Байсеитова н. М



бет25/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays
Лабораториялық сабақ №12


Лабораториялық жұмыстың тақырыбы: Тамырдың анатомиялық құрылысы.
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Герман құртқашашы (Jris germanica) немесе кәдімгі қырлышөп (Polygonatum officinale) және кәдімгі асқабақтың (Cucurbita pepo) жас немесе нықтандырылған тамырлары. 2. Осы аталған өсімдіктер тамырларының көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттары. 3. «Тамырдың құрылысы және өсуі» деген кинофильм («Тамырдың анатомиялық құрылысы»- деген үзінді). 4. Флороглюцин және тұз қышқылы, Судан-. 5. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.


Тапсырмалар.
1. Құртқашаш немесе қырлышөп тамырының көлденең кесіндісінен уақытша препарат дайындап, тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысымен танысу.
2. Асқабақ өскінінің жас тамырының көлденең кесіндісінен жасалған дайын препараттан камбий қабаты қызметінің бастамасымен танысу.
3. Асқабақ тамырының өткізу аймағының көлденең кесіндісінен уақытша препарат дайындап, тамырдың соңғы анатомиялық құрылымын қарау.
4. Қаралған препараттардың суретін салып, тамырдың алғашқы және соңғы құрылысына енетін ұлпаларды белгілеу.
5. Тақырыптың соңындағы қайталау сұрақтарына жауап дайындау.

1 - ж ұ м ы с . Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы.


Дара жарнақтыларда тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы тіршілігінің соңына дейін сақталады. Өйткені оларда соңғы түзуші ұлпа камбий пайда болмайды. Сондықтан дара жарықтылардың тамыры жуандап өсе алмайды.
Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысын тамырдың сору аймағынан қараймыз. Дара жарнақтыларда тамырдың алғашқы құрылысы өткізу аймағында ғана сақталады. Бұл аймақта тамырдың алғашқы жабындық ұлпасы эпиблема және одан өскен тамыр түктері болмайды. Оның қызметін экзодерма атқарады.Сондықган тамырдың алғашқы құрылысын дара жарнақтылар тамырының сору аймағынан қараған жөн. Ол үшін құртқашаш немесе қырлышөп тамырын ырғай өзегіне қысып тұрып, ұстарамен бірнеше жұқа көлденең кесінділер дайындаймыз. Кесінділерді алдымен флороглюцин және тұз қышқылымен өңдеп, бір тамшы суда препарат дайындаймыз. Уақыт үнемдеу үшін тұрақты препаратты пайдаланған жөн.
Препарат микроскоптың кіші объективімен қарағанда тамырдың қуатты қабық бөлігі мен орталық цилиндрі көрінеді.
Енді препаратты жайлап сырт жағынан ішкс қарай жылжыта отырып, тамырдың анато- миялық құрылысымен (микроскоптың үлкен объективі арқылы) егжей-тегжейлі танысамыз. Сонда алғаш көретініміз-тамырдың сыртын жауып тұрған майда тірі клеткалардан тұратын тамыр түктері бар қабылдаушы (сорғыш) әрі алғашқы жабындық ұлпа ризодерма (эпиблема).
Ризодермадан төмен тірі паренхималық клеткалары бар қабықтың қалың қабатын байқай-мыз. Оның сыртқы қабаты- экзодерма тығыз орналасқан көп бұрышты клеткалардан тұрады. Экзодерма клетка қабықшалары тозданады және қорғаныштық қызмет атқарады.Егер препарат- ты судан-ІІІ реактивімен боясақ, тозданған клетка кабықшалары қызғылт түске енеді.
Қабық паренхимасының орталық қабаты (мезодерма) борпылдақ орналасқан ірі паренхи- малық клеткалардан тұрады.
Қабық орталық цилиндрден бірқатар клеткалардан тұратын ішкі қабаты эндодерма арқылы бөлінеді. Эндодерма клеткаларының бүйірлік (радиальды) және ішкі қабықшалары қалыңдайды, тозданады, кейде сүректеніп те кетеді.
Мұны судан-ІІІ-пен (бояу арқылы байқауға болады. Препаратта сондай-ақ ксилема сәуле- леріне қарсы орналасқан қабықшалары жұқа тірі клеткалар өткізгіш клеткалар көрінеді.
Орталық цилиндрдің сыртқы қабаты- бірқатар тірі паренхималық, клеткалардан тұратын перицикл.
Орталық цилиңдрдің орталық бөлігін радиальды (сәулелі) өткізгіш шоқ алып жатыр. Шоқ- та ксилема радиус бойлап сәулеленіп орналасады да олардың қолтығында флоэма бөліктері жатады.

2 - ж ұ м ы с. Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы.


Қос жарнақтылардың көбінде тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы ұзақ сақтал- майды. Камбийдің пайда болып, қызметінің басталуына байланысты тамырдың алғашқы құры- лысы соңғы құрылысына ауысып, тамыр жуандап өсе бастайды.
Камбийдің пайда болуына байланысты өзгерістерді үрме бұршақ, асқабақ т. б. қос жарнақ- тылардың жас тамырларының көлденең кесіндісінен уақытша немесе тұрақты препарат дайын- дап көреді.
Егер жас тамырдың дайын препаратын микроскоптың кіші объективімен қарасақ, алғаш- қы ксилеманың төрт сәулесі бар орталық цилиндрі көрінеді. Эндодерма анық көріне қоймайды, өйткені жас тамырларда оның радиальды қабықшасының қабырғалары ғана қалыңдап, Қаспари дағы пайда болады. Үлкен объективімен қарағанда алғашқы ксилема мен алғашқы флоэманың арасындағы тірі паренхималық клеткалардың тангенциальды қалтарыстармен бөлінгенін байқаймыз. Осы клеткалардан бөлінген соңғы түзуші ұлпа - камбий қабаты. Камбий клеткала- рының бөлінуінен ішке қарай соңғы ксилема,сыртқа қарай соңғы флоэма элементтері қалыпта- сады.
Перициклдің алғашқы ксилема түтікшелерімен түйіскен жерлерінде клеткалар камбийге айналып, алғашқы ксилеманы қоршап жататын тұтас камбий сақинасы (шеңберлік камбий) түзіледі.
Кейбір препараттарда перицикл клеткалары тұтас шеңбер бойымен бөлініп, тоз камбийін түзеді, одан бөлінген клеткалардан тоз қабаты пайда болады.Мұның нәтижесінде алғашқы қабық орталық цилиндрден байланысын үзіп, ескіріп, сылынып түседі. Оның орнын тоз басады.
Тамырдың толық қалыптасқан соңғы анатомиялық құрылысымен танысу үшін оның өткізу аймағынан бірнеше жұқа кесінділер дайындап, оны флороглюцин және тұз қышқылымен өңдеп, препарат дайындаймыз. Әрине мұндайда тұрақты препаратты пайдалану қолайлы. Дайын препаратты микроскоптың кіші объективімен қарағанда, тамыр ортасында ірілеу келген орталық түтікше мен оның айналасында майда түтікшелері мен ксилема элементтері орналасқан төрт сәулелі алғашқы ксилема көрінеді.Алғашқы ксилема сәулелерінен жұқа қабықшалы тірі паренхималық клеткалардан тұратын радиальды (өзек) сәулелер басталады. Бұлар соңғы ксилеманың түтікшелері ірі сүрек паренхимасы майда бөлімдерімен алмасып отырады.Соңғы ксилеманың сыртқы жиегінде радиальды қатар түзіп орналасқан, жұқа қабықшалы клеткалардан тұратын камбий қабаты жақсы көрінеді. Камбийдің сырт жағында,әрбір соңғы ксилеманың қарсысында соңғы флоэма қалыптасқан. Асқабақ тамырында радиальды сәулелердің паренхима- сын түзетін камбий нашар байқалады. Тамырды сырт жағынан жұқа тоз қабаты жауып тұрады.
Камбийден сырт жаққа қарай орналасқан (флоэма, негізгі паренхима, феллоген және феллодерма) ұлпалар соңғы қабық деп аталады. Сонымен, тамырдың соңғы анатомиялық құрылысы: ксилемадан және оның радиальды сәулелерінен, камбийден, соңғы қабықтан және тоздан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет