Қайталау сұрақтары
Тұқым қандай қызмет атқарады?
Толық жетілген тұқым қандай бөлімдерден тұрады?
Тұқымның бөлімдері (тұқым қабығы, ұрық, эндосперм) тұқым бүрінің қандай бөліктерінен және қай уақытта пайда болады?
Ұрықтың мүшелерін атаңыз.
Тұқымның негізгі типтерін атаңыз.
Перисперм кайдан пайда болады, оның эндоспермнен қандай айырмашылығы бар?
Тұқымдағы, тұқымның тігісі, микропилесі деген не?
Колеоптиль, колеориза, эпибласт деген не, олар қандай өсімдіктердің тұқымдарына тән?
Үрме бұршақ пен бидай ұрықтарының құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
Үрме бүршақ пен бидай тұқымы жарнақтарының атқаратын қызметі қандай?
Тұқымның өсуі үшін қандай жағдайлар қажет?
Тұқым өсу барысында, өскіннің қай вегетативтік мүшесі алдымен өсіп шығады. Оның қандай биологиялық мәні бар?
Қос жарнақтылардың өскініне тән бөлімдерін атаңыз.
Өскіннің жер бетінде өсуі дегенді қалай түсінесіз? Қандай өсімдіктердің өскінін осыған жатқызуға болады?
Лабораториялық сабақ №11
Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Тамырдың морфологиялық құрылысы
Сабақтың мақсаты: Тамырдың морфологиялық құрылысымен танысу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: 1. Көрнекі морфологиялық гербарий «Тамыр және тамыр жүйелерінің типтері». 2. Кәдімгі үрме бұршақ, кәдімгі асқабақ, жүгері, жұмсақ бидай, кәдімгі арпа немесе мәдени қара бидайдың әр түрлі мерзімде өсірілген өскіндері. 3. Тамыр ұшының тұрақты препараты. 4. «Тамыр құрылысы және өсуі» кинофильмінен «Жас тамыр ұшының құрылысы» деген үзінді келтіру. 5. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 6. Жабдықтар соңындағы қайталау сұрақтарына жауап қайтару.
Тапсырмалар:
1. Көрнекті морфологиялық гербарий жүгері, үрмебұршақ, асқабақ, бидай, қарабидай, арпа өскіндерінен тамыр, тамыр жүйелерінің түрлерімен танысу.
2. Осы аталған өсімдіктердің өскіндерінің дара жарнақтылар мен қос жарнақтылар тамыр жүйесінің қалыптасу ерекшеліктеріне талдау жасау.
3. Жоғарыда аталған өсімдіктер өскіндерінің тамыр ұшынан препараттар дайындау. Микроскоп арқылы қарап, тамыр оймақшасын, бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтарын табу.
4. Тамыр және тамыр жүйелері типтерінің суреттерін салып, тиісті белгілерін жазу.
5. Жас тамыр ұшының суретін салып, тамыр аймақтарын белгілеу.
6. Қысқаша қорытынды жазу, тамырдың типтері мен тамыр жүйелеріне жеке-жеке қысқаша тоқталып, түсінік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |