Қайталау сұрақтары
Сабақты вегетативтік мүше ретінде қалай сипаттауға болады?
Сабақтың кеңістікте орналасуы, өсуіне (еңсесі) қарай қандай түрлері бар?
Тік сабақты көтеріңкі сабақтан қалай айыруға болады?
Өрмелегіш өсімдіктерді бекіну тәсілдеріне қарай (жармасқыш, мұртшалылар, шырмалғыштар) бір-бірінен қалай ажыратады? Мысалдар арқылы түсіндіріңдер.
Сабақ пішіндерінің түрлерін атап, тақтаға сызып, гербарий материалдарынан көрсетіп беріңдер.
Сабақтың консистенциясына қарай жіктелуін атап, мысалдар келтіру.
Лабораториялық сабақ №18
Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Сабақтың анатомиялық құрылысы
Сабаққа қажетті обьектілер меп құрал-жабдықтар: 1. Зығыр, кирказон немесе асқабақ, қүртқашаш, қара бидай, жүгері, жөке және қарағайдың жас немесе нықтандырылған сабақтары, сондай-ақ осы өсімдіктер сабағының көлденең кесіндісінің тұрақты препараттары.
«Сабақтың құрылысы және сабақ бойымен заттардың жылжуы» кинофильмі.
«Сабақтың сыртқы және ішкі құрылысы» диапозитивтері (II бөлімі).
Реактивтер: флороглюцин, тұз қышқылы, хлор-цинк-иодтың иодты калийдегі ерітіндісі, глицерин.
Сабақтың мазмұнына сәйкес дайын кестелер.
Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.
1 - ж ұ м ы с. Қос жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының құрылысы.
Тапсырма. 1. Кирказон немесе асқабак сабағының көлденең кесіндісінен уақытша препарат дайындап, микроскоптың кіші объективімен сабақтың шоқты құрылысын қарау. Жұмыстың барысында бұл аталған өсімдік сабақтарында камбий, механикалық ұлпалар, өткізгіш ұлпалардың құрылым ерекшеліктеріне және орналасуына көңіл аудару. 2. Жоғарыда көрсетілген объектілердің суреттерін салып, мынадай құрылымдарын белгілеу: а) асқабақ сабағының көлденең кесіндісінен (лабораториядағы сызылған кестеден): эпидерма, бұрышты колленхима, эндодерма, склеренхима (перициклден пайда болған), ашық биколлатералды өткізгіш шоқтары, негізгі паренхима және орталық цилиндр; ә) кирказон сабағының көлденең кесіндісінен: эпидерма, бұрышты колленхима, алғашқы қабық паренхимасы, склеренхима сақинасы (перициклден пайда болған), ашық коллатериалды өткізгіш шоқтары, шоқаралық камбий, өзек және өзек сәулелері. 3. Зығыр сабағының көлденең кесіндісінен уақытша препарат дайындап, микроскоптың кіші обьективімен сабақтың шоқсыз құрылысын қарау (85-сурет). 4. Суретін салып, эпидерманы, алғашқықабықтың паренхима- сын, тін талшықтарын, флоэманы, камбий, ксилеманы, өзекті және өзек сәулелерін белгілеу. Жұмыс барысында ксилема мен флоэманың тұтас шеңбер түзіп орналасуына және қабықшасы мен целлюлозалы алғашқы тін талшықтарының шоқтарына көңіл аудару.
2-жұмыс. Дара жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының құрылысы.
Т а п с ы р м а 1. Құртқашаш сабағынан препарат дайындап, оның құрылысымен танысу. Құртқашаш сабағы құрылысының ерекшеліктері: алғашқы қабығы қуатты жетіледі, негізгі бөлімі хлоренхимадан тұрады. Орталық цилиндр склеренхима сақинасынан басталып, шетіне қарай көлемі кішірек, ортасына қарай көлемі ірірек тұйық коллатералды шоқтардан тұрады. Жұмыс барысында осыларды бақылау. 2. Қараған объектінің суретін салып, оның эпидерма, алғашқы қабық (хло- ренхима, эндодерма), орталық цилиндр (перицикл, склеренхимасын, негізгі паренхима, тұйық коллатералды шоқтар) сияқтыларды белгілеу. 3. Қара бидайдың, сондай-ақ, астық тұқымдастар сабағының құрылысымен танысу. Алғашқы қабықтың нашар жетілгеніне, сабақтың өсу барысында өзек клеткаларының сақтануынан астық тұқымдастардың көбіне тән сабан сабақтың пайда болатынына көңіл аудару. 4. Қара бидай сабағының суретін салып, ондағы эпидерма, хлорофилді па- ренхима топтарын, шеткі майда тұйық коллатералды шоқтарды, қуатты склеренхима қабатын, орталыққа қарай сақина түзіп орналасқан ірі шоқтарды, өзек паренхимасы және өзектің ортасындағы қуысты белгілеу. 5. Жүгері сабағының жұқа көлденең кесіндісінен уақытша препарат дайындап, оның құрылысымен танысу. Мұнда байқалатын жәйт: жүгері сабағының ортасында қуыс болмайды, өзек бөлігін негізгі паренхима алып жатады. Өткізгіш шоқтары құртқашаштағыдай шашырап жатады. Хлорофилді паренхима қабаты жұқа эпидерманы астарлап орналасқан. 6. Жүгері сабағы көлденең кесіндісінің суретін салып, эпидерманы, склеренхима сақинасын, тұйық коллатералды шоқтарды және негізгі паренхиманы белгілеу.
3 - ж ұ м ы с. Сүректі өсімдіктердің сабағының құрылысы.Сүректі өсімдіктердің бір жылдық сабағының анатомиялық құрылысы қос жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының шоқсыз типіне ұқсас. Камбийдің ұзақ мерзімге созылған кызметінің нәтижесінде жылдық сақиналардың түзілуі, өткізгіш ұлпа элементтерінің (ксилема) сүректенуі және соңғы жабындық ұлпалардың пайда болуы көпжылдық сүректі өсімдіктердің сабағын қальштастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |