Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар


Алайда, кейбір зертеушілердің ауылдарда, деревняларда, қыстақтарда этникалық



бет4/14
Дата29.01.2017
өлшемі2,37 Mb.
#8215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Алайда, кейбір зертеушілердің ауылдарда, деревняларда, қыстақтарда этникалық (дәстүрлік, ұлттық) құндылықтар жақсы сақталғанын, консервативтілігін алға тартып, «кері қарай» шақырумен келісуге бола ма? Этникалықтың бұл ұғымы (әдет-ғұрпы) ескірген жоқ па? Бұл мәселеге қатысты этностар менталитетінің түбегейлі өзгертетін кез келген сияқты. Біздің ойымызша, (12-ғалым қолдаған қазақтың дінің жаңа ойшылдық бағыты!) этникалықтың дәстүрлі белгілерін сақтай отырып, оларды жаңа қасиеттермен және сапалармен белсенді түрде толықтыру керек. ( дінін өзгертіп, европаша, арапша дәстүрлік қасиеттермен рухын түзету туралы..) Егер де жапондықтар өздерін дәстүрлі этникалық қасиеттермен шектегенде, онда олар қазіргі жетістіктеріне жете алмас еді...» (252-бет) Жапондықтардың европа, амаерикалықтардан дәстүрін қоса алуымен жаңа сапаға көшкенінің жемісін қалай жеп жатқанын бүкіл әлем себебін білмесе де нәтижесін көріп отыр. Бұл қазақ еліне де сендер де соған ұқсайсыңдар деген ескерту белгісі болар. Аталарымыз «Балық басынан шіриді» деп ескерткені бекер емес. Заң шығарушы әкім, ояздардың да, ел қауіпсіздігін қорғаушы қызметшілердің де, алған негізгі білімі «психологиялық» даналықтары да осыған ұқсас. Оған басты дәлел; заңгерлерді дайындайтын жоғарғы оқу орнына арналған «Психология» (Жан сыры) атты оқулық кітабын зертеп, Абай-Шәкәрім аталарымыздың психолгиясымен және қазақ даналарының мақал, нақылдармен дәстүрлі дін негіздері, емшілік істерімен, пайғамбар өсиетерімен және құран аяттарымен салыстырып оқысаңыз жағаңызды ұстап қандай мамандарды дайындап жатқанын, есерсоқ, «әпер бақан» заңгерлердің неге ата салт дініне қасқыр болып шапқанын түсінуге болады. Сонан болар ата- салт дәстүрін бас көтере бастаса тұншықтыруға, өсіп өнуге мүмкіндік бермей, аруағын соттап, кешірім сұрап құдайға бас иуден бас тартып, жаратқанның ашуын шақырып, елді қырғынға, апаттарға жетелеп әкеле жатқандығы. Ғ.Есім мырзаның жоғарыда ұсынып отырған 3-бағыты негізінен саны дұрыс тек сапасы мен сөз мөлшерін таба алмай отыр. Баста ақпаратық дәреже көбейген сайын ыстық (радиация) мөлшері де артады. Кейде таза емес дәрет (сары су) басқа шауып, бастағы тері қабаттарындағы шырыш мөлшерінің кебуінен, ашуынан миға салмақ түсіп жаман ойларға жетелеп кетеді. Қажылықтың мәні де әуелі шариғат арқылы бойды қалыптастырып, сосын кері шегініп тарихтан, шежіреден хабар арқылы ғұрыптармен ойды меңгеріп, бастағы және ет пен тері арасындағы балшық, шырыш қабаттарын (гель) жаман ойлардан аластап, бастың қабілетін жетілдіретін шайтанан қорғайтын көктен бөрік кию. Оған дейін ана сүтіне, жарының жыныстық тазалық, қасиетіне байланысты мойын қабілеті қалыптасып, бекіп денемен, малдармен бірігу керек. Оның да саны 13-болып қағидасын інжілді меңгеру арқылы, 5-рет үндердің 8-жыл сайын өзгерісімен 40-тан асып ақыл толғанда ғана мүмкін болады. Сондықтан ондай нағыз қажылықты Інжілдіктер «Назереттік ант» деп атаған. Сондай ант берген, Ыбырайым, Жүсіп жолын меңгерген інжілдік қажылықтың негізгі таңбасы «шырағдан» қазақ елінде санды білмейтін санасыз, түс көрмей тек кітап арқалаған надандардың сайқы мазағына ұшырауда. Шатырдан су тамса да ұйқының да мазасы кетіп түсің бұзылады. Мүмкін европадан жұқтырған ауруымыздың кесірі болар. Бас киімді қол шатырына айналдырып алғандарды «Қол шатыр» деген әңгімесімен Шәкәрім атамыз және ғылыммен, ақылдың қалай келетінін ; «Оқи алмай ғылым тілін, Тұман болып жарық күнім, Қасықпен аршыдым жылым, Не көрмеді ғаріп басым. Әлемді оймен кездім, Перевод малтасын ездім. Жарымның сәулесін сездім, Моланың ақтарып тасын. Қабірден шықты көп нұрлар, Нұры өлшеусіз сұлу бір жар; «Деме-деді- ғылымым тар,- Ерінбесең мені аласың». Жан сырын қалай тәрбиелеуді бір ақ өлеңмен бейнелеп інжіл, тәурат, забур дін қағидаларын өрнектеп көрсете білген. Тайға таңба басқандай артында еңбегі бар аталарымызды діншілердің мазағына беріп қойып философ (ойшыл), психолг, ақын жазушы, сыншы немесе тиеолог аталып халықтың несібесін босқа жеген арамтамақтар, ең болмағанда қара халықтың өздері ізденген талаптарынан кесе көлденең тұрғандардан, арашалап қорғауы керек еді. Ал кіндігімен ата-бабасымен және табанымен жер ананың, көктің есігіне кітабына жалғанып нұр жинамаған қандайда ғалым, сопы, хазірет тура жолын табуы мүмкін емес. Ғылым (ақыл,иман) өздігімен іздеп келмейді. Иман келтіруді ғылыми негіздесек;

Психология-жан сыры рух қызметшісі.

«Сөнген ойды жандыруға жан беретін сөз керек. Жанды жоқты нандыруға Жан керек қой милырақ. Молдалардан дін сұрасаң, Сандырақтап сандалар. Пәншілермен бас құрасаң Жан, құдай жоқ, дер тұрақ.» (Шәкәрім сопы) Діннің пайғамбарлар, елшілер арқылы түсірілген нұсқаулар, хикметті істері терең сырлы ой толғаныстармен насихатталып кейіннен философия ғылымы болып арнаулы білімге айналып отыруы тарихи ақиқат. Енді философиялық жан беретін сөздерден нәр алып, хикметі істердің нақты бейнелеуін зертеген милы ғалымдар жан сыры деп психология білімін меңгергендер, өз еншісін алып белгілі бір білім саласы ретінде бөлініп шыққан. Жалпы дін философиясы енді «фиқһ», сұхбат, үгіт, насихат болып бірте-бірте тек діннің рәсімдік, тәрбилік, тазалық жағын ғана дәріптейтін «Фиқһ» деген атты еншілеп алып оны тағы мазһабтарға бөлшектеп түсіндіруді әдетке дәстүрге айналдырып алды. Ал діннің жан сырын ішкі құпия, өзгерістерімен түрленуін қалыптастыруды және тазартып кемелденуді қалыптастырған тура жолдың тарихат, мағрипат, ақиқат саласын қамтитын қағида негіздерден бастау алған тәжірибе, зертеулердің тұжырымдарын психология пәніне айналдырып арнаулы білім ретінде қарастыра бастадық. Бұл пәнің түп негізін діншілер «тасаввуф, мұтасауфтар» ғалымы немесе сопы ғалымдар деп аталуы әдетке айналды. Сонан барып Шәкәрім атамыздың ескерткеніндей молда, имамдар философия мен, психологияға мән бермей, ал пәнші ғалымдар мүлде құдайды жоққа санап, білімдерін адам ойлап тапқандай ақыл-ойдың тұтастығын, тұрақтауын бөлшектеуге ғана үлес қосты. «Өлмей жетер бірталай жасқа адам, Бірақ адам өз жанын танымайды...Жаным жоқ деп болады масқара адам. Жалам емес, жазыпты пән деп мұны, Не демес ойы жетпей сасқан адам. Жанның бастан барын байқамапты, Психолг ғылымын ашқан адам. Жан жолдан қосылды деп, пән де дін де, Ақылды байлап қойған соған мүлде.» деп Шәкәрім атамыз қазіргі біздің пайдаланып жүрген психология ғылымының және мазхабшыл дініміздің ең басты қателігі мен адасуының қайда жатқанын көрсетіп кетіпті. Енді сөзіміз дәлелді болуы үшін және қазақ аталарымыздың әлемдегі жан сырының құпиясын меңгергендігін көрсету үшін және жоғарыдағы басылым басында ескерткен ата жолын қудалап, сотауға мәжбүрлегендердің қайдан және қандай психологиялық білімен қаруланғанын көрсету мақсатында сол заңгерлерді дайындауға арналған оқу орындарының «Жалпы психология» оқулығын ғана алып салыстырып көрсек жеткілікті болар. Оқырманның күмәнін туғызбас үшін Қазақтың «Дарын» ғылыми кеңесінің шешімімен шыққан басылым иесі ғалаым Сәбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев) болса оған пікір жазып қолдаушылар доктор, професорлар К.Б. Жарықбаев, Ж.І. Намазбаева. Жалпы оқулықтың қазақ тілі мен философиялық ойшылдығына келсек жоғарғы философ ағайындармен қойлары қоралас, сөздеріде араласып қатынаста жүргендігі көрінеді. Енді аудармашылықтары дін тәпсіршілерімен ағайындас болып қазақтың жан сырына сөзіне жан беруге құлшыныстары мүлде «өлген». Мысалға; «Ес процестері (көрністері, бейнеленуі, шартары т.б), идинтификация, рефлексия, экзистенциализм, психо сексуалдық энергиясы, профронталь бөлігі, апраксия жағдайында, адам абулия ауруына, акумулятор сипатары, ретукулярлы формация қамтамасыз, нақты оперетивтік, бақылау локусы, интектуалистік теория, тұжырымдары эклективті, сана үйлесімсіздігі теориясы, сезімнің комунативтік қызметі, ретукулярлы формациялар, идиосинкразия сырқатының, стеникалық және астеникалық эмоциялар, амбивалентті құбылыс, психологияда фрустрация, эмпатия жағдайында, лентосоматик, мотивтік сезім, жеке адам мотивтері, абырой қажеттілігі, мүделі мақсат, ішкі бақылаулы, ырықсыз жүрек, жетекші ниеттер, икемдесу қызметін, темперамент жөнінде...» т.б толып жатқан ана тіліне жан ашитын оқушының жай күйін бір жабайы адамдардың арасында тіршілік етіп жатқан сезімдерге бөлеп, ғалымдықтарына таңдай қағып таң қалғаннан басқа түк түсінбейсіз. Бірақ негізінен әрбір аурудың себебін табу үшін шыдымдылық керек сондықтан қолдан келгенше түрлі-түсті бояулармен сызып, белгілеп шамам жеткенінше жеткізе айта алмаған ойларын қазақшалап, қойшы әйтеуір қайта-қайта құран ғылымы, пайғамбарымыздың өсиеттері мен інжіл аяттарымен қайта-қайта салыстырып, жылына сан рет қайталап оқып отырумен екі-үш жылда көптеген мағлұматтар мен негізгі қателіктерін жан сырының аталарымыздың айтқан нақылдармен, өсиеттерімен және Абай- Шәкәрім аталарымыздың психологиялық тұжырымдарымен көптеген пікірлері мүлде жақындамай керісінше кейде шатастыруға апарып соқтыратынын білдім. Жан, рух тән арасындағы ара қатынастардың ерекшеліктері мен адам «физологиясының» адам санасының қалыптасуына және оған сыртқы әсердің толық ықпалы бар екенін көрсете алмаған. Ата-баба рухымен адамзат нәсілдік сипатарының өз ара байланысы және шежірелік «ДНК», нәсілдік «РНК» байланыстары болатынын мүлде ескермеген. Мысалға; «Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы (нанымның ұясы???) бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамнаң түс көретінін сезіп, білген. Осыған орай адам ұстамға келетін тәннен және көрінбейтін жанан бір-бірінен бөлінбейтін дербес екі бөліктен тұрады деген сезім туындатады..жан оның тәнінде жасап, өлгенен соң тәннен шығып кетеді-мыс. Бірақ мұның бәрі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дәлелсіз. Оларды біз (ғалымдар, психолгтар) күнделікті тұрмыстық тәжірибемізден ғана үйренбестен, көркем әдебиетен, халық ауыз әдебиетінен үйреніп, ертектерден, мақал-мәтелдерден үйреніп, түсініп келдік..»(5-бет) деп бүкіл діннің ата-бабаларымыздың мұраларын, тәжірибесін жоққа шығарумен қоймай жалпы дінге, Ясауи, әл-Фараби, Абай, Шәкәрім еңбектеріне де ашық қарсылығын білдірген тұжырымдарды көп кездестіресіз. «Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда-жан туралы ғылым, кейінен жансыз ғылым, ақырында санасыз ғылымға айналды...» (9-бет) деп жалпы зертеген, айтқан тұжырым пікірлерінің өлшемін, орнын қалай пайда болып, немен әрекетесуін, сыртқы әсерлердің реттілігі мен басты себептерін білмейтіндіктерін де мойындайды. Ең басты қателік сана қай жерде, қалай қалыптастыруға болады немен өлшенеді және сезімнің мекенін, сан мен сапасын және түйсікпен қатынас ара жігін ажыратпай екеуін де бір топқа жатқызып қарастырған. Ал сөздердің қалай қанша белгілерден пайда болуымен естің алуан түрлі сапасының, адам физологиясы мен ақылының хайуаннан қандай ерекшелігі болып, ал есте сақтау қабілетінің күрделігімен айқындалатынын, оны тек адамның ғана жан сырын бақылау арқылы ғана анықтауға болатынын білмейді де екен. Соған байланысты итпен, адамды біртекке жатқызып сана мида қалыптасады деп жаңылыс пікірлер айтқан. Адам «физологиясының» және жан сырының табиғат ортамен, аталарымыз ескерткен 40-әулие, шілтенмен, тау-тас, жермен, сумен қатысының маңыздылығын мүлде теріске шығарған психология пәнішілерінің басты қателігі. Дәлел; «... жануарлар қылық әрекеттерінің ерекше бітістерін дәл түсіну мүмкін емес..Сонымен бірге естен шығармайтын жәйт, психология ғылымының пәндік негізін құрайтын деректермен еш уақытта биологиялық деректермен баламастыруға болмайды...» (15-бет) Адам балсының осы хайуанмен де, жаратылыс нәрселерімен де биологиялық ұқсастығын тек естілікпен, ар-ұят заңдылығы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрмен ғана қорғанып, болмаса қайта сол түп негізге қайта оралатынын тозақ деп атайтын заңы бар екенін киелі кітаптармен келіспейтінін дінге, рухани жетілу себептеріне мүлде қайшы пікірлер келтірген. Сананың еске немесе, ақылға және зейіннің оған қатыстылығының өлшемін былай қойғанда зерде туралы мүлде пікір дәлел жоқ. Сондықтан сөзді үш немесе екі белгіден пайда болады деп жан сырын мүлде қайшы пікірлер айтып дәлелдеуге тырысқан. Оның қарапайым үлгілері сөздің алты белгіден тұрақтайтынын, және сананың сызықтық бейнелеріне дейін Өтеубойдақ атамыз 15-ғасырда–ақ көрсетіп кеткен. Құранда негізінен 4 және 6-санымен көрсеткен. Бірақ бұл психология ғылымын мүлде жоққа шығырудан аулақпыз, керісінше бүкіл діншілермен, жазушы, әкім қаралардың «аруақ жоқ, сөйлеуі, тірі болуы, адаммен қатынасы мүмкін емес»- деп айыптаған «шерік» т.б көрінбейтін тылсым нәрселерінің, періштелердің қызметінің бар екенін нақты көрсете білген ғылыми негіздеген де өкінішке орай қазақша мағынасын білмегендіктен білімді, зайырлы, парасатты аталған оқымыстылармыз болашақ ұрпақ алдында бедел жинау орнына, барды бағалай білмей, өздерін зұлымдыққа салған үлкен ұятқа қалатындай жағдай туындаған. Тек алда оны жоғарыдағыдай сансыз, сапасыз сөздерге айналдырып тұраған керемет маңызды атауларды қазақшалап қайта жүйелеп жан сырының ғылымын аталарымыз қалай түсіндіргенін, айырмашылықтарымен діндегі жетістіктерін арнаулы мысалдармен тоқталамыз. Бұндай шала піспеген рухани азықпен нәр алып жетілген заңгерлеріміз, ел басшы, сөз басшыларымыздың жағдайының мұндай өз тіліне, рухани қазынасына, әдет-ғұрпына қарапайым халықпен ойларының ниетерінің қабыспауына бірден бір себебі де өзге елге еліктеген осы білім министірлігінің мамандарының сансыз білімнің, сапасыз сөз ғылымының ана тіліне мән бермеген философиялық, психологиялық рухани мешеулігінен ғана туындайды. Ал әзірше бұл талқылаған философиялық, психологиялық оқулық кітаптардың құрастырушылары бірі Ахмет Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» медалімен марапатталған болса бірі өздерін «Дарын» деп атапты. Сондықтан негізінен бір ой ғылымның саңлақтары болғандықтан, ойшыл атамыздың өз сөзімен бағалатып көрейік; «Сасық ми, салқын жүрек санасыздар Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр.» деп «Жалаң аяқ жалаң бас, жөндеріміз қиюсыз, етектеріміз жиюсыз ашылып, шашылып жатқан қамсыз халықпыз» деп ескерткеніндей, қазіргі таңдағы етегін өзі әзер жапқан әйелге «к..тін» ашқан әйелді мәдениет ошақтарының төріне шығарып, қызмет беріп, ақыл айтырып қойған ел ағаларында қандай діні, зайыр-парасаты, ұлтық намысы, ел алдына арсыз көрнісімен ақыл айтырып қойған қатындарының қанында қандай ұят, ардың ділі болып, сөздерінде жан сырының, жанды сөздің пәтуасы болмақ? Сөз түзелмей елдің түзелмейтінін ескертіп; «Бұзықтық бай жарлыға бірдей нәрсе, Пиғылды түзетпейді дәулетпен бақ.» «Ұлтың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл» «Сөзі жоғалған жұртың өзі де жоғалады.» «Өзіндік даралығы жоқ, қуыс кеуде адамдар қандай болса, ұлттық белгісі, бет бейнесі жоқ халық та сондай.» «Сөздің шырайлы ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек; ұнамды, орынды, дәмелі болуына сыншылық керек, маңызды болуына білім керек.» Жалпы толып кеткен дінші атанған жалаңбас қажыларға Шәкәрім атамыздың қытай патшасының, ми ашымас үшін жасаған «Қол шатыр бұйрығын» түсініп оқып көрсе және қазақтың зиратшы қауымды қудалап, дәстүрлі дінге қарсы тұрушыларға; «Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар, арттарыңнан алаш адасады: артарыңнан ергендердің обал-сауабына сендер қаласыңдар.» «Қазақтың бас (бөрік киген төрелері,қажылары, ғалымдары, ойшылдары) адамдары! Әуелі сендер адаспаңдар: адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер!» (Ахмет Байтұрсын ұлы) Абай атамызда әрбір жаратылыстың реттілігін сақтап, қызмет міндетін білуді «иман тағаты» яғни ғибадат, дін рәсімі мен шариғат ережесі деп ескертіпті. «Бас жоғары жаралған, мойын төмен, Қарашы дене біткен ретіменен. Істің басы-ретін танымақтық, Иман білмес тағатты қабыл демен.» Ал қазақ елінің басы- үкімет, саясатшы, ойшылдар болса; мойны- баспасөз, дін муфтияты, ояздармен, әкім қаралар болып; денесі- халық болып есептеледі. Енді дененің сұраған қажетін ақылмен өлшеп тауып беретін, мақұлдатып орындататын несібесін ерекше жаратқан мемлекетіміздің басқару орындарында иман жоқ болса, тағатын, ғибадатын денеден талап еткенен артық надандық жоқ. Қарпайым мысалмен қортындылай кетсек; Иманның белгісі құдайдан қорқып, өлімді үнемі естен шығармай, жанның жаратушыдан келіп, қандай жағдайда, қашан алса да еркі бар екенін мойындап, соған байланысты көрсеткен, үйреткен тағаттарды, ғибадаттарды әлі, шамасы жеткенше орындауға тырысудан пайда болады. Сонда бүкіл елдің ойының бұзылып, өлімді ұмыта бастаған кезінде жаратушыдан үнемі түрлі сынақ, ауру ескертулер келіп, елдің есіне өлімнің хақ, егесінің тәңір екенін ескертіп отырады. Сондай ескертуді кейде сүйген құлдарына көрсетіп амалын жасауды ескертеді. Ал біздің үкімет басшыларымыз кейде сондай ескерулерді айтқан, жазғандарды керісінше халықты өліммен қорқытуға болмайды деп заңмен қудалап, керісінше қорықпаңдар біз сондай апат болғанда не істеу керек екенін көрсетеміз деп өздерін құдаймен шартқа отырып келісіп алғандай, түрлі жаттығулар жасап, халықты өлімді еске алмауға, апатардан құдайдың ескертуінен қорықпай тыныш ұйықтап, халықтың жинаған жын-шайтандарын өлімен қорқытып қашыруға емес, қайта жүктеліп міңгізіп алуға шақырады. Ал Құдайдан шын пәрмен болса өздері де біреуге жәрдем бермек түгіл, өздерінің де жапондықтар сияқты құралдармен бірге қырылып, өліп қалатынын немесе өздері де керісінше құдайдың және халықтың жәрдеміне мұқтаж болып қалатынын қаперіне де алмайды. Ал діншілеріміз өлімді еске алуды ұсынғанмен, адам жанын алуды орындаушы Алланың достары әмбилер емес жын-шайтан алатындай уағыздармен, олармен күресу, қулық амалдарын үйрету орнына жынмен, шайтанмен, шеріктермен қорқытып; «шерік, серік» қосылып кетеді деп, керісінше халықтың қанымен келген иман тағатын-ғұрпын жойуға, үкімет басшыларымен бірлесіп, шайтанға жәрдемге тұрып; ауырсаң қорықпа дәрігер жаныңды аман алып қалады, апат келсе үкімет қорғайды, қарның ашса, қиындыққа, зұлымдыққа түссең ел басыдан бастап саған ақша төлеп жәрдем беруге асырауға, міндетті, болмаса көшеге шығып жиналып алып басшыларды қарғап-сілеп талап ет! Әлемге жар сал, арыз жаз, ел намысын емес өлсеңде дүние қайғысын ойлап, халықты дүрліктір азғыр-азғыр, арыңды сат, тіліңді, діліңді сат бірақ дүниеден кем болма! Құдайыңды, мұсылмандық қараздарыңды, дініңнің рухыңның талабын ұмыт! Осындай заманның келетінін болжаған Абай атамыз; «Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен... Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке. Болымсыз қулық тойымсыз Болады балаң жергөкте. Ішімен жау болып, сыртымен Кім тояр қылған құрметке?.. Қызық пенен тыныштыққа Қазақ тұрмас тұрықтап. Қаңқылдап біреу ән салса, Біріне-бірі жуықтап, Тебінісіп қамалар, Тоқтатып болмас сырықтап. Түзу бол деген кісіге түзу келмес ырықтап. Сырдаң қағып, қашады, Ұстайсың қайтып құрықтап?» Міне осындай үкіметіміздің ойшылдық «зайырлы» дінінің арқасында өлімді ұмытқан үлкендердің ішіне шайтандары той тойлап, өмірмен өлімнің ара қатынасының жан сырының не екенін ата-анасының жөргектен алмаған тәрбиесімен де, білім ордаларымен де үйретпеген жастарымыздың үстеріне ата-анасынан келген жын-шайтандары мініп, ішімен жау болған сезімдерін меңгеріп, қаңқылдап ән салғанын «жұлдыз»-әулие санап, білгенін істетіп жатқанына «жалаң бас» басшыларымыздың шатыры кетіп ми ашығаннан, сары су басып; ойы, тілі, сөздері еншілері бөлініп, басқа ақыл болып, ене алмай, ғылым-біліммен жинаған бар ақылын іліммен тазартпағасын иістеніп, сондықтан дүние жинаудан әзірге қолдары да ойлары да босамайтын түрлері бар. Оған енді дененің өзі, өзіміздің жеке несібеміз жұмыр басымызды жауып, тазартып басымызды ақыл-ойымызды іске қосу үшін, дінді меңгеріп, кісімізді жер кезіп іздеп, тау тасымызды «ойпатымызды» аралап, қам қылмасақ болмайды. Болмаса; «Өкініштің үлкені-ойы тарлық, Ондайда ақыл болмас жұбанарлық...Байқалар-көрнеу таса, жоқ пен барлық. Азат ақыл ойланбай мида жатса, Шіріп, тозып тартқызар ол бір зарлық.» (Шәкәрім ата)

Дін талабы мен адам мақсұты.

«Бұл кездегі діндердің, бәрі нашар, Ешбірі түзу емес көңіл ашар. Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді, Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар. Әлемдегі діндердің түп мақсұты Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар: Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын, Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар. Дін адамды бір бауыр қылмақ еді, Оны бөліп, дұспандық қару жасар. «Інжіл» «Құран»-бәрі айтып тұрса дағы, Адасып ардан күсіп қара басар. Сөйтіп бұзып бүлдіріп, есіл дінді, Дін десе білімділер тұра қашар. Ешбір дін айтып дұспан бол демейді, Кәнеки бұл сөзіме кім таласар?» Шәкәрім атамыздың ой-танымымен дін дегеніміз өмірді, тіршілікті, адамгершілік ұстанымдарды қадірлеп, амалдарын берік ұстанып, өз ара бауырмалдық қатынаста өмір сүруді қалыптастыратын, барша адамзатқа ортақ дүние танымдық қағида, ереже нақылдардан құралған тіршілік ету ережесі. Олай болса дін дегеніміз адамзаттың жаралыс басынан бастап ұжымдық тіршілік қамында ақылды жетілдіріп, шаруашылық істердің дамытып, пайда зиянын ажыратып, білімділікпен, біліктілігін қамтамассыз етіп, адамзат ақылының, ойлау тәжірибесінің жемісі болып қалыптасқан белгілі бір деңгейдегі шектеулер, тыйымдар, сақтану шаралары болып, адам баласының ден, тән саулығын жетілдірумен және адамзат өркениетін қалыптастыруға, адам жан дүниесінің өзгерістері мен ауысуларын белгілі бір бағытқа қарай тәрбилеуге, өмірдегі өзгерістерді, жан ахуалдарын түсіндіре білетін, заман өзгерісіне қарай жетілдіріп отыратын тілдік, ұлтық, шаруашылық жерлік айырма ерекшеліктеріне қарай берілген халықтардың әлеуметтік даму өсіп-өну жол-жобасы. Сондықтан мейлі жеке адам баласы болсын жалпы ұлтық, елдік, халықтық сипатта болсын жинаған ақыл қорының таразысы мизанды сол адам баласының немесе қауым, ұлтық, мінездік, қылықтық ерекшеленуімен көрніс беруін адам баласының дін-көңілі яғни жан қалауы деп атауға да болады. Демек жанды нәрселерге өсіп өнуге берілген жаратушыдан белгіленген белгілі бір тағдырлық жобаны сол жанды тіршілік егесінің діні деп атауға болады. Ал адам баласының бойында кісілігін, өзіндік ерекшелік адамдық қабілетін қалыптастыратын дін-жанының көлеңкесі ар-ұжданы болып, жалпы қылықтық көрнісін ес-деп атайды. Әрбір пенденің дін-жанының қандай дәрежеде өсіп-өнгендігін, қуаттық шамасын байқау үшін естілігі, ессіздігімен анықтаймыз. Ессіздік ақылдың, білімнің тәрбиенің жетіспеушілігінің көрнісімен адамдық құндылығының хайуандық қылықпен бейнелеуімен анықталаса, ал естіліктің екі түрлі көрнісі болады. Бірінші жағдайда ақыл-білімнің өмірлік тәжірибенің, қасиеттік, қабілеттік шамалардың адамгершілік ізгілік жаратушыға махаббатық құштарлықтармен көрнісін береді. Екінші жағдайда осындай қасиет, қабілет білімпаздықты дүние тіршілігімен өзгелерді құлданып, тек пайда табу адамзатқа үстемдік жүргізумен өзгелердің арасында ғұлама десін, бастық десін, жақсы десін, сопы десін, бай десін т.б толып жатқан десіндер үшін ес қуатын қулыққа, залымдыққа жұмсайды. Ал, ұлттың, елдің жалпы естілігі яғни дін-жанының көрнісін мәдениет, әдебиет, өнер, ғылым-білім, шаруашылық істерінің дамыту барысындағы өзара ұжымдық, туысқандық, әйел-еркектік кәсіптік (гендірлік) ара қатынастарының сақталу құндылықтарымен яғни ар, ұят, ынсап, ұждандық сипатымен өлшеуге болады. Енді бұл ұғымдарды қарапайымдасақ естің шамасын анықтау үшін адам баласының талаптылығымен яғни тіршіліктің қандай жағына құштарлығын айқындауды Абай атамыз адам баласының дін-жанының тазалығын, шамасын талаппен анықтауды ұсынып кетіпті. «Адам баласының ең жаманы (дінсізі) –талапсыз. Ал талап қылушылар да (дінді меңгерушілер) неше түрлі болады... Яғни адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдені» керек қылмайтын болмайды. Әрдайым, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңілі (діні) іздеп тұрады. Адам баласы өзі қай жолда (дін ұстаным), қай майданда (өнер, ғылым, шаруа, т.б) жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады. Ол үшін өзге жолдағылардан (дін ұстанымынан) «бәрекелдені» оңды күтпейді. Маған «бәрекелде» десе, осы өзіменен серіктес, сырлас осылар «бәрекелді» дер дейді.» Абай атамыздың пайымдауымен дін көңілдің қалауынан пайда болып, адам баласы нені кімді, қай ұлтың елдің әдетін жақсы көрсе тек солай болуға тырысып мақтанды да солардан күтеді. Діншілердің «шерік қосу» деген ұғымының өзі осы өзге майданнан серік-иман іздеп, өзге ұлтың әдетін, мәдениетін, қылықтарына еліктеп, өзге ұлттың «бәрекелдесін» іздеуден ұлтық ерекшелік еске нұқсан келтіріп, діни еркіндіктің сыртқы өзге елдің ақылдыларына тәуелділікті қалыптастырумен, ұлтқа тән естіліктің ағашын (хаж) шежіре, ақыл тамырынан ажыратып дін-көңілін аздыру амалдарын көрсетеді. Сондықтан әр халықтың да әрбір пенденің де өз қауымы өткені, болашағы бүгіні болып сол шежіренің ақпарттық сөз қорын майдан деп атайды. Сол майданан өз еркін, шеріктерін жеңу арқылы елдік ортақ майданды дінді табу керек. Енді қазіргі таңда біздің үкімет саясатының яғни дініміздің бір көрнісі; шаруашылығы, өнеркәсібі дамыған елдердің бар талабын «майданын» меңгеруге тырысып, әкім қараларымыздан бастап, мәдениет майталмандарына дейін шеттің «бәрекелдесін» алуға құштармыз да солармен серіктес болу үшін шақырып алып немесе қайта-қайта барып сырласуды әдетімізге, дінімізге айналдырып алдық. Бұл біздің жалпы елдік талабымыздың (дініміздің) көрнісі. Ал біздің дін деп мұсылмандық шарт деп бес парыз деп бөлектеп алғанымыз, ол діннің тек ырымы мен рәсімдік шартары яғни «атрибут» болып қана табылады. Ал Ханафи масхабын шариғат ережесін шексіздікке жол немесе ұлттық ерекшелік ақталу заңдылығымыз жоба қылып алуымыздың өзі дінді бөлшектеп, кері өкше ізімізге қайтып, орта топқа қайта қосылуға талаптанумен және өзге діндегілер түгіл ислам дініндегі қауымдастықтар, үмметтер арасына сына қағып бауырластықты үзуге ғана себебін тигізеді. Оған дәлел тек ханафи масхабын ұстанып шариғи заңдылықтамен өмір сүру заманға қарай жетілген ғылыми құндылықтар мен сөз, үндердің жетістіктерін философия, психология (жан сыры) ғылымдарын толық қамтып, адам баласының жан құмарлығын, (кармасын) рухани жетілуін толық қамтамассыз ете алмайды. Керісінше кері тартпа шетеулермен ескірген тәпсір, ертегі айналған тұжырымдармен надандықты көрсетіп ислам дінін білімді халықтармен, өзге діндегілер алдында бейшара қылып көрсетуге ғана септігін тигізеді. Әрбір құранның ашылған, түсінікті болған аяттары заңға және білімге айналып соған байланысты қарсылықтың күнәлардың да сол шамада көбейіп жетілуін қалыптастырады. Аталарымыз бұл заңдылықты; «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деп атаса құран ғылымының дәрежеленуін, кітаптардың қайта ашылуын; «Олар 300 жыл жатты 9 артырды.» деп 300 жылда 9-рет ақпараттық өзгерістердің, естіліктің, білімнің қуатының өзгеріске түсетінін ескерткен. Сондықтан кезінде ханафи масхабы сол заманның ғылым, білім, шаруашылық жетістіктерін қамтығанымен қазіргі заман ақыл-ой жетістіктерін, әлем мәдениеттерінің бәрін қамтып соған байланысты пайда болған қарсылық күштермен, бұрын ислам елдерінде болмаған түрлі талаптармен өзгерістер және ауру, қайғы-қасіреттердің себеп салдарын тауып жанды тазару амалдарын ділді рухани жетілдіріп, философия, психология ғылымдарының ескіргенін алып тастап, қайта жаңа ұғым, әдістердің ашылуын қамтамасыз етуі мүмкін де емес және тек масхаб талабымен ақылды шектеумен өмір сүрсең бақытқа жеткізер деген түсінік ақылды, білімді адамның санасына да кірмейді. Сондықтан бұндай діннің бөлшегі адамзаттың ақыл-ойының дамыған заманында, рухани жетімсіздікті туындатып, дін сектасы дәрежесінде ғана қабылданып, ал жетімсіз дін «кармасын» өзге діннен ізденіп немесе дінді түрлі ағымдарға түрлендіруге ғана ықпал жасап және жәрдем де береді. Ал адам баласының дін-жаны заман жетістігіне қарай әуелі тал бесікпен жер бесік арасындағы тағдырын және ғылым- білім, шаруашылық әдістерінің, тән, жан саулықтарын сақтау жолдарының өзгерістерін толық қамтуы шарт. Заманға сай адам қажетін қамтамассыз ететін намаз талабы шариғат ережелерімен тұрақты болғанымен құлшылық ауқымының кеңіп, жаңа біліммен қаруланып өзгеріске яғни өркендеуге тиісті. Шариғат заңдылығы яғни Ханафи масхабы намаздардың оқылуын, орындалуын қамтамасыз еткенімен намаздарды толық орындауын қамтуы мүмкін емес. Намаздарды толық орындау құлшылық істерінің, адамзаттың бір-біріне ізгілікті қызметінің заман талабымен сәйкестеніп, ғылым-білім дамуымен, заман талабымен байланысты. Ал, заман талабы сол уақыттағы өмір сүрген адамдардың дін-жанының айнасы. Сондықтанда; «Енді талаптың ішінде адам баласы көбіне өз басына қадір іздеп сол талапта болады. Біреу мал (дүние) қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын, «Малдының (қалталы, ақшалының, байдың) беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны сөге алмайды (аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін) деп, бұл мал (дүние) һәм пайда, һәм қасиет (қызмет, атақ т,б) болады бойыма дейді. Мұнысы рас, қазақтың өз құлқынына қарағанда. Бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл, көңіл (дін ділі) жиркенетұғын іс. Осыған орай біреу ер (лауазымды) атанамын, біреу қажеке атанамын, біреу молдеке (имам, дінші) біреулер білгіш (философ, политолг, социолг, ғалым), қу (күлдіргіш, әртіс), сұм атанамын деп сол қарекетте жүр... Мұнысы қазақтың өз бетінен оқып, ізденген талап (дін) болмаса, кітап бетінен (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, қүран, інжіл) оқып ізденген талап (дін) емес. Ал кітап сөзімен ізденген талап шарты бойынша, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат (намаз, ораза, хаж) қыл дейді. Қазақтың бетіне (тәпсірлерге, құранды теріс оқып) қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды (дін ұстанымыңды, намазаңда оқи бер) қыла бер, көкіректі тым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп болмаса (сары уайым), құт-берекеге жағымды болмайды дейді. Енді осыған қарап, қайдан оқып, біліп, ұмтылған талап (дін) екенін білерсің.» Абай, Шәкәрім аталарымыздың дүние танымдық (философиясын) көзқарастарына ішкі сырына терең үңілген қазақ баласына қалай бақытты болуға болады деген өмірдің мағынасын іздеуге жол көрсететін қажеттіліктерді анықтауға негізделген. Өлмейтін жоғалмайтын жаратылыс, нәрсе жоқ бәрі де жоғалады, жойылады тек адам баласының жаны мен рухы мәңгілік құдайға барып қосылатынын нақты дәлелдермен көрсете білген. Яғни киелі кітаптардың қарапайым қазақша түсіндірмесі. Абай-Шәкәрім аталарымыз дін-дегенімізді адамдардың Құдайға игі істермен бармақшы боп ниетенгендегі әрекеті яғни талабы деп қарапайым ұғыммен түсіндіреді. Біздің қазіргі заманғы философ, данышпандардың адамгершілік қасиет тек білімге ғана байланысты деген тұжырымдарын теріске шығарады. Егер халықтың адамгершілік қасиеті тек білімге байланысты болса, онда білім ордалары және білімді аталған елдер мінез-құлық жағынан ең жоғарғы дамыған ортаға айналған болар еді. Шындығында керісінше тек білімнің соңына түсу адамзатты азғындықа ұшыратуда. Сондықтан адамгершілік қасиетті тек ислам дініменен қалыптастыру керек деп, араптардан алған ілімнің тәжірибесімен шариғатты жол қылған діншілердің дүние танымдық ұстанымдары заман талабына және ақылы сау адамға тек дін іліміне деген күдік пен сенімсіздікті ғана қалыптастырады. Дін-жаны, шежіресі ислам дінінің арап елдеріне келуінен бұрын шариғаты, дін ұстанымдары қалыптасқан елдерге ондай біржақты қатігездікпен, білімсіздік, надандық қазіргі заман ұғымына, талабына мүлде симайды. Адам баласының ақыл –ойының мұраты, дін-жанының қалауы тек «бостандық» деген ұғымның сырын түсінумен, сол бостандықтың дәмін татуға ғана құлшынады. Ол үшін ең ерікті, азат адамдардың бірі болғысы келмейтін жер бетінде адам жоқ деседе болғандай. Сондықтан соған жету жолында түрлі діндерге ұстанымдарға бөлініп әр қайсысы еркіндік, бақыт деген осындай болады, маған ерсең мәңгі бақытты боласың, деп өздерінің адасқанын білмей, соңынан көптеген елдерді де адастыру салты әлемдегі көптеген елдердің дін-жанының көрнісі болып табылады. Бұрынғы өткен тарихымызда бұндай жағдайда әуелі сөз шеберлері пайғамбарлар, онан кейін философ, ғалымдар елшілікте тұрып халықты бір бағытқа ерте білген. Енді ондай жаратушыдан берілетін қабілет, қасиетті қолдан жасаған ғалымдыққа, кітаптан оқыған, бір-бірінен көшіріп үйренген даналыққа айырбастап алған әлем жұрты кімнің соңынан ерерін білмегесін, әрбір ел, қауым өз ойларынан немесе білімділік, білгіштіктен пайда болған жасанды «бостандық» ұғымын ту қылып, қазіргі заман дүниетанымында «қайда барам десең, сонда болу, не істегің келсе соны жасау» деп түсіндіреді. Мұндай ойсыздық әрекетерді жасауға кірісіпте кетік, осылай жасап жатырмыз да. Ал аталарымыздың дүниетанымында; «шын бостандық-өзің борышым деп есептейтін нәрселерді істеу қабілеттілігің» деп түсіндіреді. Ал кімнің қандай борышы, мұсылмандық, адамгершілік қарызы бар және оны қалай орындау туралы мағлұматтарды адам баласының ұлтына, жеріне нәсілдік ерекшелегіне сай жол-жобасы яғни шежіре дастандарымен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі ғана айқындап береді. Әрбір елдің өз ұлтына нәсілдік ерекшелігіне сай жол-жобасы болып, сондықтан жер бетінде мыңнан астам дін талабы да бар. Бірақ әр ұлт өзіне сай не істеу қажеттілігін білгенімен оны орындауға күш-жігері жетпейді. Басқаша айтқанда аяқ-қолы тұсаулы сияқты өмір кешеді. Бұндай тығырықтан шығу үшін адамзатқа түгелдей күш-жігер беретін ортақ төрт қағида бар. Негізінен сол төрт шежірелік дастанға және философиялық нұсқауларға қосылу үшін, әуелі отбасылық, қауымдық, ұжымдық, елдік, халықтық арнаулы берілген жобаларды орындау талабын меңгеру арқылы адамзатқа ортақ дүние танымды қабылдау шарт. Адамзат баласы өмірге не үшін, қалай келгенін, жаратылыс сырларын анықтап, білімін меңгеру арқылы жаратушы негіздің сырын ғылымынан үлес алумен әр пендесіне жеке-жеке берілетін нұсқаулар мен тапсырмаларды орындау арқылы күш-жігер, шабыт және бақыттылық сезімдеріне қол жеткізумен өмірге деген құштарлық, ғашықтық қуаттарын меңгере бастайды. Жаратушы ғылымына, тылысымның хикметті құпия сырына ғашықтық сол жаратушының өзіне деген ғашықтық болып табылады. «Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі-неше мың жылдан бері әркім әр түрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаділет (әділеттілік), махаббат (сыйлау, жарату, мейрімділік) құдайға лайықты дегендігі. Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетін пендеміз. Сол махаббат пен ғаділетке (әділдік, шындық) қарай тартпақпыз (өлшейміз), сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады (дәлелденеді). Инандым, сендім (иман келтірдім) демек-иландырамын, сендіремін деген емес. (Яғни өзің ғана иланғаннан адамгершілігің пайда болмайды) Адамгершілік алды-махаббат (сыйластық, жаратушыға ұқсауға құштарлық), ғаділет (шындық, әділдік), сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтін де жері жоқ. Ол-жаратқан тәңірінің ісі (қуат). Айғыр биеге ие болмақ та махаббат (жаратуға құштарлық, сыйластық) пен сезім (жақсы көру) бар. Бұл ғаділет (шынайылық, әділдік) махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі-ғалым, сол –ғақыл (дана). Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен білеміз (45-ші сөз) «Қазақ жылқы мінезді» деген нақылдың сырын Абай атамыз қарапайым түсіндіріп кетіпті. Өмір сүруге құштарлықтан, жаратуға құштарлық пайда болып онан жақсы көру мінезі (ғашықтықпен пен сезім) өз үйірін күзеткен айғырлыққа ғана ұқсас болып тек сезімдік махаббатқа құрылған тіршілік жылқы мінезді хайуандық өмір салтына ұқсайды. Ал толық адамдыққа махаббат (сыйластық, мейрімділік, шүкірлік және жаратуға ғашықтық) пен сезімді жетілдіруге қажетті әділеттілікті яғни шындықпен, шынайылықты меңгеріп қана адамгершілікті қалыптастыратынын ескертеді. Қазіргі таңдағы ойшылдарымыз бен, ақындардың жырлайтын махаббаты сезімі тек көбеюге ғана бағытталған зорлықшыл айғырдың мінезін көрсетеді. Бұндай шала қазақтық шетке еліктегеннен қалыптасқан. Ал ғалым болу үшін білімге, білуге деген сөзді меңгерудегі (сөз бағу 1-сөз) айғырлық қасиет сезімге қоса махаббат пен әділеттілікті, шындықты жетілдірумен ғана адамгершілік, ғалымдық қасиет пайда болады екен. Енді қазақтың сөз даналарының, сөз үйірін күзеткен айғырлығы қандай, қазақи жылқы мінезімізбен сөзімізді сыртқы жаудан қоритын айғырлығымыз қалды ма екен, соған қысқаша тоқтала кетейік. Ол үшінде; «біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезіп, көзбен көріп, ақылмен ғана анықтаймыз». «-Ей, Аристодим! Қалайша сен бір өзіңнен, яғни адамнан басқада ақыл жоқ деп ойлайсың?-деді. –Адамның денесі өзінің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе? Денеңде болған дымдар жердегі сулардың бір тамшысындай емес пе? Жә, сен ақылға қайдан ие болдың? (жеріңмен, суыңнан келмесе) Әрине қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді де, сонан соң ие болдың. Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, (бастапқы жанмен келген қысқа ақыл) келісті көркемдігіне һәм қандай жарастықты ақылмен жаратылып, оның ешбір бұзылмайтынын көресің. (Білімді меңгердің) Бұлардың бәріне ғажайып қаласың һәм ақылың жетпейді, осылардың бәрі де кез келгендіктен бір нәрседен жаратылған ба, яки бұлардың иесі өлшеусіз ұлы ақыл ма? Егер ақылмен болмаса, бұлайша бұл есебіне, өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние әрбір керекке бола жаратылып һәм бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын мықты көркем законге қаратылып жаратылды,-дейді (27-сөз) Әрбір жаратылыс жан иесі сол жаратушыдан келген жанмен бірге ақыл жарығын көретін бір күнін, жарығын қоса сыйға алып келеді. Ал енді хайуан сол бастапқы ақылымен өзіне берген ризығын тауып тіршілік етсе, адам баласына көріп, сезіп, естіп білу арқылы 3-күніне қосылып, төртеуін түгелдеп төбеден келетін таза (5-ші қуат) ақылға жалғануды бұйырылған да жүректен бейнесін табады, көңілге сөзбен өз өрнегін салады. Сондықтан ақылдың қозғаушы қуатық саны алты. «Алтау араз болса ауыздағы кетеді.» деген аталарымыздың даналығы ақымақ болсаң несібе ақылың да сөзіңде аз болар деген мағынаны білдіреді. «Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, осы күнін-үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ Дінің тұрақты қағидасы осы ұғымнан пайда болады. Адам баласының дін-жанының хайуаннан ерекшелігі сол болжампаздықпен, көріпкелдік сезімдік ақылды жетілдірумен айналысуы шарт. Олай болса артқы күніңе ақылға жалғану үшін өткен тарихыңды, ұлтық шежірені меңгеру шарт. Бүгінгі күнің алған білім, ғылымың жер бетіндегі көрінген, айқын болған нәрселердің сырын (зайырын) ұғынуыңнан пайда болады. Ал болашақты болжап жоспар құру үшін жаратушы ақылын, киелі кітаптарды зерделеп тылсыммен сырласу қабілетін меңгеруің керек. Енді осы Абай атамыздың көрсеткен дүние танымдық ойымен қазіргі біздерге ұсынып отырған діншілер мен ойшыл-философтардың ұсынып отырған дін танымы құлдықа яғни біреулердің айтқанымен жүріп айдағанына көнетін хайуандық бастауға апарып тірейтін дін. Философ ойшылдарымыз бен ел басқарған саясатшыларымыз; бүгінің европа, америкалық ал болашағың ойыңа не келсе соны істейтін еркіндіке жету, өткенің ескірген, заманға сай келмейді дейді. Ал дін ойшылдары ғалымдары өткенді тек араптан алсаң онда да діннің өркендеу тарихын мүлде алып тастап, тек ортасынан шариғат діңгегі ханафи масхабынан таратады. Сондықтан бүгінің көптеген сұрау белгілермен толтырылған; қысқа көрпесін я басына яки аяғын жабуға жеткізе алмаған қыстың күнгі кедейдің көрген күніндей, ал болашығың тек өлім, ар жағы ертегі, ғажайып әлемге топ ете түсесің мәңгілік өмір деп түсіндіреді де, адам баласын тек өлімге қарсы тұрып тіршілік үшін ізгіліктермен күресуге емес, қиялдың жетегіне 5-сезімге нанған өлуге деген ғана құштарлығын артырады. Адамдық, жерлік, елдік ата-аналық борыштар маңызды емес, ең маңыздысы тоңқаңдап жерге көбірек маңдай тигізіп, діни жоралғы ырымдарын (атрибут) орындап, түк істемей дұға жасап сұрампаз болсаң болды дұрыс өліммен, ертегіге бергесіз жанаттық өмірмен қамтамассыз етілесің. Жастарға жалығу мен асығу жарнатылыстан тән болғандықтан, енді жастарымыз тек тезірек өлуге асығып, болмаса ұнамаған біреуді өлтіруге құштарлық талаптылықтарын дін ғалымдарының бірінен-бірі тәпсірлеген көшірме кітаптарының көмегімен жылдан-жылға дін азғындығын, надандық амалдарын ғана жетілдіруде. Өйткені болашақты болжауға, жаратушыдан үздіксіз түсіріліп тұратын кітаптар мен аян-үкімдерді, тылсымға құлақ түріп үндерді (бата) тыңдап, амалдарды жетілдіріп, күнәлардан заман талабына сай қалай тазаруды үйренуге, соған байланысты емшілік істерді үйреніп жетілдіруге болмайды. Ханафи масхабына іс әрекеттерің сәйкес келмесе жын-шайтанға айналасың, ата-баба аманатын да, қариялардыңда ақылын алуға болмайды адасып кетесің «серік, шерік, ширік, харам» деген жалған өздері мағынасын киелі кітаптан толық меңгере алмаған атаулармен қорқытып, үркіту қазақтың қазіргі таңдағы дін-жанының амандығы. Бұған басты себепшілер несібесін жаратқаннан артығымен берген, арғы жағын қойғанда Абай, Шәкәрімдей даналарының ақылын меңгере алмаған ел басқарушы, сөз қорушы философ ағайындарымыздың дін-жанының, білімдерінің жетілмей, ақылдарының тоқтамағандығының, естерінің қалыптаспағанының бірден-бір көрнісі. Сондықтан жоғарғы лауазым тақтарын қорғау үшін және өздерінің дінді түсінбейтін надандықтарын жасыру үшін, «Қотыр атқа соқыр ат үйір болатындай» ел басқару орындарына тек өздеріне лайықты «Жапарқұл мырзаларды» мақұлдатып, Абай атамызды дінші емес яғни дін адамы емес деп түсіндіруге шешім қабылдапты. Кітаптан ғана оқып сонымен ғана иман келтірген, болмаса арапша сауатанса болсы «Фиқһ» деген жалпы іргелі ғылымдардың қай саласына жататыны белгісіз, негізінен дін философиясына жататын сөздерді түсіну, астарлы сырларын аңғару болып осы мәселемен айналысатындарды «фиқһ» ғылымы деп атайды да, ал қазіргі таңдағы кітапты жаттап алған дінші немесе толып жатқан атаққұмар пәнші, тәпсіршілер негізінен философия, психология ғалымдардың саласына кіріп, қазақша шешендік, билік, сәуегейлік, абыздық, сұлтандық қабілеттеріне қарай белгіленетінін білмеу үшін арапта қалай аталса солай пайдаланғандықтан оны жалпы халық бұл діннің ерекше қол жетпес бигі қазақта болмаған қасиет егесі деп түсінеді. «Шүбәсіз, фиқһ ілімінің мақсаты-амалдың кәміл болуын, яғни «Алаһ??» алдында қабыл болатындай орындалуын қамтамасыз ету... бір адамды діннің рухани ақиқаттарының ең жоғары дәрежесіне көтеру болғаны тәрізді оның барлық амал мен іс-әрекетерін де кемелдікке жеткізу болып табылады.» (Тасаввуф-89 бет) Олай болса «Фиқһ» ғылымы ақыл-ой даму заңдылығын қалыптастыратын, жаратылысқа және тіршілік заңдылықтарына философиялық көзқарастардың, дұрыс пайымдаулармен және сол көзқарастарға сай өмір сүру амалдарын көрсетіп сол заманның, елдің, мемлекеттердің дін ұстанымын қалыптастыру керек. Демек «фиқһ» құдай емес бірақта құдайдан былай емес деген ұғым пайда болады. Енді жалпыға бірдей, ұлттық, таптық, жыныстық жас ерекшелікпен, жан күйлік, жан сырлық мезгілдік ғылым-білім өзгерістеріне күнәнің дәрежеленуі мен түрлі сынақтардың пайда болуын 10-14 ғасыр бұрын жазылған құран насихаты қамтамасыз етеді деп дінде шектеулі пәтуамен, шариғи іс әрекетермен ғана тарихатқа, мағрипаттқа, ақиқатқа жетіп жаратушыға қосыласың деп түсіндіру таза надандық қана. Осындай «кинизмдік» ойшылдықпен, ғасырлар бойы халықтардың діни тәжірибелерін, сынақтардан өтіп қалыптасқан амал-әрекеттерін, дін өркениетін қалыптастырған ақпараттарды санадан шығарып, діннің ортасына қайта оралу (фундаменталистік) әрекетінен және белгілі бір заманына сай философиялық, дүние танымдық көзқарасы жоқ дін ұстанымымен құлшылық амалдары халықтың надандануы мен арты соғыс, табиғи апатар арқылы сол елдің жер бетінен жоғалуына әкеліп соғатынына тарихи шежірелерден айғақтар жеткілікті. Қазақ діни хал ахуалының яғни қазақ муфтиятының діни саясаты «Дін-Ғалымхалының» бүгінгі жағдайы осы мемлекетіміздің ұстанған «кинизм», «фундаментализм» философиялық көзқарасын нақты көрсетеді. Жоғарғы оқу орындарына арналған философиялық және психология оқулықтары және мемлекет ел басқарушыларының жүргізіп отырған саясаттағы философиялық ұстанымдары біріне-бірі сәйкес келгендігі сонша халықтың рухани байлығын соңғы 1000 жылдық философиялық жетістіктерін мүлде тізімнен шығарып тастаған. Оған дәлел Ясауи бабамыздың дінді жетілдіріп, түркі халқының философиялық өмір мектебін қалыптастырып, ғылымда, мәдениетте әлем алдыда ислам дінінің шынайылығын рухани шексіздігін көрсетіп, дәлелдеп кеткен философиялық өмір мектебінің амалдарымен, дін ұстанымдық негізін мүлде есепке алмай, толық өркениетті қалыптастыруға өрісі тар, мәдени ұстанымдары шығыстық адамгершілік ар-ұяттық қағидаларын қамти алғанымен басқалай адам баласының тіршілік ету барысында өзгерістерге түрленуге және толықтырылып ескіргенін алып тастап, жаңадан ұғымдардың тіршілік ерекшеліктердің, шаруашылық әдістер мен ғылым-білімді меңгеру жолында кездесетін түрлі сынақтар, кедергілерден өту амалдарын мүлде қамти алмайды. Сондықтан дінді ғылым-білім заман өзгерістеріне сай пайда болған әлемдік жалпы адамдық ортақ қағидаларды біріктіру әдістерін бөлшектеп, тек шаруашылықты, еңбекті дамытып, сыртқы еркіндікке тәуелділікті қалыптастыратын ой танымдық саясаттарын алып, ал адамгершілік ар-ұяттық тәрбие қағидаларын исламның ескі дәуірлерде өзіндік өркендеу қабілеті болғанмен, қазіргі заман талабына, ақыл-ойдың жетістігіне сәйкес келмейтін ұстанымдарын және психологиялық амалдарын (намаздарын) жан тану дін амалдарын насихаттауды жөн көреді. Ал жалпы түркі халқын былай қойғанда әлемде жан тану өмір мектебінің мол тәжірибесі қанында тағдырмен жазылған (карма заңы) қазақ халқының сөз ұғымдары мен ақыл-ой даналығын жоғалтып, рухани азғындап, түрлі ағымдарға түсіп, ділдің азуына жағдайды қолдан жасауға діни ғұламалар мен философ, психолог және ақын, жазушы, ел басшыларымыз үлестерін қосуға жан сала кірісіп, енді оның жемісін қазіргі таңда көре бастаған жағдайымыз да бар. Өзге елдің ақыл-ойы түгіл, сол елдің тамағына тәуелді болу да сол елдің сөзіне, рухани жетістіктеріне жалғанумен рухани құлдықты қалыптастыруға бірден-бір себеп болары даусыз. Үндестігімен қоса алған сөз атаулары түгіл, өз жерімізде еңбек етіп өсірмей дайын азықтарын пайдаланудан да сол халықтың дін-жаны мен нәсілін, қылығын қоса қабылдайтынымызды әзірге жан сырын меңгерген ғұламаларға белгісіз.

Философия- сөз тарихының дін талабының шежіресі.

«Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай шын Құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса кім Құдай?!... Баянсызға (сабырсызға, ғылымсызға) бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықтың, Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың, Бір қалыпта тұрмайсың. Әлде сайтан, әлде жын, бірін тастап бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсың сенде шын!» (Шәкәрім әулие) Қандайда бір қоғамдағы құбылыстарға, ағымдарға, ойшылдық, саясатшылық ықпалдарға баға беру үшін ғылыми негіздегі бұлтарпас айғақ және өлшем негізі керек. Ондай болмаса құр былшыл сөз болып қала береді. АҚШ-тағы атақты Гарвард универисетінің ректоры, ғылым докторы Джеймс Конант былай деген; «Ғылым-тәжірибелер мен бақылаулардың нәтижесінде пайда болатын және келешектегі бақылаулармен тәжірибелерге сүйенуге болатын түсініктер мен түсіндіретін жүйелердің бірімен-бірі байланыстағы бірлігі.» Белгілі бір болжамдардың рас өтірігін ғалымдар қалайша дәлелдейді? Мәселен біреу былай деуі мүмкін: «Пәлендей сабын суға батып кетеді.» Мен сол айтқан адамды алып келіп алдына терең ыдысқа су қойып сабынды салып көрсем «Бүлк-бүлк» сабын бататын түрі көрінбейді. Демек бақылау жүргізілді, нәтижелер тіркелді, айтылған сөз тексерілді: біздің жағдайымызда сабын суға батпады. Бұл ғылымда тексеруге болатын табиғи тәсіл болса онда жас кезіңізде бұзық болмағаныңызды, өткен жылы күнә жасамағаныңызды, немесе бір апта бұрын қандай ас ішкеніңізді т.б қалай дәлелдейсіз? Бұл оқиғаларды қайталап көрсету мүмкін емес қой! Онда не істеу керек. Міне осындай жерде тарихи заңгерлік деп аталатын әдіске жүгінуге болады. Сол болған оқиғаларды растайтын куәгерлер немесе заттай айғақтарды көрсетіп дәлелдеуге болады. Бұл табиғи ғылымдар болып табылады. Алайда тарихи тұлғалар немесе оқиғалар дәлелдеуде немесе теріске шығаруда бұндай табиғи ғылымдарды пайдалануға болмайды. Пайғамбарлардың көрсеткен кереметтері мен сол замандарда болған түрлі апат оқиғалардың, Мұса пайғамбарымыздың тегі кім болып, қалай теңізді екі бөліп халқын құтқарды? Ғиса пайғамбарымыздың өліп тірілгенін қалай дәлелдей аласыз? Құлтегін бабамыздың Дәуіт пайғамбар екенін, Жүніс пайғамбардың -Тоны Көк Білекті қаһан болғанын, қазақ жері пайғамбарлар отаны болғанын қалай дәлелдей аламыз? Ал аңыз түрінде келтірілген деректерді қалай ғылыми негіздеп түсіндіруге болады? Бұндай сұрақтар табиғи-ғылыми дәлелдеулің аясынан тыс жатыр. Сондықтан оларды біріншіден; тарихи заңгерлік яғни шежірелік дәлелдеу мен ақыл-ойдың, парасаттылықтың көрніс беру нанымымен тексеруге болады. Егерде сол ұстанымдарды, өсиеттерді негізге ала отырып жаратылыс құпияларымен, болмыспен қатынасқа (аян,түс) түсіп, адам баласының асыл қасиеттерін дамытып, ізгілікті өмір сүруге жетуге болатын болса онда қалай ол оқиғаларды өмірде болмаған деп айта аламыз. Жоқ нәрсе бейнеленбейді растыққа айналуы мүмкін емес, егер ол растыққа айналып қайта бейнеленсе онда шындық деп қабылдауымыз адамдыққа лайық іс. Сол шындықты қайдан іздегеніміз абзал. Тарихи дәлдіктің екінші бір тексеру әдісі-сыртқы дәлелдерді тексеру. Зертеуге тиісті құжаттармен, дәлелдерді басқа тарихи материалдағы деректер жоққа шығара ма әлде дәлеледей ме? Енді арасы үш-төрт ғасыр өткеннен кейін түсірілген киелі кітаптар мүлде басқа тілде басқа халықтар арасында болған оқиғаларды және алдағы болатын құбылыс пен оқиғаларды қалай дәлдікпен қайталап баяндап береді? Және бұрын қаншама зертеушілердің, ғалымдардың теріске шығарған ақпараттарын архелогия ғылымы дәлелдеп берген жоқ па? Олай болса біздердің әлі алдағы уақытта көптеген киелі кітаптардағы теріске шығарған пікірлерді тағыда сондай қазба байлықтар табылып ақиқаты анықталмайтынына кім кепілдік бере алады? Жаратушы ақылына жүгінсек әрбір адам баласы өзін танып қана өзгедегі шындықты айыру қабілетіне жете алады. Шындық біріңғай жақсылықтардан, жетістіктерден құралмайды. Жақсылықпен жаманшылық арасындағы үнемі алма кезек тартыстардан, сол қарсылықтарды жеңу барысындағы жиналған тәжірибеден ақиқат қалыптасады. Дін тарихы ел тарихымен ажырамас бірлікте дамиды. Егер бір елдің шежіресі яғни діни тарихы тек жақсылықтармен, жетістіктерден ғана тұратын болса ондай мағлұматтың артында қулықпен, оқиғаларды тарихи бұрмалаушылықтың бар екені ақиқат. Сондықтан негізгі кітап түсірілген елдер мыңдаған жылдар тек тура жолда болды деп түсіндірудің өзі таза ақымақтық. Тарихта болған қателіктер мен адасушылықтар және қасіретке ұшыраған оқиғаларды жасырмай мойындап айта білсе онда ол ақиқатты шежіреге жатады. Ал егер ондай оқиғалар әдейі жасырылып тек жақсылық пен жетістіктен тұрса ондай деректерден абай болған дұрыс. Діншілер қауымының арап елдерін пайғамбарымыздың келген уақытынан бастап мыңдаған жылдар дінді тұрақты етіп ортадағы шежіреде болған түрлі діндегі азғындықтарды жасырып тек арап елдерін үлгіге алуында жасырын тығылған қитұрқы діндегі үстемдікті қалыптастыруға деген азғындық саясат жатыр. Егер ондай тұрақты адамгершілік қасиеттерін сақтаған ел болса онда білім ғылым дамып сыртқы тәуелділіктен құтылған елге неге айналмаған мыңдаған жылдар өтсе де? Дінді меңгеру адамгершілік қасиетерді меңгеріп, өзін-өзу тану және шежіредегі ақ пен қараны анықтау жан ғылымына жатады. Жан ғылымы әрбір ұлтардың қарам-қарсылық даму сатыларын меңгеру барысында 4-түрлі рухани азықтық сөз несібелерін меңгеруімен анықталады. Өмір сүру дәуіріне қарай адамзат ақыл-ойын алға жылжытып, белгілі бір ғылыми философиялық белестерге көтеріп отырған даналардың пайда болуымен, яғни жаратқан тарапынан елшілердің жіберілумен айқындалып отырады. Сол ақыл сатыларын; Сократ, Архимед, Әл-Фараби т,б ғұлама философ аталарымыз 4-кезеңнен тұрады деп ескерткен. Ал оны дінде шариғат, тарихат, мағрифат, ақиқат деп атайды. Ғылыми философияның да діни философияның да мақсаты осы негізгі қағидада тоғысып жаратылыс сырын анықтау және оны көркем сөзбен бейнелеп насихаттау болып табылады. Шариғат ең төменгі адамзатқа ортақ ақыл болып ол қарапайым адамгершілік әдеттерді қалыптастыру үшін және тазалықты меңгерумен діни рәсімдерді толық дұрыс орындалуын қамтамасыз ету сияқты тәрбиелік маңызы бар сыртқы шарттарды орындаудың білімін діншілер «Фиқһ» ғылымы деп атайды. Ал ол қазақта әдет пен әдебті қалыптастырумен белгілі ережелер арқылы шектен шықпауды, ашық күнә жасамауды қалыптастыратын намаздық, тазалық шарттары мен әдет-ғұрыптық әдебтерді орындаулар жатады. Осы шариғат ережелерін ұлтық тәрбиелік ұстанымдарды меңгеру арқылы діннің екінші ақпарттық белесіне жалғану яғни өткен тарихтан аян, түс, уахи арқылы таза құпия ақпарттарды оқылуын тарихтан хат-тарихат деп аталады. Тарихатқа өтудің өзі ата-бабаларымыздың ұстанған әдет- ғұрыптық, діни жоралғы амалдарды толық меңгеруден басталып, адам баласының өз тарихын, ата-баба дін ұстанымдарын зерделеп және өткен тарихтан уахи хабар яғни таза ақыл алумен байланысты. Сондықтан мысалға мен өзімді тарихатымды-шежіремді тануым үшін, ана тілімді, ата сөзімді толық меңгеріп, жеті атамның атын ғана біліп қана қоймай олар қалай өмір сүрді, нені ұнатты, неден зиян шекті яғни әдеттерін, ұстанған ғұрпын, тіршілік ету қағидасын-салтын, бәле-жаладан қалай қорғанып, қандай сақтық шараларын меңгеру амалдарын-дәстүрін жетік білуім керек. Ал ол қағидаларды маған кім үйретіп, кім көрсетеді? Әрине бұндай жағдайда қазақтың жалпы халықтың біртұтас мойындаған данышпандары және ғылыми зертеуден өткен тарихи заңгерлік еңбегі болу керек. Ал егер ол еңбектер жаратушы түсірген киелі кітаптар үкімімен және пайғамбарлар өсиеттерімен, философ, психолог даналардың зертеулерімен сәйкес келетін болса, онда менің нанымым яғни жаратушы иеміздің жаратқан нәрселерін танып білуге және құпия ақылым жете қоймайтын хикметеріне сенімді қалыптастыруға лайықты болу керек. Осы алған білімім яғни нанымым арқылы ғана мен түп негізді және өткен оқиғалардың растығына көз жеткізуге мүмкіндік ала алады екенмін. Адамзаттың сенімін қалыптастырып иман келтіруге жол сілтеу үшін әуелі белгілі бір наным-білімі болуы керек. Сол нанымдарды қалыптастырып сенімді бекіту үшін адам баласына жаратылыстан бастап кітаптар түсіріліп отырған. Енді әрбір адам баласына жаратылыстан берілген 4-кітабы яғни төрт сөзбен жазылған тағдыр сыйы болады. Сол кітабқа жазылған қарсылық, сынақтарды ізгіліктермен, өнер, ғылым-біліммен толықтыру арқылы белгілі кезеңдерге байланысты дәрежеленіп отырады. Оны қазақта мүшел деп атайды да 3-мүшел ең бір өтпелі кезең болып, 4-мүшел (49-жас) кемелдену, ердің жасы болып табылады. Бұл өлшемдер жан сырына адам баласының тән мен жанның кемелденуге деген бірлігін құраса, ал християн т.б діндегілердің 10-жаспен өлшенетін ғұрыптық амалдары бар. Бұл рухани толысу болып негізінен 4-кезеңнен тұрып, 40-жасты Құранда жаратушымыз ақыл толу жасы деп ескерткен. Демек нәпсінің пісіп, үннің толық қалыптасуымен адам баласына ана құрсағында берілген 4-сөз кітаптың онмен дәрежеленіп 40-кітапқа кісілікке өтумен, таза рухани азық алуға көтерілетін бір белесі. Бұл істерді құранда 4-ші сүремен түсіндіріліп жан ұя, отбасылық өмірге ата-анаға қызмет етумен аманаттарға тәуелді екенін түсіндіреді. Сондықтан бұл рух, жан сырларына байланысты ғұрыптық амалдарды өз ұлтына сай орындауды пайғамбарымыз өсиетінде қатаң ескерткен Бұл рухани кемелденуді қазақта жаратылыс негіздеріндегі 40-әулиемен байланыстырып; «Ғайып ерен қырық шілтенмен» байланысқа түсіп, бата алу, рухани азық шарап ішу деп түсінген. Осындай жан сырының құпиясы адамзатқа жаратылыс басынан бастап түсіндіріліп, Мұхаммед пайғамбарымыздың тек қырықтан кейін ғана пайғамбарлық қасиет қонып, құран түсе бастау себебі осы жан сырының құпиясына негізделген. Ғиса пайғамбарымызға 33-жастан бастап пайғамбарлық берілуінің өзінде осындай астарлы сырлар жатыр. Шариғат амалдарымен тәрбие беру адамзатқа ортақ болып бесіктен басталса, рухтан толық хабар алу періштелік тазалыққа, нәпсі тәрбиесіне байланысты тарихатқа өту, ғылым, хикмет берілу 33-жастан басталатынын Ясауи бабамыз; «Отыз үште сақи болып шарап үлестім, Тостағанға толы шарапты тоя іштім. Әскер түзеп шайтанмен мен ұрыстым, Шүкір Алла, екі нәпсім өлді, достар.» (5-хикмет) Яғни мұсылмандық бес парызды толық орындау арқылы екі ғана нәпсінің өліп, әрі қарай өзіңмен мал-жаныңмен соғысу үшін тарихатқа өтетін кезеңнің басталатынын ескертеді. «Құл Қожа Ахмет, қырыққа кірдің нәпсіңді тый, Мұнда жылып, ақыретте есіңді жый. Иман-шариғат, мәні-тарихат, Құдай деген хақтан үлес алды, достар.» -деп тарихатың мәнін білу тек 40-кейінгі кезеңге тәуелді екенін нақты көрсетіп кеткен. «Қырық жетімде жеті жақтан шабыт жетті, Сақи болып жам-шарапты ием тұтты. Шайтан «өліп» нәпсі-құйын өзі кеті, Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған.» (6-хикмет) Нәпсіге үстемдік тек 47-жастан кейін пайда болып тарихаттан үлес алып, енді Алла жолында соғысушы қажырлы яғни қажылыққа баруға болатынын 6-хикметпен яғни аталармыздың «Алтау араз болса ауыздағы кетеді», «Бес бересі алты аласың бар» деген мақалын Абай атамыз да; «Жұрт тынымсыз, Бәрі ұғымсыз, Енді оларға сөз де жоқ. Сырты абыз бар, Желқабыз бар, Алты ауыз бар-өзге жоқ.» «Үш күн арқаң босаса, Бола қалдың бас асау... Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау... Жетілсеңде, жетсеңде, Керек күні бір бар-ау.» деп жас, рух сырын астарлап сырты абыз шариғаттан аса алмаған, бес күніне тарихына жалғанбаған үш күндік қажылардың тарихтан хат, сөз оқи алмайтын ұғымсызға айналып және сөз астарын меңгермеген құр тәтті тілмен алдаған жел қабыздықтарын, діншілдіктерін сынап, бірақ тарихқа жалғануды «бес күн жалған!» түбі ақиретте керек болып алдан шығатынын ескерткен. Сонымен аталарымыздың дін ұстаным қалдырған өсиет аманат, өнегелерінен «Фиқһ» ғылымымен тек сыртқы ниетімізді түзегенімізбен, ішкі сырымызды нәпсіні толық тазартып, жүрек көздерінің ашылып кемелдікке жетуін қалыптастыра алмайды. Ислам дініндегі түрлі топтарға бөлініп, бірін-бірін менсінбей, өз-ара араздықтың қалыптасуы мен діннің бөлшектенуін осы түркі әлеміне берілген тура жолдың қағидасынан алшақ кетіп, керісінше өз білгендерін есепсіз, ғылым-біліммен философиялық, психологиялық жетістіктермен негіздеп құран аятарының, пайғамбар өсиетерінің астарлы сырларын білмеуімен, әр діншінің өзіне тиісті тағдыр кітаптарын оқи алмауынан, қасиетердің тоқтауымен рух егінінің дұрыс өнім бермеуінен болады. Бұл қайшылықтарды мысалға Нақшпанди, Ясауи-зікірші т.б көптеген тарихатшылардың негізге алған кітаптары «Тасаввуф» яғни қазақша аты; «Хикметтер сыры» болып негізінен Сани дәптердің толық емес, шала түсіндірмесі болып есептелетін түркілік сопылық ілімді насихатайды да «Фиқһ» ғылымына байланып, оны жол деп алуға қарсы шығады. Дәлел; «Өйткені, фиқһ ілімі жалпыға тән шариғаттың бір бөлімі болып, оның сыртқы жағымен ғана айналысады. Адамдардың шариғат тұрғысынан жауапкершілігі де оның сыртқы жағы сияқты, ішкі жағын да толығымен жақсы біледі. Әрі ішкі тазалық Оның құлының бойынан көргісі келген негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады.» (89-бет) Әрбір пенде баласы мейлі дінші болсын мақтаннан құтылу мүмкін емес. Сондықтан дінді меңгеруге талаптанған пенденің кім ерекше қасиеттерді меңгергісі келмейді? Ал бұдан әрбір ақылына жүгінген дінші біздің қазақ мүфтиятымен, дін істері мекемесінің ұсынған дін талаптарын ірге тасы ғана яғни діннің бір бөлшегі деп ұғыну қалыпты жағдай. Сондықтан қазақтың дін муфтиятының саясаты дін адамының ішкі еркіндігін, шабыт, ғылымға, ізгілік қасиеттерді меңгеруді қалыптастыру орнына тек шариғат және үкімет заңымен шектеп отыратын, сен тимесең мен тимен деп, өліктерді жерлеу рәсімдеріде ғана құран оқитын соған байланысты орта топтың құран аяттарының бұзылмауын ғана қадағалаушы, ислам дініне куәлік беруші дін рәсімдерін ғана орындаушы шариғатқа ғана негізделген тәкәпарлық мақтан «намазхандарды» дайындайтын дін сектасының ғана қызметін атқаратыны және осы уақытқа дейін де солай болып келгені де даусыз. Олай болса бұндай орта топқа негізделген исламдық мешіттерде ғана отырушы муфтияттар ғалымдары тарапынан қазақтың асыл дінін жарыққа шығаруы, қалыптастыруы мүлде мүмкін емес, керісінше халықтың ішінде рухани іріткі салумен, жан сырын тұмшалаумен, тағдыр кітабының теріс дәрежеленуімен, әрбір пендесіне қасиеттік ашылуымен оқылатын құран аятарын теріске алуымен, нақты берілген, дәлелдерді, барды, растықты әулилеріміз меңгерген іліміміз тарихатымызды, кері қарай мазхабпен, «Фиқһпен», шариғатпен өлшеп, рухани жетістіктерімізді санадан өшіруге тырысуымен, бүкіл халықты рухани орға жығумен ғана шұғылданады деп айтсақ жаңылмайтыныз хақ. Онда келіңіз оқырман, егер іргелі білімнен хабарыңыз болып, есептей білсеңіз осы қателіктердің басты себептерін сананы, санап бірге іздеп көрейік.

Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет