердегі колория. Оған адам тез үйренеді және әдетке айналдырады 7. Майонез бен кетчуп Майонездің де құрамында холестеринді арттыратын зиянды майлар көп. Әсіресе пластик ыдыстарындағы майонез адам ағзасына зиянды. Ал, кетчуп құрамында үлкен көлемде консерванттар мен реттеуіштер бар. 8. Йогурт пен балмұздақ
Біздің ойымызша, йогурттың сүттен жасалғандықтан адам ағзасына пайдасы үлкен деп есептейміз. Бірақ олай емес. Йогурттың құрамы реттеуіш, қоюландырғыш, иістеуіш сынды қоспаларға өте бай. Балмұздақ та ағзадағы зат алмасуын баяулататын күшке ие. Оны көп жеген жағдайда артық салмақ қосуыңыз мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет