Жұмыстың мақсаты: Өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің метаморфозын, құрылысы мен дамуын зерттеу.
Сабаққа қажетті обьектілер меп құрал-жабдықтар: Өркен, жапырақ және тамырдың метаморфозданған гербарийлік материалдары.
Өркеннің түрлене өзгеруі. Өркендердің түрлеріне өзгеруі көп жағдайда олардың атқаратын қызметімен:өз бойына артық қор заттарын жинаауымен, жылдың қолайсыз мезгілін басынан өткерумен, вегетативтік жолмен көбеюімен тікелей байланыста болады.
Кейбір шөптесін және жартылай бұта өсімдіктерінде табиғаты негізінен өркендік құрғақ түбі -каудекс болады. Түбір - қорлық зат жинақтаушы және көптеген жаңарту бүршіктері орналасқан мүше. Оның табиғатының өркендік екендігінің ондағы көптеген жапырық дақтарының немесе іздерінің сақталуынант байқауға болады.Камбийдің қызметіне байланысты түбір жуандай өсіп, біртіндеп көпжылдық тамырға ауысады. Өсімдіктің ескеруіне байланысты, ол біртіндеп бұзылады да (ыдырайды), түбір қурап, өледі. Түбірдегі мұндай өзгеріс алдымен өзекті паренхиманың сөгілуінен, біртіндеп сүрекке таралады да, отрасында қуыс пайда болады. Одан әрі, түбір бірнеше бөліктерге-партикулаларға(латын."партикулярис" - бөлі) бөлінеді. Түбірі бар индивидтің осылайша бөлінуін партикуляция деп атайды.
Өркеннің жер асты метаморфоздары. Өркеннің жер асты метаморфоздарына тамырсабақ, түйнек, пиязшық, түйнек-пиязшық жуашық және столон жатады.
Тамырсабақта жасыл жапырақтар болмайды, бірақ буын және буынаралықтары айқын байқалады.Мұндағы буындарды оның бойындағы сақталған жапырық іздері,қураған жапырық қалдықтары, қабыршақты жапырақшалар және ондағы қойнаулық бүршіктер арқылы аықтауға болады. Осы бүршіктерден жаңа жерүсті өркендері немесе тамырсабақтың жанама тармақтары қалыптасады. Тамырсабақ буындарынан қосалқы тамырлар дамиды. Тамырсабақтың таырдан ерекшелігі, мұнда тамыр оймақшасы болмайды. Жерүсті өркендері сияөты тамырсабақтың бұтақтануы монопонилді және симподиалі. Топырық қабатында орналасуына қарай тамырсабақ көлбей және тік өсетін болып бөлінеді.Өркеннің тамырсабаққа айналуы оның қоректік заттар қорын жинақтауы, сыртқы орта қолайсыз жағдайларына (мысалы, суық қыс)бейімделуі, шыдауы сияқты қызметтері атқаруына байланысты. Тамырсабақты, көпжылдық шөптесін өсімдіктерде жиі кездестіруге болады. Олардан жыл сайын біржылдық жерүсті өркендері қалыптасады. Тамырсабаұтың ескерген бөліктері біртіндеп өледі. Тамырсабағы көлбей тармақталған өсімдіктерде жерүсті өркендері көп өсіп, олар біршама мол ауданды қамтиды (ақ мия - Goebeliaн, ажырық - Aeluropus т.с.с.). Шығу тегіне қарай тамырсабақ эпиогеогенді және гипогеогенді болып бөлінеді.