Байсеитова н. М



бет20/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Қайталау сұрақтары

  1. Өткізгіш ұлпа деген не ? Флоэма қандай гистологиялық бөліктерден тұрады ? Ксилема қандай гистологиялық бөліктерден тұрады ?

  2. Түтікшелер қалай пайда болады? Түтікшелердің клетка қабырғаларын мүсінделіп, қалыңдауының қандай түрлері бар?

  3. Өсімдік ұлпаның жоғары ағыс жолымен (ксилема) және төменгі ағыс жолымен қандай заттар жылжиды?

  4. Алғашқы флоэма мен соңғы флоэманың және алғашқы ксилема мен соңғы ксилеманың арасында қандай айырмашылық бар?5

  5. Өткізгіш шоқтар дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

6. Қандай шоқтарды коллатералды тұйық және ашық деп атайды?
7. Қарапайым және күрделі шоқ деген не?
8. Биколлатералды шоқ деген не?
9. Радиальды немесе сәулелі шоқ деген не?
10. Концентрлі шоқ деген не? Ондағы флоэма және ксилема бөліктері қалай орналасады?


Лабораториялық сабақ №9


Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Тұқымның құрылысы


Сабақтың мақсаты: Тұқымның құрылысымен және құрамдас бөліктерімен танысу.
Сабаққа қажетті обьектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Алдын - ала жібітілген кәдімгі үрмебұршақ, жұмсақ бидай ,кәдімгі арпа, егістік сұлы, егістік асбұршақ, бір жылдық күнбағыс және кәдімгі қарамықша тұқымдары. 2. Бидай, арпа және сұлы дәндерінің ұзынынан кесіндісінің тұрақты микропрепараттары. 3. «Тұқымның құрылысы» фильмі. 4. Қол лупасы. 5. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.


1-ж ұ м ы с. Дара жарнақтылардың эндоспермді тұқымы.
Дара жарнақтылардың басым көпшілігінің тұқымы өзінде қоректік заттардың жиналуына қарай эндоспермді тұқымға жатады.
Сабақта зерттеу үшін бидай дәнін сыртқы қабыршақтарынан тазартып, шынының үстіне қойып, лупа арқылы қараймыз.Сонда тұқымның сыртын жауып, тұқым қабығымен тығыз кіріккен едәуір жұқа, үлпек, жылтыр қабатты көреміз. Ол - бидайдың жеміс серігі. Өйткені бидайдың дәні бір тұқымды жеміс. Тұқымның анатомиялық құрылысын анықтау үшін бидайдың жібітілген дәнін өткір ұстарамен ұзынынан тіліп, жұқа кесіндіден уақытша препарат дайындап, микроскоптан кіші үлкейтуінде (7*8 , 15*8) қараймыз. Бұл үлкейтулерде дән бөлімдері бірден толық қамтылмайды, сондықтан препаратты сырт жағынан (жеміс серігінен) бастап, біртіндеп ішке қарай жылжыту арқылы микроскоп арқылы қараймыз. Лабораториялық сабақтарда уақыттан ұту үшін және қолайлылығын ескеріп, бидай дәнінің ұзынынан кесіндісінің дайын препаратын пайдаланған жөн. Жеміс серігі дәнінің ұзына бойы кесіндісінің дайын препараты микроскоп арқылы анық көрінеді. Препаратты микроскоп арқылы қарағанда дәннің тағы екі бөлімі, ұрық және эндосперм жақсы байқалады. Ұрық эндосперммен бір бүйірі арқылы жанасып, онымен салыстырғанда шамалы көлемді ғана алып жатыр. Бұдан қоректік заттардың қоры ұрықта емес, эндоспермде жиналатындығын айқындаймыз.
Ұрық алғашқы меристемадан тұрады, онда - ұрық тамыршасы, оның тамыр оймақшасы, тамыр қынабы - колеориза, ұрық сабақшасы (гипокотиль) және бүршік бөлімдері бар. Бүршік - ұрық жапырақшаларымен жабылған сабақтың бой конусы. Сыртқы ұрық жапырақшаларымен калеоптиль деп аталады. Ол бүршікті өсу барысында топырақ қабаттарының механикалық әсерінен сақтайды. Түрі өзгерген тұқым жарнағы - қалқанша эндоспермге жанасып орналасады. Редукцияланған екінші тұқым жарнағы - эпибласт қалқаншаға қарама-қарсы, ұрық сабақшасы жағында жатады. Кейбір астық тұқымында эпибласт болмайды.
Препаратты жылжытып, эндоспремді қарайтын болсақ, оның шет жағында бірқатар клеткалардан тұратын алейрон қабаты жатыр. Ол белоктың майда түйіршіктерінен, алейрон дәндерінен тұрады. Бұл қабаттан ішке қарай тұқымның орталық бөлімін күрделі крахмал дәндері алып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет